Клип түсіру қанша тұрады?!

Мұзарттың «Күзгі бағы», Жігіттердің «Кешір менісі», Қайртаттың «Ауырмайды жүрегі» қанша теңгеге түсірілді екен?!
Білмеймін, ал мынау видеоны Саян Дияшев деген оператор братым тегін жасап бере салды))) «Дауысыңа хошым келеді, ән айтшы» деп қоймайтын. Бір күні офисте болған бір флэшмобтан соң, «домбыраң бар екен, бір-екі ән айт, видеоға жазайық, ю тюбқа салып қой» деді… «Сырласу» біткен соң, студияға кірдік те, үш ән жазып тастадық)))
ФБ дағы Нәзира Сұлтанбек деген досымның айтуынша «Бұл Азамат Азаматұлының алғашқы клипі» көрінеді) Қанша шықты? Айттым ғой, тегін) Тыңдаңыздар, мархабат! Әуесқой орындау ғой, сөге жамандамаңыздаршы)

Бөлісу:

60 пікір

aza
Ұнамаса, «лайктай» саларссдар…
Tyulpan
әуезді етіп, беріліп айтқаныңыз сондай әсерлі шықты. тыңдап отырып, елтіп, әнмен бірге қалықтап кеткендей болдым. жүрегіме бір жылылық ұялап, таныс әуен, қоңыр дауысты домбыраға сіздің қоңыр үніңіз қосылып, әнде айтылған табиғат аясына барып қайтқандай болдым… бұрын отырып ән айтатын тәтті кездерді елестетті көз алдыма.қазақылықты сағынып қалыппын… рахметик сізге
asaubota
сөге жамандамаңыздаршы

интернет тілінде «тек шешеден боқтамаңдар, қатты теппеңдер» деп айтады

ал, жалпы былай кәдімгі клип түсіру керек саған. интернет арқылы сені жұлдыз қылып шығарамыз.
Janasil
Мындай клипті саған мен ақ түсіріп берем ғой. Идеясын дайындасаң болды. Түсіру, монтаж бәрі өзімізден.
Tyulpan
маған да түсіріп беріңізші, а?
Janasil
Жекеге жаз. Ақысын келісейік.
Gastarbaiter
Пысық іскерлер ақы туралы ең соңғы кезекте айтады))
Erkekyz
Ал мен видеоны қалтафонға жазып алғым кеп отыр, болад шығар?
MUZBALAK
Асан Пердеш пен Заттыбекке бір конкурент табылды
Gastarbaiter
Шутки в сторону, кішкене переигрываешь, а так бәрі заебок, спокойно айтатын өлең ғо, сен зажигать етіп жатырсың «Күміс құмған-ай» қылып. Жеке ойым, әрине.
VKM
надо завидовать молча)))))))
Gastarbaiter
Лібә, Азаның дауысына қызығатыным да, қызғанатыным да жасырын емес. Бірақ тап осы Желсіз Түнде жарық айдың орындалуы дым ұнаған жоқ.
Басқа өлеңді осылай айтса ештеңе емес, ал желсіз түнде жарық ай — жайбара-ақат, тымық тыныштық пен ауылдағы түннің ғанибетін сезіндіретін өлең ғой мағынасына қарасаң.
Сәл жымиыс беріп, арқаны кеңге салып, тым қатты күшенбей айтса керемет болады.
Daniar-Alan
қосылам. дұрыс айтып отырғаны.
Kipshakkyzy
Бұл жолы әсерленбедім.
Nurgisa
Аза батыс макамымен тантi еткенде ендi соз жок. Ыргагы, косiле шапканы, еркiнси арканы кенге жаюы… Журналистикада кор боп жургенi болмаса…
Armanjan
Жәрәйсың Азамат мырза! Бойыңдағы өнерің сәтімен ашыла берсін деймін. Ақысын шытырлатып санап беріп клип түсіретін күнге жеткейсің!
Abilakim
Азаматтың әншілігін, өнерін мойындаймын. Бірақ, «мен оны көріп едім, ол екеуміз жақсы араласатын едік» деген ұстанымдағы пікірлер сайтты да адамды да құртады шыны керек. Дәстүрлі ән, домбыра сүйемелдеуімен орындалатын небір әндерді тыңдап жүрмін. Өзім домбыраны жарытып тарта алмасамда әншілер арасында айтылатын «Петух», «Хрип», «Верха», «Низ» деген минус плюстарды айыра аламын. Мына ән сәтті шықпаған екен. Орныдауында айып жоқ десек те домбырасы басқа бір ән тартып отырғандай
aza
Лайктадым! Рахмет! Дұрыс айтасыңдар!
alisha
Саян братыңа байырғы атыраулық ұжымдастары атынан үлкен сәлем айт!!! Туындысын көре алмай /тура мағынада/ отырмыз
Abilakim
Уа, Алиша!
Сен отырған көрпені қолмен сипау мен үшін бұйырмаған
Ара-тұра осында келіп тұршы, әйтпесе қиын маған…
alisha
Демалыстан шықтым. Ара-тұрасы несі, шама соқса күнде келемін
Abilakim
сөйтсең тіпті жақсы болар еді)))
Daniar-Alan
Сен отырған көрпені қолмен сипау мен үшін бұйырмаған
Ара-тұра осында келіп тұршы, әйтпесе қиын маған…
 жаттап алатын екен…
Abilakim
жатауға рұқсат, тек кім-көрінгенге айта берме
Adiletshu
Біреу менің әйеліме осындай сөз айтса мұрнын бұзар едім.Айтпас бұрын күйеуі бар жоғын тексеріп алған дұрыс
Gastarbaiter

