Cырға

“Құран оқытамын, келіңдер”,-деп звондады қайным Қарқаралыдан. Руслан үйдің үлкені, бармаса болмайды. Автобусқа билетті бір күн бұрын алып қойдық. Қарағанды қақап тұр. Аяз қырыққа барған соң, мектептер мен колледждерде сабақ жоқ. Үй азынап кеткен. Жылытқыш қосып, бір бөлмеде қамалып отырмыз. Ертеңгілік күйеуім ұзатылатын қыздай боп ұзақ киінді. “Телефоным”,-деді Руслан кетіп бара жатып. “Қайтейін деп ең, бүгін барып, ертең келесің. Тағы жоғалтпақсың ғой”,-деп сөйлеп қоя бердім. Үндеген жоқ. Ай сайын бір телефон ауыстыратыны өзіне де аян.
Ойымда ештеңе жоқ. Университеттің бітпейтін қағазын басып отырғам. Қайным звондап тұр: “Руслан келді ме?”-дейді. “Келгені нес, сендерге кетті емес пе?-деппін жұлып алғандай. “Жол жабық екен, автобусты Қарағандыға қайтарыпты”. Мәссаған, содан Русланды іздеу басталды. Қалам ұстайды дегендердің бәріне хабарластым. Көрдім, білдім деген адам жоқ. Күні-түні телефонның құлағындамын. Соткасын бермегеніме өкінгенім ай. Бағдат Мүбәрәк “Сол күні автовокзалдан көргем, автобус болмаған соң такси іздеп жүрген”-деді. Қатты састым. Күйеу жоғалттым деп полицияға хабарластым. Полиция қызметкері келіп мынау асүй, мынау жатын бөлме деп үйімді фотоға түсіріп жүр. Ой, Алла-ай, мен күйеуімді Қарқаралыға жібердім десем, мыналар үйімді суретке алғаны несі деп таңғалдым да қойдым. Қоңыр күрте, қара малақай, қара бәтеңке киген адам деп Русланның түрін түстеп жазып алды да кетті.

Энгелсь ауылынан Бекзат деген жолдасы қоңыраулатты. “Аман Ахметжаннан естідім, Руслан жоғалып кетті ме? Қазір мен Қуаныш Медеубайға айтайын, суретін шығарып алып барлық кафе-мафелерді араласын. Вокзалда танысым бар, камерадан қарап береді”. Ішім жылып кеті. Айдалада жатып Русланға алаңдағанына. Сәлемі түзу болғанмен тонның ішкі бауындай араласқан емеспіз.

Русланның әләулайға хәләулай қосып, жоғалып кетуі бір бұл емес. Тек мына көк аяз құтымды қашырды. “Атының сыры иесіне мәлім” деген. Шаруасы біткен жерде жантая кететін әдеті бар. Қалтасында не телефон, не құжаты жоқ. Қарқаралыда қайныммен шамалас жігіт далада қап үсіп өліпті дегенді естігем. Үшінші күн дегенде шыдамадым, ауылдағы екі абысыныма келіңдер деп әлек салдым. Ондағы ойым ауруханаларды аралау. Кешке Қарағандыға шығамыз деді кіші келін. Қайынсыңлімнің күйеуі де осында. Мазасыз шақта Жеңісбек деген досы хабарласты. “Руслан қайда?” “Өзім де таба алмай отырмын.” “Жұбайы сен білмесең, кім біледі”,-деп сызылып тұр қарағым. “Сірә сен білетін болдың ғой”,-десем, иә қазір автобусқа отырғызып тұрмын дегені. “Көлік қатып қалып, осында сүйреп әкеп тастапты.” Уһ деп, жан-жаққа сүйіншілеп хабар жіберіп, қайным, абысыным, күйеу балам бәріміз күтіп алдық. Келген бетте төсекке тұмсығын тірей құлады.

Ертеңінде телефонның шырылынан ояндық. “Қайрат қой, үйіне қонбапты. Үйге шақырдым”,-деді Руслан. Күннің беті бері қарапты. Неше күн бір бөлмеге тығылған балалар кең дәлізге ойыншықтарын шашып тастап асыр салуға кірісті. Энгельстен Бекзат хабарласты. “Саған арнап сырға соқтырып жатырмын, келесі жоғалғаныңда бірден табамыз”,-деді есі шыға күліп.

Тура Русландікінен аумайтын қоңыр күрте киген Қайрат келді. Жұмыс қайда деймін. Жүріп жатыр дейді Қайрат еш саспастан. Екеуі тамақ ішті, ұйықтады, қайта тұрды, өлең оқыды. Кешкілік Қайрат үйіне жиналды. “Басқа жаққа бұрылып кетпейсің бе?”-дедім қадалып. “Жоқ”,-деді Қайрат жазықты жүзбен. Мен шығарып салайын деп лыпылдады Руслан. Бір-бірінен аумайтын қоңыр күрте киген екеу іркес-тіркес боп шықты. Содан бері ет асым уақыт өтті. Руслан жоқ. Қайрат та үйіне жетпепті.
Әрі қарай

Бір сәттік оқиғалар...

