Сірне

7.09.2013 күн — көптен айтылып жүрген сірнеге де шықтық-ау әйтеуір. Күн райы да жақсы болды, аспан бұлттанып, көлеңке болды. Ақшұқыр ауылына, теңіз жағасына барып (барып-келуіміздің өзі де есте қаларлықтай болды), қазан-ошақтарымызды даярлап, сірне жасап, оны жеп болғаннан кейін, бір жеңілдеп қалдым))) Әйтпесе, сол сірне мойныма бір жүк болып еді, кім барады, не апарамыз, қайда барамыз деген сұрақтармен, уайым болып жүр еді… Ақсындарға көп рахмет, Қызаннан қозының етін алдырып, нағыз сірне болды)) Сол сірнеге келген Аяған, Самат, Нұрхат, Айымгүл, Абылай бәріне рахмет, бір күнде ұйымдасып, бәрін реттеп, жайластырғандарына))) Негізінен сірнеге біраз адамдарды шақырып едік, жұмыс бабымен келе алмады бәрі де… Қаланың адамдары қызылсырап, көптен жас ет жемеген шығар, дәмін алсын деген ниет қой біздікі)) Сірне өте дәмді болды… Нұрхат күйші күй тартып, Аяған өлең оқыды, Абылай фотоға түсірді, Ақсындар екеуі… Мына сурет сол қазаннан жаңа түскен сірне)))
Блог - kydyrbai: Сірне

Қазанға қозының құйрық майы салынады. Оның үстіне сол жас қозының еттері ретпен салынады. Қабыртқа сүйектер сындырса да, сындырмаса да өз еркі,өйткені жас малдың сүйегі өзі жұмсақ.Қазанды қызуы күшті шоққа қоямыз, не болмаса жалыны аз отқа қойсақ та болады. Ал көкөністер тек жай ғана сәндәе үшін, дәмдірек болу үшін ғана. Қосқымыз келді,қостық. Ал сендер қоспай-ақ қойың)))


сірнеге шыққандағы тағы суреттер))
құрт, балқаймақ
Блог - kydyrbai: Сірне
күй де тартылды, ән де айтылды))
Блог - kydyrbai: Сірне

басқа да суреттерді жүктей алмадым))
Бөлісу:

57 пікір

Ispek92
Қай жақтансың брат??? Сірне дегенді бірінші рет естуім
kydyrbai
Сірне — жас етті (қозының, лақтың) өз майына жалыны аз отқа, не қызуы қатты шоққа қазанның түбіне құйрық май төсеп, өз майына бұқтырып пісіретін тағам түрі… Өте дәмді, дәмі тіл үйіреді… Дұрыс түсіндіре алған шығармын деп ойлаймын))
Соңғы түзету:
Ispek92
түсіндім рахмет, тағы қай жақтан екеніңді сұрап едім
Adiletshu
Сірне деген жас қозының етінен жасалған қуырдақ. Сүйегін мұжысаң қолың сірне-сірне болып қалады
Daniar-Alan
ФБ-дан көргем суреттерін. Тамаша жиын. Мәдестер
zholantai
бұ кісі фб-да бар ма?
AKA
Бар. Нигін терсеңіз шығуы керек.
satibaldi
Мынау сірне емес. Мынау — түрлі ингредиенттердің үйіндісі ғана. Осыны да сірне деп(((
Adiletshu
Соны айтам. Сірне жеп көрмеген бәлелер ғой
MERmukhanov
Тарт қолыңды Вьетнамнан!
Aya
Үйібәй, пештен түсіріп астауға салғанда араластырып қойған шығар. Сірне ғой.
kydyrbai
сірне… ал түрлі ингреденттер адамның өз қалауы бойынша
satibaldi
Сірне деген аттан садаға кеткірлер! Рагуды — сірне дегендей-ақ, шешесс.
Gulistan
Жеке біреуге есеп бергендей жазыпсыз ғой, соңында ана суретті де лақ еткізіп
Атын айқайлатып жазған соң, ең болмаса дайындалу жолын көрсетпедіңіз бе?
kydyrbai
оның түк қиындығы жоқ… жалпылама айтылды ғо)) ингреденттерін қоспасаңдар да өз еріктерің))
kydyrbai
Қазанға қозының құйрық майы салынады. Оның үстіне сол жас қозының еттері ретпен салынады. Қабыртқа сүйектер сындырса да, сындырмаса да өз еркі,өйткені жас малдың сүйегі өзі жұмсақ.Қазанды қызуы күшті шоққа қоямыз, не болмаса жалыны аз отқа қойсақ та болады. Ал көкөністер тек жай ғана сәндәе үшін, дәмдірек болу үшін ғана. Қосқымыз келді,қостық. Ал сендер қоспай-ақ қойың)))
Albatros
Жейтін екен. Тілінен су ағып тұрған смайл.
satibaldi
Өттерің жарылып, басқа мүшелерің сыр берсе де айтайын — мынаны «Херғанат» жеделтамақ желісінде «жаркое» деп атайды, толық нұсқасына ұялмай 450 теңге сұрайды.
Соңғы түзету:
satibaldi
Методологиялық қателер:
1. Картоп туралған. Ал классикалық сірнеде әдейі уақ картоптар таңдалып, жармастан салынады;
2. Қайнатылған сәбіздің қарын тойдырғаннан бұрын, іш айдайтын қабілетін арақтан уланып көрмеген ұландар қайдан білсін, оны айтпай-ақ қояйық.
3. Қабыртқа сүйектерді солайымен жалмап қоятын жұттар өмірде болғанымен, қатындар қауымына — ауыз қуысына сыятындай етіп сындырылғаны эстетикалық ләззат береді.

