Жаңа бейнебаянның тұсаукесеріне келіңіздер

Блог - berkut: Жаңа бейнебаянның тұсаукесеріне келіңіздер
27 қаңтар күні Түркия Республикасының елшілігінің ғимаратында (Тәшенов көшесі 3) кешкі сағат 17:00- де белгілі дәстүрлі әнші, сазгер Зағипа Иманғазиеваның «Gel gör beni» (Кел көр мені) атты бейнеклипінің тұсаукесер рәсімі өтеді.
Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұлов, Нұртай Сабильянов, Оразкүл Асанғазы, ақындар Серік Тұрғынбекұлы, Дәулеткерей Кәпұлы және басқада қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ бауырлас Түркия елінен де Ескі шеһир қаласының әкімі, Түркі дүниесі одағының президенті Орал Бүйүксары бастаған мәртебелі қонақтар келмек.
Аталмыш шара елордамыз Астанадағы «Түрік мәдени орталығының» қолдауымен өткелі отыр.

Блог - berkut: Жаңа бейнебаянның тұсаукесеріне келіңіздер
Зағипа Иманғазиева ¬– Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінің түлегі. Халық әндері кафедрасының ішіндегі жыраулық дәстүр мамандығын үздік бітірген. Нұртуған ақын мектебінің өкілі, фольклор зерттеушісі, дәріс беруші әрі дәстүрлі әнші-сазгер.
«Елім менің» патриоттық әндер байқауының «Аманат» номинацияның бас жүлдегері, «Дала дауысы» халықаралық радиофестивалінің лауреаты.
Бірнеше халықаралық үлкен байқаулардың лауреаты,
Түркияның мәдениет министрінің арнайы шақыртуымен Анадолы елінің бірнеше қаласында және Ескішеһир қаласында бірнеше мәрте жеке концертін өткізіп Қазақ-түрік мәдени байланысының нығаюына ат салысушы әрі түркі халықтары арасында қазақ өнері мен мәдениетін дәріптеп жүрген өнер иесі.
«Gel gör beni» (Кел көр мені) ¬– термесі атақты түрік шайыры Жүніс Әміренің (Юнус Емре) туындысы. Жүніс Әміре шамамен (1238-1320) жылдары аралығында өмір сүрген түрік ақыны. Қазақ даласында туып, Осман империясының алғашқы астанасы болған Ескішеһир қаласында дүние салған. Анадолыдағы Қожа Ахмет Иасауи жолын қуған сопылық мектептің негізін қалаушы.
Әрі қарай

№ 2 эстафета: өлеңді аудар

Daniar-Alan берген екен кезекті маған. Миларыңызды аздап шынықтыруға қалай қарайсыздар? Мынаны қалай аударуға болар екен ә?

Нам с вами некого винить
Было что было не изменить
Утром в соломе и в пыли
Что же мы с вами наделали
Утром в соломе и в пыли
Что же что же наделали

сілтеме
Әрі қарай

Өткен шақта

Бұрын бастауыш мектеп оқып жүргенімде базарға барып пакет сататын едік. Сонда сол пакетті 50 тиыннан алып, 2 теңге сататынбыз. Сонда ет алушыларға етін салу үшін екі-үш бала таласып, өзінің пакетін өткізу үшін ілінісіп қалатынбыз. Сонда не жоқ дейсің ғой бізге? Қазақты өлтіретін мына сөз ғой: Анау пәленше көршінің баласы анандай жұмыс жасайды, сен неге жасамайсың деген?
Осыны естігенде саған ұсыныс сұрақ емес қой, сұрақ форматындағы бұйрық қой. Үн шығармастан, жұрттың баласынан неміз кем деп, белді бекем буып алып базарға қарай бет аламыз. Сонда таң ертеңнен кешке дейін 40 пакет сатқанымызға мәз болып, кепкамызды аспанға атумен келеміз ғой. Сонда 6 шақырым жолды ерінбей жүріп келеміз. Бәлкім, ол кезде маршрутты таксидің болмауынан шығар. Айтқандай болған, бірақ олар ақшасы жоқ деп мінгізбей кететін. Қайтсін, ол да бала-шаға бағып жатқан бейбақ қой. Сол кезде олай ойламайтынбыз, дөңгелегіңе шеге кіріп кеткір деп қарғайтын едік. Енді осыны есіме түсірсем, шынында бала болған екнебіз ғой. Әйтпесе анау қарғыстар іске асса, нәтиже жаман ғой.

Әрі қарай

Кулейiк !!!

