Түсінік

Бар хаһарын, ашуын ұсынғанда,
Жамандық кеп жақсыны ысырғанда.
Мен түсіндім достық пен сатқындықты.
Қиын-қыстау кезең боп, қысылғанда.

Жылымық жас жанарын шылаған ба?
Тағдырынан тауқымет сұраған ба?
Иен түсіндім ата-ана кім екенін,
Жетім бала күн ұзақ жылағанда.

Баз біреулер өмірден түңілгенде,
Аяқ баспай жатып-ақ сүрінгенде.
Мен түсіндім бақыттың не екенін,
Бақытсыздың көзіне үңілгенде.

Сұм ажал кеп аптыға ақырғанда,
Көк аспанға шыбын жан атылғанда.
Мен түсіндім өмірдің өтпелігін,
Қош айтып қап кей-кейде жақындарға.

Тағдырлар мен тағдырлар түйіскенде,
Пәк сезімге бастарын иіскенде.
Мен түсіндім махаббат тәттілігін,
Қыз бен жігіт тым ұзақ сүйіскенде.

Тағдыр қысып, жас жаның торылғанда,
Боялмасын ей, достым қолың қанға.
Мен түсіндім пәктіктің не екенінғ
Аппақ аққу айдында шомылғанда.

Інілікті немесе ұлылықты,
Өздік сырын өзі боп кім ұғыпты?
Мен түсіндім ақындық формуласын,
Сол себепті жырымның түрі мықты

2008-05-02
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше