Мұратым - болашақтың журналистикасын меңгеру

Мектеп қабырғасында жүрген кезімде, болашақ мамандық туралы мүлдем ойламайтынмын. Ең бастысы сабақты жақсы оқып, ата-ананың үмітін ақтау болды. Мамандық таңдау туралы тек 11-ші сыныпта ғана ойлана бастадым. Бала кезімнен шығармашылық бағытқа жақын болғандықтан, электрондық журналистика мамандығын таңдауға бел будым.


Қазіргі таңда «электрондық журналист» деген сөзді біреу естіген болса, енді біреу мүлдем естімеген болар. Көпшілік жұрт бұл мамандықты көбінесе компьютермен немесе теледидармен байланыстырады.

Қазақстанда өкінішке орай, әзірге электрондық журналистер мыналар деп көрсететін мамандар аз. Тіпті, электрондық журналист мамандығын меңгеріп, елдің назарына ілігіп, осы мамандыққа қызығушылықты оятып жатқан мамандар жоқтың қасы. Бұл оларды жоғары деңгейдегі сапалы біліммен дайындайтын оқу орнының Қазақстанда кешеңдеу ашылғандығынан да болар. Нақты айтқанда 2009-шы жылы Алматы қаласында алғаш рет Елбасымыздың пәрменімен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, ал 2010-шы жылы бұл оқу орнында «электрондық журналистика» деген жаңа факультет ашылды. Бұл мамандыққа түсу үшін ҰБТ-дағы бесінші таңдау пәні маңызды емес. Қазақ (орыс) тілі, қазақстан тарихы пәндерінің бағалары қаралады.



Таңдаған мамандығым бойынша даярлайтын оқу орны жөнінде осындай деректерге қаныққан соң 2011-шы жылдың шілде айының басында шығармашылық емтиханды тапсыру мақсатымен, құжаттарымды реттестіріп, Алматыға барып, емтиханға дайындала бастадым. Емтихан 2 бөлімнен тұрды. Біріншісі шығарма жазу, екіншісі өз-өзіңді таныстыру. Таңдау пәнім қазақ әдебиеті болғандықтан шығарма жазу қиынға соқпады.

Екінші бөлімде әділқазы мүшелері әр түрлі сұрақтар қойып, журналист ретінде қалай жауап беріп, шешімдер қабылдар едің деп қандай да бір жағдайды мысалға келтіріп, тіпті қазақша, орысша былай тұрсын ағылшын тілінде де сұрап сынға алды. Одан да өттім. Сол кезде бұл жоғары оқу орнында қазақ бөлімі ашылуы-ашылмауы неғайбыл болып тұрды. Себебі жаңа қазақ тобын құруға шәкірт саны жететіні күмәнді еді.

Шығармашылық емтихандарды тапсырып болғаннан кейін, келесі күні қорытынды бағалары шықты. Бұл мамандыққа мемлекеттік грант бөлінбесе де, университеттік жеңілдіктер бар. Жоғары ұпай жинағандарға 100 пайыздық, 50 пайыздық та жеңілдіктер беріледі. Бір ай бойы осы жеңілдіктердің кімге берілетінін тағатсыздан күтіп, ақыры мен емтиханнан 50 пайыздық жеңілдікті ұтып алдым. Сол кезде қалай қуанғанымды айтсаңшы!

Бағымызға қарай электронды журналистика факультетінің жаңа қазақ бөліміне де шәкірттер жиналды. Тобымзда небәрі 7-ақ студентпіз: 5 қыз және 2 ұл.


Оқу орнында еліміздің танымал журналистері, оның ішіне Артур Платонов, Шолпан Елеусізова, Майраш Тайкенова, Бауыржан Жақып, Шынар Қалиаждарова және т.б дәрістер береді. Белгілі шетел шетелдік журналистердің шеберлік сағаттары да өткізіледі, соның ішінде польшалық журналист-ғалым Роман Беккер, Халықаралық Евразиялық телевидения мен радио академиясының вице-президенті, танымал журналист Кипрас Мажейка жер шарының 70-тен аса елдерді аралаған кездегі әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ Қазақ радиосының дикторлары Сауық Жақанова, Темірхан Момбеков және Еділ Анықбай, КТК телеарнасынан Дастан Шымырбай секілді өз ісінің білгірлері шеберлік сабақтарында теориялық ілімдерді тәжірибемен ұштастыра дәрістер өткізді. 1 — курстан бастап-ақ тәжірибе сабақтары көбеюі маған өте ұнады. Практика кезінде кураторымыз Шынар Қалиаждарованың жетекшілігімен «Айқын» газетінің редакциясында болып газет шығару технологиясымен жете таныстық, аға-буын әріптестерімізбен кездестік. «Қазақ радиосы», «31 канал» телеарнасы журналистерінен де көп деректерге қанығып, сабақ алдық.

Электрондық журналист жан-жақты болады. Яғни оның ішінде режиссер, продюсер, бейне-инженер, тілші, фотограф, оператор деген мамандарды атауға болады.

