Дүйсенбі туралы 10 факт

Британ ғалымдарының зерттеуі бойынша:

1. Адамадар дүйсенбі күндері сағат 11:16-ға дейін күлмейді екен.



2. Дүйсенбілік синдромнан құтылудың ең жақсы жолдары: ТВ қарау, секс, он-лайн шоппинг, шоколад немесе косметика сатып алу, демалыс жоспарлау.


3. Адамдардың 50% жұмысқа кешігіп келеді екен.


4. 12 минут жеткілікті екен дүйсенбі туралы қапаланып, мұыңыңды айту үшін.


5. Дүйсенбі синдромы 45-54 жас аралығындағы адамдарда көп байқалады екен.


6. Дүйсенбі күндері жұмысшы персоналдың өніміділігі 3 жарым сағат.


7. Дүйсенбі күндері өзін өзі өлтіру оқиғалары жиірек.


8. Дүйсенбі күндері инфаркт пайызы 20% артады.


9. Дүйсенбі — жаңбыр аз жауатын күн.


10. Машина сатып алу үшін ыңғайлы күн. Көбінесе демалыс күндері сатылатын болғасын, дүйсенбі күндері адам аз деп сатушылар жақсы жеңілдік істиді-мыс.


Ал сіздер қандай фактілер байқадыңыз дүйсенбі күндері?

Бәріңізге қайырлы дүйсенбі, қайырлы апта тілеймін!
Бөлісу:

42 пікір

Gulistan
Адамадар дүйсенбі күндері сағат 11:16-ға дейін күлмейді екен
Рас сияқты, әлі күлмедім.Бірақ күнім жақсы басталды.
konvict
Қайдам, таң атпай күліп алдым. Содан әлі езуімді жиған жоқпын. Бүгінгі күн көңілді өтуде
asaubota
мен кешігіп келдім
Abilakim
мен де кешіктім.11 минутқа ғана
aza
22 минутқа кешіктім… Дүйсенбіні әуелден жаратпаймын, күнтізбеден алып-ақ тастайтын күн, қайрааан… Жақсы ғой бәрі… Жақсы болады, иншалла))) Үміттеніңдер, ептібаймайттар, 5 күннен соң сенбінің таңы атарына кепілдік берем!
Daniar-Alan
нәщәр… нәщәр күн… жек көрем…
Aikona
жаңа бастауларды жоспарлайтын күн мен үшін)). Сондайлық уайымы да көп
Marco
Тамаша күн! Басқа да күндер сияқты!
Aigolek
Жалгыз кешикпей жумыска адам сиякты боянып таранып киинип келетин куним. ойткени жексенби кунин озиме арнаймын маникюр, педикюр, киим жуу, утиктеу, салонга бару, кас жулу, шаш бояу деген сиякты жумыстармен бирге юхтауды да осы кунге калдыргандыктан уйкым дуйсенбиде канып турады
Abilakim
Ана жолы бір жігіт «Осы апта тез өтіп кетті ә, уже вторник» дейд)))
alisha
Гәп адамның жұмысына деген ниетінде сияқты. Бұрын мен үшін күннің күннен айырмашылығы жоқ еді, қазір жұманың қадірі артып, дүйсенбінікі төмендеп кетті
Abilakim
құдайдың күнінің бәрі жақсы. Мысалы, бүгінгі дүйсенбі мен үшін осы сайттан сені көруіммен жақсы
alisha
Дүйсенбі сайын алдыңнан шығып сауап алайын ендеше
Abilakim
жалпы, бір-біріміздің сауабымызды алғанға не жетсін…
Aigolek
alisha
Айголектің ойы қараға шауып кетті, қарашы
Abilakim
сен оны қайдан біліп отырсың)))
Aigolek
Сауапты кудайдан сосын мусапир жаннан алуга болады. Ал «андай» сауапты Айсултаннан аласын.
Abilakim
өзің күнде келіп алып кетіп жүргендей айттың ғой сауапты
Aigolek
Айсултаннын орнына «еркектен» деп жазу керек еди. Ангимени сен бастаган сон сенин атынды жазгам го. А так сенин катысын жок. Ренжимеш енди
Abilakim
ренжігенне бөлек өкініп тұрмын
alisha
Бір көрінуім арқылы Әбекеңнің құты қашқан күнінің қадірін арттырып жатсам, почти мүсәпірдің сауабын алғанмен бірдей ғой А так «андай» сауапқа күйеуім күнде қалдырып жатыр ғой
bazuka
менде керсінше дүйсенбе ұнайды, уот жұма ұнамайды, тап осы күні ақпарат сұрағыштар қаптап кетеді, не басқарма, не акимат.
alisha
Әркімге әрқалай болса керек… Былай дейді ғой біреулер: Бездельник, Повторник, Бреда, Четверть, Питница, Клубббота, Похмельсенье.
e_zhalgas
иа, бездельник пен похмельсенье мен туралы
asaubota


