Төрт ұста

ТӨРТ ҰСТА

Айтайын мен бір тымса әңгімені,
Мал табу, жер көру ме, әлде нені?
Ойына алып, ел-жұртын таң қалдырған,
Кезіпті төрт өнерпаз дүниені.

Бірігіп бұл төртеуі келер еді,
Біреуі – ағашқа ұста шебер еді.
Біреуі – киім тіккіш, бірі – зергер,
Қолынан алуан жұмыс келер еді.

Әрі қарай

Сәлем!

Сәлем! Менің атым — Надя, танысайық?
Мен Қостанай қаласында тұрам, студентпін, қазақ тілін үйренемін.
Бұл менің алғашқы постым, және ол ақырғы еместі сенемін. Маған қазақ тілі өте ұнайды, қазақша еркiн сөйлескім келеді! Сіздер маған көмектесесіздер ме?)
Егер қателер болса, түзетiнiздерші өтінем!

Блог - suntea: Сәлем!
Әрі қарай

Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым менӨмір тосын сыйға толы. Күніне қаншама адаммен кездесіп, қаншама адаммен қоштасып жатамыз. Екінші рет көруім мүмкін емес деп ойлаған адаммен екінші, үшінші рет жолығып қалып, уақыт өте келе өмірлік серігіңе айналып кетуі де ғажап емес. Бұрын мен үшін бейтаныс адам бұл күндері мен жақсы көретін, сыйлайтын, құрметтейтін жарыма айналды.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен
Өз басым оны тағдырлы адам деп санаймын.
Әрі қарай

Ақтөбе!

Блог - AKA: Ақтөбе!
Сәлем бердім, керекшілер! Әне-міне дегенше жаздың соңғы айы да аяқталып қалды. Биылғы жаз да әсерлі әрі қызықты өтті, шүкір!
Әрі қарай

Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #2

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #2

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ақыншаның үш ерлігі. #2Әәә, өткен әңгімедегі Ақыншаның даңқы маза бермейді әлі, ә? Ойлайсың, "ішу де өнер боп па! Онда мені де дәріптеңдер!" деп. Асып түскің келеді. Басқа нәрсе қолыңнан келмегесін, мынау қураған қу пәниде ең болмаса осылай із қалдырайын дейсің ғой баяғы. Ендеше сені паласқа отырғызып, хан көтермес бұрын, Ақынша амигоның екінші ерлігін шолып өтсек. Бәлкім, райыңнан қайтарсың.
Әрі қарай

Facebookтің бас кеңсесі

Facebookтің бас кеңсесі 2009 жылдан бері Калифорнияның Пало-Альто қаласына орналасты. Кеңсе дизайнын Studio O+A, Virginie Manichon, KPFF – Consulting Engineers, Air Systems Inc., Elcor Electric и Brightworks секілді дизайн-студиялар жасаған.

Блог - Daniar-Alan: Facebookтің бас кеңсесі

Кеңсенің жалпы аумағы — 13,935 ш.м.-ді құрайды. Кеңседе 700-ден аса адам жұмыс жасайды.
Әрі қарай

Алғашқы айлығыңды не істедің?

Блог - Ispek92: Алғашқы айлығыңды не істедің?
Осы жазбаны неге жазып отырғанымды білмеймін, алайда миым(істеп тұр екен) жазып көрсеңші, бөліс дегендей болып отыр. Сонымен немен бөліседі деп ойлап отырсаңыз, (тұрғын үй құрылыс жинақ банктегідей) ондай маңызды емес. Осыдан тура 27 күн бұрын Қазалысушар өндірістік учаскесіне университетті жап-жаңа көк дипломға бітірген пүздік студент жұмысқа орналасқан еді.
Әрі қарай

Қыз күнін аңсамайтын әйел бар ма?

Адам өзі қызық қой, өскенше асығады, өсіп алған соң бала күнін аңсайды.
Қыздар да дәл солай: күйеуге шыққанша асығады дағы, балалы болған соң қыз күнін айтып, аузынан су ағып отырады  Жігіттер де сөйтеді, «отвечаю»

Блог - aikarakoz: Қыз күнін аңсамайтын әйел бар ма?
Әрі қарай