Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап

«Ешқашан, ешқашан журиктердің айтқанына сенбе!» © satibaldi

Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Журналист ешкімге, ешнәрсеге сенбеуі керек. Ақпаратты ең жақын досың, он жыл бойы бір редакцияда отырған әріптесің, әлдебір департаменттің білікті маманы, әлдебір ғылымдардың докторы, министр айтып тұрса да сенбе! Бұл — жұрттың бәрі өтірік айтады деген сөз емес. Бұл -ақпаратты кімнен алғаныңызға қарамай, тағы бір тексеруге міндетті екеніңіз туралы әңгіме.
Әрі қарай

Сайт жасау туралы кеңес

Сайт жасамас бұрын, олардың түрлерін тізіп шығайық:
1. Сайт-визитка;
4-5 парақтан тұратын қарапайым сайт.
Компания туралы, көрсететін қызметі, өнімдер каталогы, прайс, контакт ақпараты туралы парақтары бар. Тексттік, графикалық, видео мәліметтерден құрылуы мүмкін.
Әдетте, дерек базасымен байланыспайды.
Мысалы, uart.kz полиграфияның визиткалық сайты.
2. Корпоративтік-ақпараттық сайт;
Бұл сайт интранет түрінде кездеседі. Интранет — мекеме ішіндегі желілік байланыс арқылы ғана ашылатын сайт. Мәселен, компания ішінде, оқу орындарында студенттер тапсырма алу үшін, құжат алмасу, есеп, аналитика жүргізу, бағалау, өзара байланысу, тест тапсыру үшін, тапсырмаларын электронды түрде орындау және басқа да операцияларды орындау мақсатында қолданылатын сайт.
Әрі қарай

Сірне

7.09.2013 күн — көптен айтылып жүрген сірнеге де шықтық-ау әйтеуір. Күн райы да жақсы болды, аспан бұлттанып, көлеңке болды. Ақшұқыр ауылына, теңіз жағасына барып (барып-келуіміздің өзі де есте қаларлықтай болды), қазан-ошақтарымызды даярлап, сірне жасап, оны жеп болғаннан кейін, бір жеңілдеп қалдым))) Әйтпесе, сол сірне мойныма бір жүк болып еді, кім барады, не апарамыз, қайда барамыз деген сұрақтармен, уайым болып жүр еді… Ақсындарға көп рахмет, Қызаннан қозының етін алдырып, нағыз сірне болды)) Сол сірнеге келген Аяған, Самат, Нұрхат, Айымгүл, Абылай бәріне рахмет, бір күнде ұйымдасып, бәрін реттеп, жайластырғандарына))) Негізінен сірнеге біраз адамдарды шақырып едік, жұмыс бабымен келе алмады бәрі де… Қаланың адамдары қызылсырап, көптен жас ет жемеген шығар, дәмін алсын деген ниет қой біздікі)) Сірне өте дәмді болды… Нұрхат күйші күй тартып, Аяған өлең оқыды, Абылай фотоға түсірді, Ақсындар екеуі… Мына сурет сол қазаннан жаңа түскен сірне)))
Блог - kydyrbai: Сірне

Қазанға қозының құйрық майы салынады. Оның үстіне сол жас қозының еттері ретпен салынады. Қабыртқа сүйектер сындырса да, сындырмаса да өз еркі,өйткені жас малдың сүйегі өзі жұмсақ.Қазанды қызуы күшті шоққа қоямыз, не болмаса жалыны аз отқа қойсақ та болады. Ал көкөністер тек жай ғана сәндәе үшін, дәмдірек болу үшін ғана. Қосқымыз келді,қостық. Ал сендер қоспай-ақ қойың)))


сірнеге шыққандағы тағы суреттер))
құрт, балқаймақ
Блог - kydyrbai: Сірне
күй де тартылды, ән де айтылды))
Блог - kydyrbai: Сірне

басқа да суреттерді жүктей алмадым))
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Мола артындағы төбелес"

— Телефонда кіммен сөйлестің?
— Есімі «фак ю»
— Шынымен бе?
— Ия, ол қытайлық © satibaldi

_________________________________________________________________________________________________

Менде бір керемет сюжет бар...: Ауылдағы триллер. Мола артындағы төбелес
Ауыл деп отырғаным өзімнің туып өскен қалам, мен ауылым дегенді жақсы көрем. Георафиялық статусына қарайтын болсақ қала болып саналады екен. Шиваға шүкір 10 мыңнан аса тұрғынымыз бар, көбейтсек пе деген ойда бар. Сол ауылымыз негізінен 4 аймаққа бөлінеді, ешқандай әкімшілік тұрғыдан бөліну емес айтып тұрғаным, байырғы халық бұрыннан өздері-ақ әкім-жақыныңды күтпей бөліп тастаған. Әр аймақтың(бұдан әрі край) өз шекарасы, көшесі, ұраны бар. Әскері, қару-жарағы, басшысы бар деуге де болады негізі.
Әрі қарай

TechX.Шымкент

Блог - ibnabbas: TechX.Шымкент
БлогҚұрылтайдың-2013 өткеніне 5 айдай болыпты.Сол Құрылтайдан кейін біршама жұмыстарды атқаруды көздеп едік.Солардың бірі TED форматында конференция өткізу.
Осындай бір керемет конференция осы айдың 20-шы жұлдызында Шымкент қаласында өтпекші.ҚазНеттің бетке ұстар ардагер блогерлері, интернет журналистикасын судай ішетін журналистері, профессионал IT мамандары өз білімдерін ортаға салмақшы.Қалып кетпеңіз! Тіркеліңіз! Келіңіз! Ой бөлісіңіз!
Ақпараттық технологиялардың негізгі салаларын қамтитын конференциянңың берер пайдасы көп.Ресми сайты мүнда
Әрі қарай

Рим папасы твиттер оқырмандарын күнәдән тазартуға уәде берді

Блог - Daniar-Alan: Рим папасы твиттер оқырмандарын күнәдән тазартуға уәде берді

Католик шіркеуі шіркеу жаңалықтарын теледидар, әлеуметтік желілер және БАҚ-тардан тыңдап, бөлісіп отыратындарға осындай мәлімдеме жасаған болатын. 23-шілдеде Рим папасының Рио де Жанейроға сапарында қатысушылардың күнәсі түгелдей кешіріледі, ал қатыса алмағандарға индульгенцияны твиттер арқылы алуға болады деген-тін.

Ватикан өкілі твиттер мен фейсбукқа жәй тіркелу аз, шараға шын жүрегімен тілеулес болуы шарт екендігін айтты.

Дәл қазір Рим папасының твиттерінде 2 945 788 оқушысы бар. Ең соңғы жаңаруы 7-қыркүйек.

Индульгенция 1614 жылы шіркеу реформаларынан кейін тоқтатылған еді. Соған қарағанда жаңа индульгенцияны қайта қараған ғой?!
Әрі қарай

қазіргі ерлердің келбеті жайында

Блог - ErnarSeytahmet: қазіргі ерлердің келбеті жайында
— Ол маған жылап өз өмірінің қаншалықты қиын екенін айтады, кінә өзінде емес, өзгеде. Көптеген жағдайлар бар дейді өмір сүруге бөгет болған…
Біз әрқашанда бір-бірімізбен сабырлы сөйлесеміз, қаншалықты қынжылаған болсақ та.
— Оның сөзінің шыны да бар шығар…
Әрі қарай

Керекинфосыз өткен апта

«Егер жүз адамның аяқ киімі сенікіндей болса, бұл мода емес. Бұл-әскер» © satibaldi

Кәдімгідей үкіметтің сайтан алғыр жұмысына кірісіп кеткеніме айдан асыпты. Есеп-қисап, құжат деп жүріп өтіп жатқан өмір-ай. Осыдан тура 1 апта бұрын жұмыс орным іссапарға, яғни қазақша айтсам командировкаға жіберді. Тапсыраларымды алдым, құжаттарымды дайындадым, баратын жерім хуйяк деген бір жердің бетінде, бетінде болғанда шетінде жатқан ауыл еді.
Әрі қарай

Ақтөбедегі КВН

  • КВН
Ақтөбе Квн яғни Жайдарман болды.Бірақ бұл жолғы Жайдарманның ерекшелігі орыс тілінде болды.

Ақтөбедегі КВН
Квнге 5 команда қатысқан болатын.Әзілдер әрине әр түрлі тақырыптарды қамтыды.Ойын жоғары дәрежеде,өтті.Командалар жақсы дайындықпен келген. Көрермен аздығы болмаса, бәрі керемет өтті.Бірақ, соның өзінде көреремендер жақсы қолдау көрсетті.
Әділ қазылар қатарында Ақтөбе филиалының директоры, «Экспресс» квн командасының капитаны, Жастар ісі жөніндегі комитет басшысы болды.

Жүлделер жөнінде айтсақ, екі мадақтау дипломы және бірінші, екінші,үшінші дәрежедегі кубоктар және үздік ойыншы кубогы болды.
Үздік ойыншы атағын алған көршілес Оралдан келген квн командасының капитаны.
3 орын Қостанай жайдарман тобы
2 орын Ақтөбе құрамасы
1 орын Мәртөк және Хромтау аудандарының құрамасы (3 ақ жігіт болып 1 орынды жеңді)

Әрі қарай