Чарли Чаплин: «Мен періште болған емеспін, бірақ қашан да адам болып қалуға тырыстым...»

Ата – ананың баласына деген риясыз әрі шүбәсіз махаббатынан артық махаббат жоқ. Чарли Чаплин – 12 баланың әкесі. Ол 1965 жылы 76 жасында Париждегі жиырма бір жасар қызы Джеральдинаға хат жазған. Терең мағынаға толы хатты оқыған әрбір қыз ой түйіп, сабақ алуына болады.

Блог - ademi_alem: Чарли Чаплин: «Мен періште болған емеспін, бірақ қашан да адам болып қалуға тырыстым...»«Қызым менің!
Қазір түн ортасы. Үй ішіндегілердің бәрі қалың ұйқыда. Аға – әпкелерің, тіпті анаң да ұйықтап қалды. Сен менен сондай алыстасың! Бірақ сенің бейнең менің жұмыс үстелім мен жүрегімнің бір түкпірінде сақтаулы. Сенің бейнеңді көз алдыма елестете алмай қалған сәтте соқыр болып қалайын. Қазір сен Парижде, атақты Елисей алқабы театрындағы сахнада билеп жүрсің. Мен ол жерді жақсы білем, сондықтан осындай мүлгіген түнгі тыныштықта сенің әрлі-берлі жүрген аяғыңның дыбысын естіп, аспандағы жарық жұлдыздай жарқыраған көздеріңді көре алам.

Мен сенің мерекелік спектакльде татар ханының тұтқынына түскен парсы сұлуының рөлін сомдап жатқаныңды елестетем. Әдемі бол, билей түс! Жұлдыз болып, жарқыра! Алайда, халықтың қошеметі мен алғысына мастанба! Егер саған сыйланған гүлдердің қош иісіне «басың айналса», менің хатымды оқы. Жүрегіңнің үніне құлақ ас. Мен сенің әкеңмін, Джеральдина! Мен – Чарли Чаплинмін. Кішкентай кезіңде кереует жанында отырып, саған ұйқыдағы ару туралы ертегі айтқанымды білесің бе?

Джеральдина, мен түсімде сенің арманыңды, болашағың мен бүгініңді көретінмін. Сахнада билеп жүрген қызды – аспанда қалықтап тұрған ақ періштені көрем. Құлағыма адамдардың: «Билеп жүрген анау қызды көрдіңдер ме? Ол атақты киноактердің қызы ғой. Естеріңде ме, оны Чарли деп атайтын» деген дауыстары естіледі. Иә, мен – Чарлимін! Мен атақты актермін! Ендігі кезек сенікі. Биле! Мен жыртық шалбармен билегенмін, ал сен жібек көйлекті ханшайым кейпінде билейсің! Би мен көрерменнің қуана қол соғуы сені көкке ұшыруы мүмкін. Ұш! Қалықта! Алайда, жерге түсуді де ұмытпа…
Әрі қарай

Орташа есеппен қазақ спорт комментаторы

Спорт комментаторларын жиі сынаймыз. Тіпті әр ойыннан кейін оларды сынау мәдениеті қалыптасып келе жатқан сияқты. Былай орташа есеппен қарап көрейікші спорт комментаторлары деген кімдер екенін.



Олар:
— журфак бітірген немесе журналистика саласында қызмет етеді;
— қазақша орташа деңгейден жоғары, шамалы әдеби тілде сөйлей алады;
Әрі қарай

Ақмола. Әкем. Құрылыс.

Жылдың басы Жайдарманның маусымашарына деп арнайы Астанаға барған болатынмын. Бардым, көрдім, үйге келген соң бұрын неге Астанаға бармағанымды көп ойландым.

90шы жылдардың аяғында «каскамен астанаға» бағдарламасымен барлық өңірлерден ер-азаматтар Ақмолаға кеткені естеріңізде шығар. Әкем бізді асыраймын деп ұсыныс (ұсыныссыз өзі кеткен де шығар) түскен жұмысқа кетті. Алғаш барып келгенде өмірінде қара жұмыс жасап көрмеген әкем қатты арықтап, түрі бір уыс болып қалған етін. Баламын ғой, қанша жерден жылағым келсе де, әкемнің аман оралғанына қуанып көз жасымды көрсетпегенмін. Айлап жұмыс істеп жүрсе де, еңбек ақысын бермей лақтырғандар көп болды.
Әрі қарай

Түсінік

Бар хаһарын, ашуын ұсынғанда,
Жамандық кеп жақсыны ысырғанда.
Мен түсіндім достық пен сатқындықты.
Қиын-қыстау кезең боп, қысылғанда.

Жылымық жас жанарын шылаған ба?
Тағдырынан тауқымет сұраған ба?
Иен түсіндім ата-ана кім екенін,
Жетім бала күн ұзақ жылағанда.

