Домбыра PARTY Астана - 25.07.2013. "Қонақкәде" фотоесебі.
Кешегі Патиді қонақкәдесі көп патилердің бірі болды десек, қателесе қоймаспыз. Басты қонақ сөз жоқ саңлақ әнші Ақан Әбдуәлі болды.
Алыстан тыңдап, тыпыршып тұрғанын көріп, қасына бардым. Патидің таныстырып, түсіндіріп жатырмын. Лажы болса, ән салуын өтіндім. Ақаң ауызы беріктігін айтып, бас тартты. Тағы да аз-кем әңгімеден соң «жарайды, „Біздің елдің жігіттерін“ айтып берейін» деді.

Ақаңды әрі қарай қинауға қымсындық, ораза тұтып жүргенде артық сөйлеудің өзі күш, ән айту дегенің… Әнші Ақан «бастамаларың тамаша-ақ, Алматыдағы әдірісін айтшы, бару керек екен. Өзім ел ішіндегі қасиетті, әулиелі орындарды аралап келемін, ертең Маңғыстауға Пір БЕКЕТ Атаның басына барамын, ол жақта да бола ма» деді. «Ақ жол» деп біз қалдық.
Ал, мынау Қобылан деген жаңаөзендік азамат екен.

Есағамен суретке түсуге келді де, «домбыра ұстап ән салмайтын Адай болушы ма еді» дегенді естіп, қолына домбыра алды

… Тағы бір түрік жігіт домбыраны алып, шалып отырды да «менің елім, менің елім» деп, баршамызға таныс тамаша әнді бастай жөнелді… Сүйтсек бұ жігіт италдық Сон Паскаль есімді азамат екен.

Түрік емес екен

Суреттерді Абзал Сариев түсірген еді, бойдақ неменің обьективіне ыңғай әдемі қыздар іліне беріпті

Айтпақшы, мынау қос қарлығаш: Айымзада, Дария деген Атырау патиінің басында тұрған кісілер

Нұрғисаның тамағы ауырып қалыпты. Марко екеуімізге тырбаңдауға тура келді

Ал, мынау жиналған жұрттың қарасы

Жалпы, Астана Патилері бірінен-бірі өтіп, жұтынып, әдеміленіп, сұлуланып барады. Көлденең жұрттың көзі тимесе екен

31 пікір