Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Бөлісу:

66 пікір

Tyulpan
Қандай би түрімен айналысасыз? Айналысқыңыз келеді? Неге ол биді таңдадыңыз? Дискотека, клубтарға жиі барасыз ба?
pessemist
Тюльпан — әдемі екенсіз. Сынып қалдым
Tyulpan
pessemist мырза, сізге сынайын деп сына алмай отырғаным. сюрет қайда? қане, бетіңізді ашыңыз, пессимист-гюльчетай би туралы пікіріңіз қайда?
pessemist
Оған қам жеме, маймылдан тәуірмін әйтеур Тек би жағын онша біле бермид екем. Чачача деген би бар ма, әлде сол осы Бачата ма? Суреттегі жігітті айтам да, қалай шыдап тұрекен
Tyulpan
чачача басқа. суреттегі жігіт бидің өнер екенін түсінеді. ол басқаны емес, шагтарды қалай дұрыс алу кк, қалай дұрыс айналу кк, тактқа қалай дәл түсу кк т.б. комплексті түрде би мәселелерін ойлап тұр. профи ғой
aza
Әннің сазы ұнады… Сөзіне күмәндімін деп қояйынЧ)))
Tyulpan
әдемі ән, аха? би ше, ұнады ма?
aza
Бір үйге бір әнші, бір… деген) Бидің қадірін бір кісі терең білуші еді, ол кісі көрінбей жатыр да… Алаңдап отырғаным…
Aldeken
ооо, қасқа бала-ай, қасқиып қалмай тұрғанда мамасына звондап көршиш… болса да, нөмірін білесің ғо…
aza
Алдеке, алаңдамаңыз! Бүгін Әкемнің туылған күні еді, енді шындап қуанып отырмын)
Tyulpan
әкеңізге ұзақ жас, бала-шағаның қызығын көрсін деп тілеймін
Tyulpan
VKM-ді мен де асыға күтіп отырмын.
VKM
Tyulpan
, маладес, керек тақырып. Мен де 2-3 тақырып жазғанмын би туралы.Архивтен қарашы.
Tyulpan
алақаааай, ВКМ келдіііі. енді 2-еу болдық қазақтарды билететін ))  ятсыз ойлайтындар өз ойларынан ялып жүре берсін. өзіміз билеймііііііііііз ))
Erkekyz
Мен бұл биді бұрын көргенмін, бірақ бачата деп аталатынын білмеппін. Сальса сондай шығар деп жүрмін ғой.
Егер уақытты артқа қайтара алғанымда латынамерикандық билерге қатысар едім. Әйтеуір бір биге барушы едім.
Tyulpan
қазір болмай ма не? неге кеш деп ойлайсыз? білесіз ба, дамыған елдерде 80-90-дағы кісілердің өзі балетке барады. ал сіз кеш дейсіз… хммм көзді жұмып, кірісіп кетсеңіз, содан кейін 1 ай үзбей барсаңыз болды, денеңіз өзі-ақ қалап тұратын болады биді. психологияда бар ғой, бір нәрсені әдет жасау үшін, соны қайталап істей беру кк 1 ай көлемінде. )) спортшылар, әншілер, күйшілер болсын бір нәтиже шығару үшін күнде-күнде жаттыға береді. сүйтіп, нәтижеге қол жеткізеді.
edige
Қазаққа лайықты емес, менталитетке жат би екен… Қазақшада «Ашына биі» деп аталатын сияқты…
Tyulpan
әркім өз ойынан хабар береді демекші…би — ол мәдениет, өнер. егер ятсыз деп ойлайтын бидің түрін бәрін алып тастаса, не қалады, айтыңызшы өзіңіз? сіз Заттыбекке билеееп жүре беріңіз: Р
Aya
и заным сол, әкеш бетті)))
edige
Заттыбектің хит әндеріне өліп билегенді жақсы көремін… Тойда әрине…
Tyulpan
қазақтың осы Заттыбектен аса алмайтыны-ай…
edige
Сен әлі бейнебаянын көрмегенсің ау дим «Ақ маржанның»… Шедевр гой… сөз жоқ
Tyulpan
осы Заттыбек қалай хит болып кеткеніне қатты таң қалам. қай кезде, қалай, не үшін хит болғанын түсінбей қалдым шынымен-ақ… ай, халық-ай, әйтеуір ))
Aigolek
соло билеуге бола ма?
edige
Жарайды… )))
Aigolek
БИЛИТН КАЗАК ЕРКЕК ДЕГЕН ДЕФИЦИТ КО
Tyulpan
дефицит деп енді оларды күтіп жүреміз ба? өзіміз-ақ билей береміз  олар спортпен айналысса, соған дәәәәәу рахмет, басымды жерге дейін иіп, шын жүректен поклон жасаймын. ))
Tyulpan
әрине, соло билеуге болады ))
west_laura
Несі бар керемет ауен, сәйкесінше би...
Aidakonya
секси би
edige
яцыз би…
Aidakonya
ятсыз — барлыгы істей алатын іс, а мынау онер — Сіз осылай козгала аласыз ба?
edige
Келісті серіктес қыз болса қозғала аламын… әрине…
Tyulpan
Едіге мырза, айтылған сөз — атылған оқ. сөзіңізге жауап бере аласыз ба ер жігіт ретінде?
edige
Айттым — бітті, кестім — үзілді,…
Tyulpan
келісті қызбен келістіріп билей алмай, абыройыңыз айрандай төгіліп жүрмесін, Едіге мырза
ken
біреуі «мына би ұятсыз би» десе, екіншісі «жоқ, ұятсыз емес. бұл — өнер» дейді. өнер мен ұятсыздықты неге бір-біріне қарама-қайшы нәрсе етіп отырсыңдар?
мысалы, стриптиз билеу де өнер. екінің бірінің көтінен қолынан келе бермейді оны билеу. сондай-ақ белгілі бір дәрежеде өтірік айта білу де өнер.
тойыс аталған екі сөз бір-бірін теріске\жоққа шығаратын ұғымдар емес қой. неге таласудасыңдар?
Daniar-Alan
ұятсыздық әдемі шыққан әдемі болғанкезде — өнер болады дейсіз ғо…
Tyulpan
ятсыз дейтіндер бір жақта, ятсыз емес дейтіндер 2-нші жақта жүре берейік, әркім өз пікірінде қала берсін — күштеу жоқ қой. әркім өзі қалаған, өзі сүйген іспен айналысса болды емес па? сонша анайы түрде жазып, артық кетудің жөні жоқ-ау. Ребята, давайте жить дружно!
Abilakim
би биімен бола берсін. Биден кейінгі бачатаның да жолы бөлек қой.
Daniar-Alan
ятсыз дейтіндер бір жақта
стриптиз маған найд… мен осы жақтамын
ken
Tyulpan, сен менің (жоғарыдағы) «көт»-імді ни то что ұятсыздық, тіпті анайылық депсің. түсінбедім. көтті көрсетсе, ол өнер болады да, ал көтті көт деп айтса, анайылық боп кетеді ме сонда? не боп кетті өзі?
edige
Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады.
KILYZAMAN да солай айтты да жоқ болды көптен бері…
елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі
Доминикан елі депрессияға түсіп ішіп кетіпті, шегіп кетіпті дегендей ешқандай мәлімет жоқ па?
VKM
Аға, неге биге қарсы болып отырсыз?)))
edige
Еш қарсылыгым жоқ… Келіңдер, билейікші бір…
Tyulpan
Заттыбекке ма? өзіңіз билей берсеңізші
edige
 Заттыбекке немесе Заттыбекпен...
Негізі биді жаным сүйеді… Өмірде… әрбір кезеңнің өз биі болады… брекденске билегенбіз кезінде 3-4 жігіт болып… алған жүлделеріміз де бар қолқоз — сапқоздардағы би кештерінде қыздардың көзінің құртына айналғанымыз… ол кезең қайда кетті ғой… енді сол тойгершілікте билеп қаламыз…
ехххх мынадай да билерге қатысуға болады, бірақ үйде ыстық тамақ та жегім келеді ғой ееееййййй…
Tyulpan
еее бағанадан бері солай демейсіз ба )))
Tyulpan
Қылизаман ағайды жоқ қылған сіз емес па өзі? маған угроза жасап жатқан сияқты  халайық, жоқ болып кетсем, Едіге мырзаны тергей беріңіздер
AL-ASTER
Әрине, би жақсы дүние. Жоғарыда келтірген пост ұнады, тек бидің де билері бар. Соның ішінде Бачата стиліне жақын билер мүлде ұнамайды, себебі менталитетке қайшы біріншіден, екіншіден яцыз би екен.
