Apple-ді бұзып кірген жаңа хакер.

Apple компаниясы iOS жүйесін бұзып кірген 17 жасар хакерді жұмысқа алды

Apple компаниясы iOS жүйесін бұзып кірген 17 жасар хакерді жұмысқа алдыАСТАНА. ҚазАқпарат — Әлемде ең берік саналатын iOS пен OS X жүйелерін бұзып кірген Winocm есімді жас хакердің танымалдылығы күн санап артуда. Оның Twitter-дегі сөздеріне қарағанда, Apple компаниясы жас талантты жұмысқа алып жатқан көрінеді.Қазіргі уақытта хакер өзінің аты-жөнін жариялаған жоқ, алайда оның жасы небәрі 17 жаста және ол мектепте оқитындығы белгілі. Компьютерлік бағдарламалармен ол 9 жасында айналыса бастаған және бүгінде үлкен жетістіктерге де жеткен. Әсіресе ол Apple өнімдеріне қатысты барлық қыр-сырларды, соның ішінде оның осал тұстарын мықты меңгерген.Мысалы, Winocm — тек Apple өнімдерінде орнатылған iOS пен OS X жүйелерінің ядролық кодтарын көшіріп алып, өзге өндірушілердің өнімдеріне енгізе алған жалғыз адам. Оның айтуынша, Apple компаниясының жүздеген программистері жасаған жұмысты ол жалғыз өзі атқарып шыққан. Әзірге 17 жастағы хакер аталмыш компанияда қандай қызметке тағайындалатыны белгісіз. Мүмкін ол iOS қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарға тартылуы да ғажап емес.
Бөлісу:

10 пікір

Ispek92
Мықты екен, 17 жасында анандай жерде жұмысқа тұрып жатса…
zholantai
Apple лаып үлгерді, а то Google ап қоятын ба ед, немесе Blackberry
bake
Әрине, бір нарық секторында жүр ғой. Microsoft не ғып байқамай қалды десеңші.
barcaman_1020
OFFTOPIC!!!

Ағайындар, 8 Наурызға қызға не сыйлаған жөн? 8 Наурых мереке, 9 Наурыз туылған күні (кірдім косякқа) Өз ойым гүлдер мен рафаэлло, сонсын, неше ыштук сыйлаған жөн? (Модер мырзалар, мында «новичокпын» осы теманы қозғайтын жер таппадым, кешірім өтінемін)
Dzhonsaken
Екі жұмыртқа бір сосиска сыйласаң қалай болады?
Ispek92
 сататынын ба, табиғи өнімін бе? — деп сұраватр
barcaman_1020
Жаман ойлап қалар құрысын