Қазақстан - Австрия матчына барамыз



КерекИнфолықтар, 12 қазан күні Астана-Аренада өтетін Қазақстан — Австрия матчына бірге барайық.

Қай секторда жиналатынымызды кейін осында жазамыз. Бәріміз бірге жиналып, Ұлттық құрамамызға қолдау көрсетейік.
Әрі қарай

Бүгінгі саябақтың көрінісі

— Мен күзді жақсы көрем.
— Әркімнің өз күзі болады…
— Менің күзім, ендеше осы күз.
— …
— Неге үндемейсің?
— Сені тыңдап…
— Мен күзді, сосын сені жақсы көрем…
— Рахмет, сен көп нәрсені жақсы көретін сияқтысың ғой…
— Жоқ, тек сұлу күзді, сосын сұлу қызды сүйем
— Ал маған, сары күз — кәрі қыздың өмірі секілді, сүреңсіз, жалықтырарлық…
— Сен қатыгезсің…
— Бәлкім…
— Бүгін осылай үнсіз қыдырыстап жүрейікші, жауын жауатын сияқты.
— Қолшатырымды қалдырып кетіппін.
— Мен саған қолшатыр бола аламын, қорықпашы
— Жылауық жаңбырды жек корем.
— Қашпашы менен…
— Кетейік, тоңдым…
— Менің жылыуым екеумізге де жетеді.
— …
— Сен мені сүймейсің…
— Қойшы, бастамашы…
— Бір рет болса да айтшы… сүйем деп…
— Түу, неге әр кездескен сайын сұрайсың?
— Иә, білем, саған қандай жігіт керек екенін
— …
— Тағы да үндемейсің? Бірақ мен сені оған бермеймін… Есіңде болсын!
— кімге?
— Топтарыңа жаңадан келген бала… Назгүл айтқан, сені ұнатады екен…
— Ал мен ше?
— Енді сенің де соған көңілің бар екенін сезіп қалдым.
— Сезгіш болсаң, менің жанымның нені қалайтынын біліп алшы… Жанымды жеп біттің…
— Жылама, жылауық күз құсап…
— Құрып кет!
— О, болмайды. Ешкімге бермеймін, ешқайда кетпеймін.
— Сен маняксың!
— Сені сүйгеннен манякка айналдым. Ал сен… ал сен қайдағы біреуге бола… Оны тіпті танымайсың да ғой…
— Мейлі, сенен құтылсам болды… Азабыңның таусылар күні бар ма?
— Бар, маған күйеуге шық!
— Ойлама!
— Онда кет, анау жәдігөй еркекке барғың кеп тұрған шығар, аа, білем, сен екеумізбен кезек кездесіп жүрсің ғой… Тоқта…
— Жібер, жұлқылама. Жібер деймін!
— Мен сен үшін жүрмін осы жақта. Есіңде болсын, маған күздің де, сұлу қыздың да бір тиынға қажеті жоқ, түкірдім бәріне, шешем сені алып келмесең кірмейсің деген үйге. Так что мен сені ешкімге бермеймін. Ұқтың ба?
— Есалаң, мені сен емес шешең алайын деп отыр ма?
— …
— Сен сүймек түгіл сөйлеудің де жөнін білмейсің!
— Сен сияқты университетте оқымаймын.
— Бірақ университетте оқитын қызды алғың келеді…
— Маған сен керексің… Неге түсінбейсің? Сүйем сені…
— Қойшы, жіберші…
— Жаңа ғана тоңып тұр едің ғой…
— Сен жылытпай-ақ қой… Жылуыңа зәру емеспін!
— Солай ма? (шапалақ)
— Сұмырай… Қолың сынсын! Жолаушы болма маған…

Жаңбыр сіркірей бастады. Жылай жүгірген қызға қарай ұмтылған жігіт қалт тұрып қалды. Жаңбырды жек көріп кетті… Күзді де…
Әрі қарай

Көлікті әсемдеудің жаңа түрі

Түскі асқа жұмыс көлігімен келе жатсам, бір мәшиненің артына кәдімгі ақ қағаз жабыстырып ШЕРКЕШ деп жазып қойыпты. Содан ойладым, енді бізге руларымызды көлікке жабыстыру қалды деп. Біздің халық бөлінетін бөлімнің бәріне бөлініп болды енді.
Өткенде тойда көкем айтады: «Осыгүні орыстілді, қазақтілді, мұсылман, кришнаид, иегова куәгері, ауылдың, жаңа қазақ дегендер бар»,-деп. Шынымен де… Ойланып қалдым…
Жаңаөзен оқиғасы болып жатқанда Батыс Қазақстан бөлек автономия болғысы келеді деген сыбыс шықты. Оны естігенде мен құлап қала жаздадым. Негізі біздің елге «бөліп ал да билей бер» деген саясат та керек емес сияқты. Өзімізден өзіміз, қарап отырып бөліне беретініміз бар.
Негізі көліктің нөмірінен қандай облыстан екеніңді білуге болады ғой онсыз да. Атыраулық нөмірмен жүрген көліктерден аулақ жүреміз ))))))))))) Ал Алматыда Шымқалалық нөмірлермен жүретіндерді жақтырмай ма қалай?
Әрі қарай

Күзгі көріністер

Кейде қаламым жүрмей қалады. Таңнан кешке дейін алдымда жатқан ақ параққа ары үңіліп, бері үңіліп отырып, уақытты босқа өлтіріп аламын. Сондай сәттерде қала сыртына шығып, ой сергітіп қайтқым келеді. Кеше газетті Зырян қаласына апаратын жүргізуші ағаға «Зырянға мені ала кетіңізші» деп едім "Өзің біл" деді.