Оданда лезгинканы ұрып, Заттыбекке билеп жүре берейін.
Tyulpan
балетті де ятсыз деп ойлайсыз ба? қандай хай-арт екенін білсеңіз ғой оның. жай ғана оңай көрінетін қимылдарды 2 жыл бойы дайындайды. ал сахнада қалай соның бәрі оңай сияқты етіп жасайды. эхххх бұл әлгі біреу бір суреттен кемпір көреді, біреу сұлу қыз көретініндей болды ғой ))
AL-ASTER
Балетке тиіспеңіз. Тек мына Бачатаға ұқсас стильдегі билерді айтамын. )
Tyulpan
балетте де ес чо қызбен жігіт жабысып билейді. дәл ана Едіге мырза қойған суреттердегідей қимылдар да бар...
ken
балетің мынадан өткен ұятсыз ғой. ер адам бұтына тылтитып колготки сияқты бірдеңе киіп алады. сосын аяғын көтереді. сол кезде астынан несі көрініп тұрад. құсқың келеді.
қыздыкі де көрініп тұрады. бірақ қазір бәрі солай киетін болғандықтан ба, қыздыкі көзге онша ерсі көрінбейді.
бәлкім, уақыт өте келе балерондікі де норм болып көрінетін шығар.
edige
Жақсы билейтін еркектердің жұбайларына мүсіркеп қараймын…c.
Tyulpan
Едіге мырза, өзіңіз туралы айтып тұрсыз-ау деймін?  экстрасенс
edige
жалпы мағанада… сөздің түп төркіні )))
Aikona
Маған ұнады мына би. Бірге билейтін серігімде дайын
Tyulpan
Супер, Айкона. Сәттілік болсын!
edige
Tyulpan ханым… осы биді қай жерде жақсы үйретеді, мысалы, конкурстардан жүлдегер атанғын курс-мекемелер дегендей…
Би курстарына және би туралы толық нұсқаулық бере аласыз ба? қызығып кеттім…
Өзіңіз билейсіз ба? қашаннан бері… жетістіктеріңіз…
Tyulpan
edige мырза, мен негізі латын-американдық билерге қызықпайтын едім. бірде өзімнің инструктор-маэстроны тосып тұрғанда, би залында бір қыз бен жігітке бір инструктор жігіт осы бачата биін үйретіп жатыр екен. сондай сезімтал, романтикалық музыка және үйренушілердің инструктордың көрсеткендерін дәл қайталауы өте әсерлі шықты. үйге келдім де, инеттен музыкаларын тауып алдым да видеодан қайталап, өзім де біраз үйреніп алдым. )) содан сіздермен бөліскім келіп кетті.
ал мен таңдаған негізгі би түрі басқа, оның бағыты басқа. кішкентай кезімнен бастап түрлі себептерге байланысты үзіп-жұлып билеп келе жатқан едім. енді дәл осы би түрін (бачата емес) өмір бойы алып жүрсем деген мақсатым бар. ол туралы алда жеке постта айта жатармын.
кез келген би түрін сыртынан қарап тұрсаң, жай қызығуға болады. ал, билеп көрсең — міне, ең кереметі сол. өзің билей бастағанда эффектісін сөзбен айтып жеткізу қиын.

бачата, сальса деген сияқтыларды көбінесе тегін үйрететін жерлер көп. бәрі барады да, топ болып үйренеді. бастапқы шагтары оңай. ал, байыппен кіріскіңіз келсе, латын-американ би түрін үйретететін кез келген жерге баруға болады.
би деген дівижение ғой, ал дівижение — ол өмііііііііііір.
би туралы алдағы постарда айтатын боламын. мүмкін осындағы бишілер жиналып, би студиясын ашатын шығармыз алда. кім білсін…
edige
Рахмет жауабыңызға Ханым… алғысым шексіз… сіздермен билеу мүмкіншілігі болганның озіне рахмет… егер болса
a63a1
Жарқырап щығып ғайып болған «Авентура(е)» деген топтың өлеңдері жақседі, есіме түсіп кетті сол махаббат болып жүрген күндерім
Tyulpan
иә, жақсы топ. әлі тыңдайм әндерін әсіресе, учача мучача деп басталатын әні бір рет рингтонда болған ))
ken
гуандо вольверас. ремемба?