Бұрынғы полицейлер бала ұрлады

13 наурыз Петропавлда адам ұрлады деген хабар тарап елді дүрліктіргенін білеміз. Мұндайда жалғыз өзі барып жаудың ойран-топанын шығаратын «крепкии орешок» Брюс Уиллис табылмас. Дегенмен СҚО ІІД мен Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы жұмылдырылып, үш күн, үш түн тынымсыз еңбек етіп Сергей Семенченяны дін аман ата-анасының қолына жеткізді.


Әрі қарай

Сүрінгенге қол созу ұят па немесе көшеде құлап жатқанның бәрі маскүнем бе?

Your text to link...

Бүгін мына жазбаны оқып, 2 жыл бұрынғы өз басымнан өткен жағдай еске түсті. Оқып көріңіздер. Бәрімізге келетін жағдай сынды.

Көше бойымен келе жатып, жолдың арғы бетінде ұзыннан сұлап жатқан жігітке көзім түсті. Басыма ең бірінші келгені – «мас шығар» деген сұқсыр ой болды. Кейін ұялдым.

Байыбына кеш барғаныма қысылдым да, өкіндім. Бәлкім оның жүрегі қысылып, не болмаса басқа бір жері ауырып қалған болса ше?.. Осы ой жанымды жегі құрттай жеп тоқтамай қойды. Тек мен ғана солай деген пікірде болсам бұлай қынжылмас едім-ау. Біраз ұзап артыма бұрылғанда жер жастанып жатқан жігітті орнынан тұрғызған бір адам көзге түспеді.

Иа, оның сырт келбеті ішімдікке салынған адамға ұқсайтыны анық. Міне, осы құртады бізді. Бар адамды тек киімі мен әлеуметтік жағдайымен бағамдайтынымыз заңдылыққа айналғандай. Ол кісінің жан дүниесінде не бар, ол бізді қызықтыра бермейді. Жол жиегінде сұлап жатқан апталдай азамат біреудің ардақты әкесі, енді біреудің жан жары, өзгенің сүйікті баласы екендігі де сөзсіз. Ал соны неге естен шығарамыз? Тіпті маскүнемнің өзіне көмек қолын созсақ, ол да жан иесі ғой. Бәз біреулердің төрдегі диванында шалқайып жатқан мысық құрлы болмағаны да біз үшін. Бұл – безбүйректік пе, әлде астамшылдық па? Не болса да қателік жасап, осы тізімге ілінгендердің бірі екенім рас. Егер өзім үйдегі киіміммен солай ауырып көшеде құлап қалсам деген суық ой мұздатты жанымды. Мұздатпағанда ше, мені де қаңғыбас деп ешкім мойын бұрмауы ғажап емес қой.
Әрі қарай

АБАЙ:Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып,білім алған...

Абай атамыз Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған деген екен.Осы өлең-өсиеттен бағдар алған, ескі ата жұрттан-Ташкенттен қоныс аударған ағайындар, соңғы бірнеше жылдан бері Жамбыл ауданында (Алматы облысы)егін егіп, бау, бахша өсіріп еліміздің азық-түлік қоржынына жүздеген тонна көкөніс, жеміс-жидек тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін салды. Жыл өткен сайын өндірілген өнімнің сапасы да салмағы да артып келеді.Көргіңіз келсе атақты Алтын орда базарына барыңыз.
Менің айтқым келгені, солтүстік облыстардағы ағайындарды (базарларды) өзімізде (елімізде) өсірілген өнімдермен қамтамасыз етейік.Ол үшін Сіздер мен Біздер өзара тиімді келісім шарт жасасуымыз қажет.Сізге қандай өнім және ол қашан және қанша керек екенін білуіміз керек.Сол сияқты өзара есеп қысапты да белгілеуіміз шарт.
Осылай жұмыс істеуіміздің пайдасы ұшан теңіз.Халқымыздың бір бөлігі сапалы азықпен қамтамасыз етіледі.Ақша елімізде қалады.Өсірілу технологиясы бізге беймәлім, сырттан әкелінетін өнімдер азаяр еді.
Осы ұсыныстар қызықтырған жеке тұлғалар мен мекемелерден хабарлар күтеміз.
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ! Осы тақырып төңірегінде кеңінен әңгіме қозғап, ДИҚАНШЫЛЫҚ қазаққа жат емес екеніне ауылдағы ағайындардың назарын аударсақ! 87476887709.87714489502.87277037154.
Әрі қарай

БІЗДІҢ ТІРЛІК

Неткен тірлік?!
Бес күндігім – бес ғайып,
Өз-өзіме тағып қайтем босқа айып?
Жазмыш сірә жазуынан жаңылмас,
Өмір-өлім – ұғымдағы қос қайық!..

Өтіп жатқан уақыт емес, біз екен,
Қисық жолды мен қалайша түзетем?
Өтіп жатыр бәрі жүрек арқылы,
Қыс-жаз өтер, көктем өтер, күз өтер.

Жалқы жүрек?!
Жалғыздығым – лүпілдек,
Әр лүпілден жыр ағады шүпілдеп.
Сол зәмзәмнан ұрпағым да ұрттар-ау,
Бабам айтқан: «суға сайтан түкірмек!»

Олай болса, мен түкірдім сайтанға,
Ерегістен кеткен есем қайтар ма?
Керек маған періштенің пәктігі,
Ақиқатты білгендіктен айтам да.