Әбіләкімнің алақаны Алиша отырған көрпесінен көрі, басқа көрпеге әлдеқайда жақындау ғой. Құрдастар ойнай береді ғой орнымен
alisha
Соны айтам-ау. Күйеуім ӘділетШу сияқты болса баяғыда-ақ мұрынсыз қалар ек Майкл марқұм сияқты бай да емеспіз
Gastarbaiter
Күйеуі қызу қандылардан бәрі қорқуын қорқады-ау… Бірақ ешкім тойға шақырмайд
Abilakim
тойға бара алмай жүрсің бе?
aza
Айтамын! Алтын жігіт ә?! Жиен болдаы бізге, адайшатыс жігіт
Abilakim
шатыс дегеннің өзі жақсы сөз емес тәрізді еді… Төбетшатыс деп не төбет емес не тазы емес дүрегей бір палені айтатын.
alisha
Өзі Беріш қой, қателеспесем… Алтын жігіт, сыйлағанның құлы деп осы Саяндарды айтуға болады
Abilakim
сыйлап-сыйлап құл қылып алдық десеңші оданда)))
alisha
Жоқ, рас айтам… Болады ғой сондай адамдар.
aza
Әлише рас айтады! Беріш деуге қимайсың, Адай екен деп қаласың даш)))
alisha
Әлишаңның өзі сол Беріштің қызы, бірақ Адайға Адай туамын деп өзім де жердегі "ғаламаттарға" ұқсап барамын
Abilakim
руға бөлінбеңдерш)))Арғын болсақ та отырмыз ғой үндемей
Janasil
Қайнаға болдым де.
Gastarbaiter
Кіші жүздің өзі ішінен қырықпышақ болып жатқанда, басқа жүздермен қалай болмақ
alisha
Жүзге бөлінбеңдерші
AKY
Ұлтқа бөлінбеңдерші
ken
ұлтқа бөліну керек
VKM
ұл мен қызға бөлінейікші)))))
Abilakim
сосын не істейміз?
Gastarbaiter
Басымызға дамбал киіп-ап, аузымызға келгенін оттап, үйді айналып жүгіреміз
ПС. Жедел жәрдем келгенше))
Abilakim
оны түсіндім, бірақ дамбалды кию үшін бірінші шешу керек, сол екі орталарда ештеңе болмай ма дегенім ғой
salamat
Біртұтас Қазақ Ұлты Мәртебесі туралы заң керек-ақ!
Мемлекет Қазақ Республикасы аталатын уақыт жетті!
Gastarbaiter
Бұның не қатысы бар тақырыпқа?
salamat
1.бөлінгенді бөрі жейді
2.Мемлекет Ұлт өнер тіл мәселесін бөле жаруға болмайды
edige
Мені де осы толғандырып отыр еді… Неге Қазақ Республикасы емес екеніміз… Осы туралы қай постқа жазсам деп жур едім, орайы енді келді ау дим