Қызылға тоқтағанда...

Келемін жалғыз көшемен тегіс,
Жолға да жеттім, аңғарсам.
Жасылы бітіп, сөнді де еміс
Қызылын жақты бағдаршам.
Бұл ұзын жолдың келесі беті
Сұлулыққа бір тұнып тұр…
Ойласам неге?! Не себепті?!
Алдымда бір қыз күліп тұр…
Тоқтады жүрек, тулады қаным,
Бағдаршам!
Жақпа,қызылды!
Бір кіріп қайта, бір шықты жаным,
Жан-дүнием қирап-бұзылды…
Бір айналған басты шыр айналып та
Әлгі қыз мүмкін мені күтуде.
Жатыр ғой денем дайындалып та
Қарама-қарсы өтуге…
Жасыл жанды!!!
Дүрсілде жүрек!!!
Иісі баурад танауды.
Асықпа уақыт, тоқташы бір рет,
Әр басқан адым санаулы…
Көзі мен көзім кездесті менің,
Мұрны мен мұрным алмасты иіс…
Әйтеуір жаным тапқандай теңін,
Жүрегім мұны сақтауға тиіс!!!
Өтті де кетті...Ұқпай бір сәттен,
Керемет балқып тұрғанбыз.
Артына карап өтпеді,әттең,
Қарама-қарсы тұрған қыз…


Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында шетелдік компаниялардың бірінде қызмет ететін, сәйкесінше ағылшын тілінде жиі сөйлеп үйреніп қалған 30 жастағы бойдақ, ұлты кәріс ресейлік азамат Леонид Вон, түркі халқының жаңа жылы болып саналатын Наурыздың қалай тойланатындығын өз көзімен көру мақсатында жұмысынан демалыс алып, облыс орталығы — Орал қаласына келеді. Ал бұдан бұрынырақ ол Пенза қаласынан көптен бері көрмеген, хабарласпаған бұрынғы махаббаты, өзінен 3 жасқа үлкен Люда есімді кәріс қызын осы жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырып қояды. Ал оның жеке нөмірін ортақ ескі таныстарынан біліп алады. Леонид телефон арқылы сөйлескенде Люданың әлі тұрмысқа шықпағанын біліп, өзінің ұсынысын Наурыз мерекесі кезінде білдіргісі келгендіктен, алдын-ала қымбат сақина сатып алу үшін, Оралдағы сауда орталықтарының біріне барады. Және осы жерде жергілікті қылмыскерлердің нысанасына ілігеді. Оны аңду басталады.