Бурындары керекте анектер коп жазылатын едi гой. Кiм кай мушесiнен кеткенiн жазып маре-саре боп жатушы ед. Сiздерде жана анекдоттарынызды жазыныздар. Мен бiр журналдан урлагандарымды жаздым)).:
~ Мейрамханада екi колымен басын суйеп, кайгыдан кан жуткан бiр еркек отырады. Айналасына карауга шамасы жок, алдында шарап толы рюмка. Онын жанынан отiп бара жаткан бiр арсыздау жiгiт байкатпай алып бокалдагы шарапты iшiп кояды. Сол сатте камыгып отырган еркек басын жаймен котерiп:
-Не деген омiр мынау?..
Патерiмдi тонап кеттi! Айелiм балаларымды алып кетiп калды! Конiлдесiм тастап кеттi! Ал ендi олгiм келiп у iшейiн деп отырсам, оны да бiреу iшiп кеттi! — деп куйiнiптi. =)

~ Ерлi-зайыптылар баска калага туыстарына кетiп бара жатады. Жарты жолга жеткенде:
-Колiктi керi бур, тезiрек уйге кайтайык, мен газды жабуды умытып кетiппiн. Маскара-ай уйiмiз ортенiп кетпесе жарар едi, — деп байек болып жаткан айелiне куйеуi:
— Кам жеме, ортенбейдi. Мен де суды ошiрудi умытып кетiппiн,- деген екен.=)

~ Бip жiгiт дукенге келiп сатушыга:
-Маган бip кило сут берiнiзшi, — дейдi.
Сатушы оган жактырмай карап:
— Бiз суттi килограмдап сатпаймыз,-десе, жiгiт басын касып бiраз ойланып турады да:
— Онда жарты метр сут берiнiзшi,- дейдi.

~ 1-кантар кунi менi айелiм катты куантты. Кешкiciн уйде тв корiп жатканбыз. Келiншегiм жаныма кеп, даусын басендете тiл катты:
-Казiр балалар уйыктаган сон не iстейтiнiмiздi бiлесiнбе?- дедi.
Теледидардан не корiп отканымды умытып кеттiм:
-Жок, нe icтеймiз? — деп едiм, сал енкейдi де кулагыма сыбырлады:
— Балалардын сыйлыгынан шыккан шоколадты жеймiз! =)
Әрі қарай

Қысқаметражды шедеврлерді көргіңіз келсе...

Қысқаметражды фильмдердің көрермені болу сүйкімсіз іс. Олар кинотетарларға шықпайды, 10-20 минуттық сюжеттер аса үлкен эмоциялар сыйлап та үлгермейді. Оны түсіретіндер де көп жағдайда кино әлеміне алғаш қадамдарын басқан атақсыз, абыройсыз жастар. Әрине қысқаметражды фильмдерде революция жасаған Pixar-дың режиссерлерінің анимациялық, ойы терең, суреті көркем, пәк туындыларынан басқа қарайтын ештеңе жоқ сияқты.
Осыған дейін мен де солай ойлап келдім…
Бірақ интернеттің қазыналары кейде аяқ астынан шығып жатады. Сонымен kothvosta.ru сайтымен таныс болыңыздар. Бұл сайт Рунеттегі қысқаметражды фильмдерге арналған жалғыз ғана сайт. Сайтта басыңды ауыртатын мақалалар, қажетті-қажетсіз рецензиялар және т.б. кино туралы сайттарға тән ұсақ-түйектер жоқ. Блог түрінде сайт авторы әртүрлі өзі таңдаған, ұнатқан, таңғалған қысқаметражды фильмдерге бір-екі абзац ойын білдіріп, фильмдерді жүктеген. Фильмдер тақырыптар бойынша бөлінген, бірақ бастысы ол емес. Бастысы, автордың шынымен де, ерінбей ізденіп, интернеттің түкпір-түкпірінде шашылып жатқан, белгілі-белгісіз қысқаметражды фильмдерді бір ортаға жинағандығы. Қарапайым ғана ой осындай керемет сайтты дүниеге әкелген.
қысқаметражды фильм бөлек зерттелетін, керек десеңіз, толық метражды фильмдерден де ауыр, үлкен жұмысты талап ететін сала екенін сайттағы шедеврлерді көре отырып түсінетін боласыздар.
Бюджет лимиті, тіпті кейде бюджетсіз және аз ғана минуттар ішінде басы, ортасы, аяғы бар, ой салар фильм түсіру тек таланттардан басқа, ешкімнің қолынан келмейтін дүние.
Сөз соңында кино деген сөзге қатысты арманы, мақсаты бар керекинфолықтарға қолдарыңызға ұялы телефондарыңыз немесе жай DSLR фотоаппаратттарыңызды алып алғашқы қысқаметражды фильмдеріңізді түсіруді бастаңыздар.
Әрі қарай

Рамон Деккерсті танисың ба?

