Баланың бірінші "темір тұлпары"

Сенің бала кезіңде велосипедің болмаса, қазір сен тіпті Бентли мініп жүрсең де, бала кезіңде велосипедің болмаған!

Велосипедті армандамайтын бала жоқ шығар. Ал бала арманын орындау кез келген ата-анаға міндет, тіпті, қазіргі заман талабымен, парыз деуге де болады.

Балаға велосипед әпермеуге себеп те, сылтау да көп.

Ана мен бала: Баланың бірінші темір тұлпары
Әрі қарай

Сары қорап

Павлодар қаласындағы көшелердің бойында көліктердің жылдамдығын өлшеп, артық кеткендерін түсіріп тұратын бақылау камераларының (сырты сары болғандықтан жұрт оны сары қорап дейді)
Әрі қарай

Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ

ЖАЛҒАСЫ
Блог - GALEKE: Уаххабшының бастан кешкендері немесе мен қалай уаххабшы атандым. Парт ІІ
Сонымен төрт «уаххабшы», бір сыбайлас, антитеррорист пен участковой Мақтаарал аудандық ІІБ келдік. Ішке кірсек конференц-залында бірқатар адам жиналып қалыпты. КНБ-шы, криминалист, бізбен келген террормен күресуші. Енді тек прокурор келуі керек екен. Соны күттік. Ол келгенше бізден жан-жақты жауап алып жатыр:
Әрі қарай

Біле жүріңіз, Каспийде...

общым былай, жер лай, аяқта етік, қалтада Каспий ағам берген банкі каптошкасы, осы банктен несие алғанда онша қарай бермейтін, келісім-шартты толық оқымайтын кездеріміз болады, соның біреуіне тоқтала кетейін.
Әрі қарай

Пүздік пүздігін күтіп жүр

satibaldi ағамның модератор мырза екенін жақында білдім, сөйтсем осы уақытқа дейін отпен ойнап келген екем ғой. Тірі жүргеніме Шиваға рахмет айтамын. Кезекті құсығымды жаза салайын деп шештім, ешкім ренжімес деп ойлаймын.

Ау, ағасы,
Қайдасыз?
Бармысыз?
Аман-саумысыз?

Сізді Іздегеніме себепті сұрасаңыз
Оразада өтірік айтпайды деп сыр ашамыз
Уақыт, щіркін, кімге бағыныпты ғаламда
Қайда жүрсеңізде, аман болшы
Жүз жасаңыз!
Әрі қарай

Алматыда кеш ерте түседі, әттең

Кешегі пати патилердің бірегейі болмаса да, жақсы өтті. Арбаттағы жұрттың көзі үйренген бізге, әдейі бұрылып келіп тыңдайды, әдейі іздеп келетіндер де аз емес.

Өнер адамдары да естіп, біліп, қызығушылықтары оянып жатыр. Өткен жолы Асқар Наймантаев ағамыздың сөзіне еріп, Мұқағали ескерткішіне кетіп қалмағанымыз жөн болған екен.
Әрі қарай

Қол сындырудың ең тәуір әдісі

Мадридтің Реалы биылғы маусым алды матчтарының бірін Англияда өткізді. Борнмут — британдықтар үшін сирек, жағажайлы, курортты әсем қала. Нанға уылдырық жағып үйренген Жылы мекенге үйренген галактикос үшін тамаша орын секілді.
Жергілікті қала аттас клубпен ойын барысында Кришитану Роналду айып добын қақпадан қиыс теуіп, 11 жасар баланың қолын доппен сындырып қойды.
«Жауыз, жауыз! Месси болса, жас балаға әлімжеттік жасамас еді, айуан!» десті кей глорлар.
«Не деген шеберлік! Кейбіреулер атпалдай қақпаңа тигізе алмай жаптқанда, бұл қолға дәл тигізді» деп шықты өзгелері.
11 жасар жанкүйер Чарли Сильвервуд ойын соңына дейін шыдап, кейін барып дәрігерге қаралғанда, 2 жерден қолы сынғаны белгілі болды. "Қол кетпегенде, алдыңғы тіс кететін еді" деп шүкірлік қылды балақай. Айыбы үшін мадридтіктер қолтаңбалы жейдені баланың бағына байлап жіберді.
Көше жақта «Балалар, менің қолымды ең қымбат ойыншы сындырды» деп жүр енді бұл балғын.

Әрі қарай

Керек-бәйге!

Бір жарым жыл бұрын Керекте мынадай новеллалар бәйгесін өткізген болатынбыз.

Блог - dark_nazgul: Керек-бәйге!

Енді, сол дәстүрді жаңғыртып, тағы да новеллалар бәйгесін жариялаймын!

Ұйымдастырушы мен болғандықтан, бәйгеге менің сүйікті новелла жанрында жазылған шығармалар қабылданады.

Бәйгенің тақырыбы — "Қызметтестер хикаясы".
Әрі қарай