Тірлік дейді?!
Бес ғайыбым – бес күндік,
Ерте жылап туғандықтан кеш күлдік.
Жазмыш сірә жазуынан жаңылмас,
Өмір-өлім – ұғымдағы қос құрлық!..
Әрі қарай

Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік

Алған әсерлер шексіз десем артық айтпаған болармын. Мүлдем басқа мәдениет, мүлдем басқа менталитет… Амман деген астаналарына келдім, 4-5 қаласында болдым.
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Танысу
Үйге кірсем, бәрі қаздай тізіліп, орындарынан тұрып қарсы алды. Баттасып боянған және ірі денелі болғандықтан ба, қара хиджабта кексе тартқан 3-4 әйел-ау деп ойлағаным жас қыздар болып шықты. Мамасын солардың ең үлкен әпкесі деп ойлаппын. Сонымен, аттарын айтып, біздегі Шымкенттің қыз-әйелдерінің амандасуы сияқты қолдарын беріп амандасып, танысып болдық. «Жасмин» дегеннің «Ясмин» деп өзгертілгені болғандықтан содан басқа бірде-бір ат есімде қалсашы. ))) Сол және тағы басқа қосылған аттарды бірнеше күн бойы «анандай киген қыз, мынандай істеген ұл» деп, шартты бірдеңелермен ұқсастырып айтып жүріп, жаттап, үйрендім-ау, әйтеуір. Қыз-келіншектердің аттары: Абрар, Тамадор (біразға дейін «Тамагор» деп жүрдім)))), Мәляк (оны «Мелек» деп), Ду'әa, Баә'на, Эфнәа'қ, Зеена, Ясмин, Әридж, Сузанна, Ханейн… Ер адамдардың аттары: Омар, Махер, Әнас, Шәди, Тарик…
Иорданияда монғолоидтық түрлер сирек кездеседі, яғни, келушілер аз. Содан көшеде бәәәәрі саған тесіліп қарайды және «Хай!», «Халло!», «Уэлкам ту Джордан!», «Ар ю Кореан?», «Ар ю Малейжан?» деген сияқтыларды айтып ер адамдары айқайлайды. Бұл өзі бір қызық сезім болды: біздің елде жүрген африка, афро-американдықтардың күйін бір жақсылап түсінгендей болдым...))
Әрі қарай

Кездесу

Блог - bake: Кездесу
Дәмхана ішіндегі келушілерге арналған барлық үстел басы бос емес. Келушілер саны көп. Үстелдер арасында сары түсті жейде киген «Пицца Блюз» дәмханасының даяршы қыздары аяқ ұштарымен жүгіріп жүр. Біреулерінің қолдарында тағамға толы табақтары бар, екіншілерінің табақтары бос, үшіншілері үстел басында отырғандардың тапсырыстарын алдарына қойып жатыр.

Қызыл костюм киген көк көз, жалпақ бетті орыс әйелге:
-Сіз, жалғыз отырсыз. Үстел басына екінші болып қасыңызға отыруға бола ма? –деп, айтып жатып үстел басына қойылған екінші орындықты өз ыңғайыма қарай жылжыта бастағанда:
-Жалғыз емеспін, –деді жақтырмаған түрімен. Басын шайқап «не деген бассыздық» дегендей айтты, ішіндегі ойы сәл жыбырлаған еріндерінен білінді.

Қолымдағы ұялы телефонға қарап қоям, уақыт түскі үш. Дәмхананың залының ортасына барып келушілерден «босайды-ау» деген үстелді қарауылдап тұрмын. Әлгінде ғана үстел басына отырғызбай қойған орыс әйелі қолын бұлғап маған белгі берді. Қасына барғанша үстел басынан тұрып, жиналып үлгерді.
Әрі қарай

Референдум керек пе бізге?

Еліміздегі оппозиция өкілдері Қазақстанның Кедендік одақтан шығуы, атом электр станциясын салуға жол бермеу, жекешеленіп кеткен стратегиялық маңызды кәсіпорындарды мемлекетке қайтару, әкімдерді сайлау мәселелері төңірегінде жалпыұлттық реферундум өткізуге тырысып жатыр. Егер Орталық сайлау комиссиясы қол қою парақтарын берсе, референдум өткізу үшін 200 000-нан кем емес қол жиналуы керек екен. Сіз қол қояр ма едіңіз?
Әрі қарай

Өнертапқыштар саласында жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жуық арада бастауын алады

Шапағат 2013

Байқау келесi номинациялар бойынша өткiзіледі:
«Жыл өнертабысы», "Өнертапқыш-әйел", «Ең жас өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Жас дарын»
Байқау аясында өзіндік ерекшелігі және болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасаған 14 жаспен 18 жас аралығындағы студенттер мен мектеп оқушылары қатарынан «Жас дарын» номинациясы бойынша талапкер алынады. Аталған номинацияға инновациялық патентпен және патентпен қорғалмаған ғылыми еңбектер қатыса алады.
kazpatent.kz сайтынан ақпарат алынды.

Номинациялардың ішінде мені қызықтыратыны соңғысы. Егер талантты оқушы балаңыз жасаған ұсыныс болса қорықпай сайысқа қатысыңыз. Сандық түбінде сақталып қалған идеяңыз есіңізге түсті ме? Қорықпай ұсыныс жасаңыз. Бір тетігіне өзгеріс енгізгенде құрылғы жақсы, өнімді жұмыс істей бастады ма? Бұл сіздің сайысыңыз. Баяғыдан іске асыра алмай жүрген жобаңыз бар ма? Ұсыныңыз!
Әрі қарай