Суреттегі әйтеуір сірне емес. Палау басайын деп жатып, күріш жоқ екені белгілі болғасын, жарты жолдан бұрылып кететін тамақтар болатын еді, мыналарың — сол. Бітіватыр очм. Айтпақшы, жазбада сірне туралы бірауыз сөз таба алмадым.
kydyrbai
көзбен көрмегенсін айта бересің ғо… қазанда тұрғанда көруің керек еді. Әркім өзінше дайындайды. Бешбармақ та батыста басұа, оңтүстік, солтүстікте басқаша, сол сияқты әркім өз талғамымен жасайды…
Abylai
Мынау наттури сірне  арасына қызанақ қосып жіберді демесеңдер және капустасы езіліп кеткені болмаса, өте дәмді болды
satibaldi
арасына қызанақ қосып жіберді демесеңдер және капустасы езіліп кеткені болмаса
«Сірне» өзін сарқып біттті.
өте дәмді болды
Айтыс объектісінен бұрып әкету Цицероннан қалған қулық. Дәмсіз деген тұжырым жасаған ешкім жоқ. Кириешкиді қаймаққа жұмсартып жесең де тәтті болады.
Abylai
Картопты турап, қабыртқа сүйектерін сындырмай пісірген үшін ба  Айтпақшы арасына қиярды да қосып жібердік  
Соңғы түзету:
satibaldi
Айтпақшы арасына қиярды да қосып жібердік
Мұны енді стақандастарымның бірі Игорек «балаган» деуші еді.
Соңғы түзету:
Abylai
Рагу болмаса болд та
AKA
Күшті пикник болыпты
satibaldi
Дом-4. «Сірне-патидің» психологиялық келбеті.

Аяған, Самат, Нұрхат, Айымгүл, Абылай жиналмақ болады. Ал қаззақ басқосуларының шарттылығы — міндетті түрде әдеттен тыс, күндегіден оғаш бірдеңе жеу.

Бірі-бірімізді көргеніміздің өзі неге татид деп, нан-пан жей салуға болмайды ғой, болмайды. Не істейміз? Әлбетте, Абылайдың ойына бірден кәуап пісіру келеді, бірақ қалай келді — солай тайып тұрады: кәуап қақтау өнері тумысынан жоқ болатын. Бұл кезде аталмыш бестіктің арасында «сірне» деген тренд біршама белгілі боп қалған еді. Үйіндіні буға ұстай салып, жей салу, тап сол уақытта мадақ пен марапатқа бөлену мүмкіндігі Абылайға маза бермеді.

Нәтижесінде рагу пісіріліп, Айымгүл оны мақтады. Ал қыздар көңіл үшін айтса да, шындай қылып айтатынын бәріміз білеміз.

Келесі серияда өздеріңізге белгілі боп қалған бестік барбекью пісіруге шығады. Осы сайттан тамашалңыздар.
Соңғы түзету:
Abylai
 дәл осылай болды
kydyrbai
жей алмағасын айта береді ғо))) Өзің де пісір, достарыңды жинап))
satibaldi
"… Дермантинді — тері, рагуді — сірне дейтін болад,
Қызың отаспастан тұрмыс құрад" деп Мөңке қалай ғана, қалай ғана дәл айтып кеткен десейш, лібәдтің көріпкелі-ай!(((
Соңғы түзету:
dark_nazgul
Дымляма.
мен танымайтын адамдардың мен білмейтін бір жаққа барып тамақ жегені қызық емес. минустадым.
Ispek92
қызық адам екенсіз тәте, минустауға себебіңізді айтамын да
dark_nazgul
наққа да керек емес инфа қойыма керек? Тым болмаса, нағыз сірненің дайындалу әдісі тұрса екен. Әйтпесе, дымляманы мен де істей алам.
Соңғы түзету:
kydyrbai
дымляма деген не зат?)
Соңғы түзету:
aikarakoz
Мына сюретті инстаграмнан көрдім ғо дим
19852407
Инстада картопты жарып жатыр еді. Жаркое деп кеткем, мындағы капустаны көріп, біздің жұмыстың столовыйында бұндайды «дымляма» деп сататыны еске түсватыр
manshukn
Мен бір сірне көріп едім сүтке приправа қосып етті бұқтырып, сосын сол сүтке пісіреді.