Баз біреулер өмірден түңілгенде,
Аяқ баспай жатып-ақ сүрінгенде.
Мен түсіндім бақыттың не екенін,
Бақытсыздың көзіне үңілгенде.

Сұм ажал кеп аптыға ақырғанда,
Көк аспанға шыбын жан атылғанда.
Мен түсіндім өмірдің өтпелігін,
Қош айтып қап кей-кейде жақындарға.

Тағдырлар мен тағдырлар түйіскенде,
Пәк сезімге бастарын иіскенде.
Мен түсіндім махаббат тәттілігін,
Қыз бен жігіт тым ұзақ сүйіскенде.

Тағдыр қысып, жас жаның торылғанда,
Боялмасын ей, достым қолың қанға.
Мен түсіндім пәктіктің не екенінғ
Аппақ аққу айдында шомылғанда.

Інілікті немесе ұлылықты,
Өздік сырын өзі боп кім ұғыпты?
Мен түсіндім ақындық формуласын,
Сол себепті жырымның түрі мықты

2008-05-02
Әрі қарай

Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл

Еспейді самал таңменен,
Шалдыққан шартарабымда.
… Жазира Жаңаарқамменен
Қара орман Қарқаралымда.

Мұң емес, —
Мұқалмас қайғы,
Ғасырлардың қауіпті өткелі.
Жусаны жұпар шашпайды,
Ақбөкен ауып кеткелі.

Келгендей Арқаға құрдым,
Тажалға лағнет мейлі —
Жаңаарқа,
Қарқаралының
Базарда малы да өтпейді.

Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай,
ретің сынар:
«– Гептильді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар…

Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.
Ресейдің құламаса екен
Зымыран тасығыштары».

Арқам-ай,
арқаға батты,
Ауыл тұр шайқала…
жүдеп.
Құрдасым тартады арақты:
— Уды у қайтарады, — деп...
Ғалым Жайлыбай
Әрі қарай

Қазақ тойдан қашқан ба?

Жас отбасылар отау құру тойына қанша ақша шашады екен? Осыны білуге қатты құмартқан «Хоум Кредит» тобы(Группа «Хоум Кредит») 7 елде өз зерттеулерін жүргізіпті. 7 ел деп отырғанымыз сол: Ресей, Белоруссия, Чехия, Словакия, Қытай, Вьетнам және өзіміздің ҚАЗАҚ елі. Сонымен, зерттеулер не дейді екен, нені анықтапты, солар жайлы айтайық:
Әрі қарай

керек дерек - Дила


Дила Ханым атты телехикая бүгін, яғни 1-шілдеден эфирге шығады. Кешкі 8.40-та.
Сіздерге бұл ақпарат қызық па, жоқ па ол жағын білмедім. Дегенмен, ғаламтор қауымдастығына ақпарат тарату міндетін атқарып отырғаным ғой.

Кейінгі кездері Кузей-Гюнейден өзге түріктің жақсы сериалдарын көре алмадым. (Сулейманды есепке алмаймыз, олар бәсекелестер)

Бірақ, Диланың сюжеті ерекше екен. Күйеуін өлтірген адамға ғашық болған Дила ханымның оқиғасы.
Банально… деп айтуға асықпаңыз. Өйткені, Дила екі күн ғана жұбайлық өмір сүріп, жесір қалған соң, жарын өлтірген адамнан кек алмақ болады (кешіріп қоя салса болады ғой).

Сөйтіп аттан жығылып, әлгі Рыза атты Эркан Петтекаяның кейіпкерімен танысады (күйеуін өлтірген сол ғой). Оған ғашық болып қалады.
Әрі қарай

Талғампаз

Кәміссия шалым тексерістің үшінші күні салсын ылаңды! Қылық шығарсын кеп! Таңғы үш жарымда! Алдына – қазы-қарта қойып, астына – құс мамық төсеп, жүріс-тұрысына – басекемнің қимай, кейде өзі де мінбей қаңтарып қоятын S-класс көлігін беріп қойған біздер, енді құдай қай тұстан ұрды деп абдырап қалдық. Ендеше сол: шалым қонақ үйде бұрынғы махаббатын кездестіріпті де… он жыл ұсталған «Шардоне» шарабын ұсыныпты!
Әрі қарай

Қазақ-қырғыз бір туған...

Менікі сол баяғы, «айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» дегеніне келетін «айта-айта қырғыз әнін, қазақ ағам соттала жаздады» деген тақырып қой. Бұл жазғаным арқылы қазақ әншілерін жамандағым кеп отырған жоқ, көшіріп алса да, бәріміз болмаса да, көбшілігіміз тыңдап жүрміз. Тура, анық-қанығын білмесекте, яғни кімнің-кімнен көшіргенін айтамын, сол әндерге шамамның жеткенінше шолу жасап көрмекпін.
Әрі қарай