Блог - Nodar: Рамон Деккерсті танисың ба?
Тай боксының әлемге кең танылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан да болар, осы төбелес түрінің шеберлері туралы да білетініміз шамалы. Әрине Буакавтың жығыстарын көргендер бар, сосын тай боксы туралы Тони Джаа арқылы білгендер бар. Фанаттар болмаса, жалпы көпшіліктің білетіні осымен тәмам.
Тай боксының тарихында «Жылдың ең мықты тай боксшысы» деген атаққа қол жеткізген тек жалғыз ғана шетелдік, яғни тай ұлтынан емес, спортшы бар. Ол муай тайдан сегіз мәрте әлем чемпионы болған, таиландықтар алдарында бас иіп, мойындаған Рамон «Гауһар» Деккерс. Ия, ия ерекше өнері мен мықты күші үшін «Гауһар» /Бриллиант/ аталып кеткен Рамонның алаңда көрсеткен төбелестері кезінде Таиланд спортшыларын талай састыртқан.
2013 жылдың ақпан айында көз жұмған ұлы боксшыны керекинфолықтар біле ме екен?
Оны әлемнің #1 тай боксшысы дегенге келісесіздер ме?

P.S. Тақырыптан тыс мәлімет. Форсаждың алдағы уақытта жарық көретін жетінші бөлімінде Тони Джааның алғашқы голливудтық ролін көре алатын болдық.
Әрі қарай

Шаршадым....

Шаршадым…
Кәдімгідей шаршадым. Адамдардан шынайылық деген кетіп бара жатқан секілді. Өмірі асығып жүріп, негізгі мән беретін жағдайларға мән бермеппін. Өзімнің орнымды таппай дал боп жүргендеймін.
Жалпы не ой жейтіні белгісіз, алайда бір ой бар мені қатты шаршатады. Кейде осы өмірдің есігін өзім жапқым да келеді. Әттең, неге деймінде, тұтқаны жібере саламын. Сондағы шайтан үміт қой, ертең біреудің бір керегіне жарап қалармын деген. Сол сезім келгенде, адамдық статустан, заттық статусқа түсемін. Сонда мен затпын ба, адамдар қолданамыз деген?
Әлде, жас бала екен деп қолдану бәрімізге үйреншікті әдет пе?
Сосын тағдырдың сыйын күтіп жүрмін, мәә, мынау сенікі деп бөліп беретіндей. Енді өзім де аң-таң, ол не сыйлық болуы мүмкін деп ойым онға, санам санға бөлініп жатыр.


Әрі қарай

Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН

«Көрмей, білмей аңсағанмын өзіңді»,
Сәби жүрек не құдірет сезінді?
Паналайтын шаңырағыңа ұялап,
Қарлығаштай сезінемін өзімді.

Ана сүті таңдайымда татыған,
Жырларым бар өзің жайлы тасыған.
Топырағыңа бір табаным тисе егер,
«Арманым жоқ»,- деп өскен ем осыдан.
Әрі қарай

Қай тілде жиі сөйлесесіз?

«Аталмыш қазақтілді сайт қолданушыларына мына сұрақты неге қойды екен?» — деп сұрарсыз. Иә, керекшілердің басым бөлігі (ұлттарына қарамастан) қазақтілділер, бірақ "қазақ тілін білу" мен "қазақ тілін қолдану"-дың арасында үлкен айырмашылық бар. Біз мында барлығымыз қазақ тілінде ой бөлісіп, пікір алмасқанымызбен, шынайы өмірде қазақ тілін уақытша ысыра тұрып, ортамызға байланысты басқа тілде сөйлесуіміз мүмкін. Оған мынадай себептер болуы ықтимал: отбасы, жолдастар, жұмыстағы әріптестер, мансап қуу, жалпы орта, тіл табысу, ойыңды жақсы жеткізу, қарым-қатынас орнату, белгілі бір бір сәттік мақсатқа жету, жеке өмір, бақытты болу, жаңа өмір бастау.) Сонымен, кімге қай тіл жақын немесе кім (қазақ тілін санамағанда) қай тілде еркін сөйлесе алады?
Бір сұрақ: Қай тілде жиі сөйлесесіз?
Әрі қарай

Түсінісу заңы

ТҮСІНІСУ ЗАҢЫ

Елесі сыйлағанда қиялға үміт,
Қайрады батылдығын ұяң жігіт.
Кездесті сәті түсіп ғашығымен,
Алатауда жүргенде мұнар қуып.

— Бойжеткен!
Мен сені сүйетін едім,
Сезбеп пе ең?!
Сенетін едім.
Не айтсаң да көнетін едім,
Тек сенен бақытымды көретін едім!
Әрі қарай