Шал

Блог - kozildirik: Шал

Тақтайының бір шетін бассаң екінші жағы шиқылдай көтерілетін дәліздің іші алакөлеңке. Қырық жамау мәсісін сүйрете басқан шал шеткі есіктің тұтқа орнына іле салған жібін сенімсіздеу тартты. Өзінің қаншалықты қиналғанын әлемге жар сала бажылдаған есік жартылай ғана ашылды. Бір жөтеліп алған шал сырқатқа көңілді көрінгісі келді ме, еңсесін тіктей кірді. Ескі төсекте ауыр дем алып жатқан адам қаракөлеңке жерде қартамыс көрінгенімен бажайлай қарасаң жас екенін білуге болар еді. Бірақ сырқат самайына ақ кіргізіп, маңдайында жазылмас екі сызық әжім пайда болған.
— Қалайсың балам?
— Шүкір…
Булыға ұзақ жөтелген жігіттің беті алаулап тұр.
— Қызуың көтеріліп тұр ма?
Шал кәртамыс алақанын екі сызықтың үстіне басты.
— Соңғы апта 182 ге дейін барды…
— Доғдырлар не дейді?
— Тұрақталады дейді. Сенімсіздеумін. Бір ай бұрын да солай айтып еді…
Көңіл сұрай келген адамның жазылмаған миссиясы сырқаттың көңілін аулау керек екенін білсе де шал жұбатар ештеңе айтпады. Үнсіздік созыла түсті. Шалдың күрсінді. Әкелген хабарын қалай жеткізерін білмей қипақтап отыр. Оны өзінше түсінген жігіт тістене сөйледі.
— Менің өмір сүргім келеді. Жиырмадан енді астым ғой. Даналардың өсиетін жеткізетін бейнемнен айырды. Алақан жайып қалдым. Қызуым да үнемі көтеріліп, түсіп мазам қашып кетті. Бірақ әлі тірімін ғой?! Уайымдамаңыз, мен әлі-ақ жазылып шығамын…
Көп сөйлеп қойып алқынған жігіт демігіп тоқтады. Шал тіктеле тыңдап отыр екен. Жүзінде "Қарағым, сені менен басқа кім түсінсін" деген аяныш сезімі жазылып тұр. Бірдеңе демекке аузын аша бергенде бажылдақ есік топсасынан жұлынып кетердей оқыс ашылды. Көзілдірік киген қасқабас дәрігер екен. Сөйлей кірді.
— Сіз, аташка ренжімеңіз! Сырқаттың қызуы көтерілгенін өзім таңертең білдім. Ұйықтап жатқанмын. Екі жүзден асып кеткен екен, қазір дұрысталды!
«Мына екеуі мені тыңдап отыр ма?» дегендей көзілдірігін түсіре қараған қасқабас монологын ары жалғап кетті.
— Ақсақал, Сіз уайымдамаңыз! Жаңа ғана узидан келемін. Жақында қызды боласыз! Өкіл әкесі есімін Алтын деп қойыңдар дейді. Теңгеңіз, енді аман болсақ емдеп шығарамыз әлі!
Талай жылдар аңсаған қызы, алтын қызы дүниеге келер уақыт жақын екенін естіген шалдың күңгірт көзі жарқ ете қалды. Бір сөзден палата ішіндегі ауа райы өзгеріп сала бергенін сезген Теңге күбірлеп, тілін кәлимаға келтіріп жатқан еді…
Әрі қарай

Жарболдың махаббаты

Менде бір керемет сюжет бар...: Жарболдың махаббаты

-Ей, кеттік! Зарпылат алдым, саунаға барамыз!

Әншейінде бір саптыаяқ сыра алып беруге жарамайтын жарымес Жарбол досымның бұл сөзі мені селк еткізді. Кешегі түрі жаман ішістен кейін миым майонез болып, басым сынып, тасымды көтере алмай жатқан мен атып тұрдым. Енді ше, бар болғыр Жарбол жарытамын деп тұрса… Менің жуан саныма қажалып-қажалып, бұты жыртылуға аз қалған көк джинсиімді кие сала Жакеңнің соңына ере бердім. Көше жақ бетке шыға бере қол көтеріп едік, бампері түсіп, капотының сыры ұшқан бір көк «Опел» бырқ етіп тоқтай қалды. Жарбол екеуміз артқы орындыққа жалп етіп отырдық та, «Быратан, тарт, «Амтареске!» деп, күж ете қалдық. Анау да саунаға сан барып жүрген зәлім болса керек, газды басып-басып қалды. Саунаға келіп, әкімшісін шақырып алдық.
-Оу, қарындас апай, бізге екі орыс қыз!-деді, Жарбол күжірейіп. Бір-екі минуттан соң алдымызға неше түрлі торсиғандары мен қызыл-ала дамбалдарын көрсетіп он шақты сайтан шыға келді. Ал, таңда! Мен «төсі тостағандай, аяғын сиыр басқандарын жиі көріп жүрмін ғо, анасс, лөтще қаланың сары бетпағын алайын» дедім де, емшегі иттің басындай бір орыс қызды нұсқадым. Не істеді екен деп Жарболға қарасам, ол «Прекрасный выбор!» деп, маған бас бармағын көрсетіп мәз болып тұр, енеңді… Өзі сырықтай бір өзбек қызды қолтықтап алыпты. Сонымен не керек, арғы жуынатын, секс сырын ұғынатын бөлмеге өттік. Шешіндік. Шайынып алдық. Бір-екі «контактіден» соң, ортаға бір жартыны закөскісімен алып, «тыға» бастадық. Қыздар да ішті. Бір қарасам, секс жайына қалып, Жарбекем өзбек қыздың ерніне жабысып, жылап отыр. Қорқып кеттім. Сонда да «Ей, не болдеее?»-дедім, міз бақпай. Ана есерсоқ маған қарап мұрнын бір тартты да: «Досым, мен ғашық болып қалған сияқтымын! Бүгін Зуһраға үйленемін!» -деп, еңіреді дейсің… Қызға қарасам, ол да пейіштен енді шыққан періште кейпіне ене қалыпты, жәлеп!..Өзі ақжаймаға оранып алған. Досыма күліп қарап, қылымсып қояды. Демек, ол да Жарболға қатын бола салуға дап-дайын. Жыным қозып кетті. «Ей, миғұла, намыссыз! Жезөкшені қалай қатын қылмақсын, найсап!»-деп, бар білген боқтығымды төктім-ай келіп. Жакең «қыңқ» демеді. Менің үнім өшкен сәтте ғана:
-Все, айттым, бітті, үйленем! Өлтірсең де, үйленем! Зуһрам бұл жерге жақында ғана келген.Бәрін ұмытамыз!-деді де, алмаған қатынын аймалай бастады. Содан не керек, Наташа екеуміз жас жұбайларға тост айттық. Саунаның уақытын созып алғанбыз. Тағы екі жарты іштік.… Бір есімді жисам, саунаның кіреберісінде жаланбұт тұр екем. Кезек күтіп тұрған бес-алты жігіт кеңк-кеңк күледі, әнасс. Желкемнен саунаның әкімші қатыны нұқып айқайға басып тұр. Қос қолыммен қос тасымды жауып, ішке зып бердім. Қарасам, Жарбол Наташаны құшақтап алған… Тағы жылап отыр, енеңді… «Наташаға үйленетін болдым, шешессс..» деп, еңкілдейді, пәтшағар. Сол кезде екі еркектің ортасында көтені жалтырап келесі бөлмеге кіріп бара жатқан Зуһраны көріп, біртүрліііі, аяп кеттім…

