"Алашұлы" этно-тобы - ұлттық әуен

Қазақ эстрадасына өзіндік қолтаңбасымен келген «Алашұлы» этно- тобына тоқталып кетсек, ол 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылды. Өткен жаздан бері «А+» компаниясымен 5 жылға келісім-шартқа отырды. Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Ал топтың шығармашылық жұмысымен Алуа Қонарова айналысады.

алашұлы, этно-топ, махамбет жыры,


Топтың репертуарында «Қара жорға», «Жарапазан», «Махамбеттің жыры», «Ақтанның термесі», «Отан», «Елім менің» сынды ұлттық нақыштағы 10 шақты ән бар. Роза Рымбаевамен дуэт болып орындаған «Туған елім» әні де халықтың жүрегіне жол тартып үлгерді. Жігіттер ең алғаш топ болып құрылғанда тойларға шығып жүріп, тырнақтап жиған қаржыларына өз күштерімен «Жарапазан» әніне клип түсірген екен. Кейін продюсерлерінің арқасында оның саны екуге ұлғайып, «Ақтанның термесі» мен «Елім менің» әндеріне де бейнебаян түсірілді. Этно-топтың репертуарында Әлібек Серғалиевтың сөзіне жазылған «Біздің қыздар» әні де бар. Жігіттер жақын арада осы әнге клип түсіруді де жоспарлап жүр.

Топ мүшелеріне келетін болсақ, Ұшқын Жамалбек — Қытай елінің Құлжа қаласынан болса, Мақсат Рахмет — Алматыдан. Үшеуі де бір-бір үйдің жалғыз ұлдары. Топтың атын да өздері таңдаған екен. Әу бастан-ақ олар «атаның баласы емес, Алаштың баласы болуды» мақсат тұтқан.

Бұл топ туралы продюсерлері Назгүл Қарабалина «Жарайсың» бағдарламасына берген сұхбатында:

— Қазақ эстрадасында этно-топтар сирек. Сондықтан қанатымыздың астына алдық. Барлығы да өнерлі жігіттер. Болашақтарынан зор үмті күтемін, — деген болатын.

Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.

«Алаш ұлдары» шоу-бзнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.

2012 жыл топ үшін табысты болды. Ең алдымен продюсерлік компаниямен келісім-шартқа отырды. Содан кейін жұлдызды шақтары басталып, «Саз әлемінде» бақтарын сынады, «Ду қол шоколад!» сынды көптеген телебағдарламаларда өнерлерін көрсетті, «Жарайсыңда» сұхбат беріп, еліміздегі ең танымал журнал «Жұлдыздар отбасының» алғашқы бетіне шықты.

Жігіттер 2011 жылдың наурыз айында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұйымдастыруымен өткен наурыз мерекесінде өнер көрсетіп қайтыпты. Олардың әндерін естіген Ресей қазақтары елін сағынғаннан көздеріне жас алған. «Мұндайды көргенде өзіміз де толқып, көкіректе қуаныш, жүректе сенім пайда болды» дейді топ мүшелері. Биыл да олар Англияға, Түркияға шақырту алған екен. Алайда жігіттердің қазіргі ең басты мақсаты тұсау кесерлерін аман есен өткізу. Топ 2009 жылдан бері шығып келе жатса да, 29 наурызда Астана қаласында ресми түрде елге таныстырылмақ. Бұл шараға барлық жұлдыздар, БАҚ өкілдері шақыртылған екен. Сондықтан жігіттер қазір осы жарқын оқиғаға қызу дайындық үстінде.

Топ мүшелері:

Әзімбек Байлин(СҚО, Есіл ауданы, Мектеп ауылынікі)
Әзімбек Байлин

Мақсат Рахмет(Алматы)
Мақсат Рахмет

Ұшқын Жамалбек(Қытай елінің Құлжа қаласы)
Ұшқын Жамалбек

Алаш ұлы тобы- Махамбеттің жыры- by Farhat Tastambek

Алашулы тобы — Отан [www.kzmusic.at.ua] by Farhat Tastambek

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше