Қол сындырудың ең тәуір әдісі

Мадридтің Реалы биылғы маусым алды матчтарының бірін Англияда өткізді. Борнмут — британдықтар үшін сирек, жағажайлы, курортты әсем қала. Нанға уылдырық жағып үйренген Жылы мекенге үйренген галактикос үшін тамаша орын секілді.
Жергілікті қала аттас клубпен ойын барысында Кришитану Роналду айып добын қақпадан қиыс теуіп, 11 жасар баланың қолын доппен сындырып қойды.
«Жауыз, жауыз! Месси болса, жас балаға әлімжеттік жасамас еді, айуан!» десті кей глорлар.
«Не деген шеберлік! Кейбіреулер атпалдай қақпаңа тигізе алмай жаптқанда, бұл қолға дәл тигізді» деп шықты өзгелері.
11 жасар жанкүйер Чарли Сильвервуд ойын соңына дейін шыдап, кейін барып дәрігерге қаралғанда, 2 жерден қолы сынғаны белгілі болды. "Қол кетпегенде, алдыңғы тіс кететін еді" деп шүкірлік қылды балақай. Айыбы үшін мадридтіктер қолтаңбалы жейдені баланың бағына байлап жіберді.
Көше жақта «Балалар, менің қолымды ең қымбат ойыншы сындырды» деп жүр енді бұл балғын.

Бөлісу:

4 пікір

satibaldi
Мұныңа енді келіп KILYZAMAN пікір жазып кетсе, «Сананың артқы тесіктен ағып кетуі» атты инсталляция болар еді
MERmukhanov
қожайын, видео мен гифканы салса, неге көрсетпейді?
satibaldi
1. Видеоны html-код түрінде саласың;
2. Гифыңды осы жаққа жүктегенде ол статик сурет ретінде қайта сақталады. Сондықтан, басқа жаққа қойып, осында со жаққа сілтеме түрінде қойғаның жүн;
3. Anar70 , кетнақ
Соңғы түзету:
omarbirat
Мына кодты көшіріп ал да, жазбаңа орналастыр:
<video>http://www.youtube.com/watch?v=9QDv1sqn478</video>


Сонда мынандай болып шығады:


Ас болсын!