Ойын баласы кезіміз. Мектептен қайтқанымыздың өзі ойын. Жолай үйіне жеткен кластастарымыздың үйінен су ішеміз. Сонда байқағаным су толы ожауды тұтқасымен ұсынса да бес саусағын тарбитып түбінен ұстап сіміріп салатындар болушы еді.Ойын баласы болған соң не бір заттарды ұстайсың,өзіңнен кейін су ішетіндердің де жағдайын ойлау керек қой. Ержетіп оң-солымызды танығанда байқағаным: баяғы ожауды түбінен ұстап су ішетіндер әлі солай ұстайды екен.Бала кезден қалыптаспағансоң қиын шығар. Ата-ананың жіберіп алған қателігі.
Тағы бір осы тектес мысал. Бір үйде шай ішіп отырасың. Бәрі тамаша. Бір кезде сол үйдің мысығы құрығыр келіп мияулайды. Шай құйып отырған жеңгей сүт құйып отырған қасығымен (ауылда кей үйлер сүтті литр кесеге құйып, қасықпен шай кешеге құйып отырады) мысықты басынан бір ұрып, әрі қарай қасығын шаймастан сен ұсынған кесеге шайын құйып беріп отыра береді.
Басқа бір үйден ет жеп отырасың. Ет бабына келіп піскен. Бір кезде бөлмеге сол үйдің 3-4 жасар баласы кіреді. мұрнынан ақ боз аты мен көк боз аты қоса ағып тұр. Жеңгей жалаң қолымен әлгінің мұрнын бір қорс еткізіп сіңбіртіп алады. Қолын етегіне шала-шарпы сүрте салып «Жеңіздер, жеңіздер» деп табақтағы етті жұртарға ысыра бастайды.
Енді бір кісілер қонаққа барған үйін расымен де "өз үйі" екен деп қалады. Ет желінген соң, карта ойналған соң, сорпа бойына тарағанның әсері ме тершең қонақ терлей бастайды. Ваннаға кіріп, қонақтар беті-қолын сүртсін деп қойған таза орамалға қолтығына шейін сүртіп кетеді…
Суреткесілтеме
Әрі қарай

КерекИнфода 10000-шы пост!



2010 жылдың желтоқсанында басталған КерекИнфоның осы жаңа нұсқасында бүгінге дейін 10.000 пост жарияланыпты.
Оларға жазылған пікір саны 257222. Яғни орташа есеппен әр жазбаға 25 пікірден. Бір күнде шамамен 12 жазба жарияланады екен.

10 мыңдық межеге жетуімізбен құттықтаймын. Бөлісер мақала, жазар пікір, керек инфо көп болсын!
Әрі қарай

Шыда, жаным, шыдай түс, шыда тағы

Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай болмайды дейміз, дегенмен елімізде көп себептен ыдыс-аяқ сылдырының арты ауыр соққы мен тіпті өлімге, немесе әлімжеттік көрсеткенді өлтіруге дейін әкеліп жатыр.
Статистикаға сүйенсек қасақана жасалатын адам өліміне қатысты қылмыстың 30%-ын туыстар жасайды екен, ал жыл сайын 500-ге жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Әрбір үшінші отбасында әйел зорлық-зомбылық көреді.
Әрі қарай

Жaнымдaр мен Мырзaлaр

Менде бiр керемет идеa бaр. Ол идеaны қолдaу қолдaмaуыңыз өз еншiңiзде.

Менiң бaйқaғaным, «Керекте» көптеген ерекше әрi жaңa ойлaр aйтылaды. Менiңше олaр осы керектiң төрт қaбырғaсының iшiнде қaлып қоймaуы тиiс. Солaрды кең бұхaрaғa шығaру керек деп ойлaймын. Оғaн aрнaйы проект дaйындaп жүрудiң қaжетi жоқ.
Әрі қарай

аудару керек

Орыс тілінде бір тіркес бар: «живеш или существуеш?» деген. Осы тіркестің нақты аудармасын жасап көрейік. Қазақтарда осыған ұқсас қандай мәтелдер бар екен? Пікірлеріңе қоса сұраққа да жауап бере кетіңдер.
Әрі қарай

Алматыда ұшақ құлады

Алматы облысының іргесінде ұшақ құлап, бортта болған 20 адамның тағдыры әзірге белгісіз. tengrinews.kz/kazakhstan_news/obnarodovan-spisok-pogibshih-pri-krushenii-samoleta-bliz-almatyi-227528/ Құлауға ауа-райы себеп емес. Бұл алғашқы болжамдар. Есімдері жарияланған азаматтардың жақындары қандай күйде десеңші…
Бейбіт заманда тағы қан төгілді. Біреудің қолынан емес, биліктің салғырттығынан. Олай дейтініміз, бұған дейін өткен жылы 2 тікұшақ құлап, 12 адам мерт болды. Содан кейін әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 27 адамды опат етті. Олардың бәрі шекара қызметінің серкелері еді. Бізде тек апат жиілеп, адам шығыны көбейгеннен кейін ғана тексеру жүргізілетіні әдетке айналғандай. Неге олай? Аурудың алдын алса оңайырақ екенін қашан шенеуніктердің басына жетеді? www.facebook.com/photo.php?fbid=475372445859941&set=a.323016807762173.77482.100001615685290&type=1&theater
Әрі қарай

Тағы бір Астана жаңалықтары

Тұтынушы кейпінде жезөкшелер және жеңгетайларын ұстауға кеткен тағы бір полиция қызметкері нәпсісіне жеңіліп қайтты.

***

Тағы бір қырсық көшеге гамажсыз шықты. Шыдауда.
Әрі қарай