Ақтау қаласында 2-ші рет Домбыра Party өтті!
Сәлеметсіздерме, ағайын! Ақтау қаласында Мамыр айының 30-шы жұлдызында 14 шағын-аудандағы теңіз жағалауында 2-ші рет Домбыра Party өтті. Ең алдымен Уайс Ерсайынұлы ағамыз жиналған қауымға Домбыра Party жайлы қысқаша мағлұмат берді. Тойдың боларынан, боладысы қызық демекші, Домбыра Party басталмас бұрын бір қызық болды.Ұйымдастырушылар, күйшілер, термешілер әне-міне дегенше, аз уақыт ішінде төрт көзіміз түгел, бір уақытта жинала қалыппыз. Домбыра Party-ды тамашалауға асығып жүріп, бір-бірімізге сеніп, ең маңызды аспапты Домбыраларымызды үйге қалдырып кетіппіз.Содан Домбыра Party-ды бастамақшы болғанда домбырамыздың үйде қалып қойғаны есімізге түсті. Сабақты ине сәтімен, демекші, біздің Домбыра Party-ды естіп Абыл, Нұрым, Ақтан берісі Сәттіғұл, Сүгірлердің жолын жалғастырушы, дәстүрлі жас әнші – Сәттіғали Нұрдаулет келді. Сөйтіп Домбыра Party-дың шымылдығын Сәттіғали Мэлс Қосымбаевтың «Маңғыстау» атты әнімен ашты. Сәттіғалидың термесіне сүйсініп қарап тұрған кезде, уйде қалдырып кеткен домбыраларымызды да әкеліп үлгеріпті.Неде болса қызық жағдай болды. Домбыра Party-ды тамашалауға жиналған жұртшылықтың ішінде еңбектеген жастан бастап, еңкейген кәрі ата-әжелерімізде болды. Домбыра Party –ге Сәттіғали Нұрдаулет,Қыдырбай Қарабаев, Қален Нұрым, Ержан мен Ақерке, Рафхат, Зәмзәм атты апамыз және тағыда басқа Ақтау қаласының жастары, егде жастағы апа-ағаларымыз келіп, өз улестерін қосты. Сөйтіп Ақтау қаласында өткен 2-ші Домбыра Party өз мәресіне жетті. Домбыра Party соңында, Сәттіғали Нұрдаулет өзінің үнтаспасын естелікке сыйға тартты. Жиналған халық риза болып тарасты.
www.youtube.com/watch?v=dcFo5qi_TyE
www.youtube.com/watch?v=6ci0aRdOGag
www.youtube.com/watch?v=huhPY1ID6s8
www.youtube.com/watch?v=xs3MKPY1ZFI
www.youtube.com/watch?v=K9MzRft4Y10
www.youtube.com/watch?v=dcFo5qi_TyE
www.youtube.com/watch?v=6ci0aRdOGag
www.youtube.com/watch?v=huhPY1ID6s8
www.youtube.com/watch?v=xs3MKPY1ZFI
www.youtube.com/watch?v=K9MzRft4Y10
Каспий жағасындағы домбыра үнін естуге асықпын
cut қойсаңыз.