Қарапайым романтика

Қара Сашок пен Меруерт бір-біріне қатты ғашық еді. Екеуі де сүйгені үшін өмірін беруге әзір болатын. Айналасындағы жұрт екеуіне қызығы да, қызғана да қарайтын.

Қара Сашоктың мінезі ұрда-жық. Райондағы мысық-күшіктерге дейін аяқтарынан тік тұрғызады. Талай рет көршілердің мысығына насыбай иіскетіп, иттерге арақ ішкізген. Кемпір-шал Қара Сашок дегенде жаны азар да, безер. Оны қойшы, менмін дейтін жігіттердің өзі оның алдында тілден айрылатын.
Әрі қарай

Қазақша сөйлеуді алдымен өзімізден бастайық!

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен өзіміз таза сөйлеп үйренейік. Ең оңай және қарапайым жаттығу: ай, күн аттарын қазақша айтуға дағдылану.

Ай, күн ең жиі орысша айтып жіберетін сөздеріміз. Егер осыларды қазақша айтып үйренсек мида үнемі сигнал тұрады, басқа сөздерді де барынша қазақша айтуға тырыса бастайсың.

Әрі қарай

Мамандығыңызды өзіңіз таңдадыңызба?

Қазір байқасам 1 группада 25-30 адамнан тек бір екеуі ғана сол мамандықты таңдап түскен ал қалғандары жоғарыда аталғандай себептермен түскен. Сіздерде ондай жағдай болдыма? Бүгінгі таңда елімізде қандай мамандық сұранысты қажет етеді? қандай мамандық сұранысты қажет етпейді? Негізі қай бағытты таңдаған дұрыс? Ата-ана балаларына өздері жұмыс жасап жүрген саласын таңдауға мәжбүр етуі дұрыспа? Осы төңіректе ой қозғасақ.
Әрі қарай

"Фотоаулау". Алғашқы жиын

«Керекке» жазба жазбағалы қашан… Тиіп-қашып, 1-2 пікірді атып-қалып жүреміз тек.
Енді міне «керектің» атынан «Фотоаулауға» қатысқалы жатырмыз. Бүгін брифинг болды, яғни фотоаулаудың қалай өтетіні жайлы айтып, ережесімен таныстырды. Байқауға Kerekinfo.kz Massaget.kz, Yvision.kz Horde.me, және Gonzo.kz сайттарынан блогерлер командасы қатысқалы жатыр. Бүгін әр командаға бір «Samsung Galaxy Camera» фотоаппаратын берді. Samsung Galaxy Camera
Әрі қарай

Қазақ алаңындағы лезгинка

Астанада футболдан «Президент Кубогы» халықаралық турнирі аяқталып, Қазақстан құрамасы алғаш рет жеңімпаз атанды. Бірінші ойындардан еліміздің командасы сапындағы санаулы қазақты аңдып, солар кішкентай болса да, әдемі әдіс жасаса қуанып отырдық.
Шешуші матч аяқталған соң Қазақстан командасы алаңда қуанып, жанкүйерлерге алғысын білдіріп, біраз жүгірді. U-17 жас дәрежесіндегілер турнирі болғандықтан бұл 15-16 жасар балалар, шынайы қуаныштары сезілді. Әдеттегідей отыз мыңдық Астана Аренада адам көп болмады, бірақ жиналған 2-3 мыңнын 99 пайызы қазақ болғанын нақты айта аламын. Бәріміз қуанып жүрген жас аяқдопшыларға қарап, сүйсініп тұрдық. Бірақ маған бір ұнамаған жәйт: осы жеңісті тойлау барысында қазақтың алаңында биленген лезгинка биі.
Мен түсінем, коммерциялық мақсатта құрылатын футбол не басқа спорт түрлерінен клубтардың легионерлері үлкен жеңіске жеткен кездерінде өздерінің туған жерлерінің туларын алып шығып, өздерінің ұлттық билерін билеп жүреді. Ал, Қазақстан ҰЛТТЫҚ құрамасында өнер көрсетіп жүріп, біреуі лезгинка билеп, ал қалғандары соған қол шапалақтап тұрғаны қалай?

Әрі қарай

Кімде қандай теориялар бар?

Теория емес, орысша «наблюдение» дегенді аудара алмадым. Өзіңіз ұққан, байқап сынаған бір заңдылықтар болады ғо. Мысалы, Джеффри Раш /«Кариб теңізінің приарттарындағы» Барбосса/ көрермендер кино қарағанда кітап оқыған сияқты назарын оңнан солға қарай ауыстырып отырады деген өзінің теориясы бар екен. Сондықтан да ол кісі жоғарыдағы фильмде ролінің экрандық уақыты аз болғандықтан үнемі басты кейіпкермен түскен эпизодтарда оң жақта тұруға тырысқан.
Міне осындай осындай әркімнің үлкенді-кішілі «теориялары» болады.
Мен өзімнің екі «теорияммен» бөлісейін.
Біріншісі, жақсы адамдар мен жаман адамдар жайлы. Жақсы адамдар бала шағында неден қиындық көрсе, не зат жетіспесе, соны ересек болғанда өзгелерге бергіш болады. Ал жаман адамдарда керісінше. Айталық, бала кезіңде ақшадан тарлық көрген жақсы адам, келешекте қолы ашық, кедейлерге көмектескіш болады. Немесе жаман адам бала кезінде ата-ана мейірімінен құр қалса, ержеткенде де басқаларға ол мейірді көрсете алмайды, керісінше олар да менің көрген қиындығымды сезсін дегендей ойлайтын болады.
Екіншісі, «ханжа» адамдар — ең қауіпті адамдар тобы.
Әрі қарай

«ЧЕЛСИДІҢ» ЖҮРЕГІ

Фрэнк Лэмпард… Ағылшын футболы мен әлем футболына танымал есім. «Вест Хэм» клубының негізгі құрамынан орын алып, Англия футболының алғашқы баспалдақтарын басар сәтте оны көпшілік бірден тани қоймады. Ол кездері Стивен Джерард, Рио Фердинанд, Майкл Оэуен сияқты футболшылардың жұлдызы жарқырады…


2001 жылы «Вест Хэм» сапындағы беймәлім бозбаланы атақты лондондық клуб «Челси» сатып алды. Оның қабілеті мен шеберлігіне көз тіккен «Челси» басшылығы Фрэнктен үлкен үміт күтті.

2003 жылы белгілі ресейлік олигарх Роман Абромович «Челсиді» сатып алды. Аз ғана уақыт ішінде ақсүйектер Англиядағы үздік ұжымдар қатарына енді. Ал, «Челси» сапында қадамын енді басқан Лэмпард ұжымның мықты ойыншларының қатартына кірді. Еңбексүйгіштігі мен табандылығынын арқасында талайды тамасандырыр футбол көрсетіп, керемет деңгейге көтерілді. Дәл қазір Фрэнк Лэмпардттың футбошылық карерасындағы маңызды даталарды саралап өтсек…

11 маусым 2001 жыл- Дәл осы күні Фрэнк Лэмпард өзінің туған клубы «Вест Хэмнен» қазір ойнап жүрген «Челсиге» ауысты.

2 қыркүйек 2001 жыл- Дәл осы күні ол «Челси» сапындағы алғашқы ресми матчын өткізді.

2004-2005 жылғы маусым- Фрэнк дәл осы маусымда АПЛ-дің барлық жартылай қорғаушылары арасындағы көп гол соққан жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді. Дәл осы маусымда ол 12 голдың авторы атанды.

30 сәуір 2005 жыл- «Челси» арада 50 жыл салып Англия чемпионы атанды. Лэмпрд Премьер-лиганың соңғы және жауапты матчында «Болтонға» қос доп соғып, дубль орындады.

16 ақпан 2008 жыл- Дәл осы күні Фрэнк «Челси» клубы сапында жүзінші голына көрімдік сұрады.

12 наурыз 2008 жыл- Дәл осы күні ол Англия Премьер лигасындағы алғашқы покерін жасады. «Дерби Куанти» клубына қарсы ойында қарсылас қақпасына қатарынан 4 допты тоғытты.

24 сәуір 2008 жыл- Оның өміріндегі ең сәтсіз күн. Дәл осы күні оның анасы Пэт Лэмпрд аыр науқастан қайыс болды…

30 сәуір 2008 жыл- Анасының қазасына қаймықпай, қайсарлық танытқан ол дәл осы күні Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ливерпульге» керемет гол соғып «Челсиді» финалға шығарды.

21 мамыр 2008 жыл- Чемпиондар лигасының финалы….Фрэнк Лэмпард «Манчестр Юнайтед» қақпаснына гол соқты және осы маусымдағы чемпиондар лигасындағы үздік жартылай қорғаушы атағына қол жеткізді.

13 тамыз 2009 жыл- Дәл осы күні ол «Челсимен» 5 жылға келісім-шартқа отырды. 39 млн фунқа келісімге келген ол Премьер лигадағы жалақысы жоғары ойыншылар тізімінде көш бастады.

17 қаңтар 2009 жыл- «Сток Ситиге» қарсы ойында ол «Челси» сапындағы 400-інші кездесуін өткізді.


24 желтоқсан 2009 жыл –Фрэнк Лэмпард Англия футболындағы соңғы онжылдықтың (2000-2010 жылдары) үздік футболшысы атанды.

19 мамыр 2012 жыл- Чемпиондар лигасының финалы… «Челсиді» чемпиондар лигасының финалында капитан ретінде Фрэнк Лэмпард бастап шықты және капитан ретінде Мишел Платиниден Кубокті алып басынан асырды.

17 наурыз 2013 жыл- Лэмпард «Челси» сапында 200-інші голын соқты.

Дәл осы матчтан кейін журналистерге берген сұхтында:

-«Челсиге» алғаш келген сәтте дәл осындай деңгейге көтерілемін деп ешуақытта ойлаған жоқпын. «Челси» сапында 200 матч өткізген сәтте қалай қуанғаным әлі есімде, ал 200 гол соққан кезде қуанышым қойныма сыймады.

«Челси»-бұл менің өмірім. Бұл клуб менің мәңгі жүрегімде…

Әрі қарай

Шалаkазах та блог начинать етіватыр


Осы люди көп говорят о КерекИнфо. Даже говарят некоторый облыстардағы өтіп жатқан «Домбыра Пати» деген мероприятьяларды әуелгіде начинать еткен «Керекшілер» говорят. И говорят что нағыз казақ блогеры — это Керекшілер. И содан мені интересовать ете бастады, что это за хрень такое КерекИнфо? Патом гуглден пойск жасап, тауып, осындай вод портал нашелся. Оп-очень интересовать ете бастады. Зарегистрироваться етпесем болмайтынын білдім. Содан регистр еттім. Бірақ дуамаю, это же казахский блог же. А маған что писать? Я же этод язык толықтай білмейм ше. Мен общем и русский и қазақша грамотно незнатьпын. Екі языкте де акцнетпен сөлеймін, ошыбочно жазамын. Но серавно это же блогер болуыма бөгет болмайды же. Так па? Ал ат-жүнімді айтпай ақ қойғаным лутьче болар. Полюбому оны білу сіздерге польза әкелмейді. Қайда тұратынымды сурасаныз, я из Петропавловска деп, с гордостью айтамын. Әкем Қазақ, шешем Орыс. И поэтому полу қазақ, полу орыспын. Общем солай. Языгым шорқақ болғанымен, білетінім много. Сондықтан, в будущем меннен интересный посттар күтіңіздер!
Әрі қарай

Молаға түнеген қыздың өлімі.

Күздің қоңыр салқын күндері болатын. Таң азаннан басталған тұман сейіле қоймады. Кешкісін қорадағы екі сиырдың біреуінің келмегенін көрген Мырзагүл киініп алып өзі іздеуге шығады себебі ата – анасы жол жүріп кеткен болатын, үйде өзі жалғыз қалған. Бір үйдің кенжесі ерке – шолжаңдау болғанымен оқуына зерек, үй шаруасына пысық еді өйткені үйдің үлкендері баяғыда – ақ ержетіп, бойжетіп өз жөндерімен кетіп құтты орындарына қонып қала – далада бір – бір үйдің түтінін түтетіп отырғанды. Ал бұл қыз анасының 45,әкесінің 51 жасында көзкөрген қуанышы еді. Сол бір күз Мырзагүлдің 16 ға толған жаңа ашылған қызғалдақтай құлпырып келе жатқан кезі еді ауылдағы қыздардың ішіндегі сұлуы да сол болатын. Мектептен қайтарда сөмкесінен ыстық сезімге толы хаттар да тауып алып тұратын. Бірақ оның еш біріне көңіл бөлмеді сабағын оқиды, үйінде қарт әке – шешеге шаруаға көмектеседі. Сонымен не керек кешқұрым мал іздеп ауылдан ұзап кеткенін өзіде байқамай қалады. Оның үстіне тұманда қоюланып, қас қарайып кеткен уақыт. Айдалада тірі жан, тісті бақа көрінбейді тыныштық. Қыз байғұс бағытынан адасып қайда барарын білмей аңырап келе жатқанда көз ұшынан бірдеңе қараяды. Дереу сол қарайған жаққа жүгіреді. Барса ескі мола екен. Ауыл маңына бағыт жасайын десе бұл ескі моланы ол ешқашан көрмеген. Бұл уақытта айнала мүлде қараңғы, түн бола бастаған. Көп ойланбастан сол молаға түнеуге шешім қабылдайды. Түннің бір уақытына дейін ұйықтай алмаған қыз таңға жуық көзі ілініп кеткенін өзі де байқамай қалады. Әлденеден селт етіп оянса таң қылаң беріп күн шыға бастапты. Дереу орнынан тұрып далаға шығып маңайын бағдарлай бастайды. Ауылдан 4-5 шақырым жердегі астыртта тұрғанын біледі. Түндегі ауылдың жарығы көрінбей бағдарын жоғалтып алғаны осы екен. Ақырындап аяңдап ауылға беттейді. Ауылға таяай бергенде оның алдынан іздеушілерде шығады. Түн ортасында келген әке – шеше қызының үйде болмағанын көріп, ауыл адамдары бар, ауылдың жалғыз инспекторы бар бәрі шарқ ұрып әлі таппай жүр екен. Сонымен қызын аман есен көрген әке – шешесі сол күні құдайы тамақ беріп, жеті нан таратып кешті батырады. Ертеңіне сабақтан келген Мырзагүлдің түс ауа іш жағы бүріп ауыра бастайды. Анасы ауруды басатын дәрі береді, әйтеу өзінше ем дом жасаған болады осылайша ол үйінде екі-үш күн жатып қалады. Қызының беті бері қарамағанынан қорқа бастаған анасы көрші кемпірге барып мән – жайды айтады. Ол кемпір үйге келіп қызды көріп ұшықтап әйтіп – бүйтіп қайткенмен молаға түнедіғой деп көрші ауылдағы тәуіпке апаруға кеңес береді. Ертеңіне көрші кемпірдің шалының жигулиімен көрші ауылдағы тәуіпке жол тартады. Тәуіп қыздың тамырын басып бұл қыз түнеген мола әруақты адамның моласы. Ол жерді аяғымен басқаны үшін оған әруақ ренжіген деп үшкіріп өзінің ем домын жазып береді де, бір аптадан соң қызың құлан таза айығады деп шығарып салады. Бірақ бір аптаға жетпей жағдайы мүлде нашарлаған қыз аудандық аурухананың реанимация бөлімінен бір – ақ шығып сол түні тіл тартпастан жалған дүниемен қоштасады. Мәйітханада жасалған экспертизаның нәтижесі оның (молада түнеген күні) ұятты жерінен тарақан кіріп ішкі ағзаларын зақымдағаннан пайда болған ірің қанға араласып уақытылы медициналық көмек көрсетілмегендіктен ажал құшты деген қорытынды шығарды…
Әрі қарай

