Студенттер қосымша гранттарға зәру

Жастар арасында қордаланған мәселелерді 2020 жылға дейін шешу үшін мемлекет тарапынан тұжырымдама жасалғандығы белгілі. Осы орайда, бірқатар мәселелер тасада қалып бара жатқандығын айта кету керек. Солардың ішіндегі әлеуметтік маңызы жоғараларының бірі жоғары оқу орындарындағы білім алу, анығын айтқанда талапкерлердің мемлекеттік грантқа ие болу мәселесі. Осы саладағы өзімнің ой-пікір, ұсынысымды қоғам талқысына салуды ұйғардым.
ҰБТ айтыла-айтыла жауыр болған тақырыптардың бірі. Десек те, мәселеге ден қойып, шешудің балама жолын қарастырғандығымыз дұрыс. Дұрысы мен бұрысын санамалап қаншама қайталағанмен де ҰБТ талапкерлер үшін білім сынағы, ал мектептер мен мұғалімдер үшін сапа сынағы болып қала береді. Тек енді оны жетілдіру жолдары мен басқада мүмкіндіктерін қарастырғанымыз абзал.
ҰБТ бірқатар шенді-шекпенділер мен жұмыртқадан жүн қырқып үйренгендердің табыс көзіне айналғандығы баршаға аян. Бір өкініштісі тамыр-таныстыққа арқау болатын тесттілеу нәтижесінде білімі таяз, тіпті кей жағдайда мүлдем білімі жоқ талапкерердің грантқа ие болып, нағыз оқыған, білімді жеткіншектердің оған ілінбей қалуы секілді оқиғалар жиі көрініс беретіндігі. Сонымен қатар, психологтар ҰБТ кезінде жастардың санасына үлкен психологиялық салмақ түсетін айтуда. Көп жағдайда осы салмақ біраз жастарды депрессияға ұшыратып, тіпті кейбіреулерінің өз өміріне қол жұмсайтындары да бар. Суцид қазақ қоғамның жегі құртына айналып отырған өкінішті проблемалар қатарын толықтыруда.
Жоғарыда айтылған мәселерді шешудің бір тетігі ретінде ЖОО-да ақылы оқитын студенттер арасында қосымша гранттар енгізуді керек деп пайымдаймын. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайған. Десек те, ақылы оқитын білім құмар студенттерді ынталандыру мәселесі тасада қалып келеді. Біз, елімізде қабылданып жатқан қаптаған стартегиялар мен тұжырымдамадағыдай білімді ұрпақ тәрбилегіміз келсе, онда 2, 3, 4 курстар мен магистратураның 2 курсында ақылы түрде оқитын білімгерлер арасындағы, білімі мен үлгерім деңгейлері жақсы студенттер үшін қосымша байқау өткізіп гранттар бөлуді қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл өз кезегінде студенттер арасында білімге деген құштарлыққа итермелесе, ал білімділер арасында мақсаткерлікке тәрбиелейді. Сонымен қоса, өзі қаламайтын мамандықта оқып жатқан жастарға өзі таңдаған мамандығында оқуға қосымша мүмкіндік болар еді. Өйткені, 1 жылдай ЖОО-да оқып оң-солын таныған жасөспірім, жаңа мүмкіндіктер көріп, жаңаша пікір қалыптастырады. Сонымен қатар, және, бір айта кетерлігі, бұл ҰБТ кезінде түсетін психологиялық салмаққа төтеп беретіндей, талапкерлердің төзімділігіне игі ықпалын тигізетіндей әлеуметтік маңызға ие болар еді. Себебі, білімді талапкердің, өзінен әлдеқайда нашар оқитын сыныптасының тамыр-таныстық арқасында грантқа түсіп, ал өзінің ҰБТ-да «сүрінуі», оның бойына психологиялық ауырпалық салып, қоғамымыздағы әділетсіздік туралы ойларға жетелеуі мүмкін. Бұл жағдайды елімізде астыртын жұмыс жасап жүрген радикалды, жымысқы топтар өз мақсатында пайдаланып кетуі ықтимал. Ал болашақта өз қарым-қабілетін көрсетіп, дәлелдей алу мүмкіндігі, жастардың санасында ертеңгі күнге деген сенім қалыптастырары сөзсіз.
Сондықтан, осы бастаманы қазіргі жастар болып, оның ішінде жастар ұйымдары талқылап, жетілдіріп билікте отырған ел ағаларынан талап ете білсе, онда жастар өз болашақтарын және өзін-өзі басқаруды өз қолдарына алу мүмкіндігіне ие болады деге. Ал атқа мінерлеріміз жастар болашағы ел болашағы екендігін нақты іспен де көрсетіп, білімді жастарды қолдай білсе игі.
Әрі қарай