Электрондық журналистика – болашақтың журналистикасы. Ол арқылы ғаламтордың көмегімен сан алуан ақпараттарды жедел әрі сапалы түрде халыққа жеткізетін журналистердің алдыңғы қатарында болсам деп армандаймын. Осы арманыма жету жолында білім алып ізденіс үстіндемін және осы мақала арқылы дәстүрлі журналистика қызметін пайдаланушылар көп екенін ескере отырып, кейінгі жастарға пайдалы ақпараттарыммен бөліскім келеді.
Бөлісу:

41 пікір

zholantai
жазбаны толық оқымадым, ауылдаңы марқұм Раман атам секілді басын, соңын қарадым, айтпақшы шығармашылық мамандықтардың барлығына түсу үшін де таңдау пәні маңызды емес
GULI93
хехе біліп жүретін боламыз енді))
meirzhan
Жақсы екен. Сәттілік. Электронды журналист деген жаңа медианың құлағында ойнайтын маман ғой түсінуім бойынша.
GULI93
рахмет) солай десеңіз де болады))
Gastarbaiter
Осы арманыма жету жолында білім алып ізденіс үстіндемін және осы мақала арқылы дәстүрлі журналистика қызметін пайдаланушылар көп екенін ескере отырып, кейінгі жастарға пайдалы ақпараттарыммен бөліскім келеді.

«пайдалы ақпараттарды» күте тұрам.
Daniar-Alan
… мля Гаста сенің пікіріңнен мына бір —  смайлды көру біртүрлі шыы… сенің бейнеңе келіспей тұратындай маа…
Gastarbaiter
Менің бейнем қандай еді
Daniar-Alan
саған… білмим… мына бір  смайл бейнеңді толық ашатын сияқты…
негізі бар ғой, қарааап отырсаң керектегі әр адамның өз бейнесі бар. Смайл түрінде. Мәселеңки,
  — Сатыбалды
  — Абзал
  — Жанасыл
  — Маратенок
  — ВКМ
,   — Әдемі әлем
шамамен осылай көрем…
Daniar-Alan
  — Салта
  — Алдекең
  — Маркоға келіңкірейді…
Daniar-Alan
  — Гүлістан
  — Айқаракөз
  — Мадлен, Розатай
  — нау енД Пахом мен админ
  — Айгерім Кеулімжай
AKY
неге дӨс, мені іңҒұӘ?
Daniar-Alan
ренжіме Айгерім, бірақ білмим солай көрем өзім..
dark_nazgul
маған қандай смайл бұйыртар едің?
қызық, просты
Daniar-Alan
Сіз күрделі тұлғасыз… көбінесе  нау, жиірек  нау, кейбір кездерде , бірақ әсіресе жиі
dark_nazgul
 бір бүтін смайл да бұйырмаған байғұс басым
Gastarbaiter
Кен
Зилола
Абіләкім
Патик
Базука
Конвикт Абай  сосын мынау  (Осы смайл жабысып қалды саған енді ренжіме
Омарбырат
ВКМ
Дарақы Назғұл
Қилызаман
Daniar-Alan
Қилызаман аумайд
Marco
Abilakim дәл өзі болып қалыпты
Armanjan
Осы арманыма жету жолында білім алып ізденіс үстіндемін
Қанатың талмай, арманың орындалсын деймін!
Daniar-Alan
Платоновтан үйреніп жатсаң онда… жаҚсы шығар… Өзіме ұнайды оның жүргізуі…
Daniar-Alan
"… но ведь вы же тоже добрые, господа депутаты" деген сөздері ЖынД енД…
GULI93
теледидарда біз оны қалай көреміз, өмірде де солай екен))) өте жақсы жан)
FaraOn1
Журналистика керемет мамандық қой. тек кейбір осы саладаеңбек ететін мұғалімдерден бастап солардан оқып шыққан жеке тұлғалар журналистиканың абыройын түсіріп отыр.
Ізденіс жолында жеміс пен жеңіс тілеймін!!!
patick
«Электронды БАҚ» дегенді естігенмін, бірақ «Электронды журналистика» дегенді алғаш оқуым/естуім.
asaubota
оның өзін бірнеше салаға бөлер едім: ньюсмейкерлік, контентменеджерлік, эдиторлық
Gastarbaiter
Нюсмейкерлік дегенге тоқталып өтсең
asaubota
бір болған жаңалықты әдемілеп жеткізуші. ақпаратты қабылдау, өңдеу, жеткізу.
Gastarbaiter
бір болған жаңалықты әдемілеп жеткізуші. ақпаратты қабылдау, өңдеу, жеткізу.
Бұл тек ньюсмейкердің емес, әрбір тілшінің кәсібі емес пе? Әлде қателестім бе?
И бапще, ньюсмейкер деген жаңалық өңдейтін адам емес, жаңалыққа арқау болатын тұлғаларды айтпаушы ма еді —
Мемлекет басшылары, мафиозилер, ірі кәсіпкерлер, олигархтар, спорт және шоубиз жұлдыздары яғни селебритиз т.б.?? Әлде мен шатастырдым ба, өзім журик болмаған соң онша біле бермейм.
asaubota
менің түсінігімде солай, ақпаратты интернет форматқа салып жеткізуші. айтпақшы рирайтиң де бар екен ғой, копирайтиң бар.

бірақ Қазақстанда оқытылатын интернет журналистикаға күманым бар. әлде мүмкін шетелдіктер оқытады ма екен?
e_zhalgas
иа, ньюсмейкер жаңалыққа арқау болатындар
dark_nazgul
Гүлім Әмірхановадан оқы. Жаңа журналистиканың майын ішкен, әрі мықты редактор.
e_zhalgas
Иа, өткенде пиаршы Майрашпен танысқанмын. Сендерде жақында шара өткіземіз, дайындалыңдар.

Оффтоп:
журналистика мамандығын таңдауға бел будым
жай бумай, бекем буған екенсің