"KAZsport" - жаңа спорт телеарнасы 1 шілдеден бастап қосылады

"Қазақстан" РТРК" АҚ құрамына енетін «KAZsport» телеарнасы алдағы шілдеден бастап еліміздің барлық аймақтарына жерсерік және кабельдік жүйе арқылы тарайды.


Көрсетілетін жарыстар:
— Велоспорттан Тур де Франс пен Вуэльта көпкүндіктері
— Су спорты түрлері
— Жеңіл атлетика
— Дзюдо
— Көркем гимнастика
— Каратэ шито-рю
— Грек-рим және еркін күрес
— Ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионаты
— Волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындары
— Футболдан неміс бундеслигасы
— Қазан қаласында өтететін жазғы Универсиада ойындары
— Тенистен Wimbledon турнирі
— Волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктері

«KAZsport» таратылымын «Отау ТВ», Icon TV, Digital TV және басқа да кабельдік операторлар арқылы іске қосу жоспарланған, сонымен бірге арна Интернет желісінде хабар таратады.

Толық ақпарат мында.
Бөлісу:

21 пікір

neoaskar
Қай тілде таратады екен. 80 пайыз қазақша болса жақсы болар еді, орысшасын басымдау етіп тастамасын…
asaubota
тек қана қазақша ғо "Қазақстанда"
nurjanbay
«каз» деген жаңа ұлт пайда болыпты ғой. солардың тілінде сөйлейтін шығар.
Ereimen
Егер ұлттық арнаның құрамына кіретін болса онда қазақша болу керек ғо.
Ispek92
Испан примерасын берген де ғой деп отырмын
MickThatsMyNick
Қазақстан премьер-лигасы мен хоккей ше, елдегі матчтардың басталу уақыттары әр түрлі болғандықтан, бір-екі -үш матчты бірінен соң бірін тікелей эфирден көрсетсе керемет болар еді, жанкүйерлер де көбейеді, жанкүйерлер көбейгеннен кейін фанаттардың талаптары мен мәдениеттері де өседі, оған сәйкес боламыз деп қазақша футбол да өсіп қалу мүмкін.)
Үлгі ретінде тәртіп пен дәлдікке үйрететін неміс футболын жақсы таңдаған екен!
Соңғы түзету:
Erlan
ID TV ге жок па екен
Aidakonya
жақсы бастама екен
SaZhaM
Айтпақшы, қуантарлық жайт, осы арна арқылы Ақтөбе мен Шахтер командаларының ЕУРОКУБОК жолындағы іріктеу ойындарын тікелей эфирде көре аламыз!!! Ақтөбе — чемпион!!!
Соңғы түзету:
SaZhaM
УЕФА Еуропа лигасы-2013/14. Бірінші іріктеу раунды, алғашқы матч.
4 шілде (бейсенбі)
Гандзасар (Армения) — Ақтөбе
Астана – Ботев (Болгария)
Левски (Болгария) — Ертіс
SaZhaM
УЕФА Еуропа лигасы-2013/14. Бірінші іріктеу раунды, қарымта матч.
11 шілде (бейсенбі)
Ақтөбе — Гандзасар (Армения)
Ботев (Болгария) — Астана
Ертіс — Левски (Болгария)
SaZhaM
УЕФА чемпиондар Лигасы-2013/14. Екінші іріктеу раунды, алғашқы матч.
16-17 шілде (сейсенбі-сәрсенбі)
БАТЭ (Беларусь) — Шахтер

УЕФА Еуропа лигасы-2013/14. Екінші іріктеу раунды, алғашқы матч.
18 шілде (бейсенбі)
Хедд (Норвегия) — Актобе
Санта-Колома (Aндорра)/Зриньски (Босния) – Астана
Ертіс — Широки Бриег (Босния)
SaZhaM
УЕФА чемпиондар Лигасы-2013/14. Екінші іріктеу раунды, қарымта матч.
23-24 шілде (сейсенбі-сәрсенбі)
Шахтер – БАТЭ (Беларусь)

УЕФА Еуропа лигасы-2013/14. Екінші іріктеу раунды, қарымта матч.
25 шілде (бейсенбі)
Ақтөбе — Хедд (Норвегия)
Астана — Санта-Колома (Aндорра)/Зриньски (Босния)
Широки Бриег (Босния) — Ертіс
asaubota
бағдарламасы қай жерде?
SaZhaM
Ненің бағдарламасы, құрдас? Арнаның ба, әлде футбол ойындарының ба?
asaubota
ТВ-дің?
SaZhaM
Оның бағдарламасынан хабарым жоқ. Ал жоғарыдағы ақпарат мына сілтемеде: www.sports.kz/news/kazsport-i-el-arna-pokajut-igryi-kazahstanskih-komand-v-evrokubkah
engineer
Менің ойымша былай болады:
әдеттегідей қазақша-50 пайыз, орысша 50 пайыз қылады (орыс тілінсіз өмір сүре алмайсыңдар, рухани мүгедексіңдер деген жалған идеяны жаппай сіңіру саясаты).
Содан кейін Қазақстан арнасын жәймендеп қайтадан 50%-50% қылады.

Орыс тілін лоббилаушылардың қолында қалған жалғыз көзір — осы БАҚтарды қазақшаландырмай, орыс тілін ағрессивті түрде халық санасына сіңіру болып отыр. Ештеңе етпес, сәлден кейін бәрі өзгереді, өзгертеміз…
nurjanbay
50 де 50 дің түбі сол еліміздегі балабақша/мектеп/ЖОО-дардың (әрі қарай БМЖ) орыс тілді және қазақ тілді болып бөлінуінде жатыр. қашан елімізде барлық орыс тілді БМЖ жабылып тек қазақ тілді БМЖ қалады сол кезде ғана телеарналар 50 де 50, халық қазақша сөйлемейді, интернетте қазақша ресурстар аз деген сияқты мәселелерден құтыламыз. тек қана шенеуніктер ғана қырсығып орысша сөйлеуін қоймайтын шығар. бірақ елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа деген. ол шенеуніктер құдай болмаса бәрі өліп таусылады.
GALEKE
АйДиде бола ма екен?