Ақтау қаласында 2-ші рет Домбыра Party өтті!

Сәлеметсіздерме, ағайын! Ақтау қаласында Мамыр айының 30-шы жұлдызында 14 шағын-аудандағы теңіз жағалауында 2-ші рет Домбыра Party өтті. Ең алдымен Уайс Ерсайынұлы ағамыз жиналған қауымға Домбыра Party жайлы қысқаша мағлұмат берді. Тойдың боларынан, боладысы қызық демекші, Домбыра Party басталмас бұрын бір қызық болды.Ұйымдастырушылар, күйшілер, термешілер әне-міне дегенше, аз уақыт ішінде төрт көзіміз түгел, бір уақытта жинала қалыппыз. Домбыра Party-ды тамашалауға асығып жүріп, бір-бірімізге сеніп, ең маңызды аспапты Домбыраларымызды үйге қалдырып кетіппіз.Содан Домбыра Party-ды бастамақшы болғанда домбырамыздың үйде қалып қойғаны есімізге түсті. Сабақты ине сәтімен, демекші, біздің Домбыра Party-ды естіп Абыл, Нұрым, Ақтан берісі Сәттіғұл, Сүгірлердің жолын жалғастырушы, дәстүрлі жас әнші – Сәттіғали Нұрдаулет келді. Сөйтіп Домбыра Party-дың шымылдығын Сәттіғали Мэлс Қосымбаевтың «Маңғыстау» атты әнімен ашты. Сәттіғалидың термесіне сүйсініп қарап тұрған кезде, уйде қалдырып кеткен домбыраларымызды да әкеліп үлгеріпті.Неде болса қызық жағдай болды. Домбыра Party-ды тамашалауға жиналған жұртшылықтың ішінде еңбектеген жастан бастап, еңкейген кәрі ата-әжелерімізде болды. Домбыра Party –ге Сәттіғали Нұрдаулет,Қыдырбай Қарабаев, Қален Нұрым, Ержан мен Ақерке, Рафхат, Зәмзәм атты апамыз және тағыда басқа Ақтау қаласының жастары, егде жастағы апа-ағаларымыз келіп, өз улестерін қосты. Сөйтіп Ақтау қаласында өткен 2-ші Домбыра Party өз мәресіне жетті. Домбыра Party соңында, Сәттіғали Нұрдаулет өзінің үнтаспасын естелікке сыйға тартты. Жиналған халық риза болып тарасты.

www.youtube.com/watch?v=dcFo5qi_TyE
www.youtube.com/watch?v=6ci0aRdOGag
www.youtube.com/watch?v=huhPY1ID6s8
www.youtube.com/watch?v=xs3MKPY1ZFI
www.youtube.com/watch?v=K9MzRft4Y10
Әрі қарай

Әтөш. Балалар күніңмен!