Біз жолға шыққанда жол бойы жауын жауды. Таза ауамен тыныстап, бір серпіліп қалғандай болдым. "Қазақтың бойындағы кең пейілділік осы шексіз де шетсіз болып көрінетін кең даладан дарыған-ау" деген ойға кеттім. Әр түрлі ойға жетелейтін мына бір көріністерге сіздер де куә болыңыздар…



Әрі қарай

"ЕУРО-2012". Қытайлық көзқарас

Қытай экономикасы мықты дамыған, халқы көп ел болса да, футболы кенже қалған. Қаптаған қалың қытайдың арасынан допты дұрыс тебетін 11 ойыншының шықпауы қынжылтады. Аспан асты елінің футбол федерациясы футболды елде кеңінен насиахттау мақсатында, бірнеше адамға арнайы тапсырма беріпті. Тапсырмаға сәйкес арулар ЕУРО-2012 додасына қатысқан командалардың формаларын киіп, жұртқа таныстырған көрінеді. Сонымен қытайлықтардың ЕУРО-2012 додасына көзқарасы:


Мына жымиюдың Криситануға қатысы жоқ деп ойлаймын
Әрі қарай

Фляк-фляк бақыт

Кеше әкемнің үлкен апасының (әпкесі) үйіне бардық. Бұрындары өз үйім болмаған кезде сол үйде бір жылдай жатып жұмыс істегенмін. Әр ненің басын шалып отырып көкем (ол кісіні Көке деп атаймыз бала кезімізден) маған бір құттықтау қағазын (открытка) ұстатты. Ішінде мені туған күніммен құттықтаған текст бар екен.«Мына кісі жасына жетпей алжыған ба? Туған күніме әлі 2-3 ай бар ғой» деген арам ой сумаң ете қалды іште. сөйтсем бұны маған 2005-ші жылы ауылдас балалар сыйлаған екен. Ауылдың қыздарының, достарымның басын қосып туған күнімді тойлаған болатынмын.
Тілекте әлемдегі жақсылықтың барлығын, мол денсаулық, фляк-фляк бақыт, адал махаббат бәрін тілепті. Бұның бәрі дұрыс қой, айтқандары келсін!
Астында 50-60 мың теңге айлық, бірдеңе-бірдеңе байлық деген жолдары бар екен.
2005-ші жылы мен көп болса 20 мың алған болармын қолыма әлде 23-25 болар.
Ана тілеген айлықтары қазіргі менің айлығым. Тура 60 мың. Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?! қағазға жаза салу қиын ба?
Суреттің сілтемесі
Әрі қарай

Өмірдегі ең үлкен ұстазым...



..25-жыл мұғалім болды. Мамамды айтам… Шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеу үстінде.
90-шы жылдардағы 2,5 мыңдық айлықтың өзін бірнеше айлап алмай жүрді. Бірақ оқытты. Жарық жоқ болды. Шырақ жағып қоятын мектепте… Жылу жоқ болатын. Қолғаппен ұстайтын борды…
Ең бастысы — інім екеумізді тәрбиеледі. Бізбен мақтанатын… бірақ, өзінің осындай қылып тәрбиелегенін ойына да алмайтын…
Бір жерлерге барасың… Барған адамың бетіңе қарап тұрып: -Сен Раушан апайдың баласы емессің ба?,-дейді… Тірлігің тез бітеді Мақтаныш кернейді бойыңды…
Ұрсады… бірақ еркелеткендей естіледі…
Кей кезде тыңдамай кетеміз… еркелік қой…
Жасы біразға барды… бірақ оқушыларынан, бізден қуат алатындай…
Өмірдегі ең үлкен ұстазымызды құттықтауды ұмытпайық!
Әрі қарай

Фотоконкурсқа қатыс, Түркияға жолдама ұтып ал!

Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы әуесқой фотоконкурсқа шақырады.



Конкурс тақырыбы: Түркиядағы демалысым.

Қатысушылар өздерінің Түркиядағы демалыстарынан суреттер жібере алады. Максимум 3 фото. Суреттер 40х60см көлемінде болуы шарт. Тек қана бұрын еш жерде жарияланбаған, ешқандай жарыста орын алмаған әуесқой фотолар қатыса алады.

Жүлделер:

1-орынға: Түркияға 1 апталық демалысқа жолдама
Әрі қарай