Дін бірлігі - ел бірлігі

Аллаға шүкір тәуелсіз Қазақ еліміз. Әлемде жер көлемі жағынан 9 орын аламыз деп мақтана да қуана айтып, жар саламыз. Жас тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктеріміз аз емес, бірақ қордаланып, сыздауықтай сыздатып, рухани азғындау мен ауытқушылыққа алып бара жатқан қоғам мүшелері жоқ емес.
Гитлер: «Жаулап алған жерлердің халқына таң азаннан кешке шейін дауыстап музыка тыңдату керек. Кітап оқуға мұрша келтірмеу керек. Рухани сусындамаған халықта уайым аз болады. Тиісінше басқару да оңай түседі» деп атап өткен екен. Қазіргі қоғамды қарап отырсақ, ақпараттық тасқынның арасында рухани құндылық жүйемізде де үлкен өзгерістер мен бетбұрыстар болып жатқаны жасырын емес. Жартылай жалаңаш былай тұрсын, тыржалаңаш қыздарды көріп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ертеңгі күнін көз алдымызға елестету қорқынышты. Рухани азғындаудың бастауы осыдан болса, ұлттық тұтастықтан айыратын жаңа бас ауру діни алауыздық болып отыр. Дәстүрлі дінімізден алшақтап, исламнан түбегейлі баз кешіп, шоқынып жатқан қазақтың ұл-қыздарын, Иса мәсіхті жырлап, домбыралатып, әндетіп жатқанды да көріп отырмыз. Осының ішінде ислам дінін ұстанушы халқымызыдң өзінде түрлі ірткі оқиғалары болып, арты әлеуметтік алауыздық, түсініспеушілікке әкеліп отыр.
Бүгін ойланбасаң ертең кеш болатыны анық. Бірақ, көзсіз ерушіліктің салдарынан көптеген қандастарымыз алған беттерінен танбай отыр. Бұл болашақта неге әкеліп соғуы мүмкін. Оны мөлшерлеп, қаперіне қыстырып та жатқан жоқ. «Дініміз ислам, тегіміз түркі» екенін ұмытпайық ағайын деп жар сала жариялап жатқанымен де, ұлттық, мемлекеттік ауқымда ойлап, бас қатырып жатқандар шамалы. Кешегі «Алаш» қозғалысының мүшелерінің жан айқайын елеп, ескеріп, қаперімізге алып, өткеннен сабақ ала отырып, болашаққа бағдар құрсақ, жастардың бойына рух беретін, ұлттық идея деңгейіне көтерілетін ұран тастай білсек, барша халыққа қозғау болар еді. ертеңгі күнге сенімсіз жігерсіз, әлжуаз, қабілетсіз, ынжық болып бара жатқандай ұрпақ. Бәріне бірдей топырақ шашқанымыз жарамас, көзінде оты бар, ұмтылып, талаптанып отырғандарымызда жетерлік. Бәрібірде бізге ұлтты ұйыстырушы "ұлттық идея" керек!
Әрі қарай