Жабо жасаудың сыры ашылды

Саламатсыздар ма, құрметті КерекИнфодағы достарым! Осыдан 1-2 ай бұрын «Жабо және оның жасалуы» туралы пост жазамын деп уәде берген болатынмын. Осында пост жазбасам да, Екпіндегі Айнұр деген ЕркеҚызға сұхбат бергенмін. Оқи отырыңыздар. Гауһар Бағдабаевадан Handmade: Жабо жасаудың жолы
Әрі қарай

Бекболат Тілеуханның жеке сайты іске қосылды


Белгілі жырау, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жеке сайты ашылды. Сайтқа www.btleuhan.kz адресі бойынша өтуге болады.
Сайттың мақсаты – Бекболат Тілеуханды жарнамалау емес. Мақсатымыз – Алашқа үлгі болып жүрген Бекболаттай азаматтарды қалқан ете отырып биік мінберге халықтың ойын, мұң-мұқтажын жеткізу. Жеке ел болып, етек-жеңімізді жинадық дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Ол кісінің Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезінде көтерген оқулық сапасы, ұлт намысы, ұлт болашағы, тіл, руханият, ұрпақ мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қала берді қара қазақты қара шаңырағына оралту мәселесі тағы бар. Тоқырап қалған қазақтың көшін жандандыру мәселесі тағысын, тағылар…

Оның үстіне жұрт арасында қайраткеріміз жайында алып-қашпа әңгімелер де көп. Ақиқаты қайсы, жаласы қайсы ешкім бас қатырып жатпайды.Бір жағынан алып-қашпа сыбыстардың рас-өтірігін Қанайұлының өз ауызынан естиік деген мақсат та жоқ емес.

Оқыңыз, зер салыңыз. Ашық сауал қойып, Алаштың азаматымен рухани байланыста болыңыз. Тілектес қана емес, үлестес, болғайсыз, Құрметті оқырман!
Әрі қарай

"KAZsport" - жаңа спорт телеарнасы 1 шілдеден бастап қосылады

"Қазақстан" РТРК" АҚ құрамына енетін «KAZsport» телеарнасы алдағы шілдеден бастап еліміздің барлық аймақтарына жерсерік және кабельдік жүйе арқылы тарайды.


Көрсетілетін жарыстар:
— Велоспорттан Тур де Франс пен Вуэльта көпкүндіктері
— Су спорты түрлері
— Жеңіл атлетика
— Дзюдо
— Көркем гимнастика
— Каратэ шито-рю
— Грек-рим және еркін күрес
— Ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионаты
— Волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындары
— Футболдан неміс бундеслигасы
— Қазан қаласында өтететін жазғы Универсиада ойындары
— Тенистен Wimbledon турнирі
— Волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктері
Әрі қарай

Қара жорға мен Харлем шейктің айтысы

Қара жорға:
Биіңе елітіп жүр бала тоймай,
Ол түгіл алпыстағы ана тоймай
Қазақ елін кім келіп басынбады,
Халқымды момын санап қара қойдай.
Талайға есігімізді ашқан едік,
Пиғылын тексерместен оқ атардай.
Тамағын жеп табағын теуіп тұрсың,
Төрімізді бүлдірдің алатайдай.
Әрі қарай

Гитлер келмеске кеткен...

Гитлерді бәріміз білеміз, әрине. Солай десек те, Гитлердің немістің Шальке командасының жанкүйерң болғанын білетіндер санаулы-ақ.(менде енді білдім) Себеп ретінде Шальке командасының 1933-1945 жылдары Герман чемпионатын 6 рет жеңіп алуын айтуға болатын секілді. Жақында ғаламтордан мына видеоны тапқан едім, барлығы сәйкес келіп тұр, көп сөзді қайтем, өздеріңіз тамашалаңыздар:
Әрі қарай

"Ерекше" видео


Жозе Моуриньоны бәріміз жақсы танимыз ғой. Таяуда ғана «Челсиге» бапкер болып барды. Мен оны 2004 жылдан бері білемін әрі оған деген құрметім де сол кезде басталған. Әрине, «Реалға» бапкер болғаны өкінішті. Дегенмен, онсыз футбол қызық емес. «Ерекше» туралы деректі фильм түсіріпті. Көрейік ендеше

Бірінші бөлім. Порту



Екінші бөлім. Челси



Үшінші бөлім. Интер



Төртінші бөлім. Реал Мадрид

Әрі қарай

Шөл даланың кейбір тіршілік иелері туралы

Обаның табиғи ошақтарын іздеп, шөл даланың сүрлеу-соқпағымен Қызылқұм, Қарақұм, Матайқұм, Үстіртті талай араладым. Жаяу, автокөлікпен, тіпті ұшақпен (Ан-2) мыңдаған шақырымды артқа тастаппын.
Меңіреу шөлдің өз өмірі бар. Әсіресе көктемі ерекше. Бір қарағанда тіршілік нышаны байқалмайтын құм іші әп сәтте жасыл кілем жамылып, ерте көктемнің гүлді өсімдіктерінің хош иісі масайратып тастайды. Алайда аспаннан тамшы түспей күн күрт ысып, көктемнің ең әдемі кезін шорт кеседі.
Әрі қарай