бұрын да жазыппыз осы бір қасиетсіз күн туралы
e_zhalgas
дүйсенбі кешігемін, түске дейін күлуге шама келмейді. бүгін — 13 минутқа таңғы жиналысқа кешігіп, тек түскі астың кезінде ғана көңілім көтеріле бастады
adai
Өткен апта дүйсенбі күні бастықтан оңбай таяқ жедім. Өзімнен де бар еді, обалым жок. Сонан-соң сол аптаның қалай өткенін білмей қалдым. Анда-санда бастықтан ұрыс естіген де жақсы екен-ау деген пайымға келдім.
aikarakoz
Көңілсіз күн болды. Көп қате жіберіп отырмын. Бәрі дұрыс сияқты көрінеді де, артынан қате шыға бастайды
Tyulpan
чумачечий күн болт бұл дисенбі. «демалыс жоспарлау» дис па? аха, жоспарлап отырып самолетқа билетті басқа күнге алып қойыппын . бәрі бастықтың кінәсі мес па: керек мес кезде мақтап жіберіп, басым айналып қалды соған  
ол билет әлгі қайтарылмайтын, өзгертілмитн билетке жататын еді. эйр астанаға бонус жасап жібердім. жынымды ұстатпауға тырысып, сабыр-сабыр деп, жүйке қайта орнына келмит деп өзімді жұбатаып қойып, тағы бір билет алдым

атыраудан алматыға «мен» боп ұшқыларыңыз келсе, хабарласыңыздар
Tyulpan
шатлыма да кешігіп қалып, таксимен бардым жұмысқа… бір шығын күн болды өзі… хихихи
қырсық бір айналдырса шыр айналдырған бір оңбаған күн кен

дисенбіге мүттеніп қояқ
Tyulpan
ой, сисенбіге дегенм ғой…
zholantai
жұмыс графигім ауыспалы, осы күндеріме дейін жақсылығын да, жамандығын да сезінгенім жоқ, енді болмаса…
MickThatsMyNick
Дүйсенбі жақсы күн ғо, негізі осы күннің ұнау/ұнамауы жексенбідегі қозғалысқа тікелей байланысты.
beka95
дүйсенбі демалыс болса, сейсенбі күні де осындай кейіп танытамыз… ))
boztorgai
дүйсенбі күні түске дейін бірсыпыра мекемелерге кіре алмайсың:
планерка деп сенімен ешкімнің мұршасы болмайд
өзімнің түске дейін ұйықтайтын күнім
damilya
ЖОО бітірген соң алғаш жұмысқа тұрған кезім. Алғашқы айлары болатын. Бастық әр дүйсенбі сағат 9.00 өз жұмыс орынына шақырып (біздің жұмыстан автобуспен 30 минуттық жерде), бізден отчет алатын. Мен 10 минутқа кешігіп бардым. Отчет біткен соң менен сұрайды да, сен неге кешігесің? — деп, мен болсам қазақ деген сол емес пе 9.00-ға шақырсаң, 10.00-да келеді деп айтқанымша болған жоқ, бастық айғай салды ғой!!! Қазақшылықты қойып аз ұйықта деп, жақтырмай қарады!!! Әзілімді түсінбеген бастық кабинетінде қалып, шынымен ұйқым қанбаған мен сыртқа шығып, қасымдағы бірге жұмыс жасайтын қыздармен кейін еске алып рахаттанып күлгенбіз!!! Айтайын дегенім дүйсенбіде ұйқы қанбайды, бәрі ашулы жүреді ол факт!!!