Қиналған досыма арнап жазған өлеңім...

Жылама досым, жылама деймін, жылама,
Тағдырдың басқа салғанына сен налыма.
Налуменен, жылауменен жеңе алмассың,
Өшпенділікті қасыңда жүрген қайғыға.

Жылама деймін, жылама досым, жылама,
Төбеден келген қиындыққа сен мойыма,
Әлі талай сынға түсіп, қиындық болар басыңда,
Төтеп бер досым, бәріне оның шыда да.

Жылама деймін, жылама досым, жылама,
Шешімін таппассың мәселелрдің жылана,
Аузыңнан Алла, бойыңнан сабыр кетпесін,
Сонда досым, қиындықты жеңе білгенің

Жеңерсің сенем, өмірдің қиын өткелін,
Көрерсің білем, өмірдің шуақты көктемін.
Сабақ боп саған қазіргі мына қиындық,
Тәжірибе жинап, бағындырарсың көктерін.

Тек айтар сөзім еңсеңді төмен түсірме,
Шыдамым бітті деп, дәрменсіздікті көрсетпе.
Бір қиындықтан соң келеді үлкен қуаныш,
Алыста емес бақыттың тәтті күні де.
Әрі қарай

Жолаушы

Блог - bake: Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.
Әрі қарай

"Алашұлы" этно-тобы - ұлттық әуен

Қазақ эстрадасына өзіндік қолтаңбасымен келген «Алашұлы» этно- тобына тоқталып кетсек, ол 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылды. Өткен жаздан бері «А+» компаниясымен 5 жылға келісім-шартқа отырды. Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Ал топтың шығармашылық жұмысымен Алуа Қонарова айналысады.

алашұлы, этно-топ, махамбет жыры,
Әрі қарай

Кесіртке адамдар


Кесіртке деген бауырымен жорғалаушының өз құйрығын тастап кете алатынын білетін шығарсыз? Егер көрмеген болсаңыз қысқаша тоқтала кетейін.

Бала кезімізде қызық көріп кесірткені аулайтынбыз. Қызығы сол – құйрығынан ұстасаң болды, кесіртке құйрығын үзіп тастап өзі құтылып кетеді. Әрине бізге ермек болғанымен, бұл олар үшін басын аман сақтаудың амалы ғой. Мен мұны не үшін айтып отырмын. Бүгінгі таңда дәл осы кесіртке іспеттес адамдар көбейіп бара жатыр. Ашып айтсам, қара басын қорғау үшін қарамағындағыларды шыңырауға итере салатын басшылар жайлы.

Олай дейтінім, кейінгі кездері бір мекемеде былық шықса, көп жағдайда басшысы емес, қарапайым қызметкер бәлелі болатыны әдетке айналғандай. Қаражат жөнсіз жұмсалса есепші кінәлі, мемлекет қаржысы жымқырылса күзетші ұры атанады. Әйтеуір басшыдан басқасы айыпты. Тек жұлып тастайтын «құйрық» табылмаса ғана басекеңдер тұтылуға мәжбүр. Ықлым замандарда бастың қылмысы үшін мойын байғұс айбалтаға түсетін еді. Қалай дегенде де бас пен денені дұрыс жалғамағаны үшін осылай жазалау жөн шығар. Бірақ бүгінгінің «құйрық лақтыру» әдісі қай жағынан алсаң да ақылға сыйымсыз. Өйткені, құзыреті шектеулі жұмысшының биік секіре алмайтыны бесенеден белгілі. Жоғарыдан бұйрық келмесе бас изегіш бағыныштының мұндай қадамға бара қоюы екіталай. Тіпті, бұйрықсыз өз құлқынын толтырды десек те, басшы қайда қараған деген сұрақ қажайды-ау!

Бүгін қазақ контентін дүр сілкіндірген "ҚазПочта" менеджерінің қазақ тілін суахили тіліне теңеуі де осындай жағдай. Тек менеджер-құйрық үзіліп түсіп қалатын сыңайлы. Оны жұмысқа алған басшы қайда қарады екен.

Түйіні сол, Абылай ханның түсіндегідей, «жәндік ұрпағының» дәуірі келгені да. «Бастан құлақ садаға» деген заманда, мойын – салғырт, бас – миқұрт болған кезең келгендей ме, қалай?
Әрі қарай

Өмір

Өмір

Міне келдік өмірге де,

Жіберіп бір ғаламат күш.

Көр қонағым айналаңды,

Орындап бақ міндетті де.

Уақыт шіркін күтпес сені,

Бекер сөзбен, мәнсіз іспен

Қор боп қалма келген-кеткен.

Шындықты ізде, мақсат осы.
Әрі қарай

Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

Жә, сабыр. Ашуланбай тұра тұрыңыз. Біреудің жынын келтірейін, болмаса, мағынасыз жанжал тудырайын деген ниетім жоқ. Шын сұрақ.
Қазақ ұлтының сақталып қалғанына мүдделі адамдардың бірі мен. Осы уақытқа дейін ұлт, тіл туралы біраз әңгіменің басын шалыппын, жалпы, бәріміз сөйтіп жүрміз ғой. Енді, қызықты қараңыз. Жақында бір қарындас: "Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша",- деген сұрақ қойды. Әуелі абдырап қалдым. Өйткені бұл туралы ойланып та көрмеппін. Содан соң бар ойымды жиып, мейілінше түсінікті, пафоссыз, ұрансыз жауап беруге тырыстым. Жауабым қаншалықты қанағаттарлық шықты, білмедім. Енді сізден сұрап отырмын.
Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?
Әрі қарай

Анекдотшы бала

Өткенде(21-ші ақпан) әжемнің қырқын беріп жатқан кезде бір туысымыз мені қасына шақырып алды. «Баяғыда бізге анекдот оқып бергеніңді білесің бе?».«Жоқ» дедім. Негізі есімде. Ол кезде мектепке бармаған кезімтін. Бес жас шамасындамын. Үйде "Қазақы қалжыңдар" әлде "Қазақша анекдоттар" дей ме бір жұқалтаң кітап бар еді. Ағаларым соның ішінен бір анекдотты бір-біріне оқып беріп, шиқылдап күліп отырғаны есімдетін. Сондай кезекті қонақтардың алдында өзімнің кітап оқи алатынымды көрсетіп мақтанғым кеп кетті. Көбісі «Лениншіл жасты» судыратып оқығанымда мақтап кететін. Қырсыққанда газет табыла қоймады. Әлгі жұқалтаң кітапты қолыма ұстап «Мама, анекдот оқып берейін бе?»-деп сұрадым. Әжем марқұм рұқсатын берді.
«Автобус ойдым-ойдым жерлермен секіртіп келе жатады. Жолаушылардың ішінде масаңдау жігіт болса керек. сол жүргізушіге „Әй, гондон! Ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жай жүұр“ деп қайта-қайта ескерту жасай берсе керек. Шыдай алмай кеткен жүргізуші қолына мантировкасын алып»Өзің түсесің бе, әлде түсіріп жіберейін бе?" деп анаған тұра ұмтылады. Сол кезде екеуінің ортасына бір әжей килігіп "Қарағым, Гондонжан, бір ашуыңды маған бер, барар жерімізге жетіп алайық" депті" деп бітетін әлгі анекдот. Қонақтар күлкіден қырылып қалды.«О»-ны «А» қылып оқу білмейміз. Әлгі сөзім тіптен күлкілі естілді -ау деймін…
Әрі қарай