Биыл біздің Айбек 5-ші класты бітірді. Соңғы бір-екі жылдардың күндері өткен сайын еститіні:
-Сен енді кішкене бала емессің, үлкенсің. Баланың қылығын істеме!
Тағы да сол секілді сөздерді еститін. Бәрінің мағынасы «сен үлкенсің, балалық қылықтан арыл» дегенді түсіндіреді.
Көптен күткен жазғы оқу демалысында ата-аналары уәде еткен жаңа жасөспірімдерге арналған велосипед сатып беруін күтіп жүр. Маусым айының бірінші сенбісі ата-анасының демалыс күндеріне сәйкес келетін болып шықты. Сол күні велосипед сатып алынатын күн болып тағайындалды. Күткен күн де жетті. Ата-аналары Әтөшті ертіп алып, базарда велосипед таңдап жүр. Сатушы сауда «балаларды қорғау күніне» сәйкес келгендіктен:
-Таңдауларыңыз жақсы. «Балалар күніне» орай балаңызға жақсы сыйлық болады, -дегенде, Әтөш ұялғанынан:
-Мен бала емеспін, -депті.
Бірақ Әтөш базардан үйіне қайтқанда қуанып келе жатыр. Жаңа велосипед иесі атану қандай болса да, баланы қуантатыны сөзсіз еді.
Мына жазбаның мән-мағынасы не? -деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Жақсы бір лозунг бар еді: «Баланың балалық шағын сақтаңдар!» деген. Үлкендер, баланың балалық шағын ұрламайық.
Әрі қарай

ОҚО орталық мешітінің ашылу салтанаты

Бүгін, атаулы «31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күнімен бірге оңтүстікте атаулы оқиға орын алды.

2007 жылы құрылысы басталған орталық мешттің ашылу салтанаты болды. Күннің аптап ыстығына қарамастан халық көп жиналды.

Айнала қоршалған темірқораның аузында құқық қорғау қызметкерлері болды. Шақырылмаған қонақтарды ашылу салтанатына арнайы жасалған столға жібермей, сыртта ұстап тұрды.

Ашылу құрметіне орай ОҚО әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов сөз сөйледі. Екінші сөз кезегін БАӘ арнайы келген делегация мүшесінің басшысына берді. Араб тілінде дайындаған баяндамасын зақ оқыды. Арабтар қазақтардан ұзақ сөйлейді екен деп қуанып қалдық. Келесі сөзді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф сөйледі. Келесі, қорытынды сөзді ҚР бас мүфтиі Ержан Малғажарұлы Маямеров сөйледі. Одан кейін қақпаның аузы ашылып, жиналған халық ішке лап қойды. Іші рахат, айналдыра ауабаптағыш орнатқан. Сыйымдылығы 3000 адам деп көрсеткен еді, бірақ еркек-әйелі аралас, 6000 аса адам жиналды «жұма намазға». Жұманың, жалпы мешіттің алғашқы уағызын Серікбай қажы Ораз жүргізіп, құтпаны да өзі оқып, жұма намазын жүргізді.

пысы. мешіттің ішкі көрінісін көрсететін мына роликті көруге ұсынамын!
Әрі қарай

Елім үшін құрбан болған

Ассалаумағалейкүм ағайын!
Еліміз үшін құрбан болған Алаш ардақтыларын еске ала отырайық!

Елім үшін құрбан болған,
Алаштың ардақтылары
Табиғатта гүлдей солған
Елімнің ардақтылары.

Сол арыстың ұрпақтары,
Ұсақталып кетті ғой,
Ерке көлдің құрақтары
Майдаланып кетті ғой…

Қорықпа елім Біз бармыз әлі
Еліміздің жалғасы
Қорықпа елім біз бармыз әлі
Даңқты ата-баба мұрасы!
Әрі қарай

Әлітөлеңгіт Әл-Барселони. Ток-шоу

«Дайындаламыз» деген редактордың даусын ала бере, өшкен шаммен қатар әлдекімнің көлеңкесі қараң етті де, тарс еткен дыбыс естілді.

Қарсы беттегі көрермендер отырған жерден шетіндегі біреу жалп етіп құлады. Шыңғырған әйел дауысы естілді.
Әрі қарай

«Көгілдір ақымақ» және заманауи өнер туралы боқ сасыған пост

Скатол атты органикалық қосынды бар. Аз мөлшерде ол хош иісті гүлдің жұпарына ие. Сол себепті де, оны парфюмерия мен темекі өндірісінде, тіпті, азық-түлік өнеркәсібінде қолданады. Ал, сол қоспа көп болса, боқ иісі шығады. Кәдімгі боқ! Қазіргі, заманауи өнер де сол ма деген ойға келдім, бір апта турасында.
Әрі қарай