Facebook-тағы ауру бала туралы скамдарды қолдамаңдар



Фейсбукта жиі көретін шығарсыңдар ауру балаға көмектесу үшін лайк бас деген сурет-жарнамаларды. Әр лайкқа Фейсбук 1 цент төлейді деп жазылады. Бұлар ешқандай да шын ниетпен жасалып отырған көмек емес. Фейсбук соншама жауыз емес қой, ауру баланың суретін ұнаттың деп ақша төлейтіндей.
Әрі қарай

Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Әрі қарай

Қалай - қалай сөйлейміз???

Көшеде:
-Привет!
-О, Қалайсың?
-Нормально! Жүрген сол.
-Не жаңалық бар?
-Да так, особенно ештеңе жоқ.
-Бізде де ничего, пока бәрі жақсы.
-Балалар калай?
-Үлкені школда, кішісі садикке барады.
-«Большие дети-большие проблемы» десеңші!
— Нуу..Үлкен ұлым үйленген, свадбьасының өзіне біраз шашылдыко…
-Ладно, мен асығыс едім.
-Жарайды.звандап тұр.

***
Дүкенде:
-Не аласыз?
-Маған екі килограмм огурцымен помидордан еще бір пачка чай мен коробка конфет беріңіз.
-Хорошо.
-Активке мың единица барма?
Есеп айрылысар кезде:
-Мелочь жоқ па?
-Щась..қарайын…
-Сдачаңызды алыңыз.
***
Қоғамдық көлікте:
-За проезд бере салыңыздар!
-Студенческий
-Пенсионный,
-Проездной.
-Қазір Абая-Ауезова болады.
-Назад проходим, орын бос қой!
-Следующая Жарокова. Заранее дайындаламыз!!!

***
Үйде:
-Пап, телевизорды өшіріп видикті қосайықшы?
-Тұра тұршы, ОРТ-да жақсы передача болып жатыр.Осыдан кейін новости басталады.
-Программа да басқа не бар?
-Одан да сабағыңды оқы.
-Ертең воскресенье ғой…
-Мамаң не істеп жатыр?
-Кухняда обед істеп…

Біз осы қалай-қалай сөйлейміз???
Әрі қарай

Проекция жетістігі, яки қайдасың Прохоров амиго!

Си пи аш! Он екі де бірінші пункттен қате кетіп, адамның жартысы ғана трансформалациянып қалыпты! Уваххахахаха!!!

Корпорацияның әсем екі жүз қабаттық ғимаратының басында орналасқан сервис орталығының мамандары. Түгел корпорация осылардың бөлмесіндегі қара жасыл жәшіктегі ОН*пико белокпроцессорлы сервердің үздіксіз жұмысына бағынады. Тиісінше, ол суперкомпьютер бұйрабас Мұраттың басқаруындағы команда иелігінде. «Кибертранс» әлеуметтік желісі бұлардың өмірлерінің екінші жартысын қамтитыны кім біліпті! Әлбетте…
Әлбетте… Бірде физика, бірде философияны шұқылайтын амиго үшін, материяны трансформациялау әрқашан қызықты еді. Қызықты болғанда, бірден сонысына көшейік. Еден жуушы Ләтипаның айтуынша, бұ пенделер гравитация заңдылығын пайдаланып, лазерлік проекция көмегімен, кәдімгі айнаға ұқсас құрылғысы бар бөлмеде ретрансляция жасау арқылы, материя құраушы бөлшектерді толығымен көшіріп, сандық шифраторға салып, заттарды электронды почтамен жібере салатын көрінеді! Неткен сұмдық!
Шошып оянды! Оянса, түсі екен. Және бір оянса, түсіндегі түс екен!
Әрі қарай

Әскерге хат

Сен жүресің ел үшін құздарды аттай,
Кеңістікті шарт тіліп ызғар батпай,
Өз орнында озіңнің үйің тұрар,
Үміт күткен жер көктен қызғалдақтай.

Амандығың бәрінің барша бағы,
Ырыс болсын әскердің әр сабағы.
Тәңір жазып ай өтер жыл да өтер,
Сүйген бір жан өзіңді қарсы алады.

Сағыныштар тығылар алқымыңа,
Ол дегенің алыстың шарты мына.
Мен өмірде шат күліп журермін тек,
Егер сен де тоңбасаң салқынына.

Сен сезінші алыс пен жақыныңды,
Торыққанда алыстан шақыр үнді.
Еш бөгетсіз сол шақта жүріп өтер,
Сәлемім сан мыңдаған шақырымды…

Отан қорғау-ұлы іс ұғынғанға,
Сезініп қал, сыр бар да, жырың барда.
Ата- ана бар алыста сағынысқан
Көргісі кеп жүретін ұлын алда

Мініп алып «шынығу желкеніне»
Ораларсың мейлі кеш, ертелі де.
Оңды — солды үміт қып бір сәулені,
Алаңдаймын уақыттың ертеңіне.

Адам болмас жан — жақты жиып термей
Жаратушым еңсеңді биік бергей!
Көріне бер, әр жырымның әлемінде
Сағынышты сомдаған кейіпкердей…
Лаура Әбдіқадырова
Әрі қарай