Deprecated: Function get_magic_quotes_gpc() is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/engine/Engine.class.php on line 241
Deprecated: The each() function is deprecated. This message will be suppressed on further calls in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/libs/vendor/DklabCache/Zend/Cache/Backend.php on line 68 Шаршадым.... / Блог - baglankoke / КерекИнфо
Шаршадым....
Шаршадым…
Кәдімгідей шаршадым. Адамдардан шынайылық деген кетіп бара жатқан секілді. Өмірі асығып жүріп, негізгі мән беретін жағдайларға мән бермеппін. Өзімнің орнымды таппай дал боп жүргендеймін.
Жалпы не ой жейтіні белгісіз, алайда бір ой бар мені қатты шаршатады. Кейде осы өмірдің есігін өзім жапқым да келеді. Әттең, неге деймінде, тұтқаны жібере саламын. Сондағы шайтан үміт қой, ертең біреудің бір керегіне жарап қалармын деген. Сол сезім келгенде, адамдық статустан, заттық статусқа түсемін. Сонда мен затпын ба, адамдар қолданамыз деген?
Әлде, жас бала екен деп қолдану бәрімізге үйреншікті әдет пе?
Сосын тағдырдың сыйын күтіп жүрмін, мәә, мынау сенікі деп бөліп беретіндей. Енді өзім де аң-таң, ол не сыйлық болуы мүмкін деп ойым онға, санам санға бөлініп жатыр.
Үмітсіз — шайтан. Адам шаршаған кезде, терең ойға шомылып, жақсылы жаманды ойларға беріледі. Қайсысы басымдау болса, еш ойланбастан сол ойдың жетегінде кетеді. Бұл қалыпты жағдай!!!
3 пікір