Бүгін Футбол

Сонымен, футбол сүйер жанкүйерлер үшін тағы да бір той (кішігірім) басталды. Бүгін футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы ойындар басталады. Қазақстан құрамасы Ирландияны қабылдайды. Сөз жоқ, бізге қарағанда ирландиялықтардың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі көп, ойыншыларының да деңгейі жоғары. Бұл ойында бізді тең нәтиже де қанағаттандырары даусыз. Ал егер алда-жалда ұтып кетіп жатсақ тіпті жақсы. Бірақ, реалистік көзқараспен қарасақ, бұлай болуы қиындау. Менің ойымша 2:0 немесе 3:1 есебімен Ирландия ұтады.Your text to link...


Министрлердің блогында не жазылып жатыр екен деп оқып отырдым да іздеу деген бөліміне „Регистрация СМИ„ деп жазжівердім. Сонда дейсіз ғой, коСМИческий деген сөзде СМИ кездеседі екен. Жо-жоқ сайттың іздеу функционалының дұрыс істемейтінінде шаруам жоқ, ал мына жазылымның авторы СаянҮш па деп қалдым.

Терме – текті сөздің төресі, рухани тәрбиенің құралы, қазақы пәлсапа мен данышпандықтың көзі. Өкінішке қарай, бір кездері сайын даланың саңлақ ұрпақтары ұлттық тәрбиеге ұстын еткен, асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғаны жасырын емес. Бабадан ұрпаққа аманат болған, кейінгі кездері кенжелеп қалған осынау өнерді «Әзірет Сұлтан» мешіті қайта жаңғыртпақ.