… Ертеңіне, көрші Владиктің чекушкасымен бас жазып болып, Жарболға ызбандадым:
— Ей, дамбал бажа, қалайсың? Не хауар?
-Ей,қыртпыш, тойға дайындал, дружок боласың. Әкем ауылдағы Боранбайдың жақында диплом алған қара қызын аласың деп жатыр. Мен оны бұрыннан сүйем ғой, нақой!-деп, Жарболып тұтқаны қоя салды. Әй, қызталақ неме…
Әрі қарай

Өмір деген тамаша!

«Жизнь прекрасна» (1997 г.) фильмінің сюжеті ешкімді бейжай қалдырмас. Бұл фильмді алғаш мектепте оқығанымда көрген болатынмын. Кішкентай шағымда бүкіл киноны тек суреті мен басты оқиғасына ғана мән беріп қарағандықтан, қайталап қарап шығу — бір ғанибет.
Фильмнің басты кейіпкері Гуидодан барлығымыз үлгі алсақ деген ойдамын. Әкесі баласын психологиялық стресстан сақтап, аман алып қалу үшін, өмірдің қатаң тауқыметін көрсетпей, концлагерьде қара жұмыстан шаршап, сүрлігіп келсе де, айналаны ойынға айналдырады. Ұлын сұм соғыста көтеріңкі көңілмен жүргізіп, жарқын болашаққа сендіреді. Гуидо — талантты, мейірімді, қолайсыз жағдайларда ақылымен шыға алатын, пысық адам.
Кедей, бірақ өте тапқыр еврей жігіт пен италяндық әулетті отбасынан шыққан қыздың бүлдіршінді болып, бақытты жанұя құрғаны, фашистік Италияның қысылтаяң шағы жайында түсірілген — өте әсерлі фильм. Мың мәрте жалықпай қайталап көруге дайынмын.
Шынымен де, өмір деген тамаша! Қолда барға қанағат етіп, баларымызды күнде құшақтап, сүйейік.
Киностан: Өмір деген тамаша!
Әрі қарай

Алқаштар аламаны. Тайм аут

Менде бір керемет сюжет бар...: Алқаштар аламаны. Тайм аут

Бақтыбай байғұс жұмысына бүгін тағы кешігіпті. «Кеше енесі тіріліп келгендей өкірте ішіп еді, обалы жоқ» деп отырмын. Дегенмен, менің де онып отырғаным шамалы. Алапат ішістен соң 3 сағат қана ұйықтап келген адамның жағдайын түсінесіз бе? Түсінсеңіз, сол. Бүгін тағы ішу қажеттігін ойлағанда, тіпті өмір сүруге желаниям қашып кетті. Не үшін ішу дейсіз бе? Тыңдаңыз. Кеше жұмыстан кейін Бақтыбай екеуміз Теміртайға соққанбыз. Қатыны төркініне кетіп қалған, сол қуанышын бөліспек болдық. Үйіне кірген соң, Такең бізді түсіне қойды да, тоңазытқыштан бір қылмойынды алып шықты. — Қатын кеткелі ішу, шаршап кеттім – деп қояды, біреу зорлап ішкізіп жүргендей. Төрт-бес стақаннан кейін ол көңіл айта бастады. Тіпті, бір-екі рет көзінің жасын сығып-сығып алды. Біз де көңілшек қатындарша даусымыз дірілдеп жұбатқан боламыз. Сол көңіл айтумен тағы екі жартыны төнкердік. Бақтыбай ұйықтап қалды. Теміртай екеуміз көөөп әңгіме айттық. Бұл әңгімелер кейбір ақкөңіл алқаштардың жай көңіл айтуы емес, елдің болашағы, жастардың тағдыры, ұлттық мүдде – бәрі қамтылды. Мұндайда мінбелерден міңгірлейтін кейбір месқарын бастықсымақтардан гөрі пяншіктердің пікірі өтімді көрінеді екен, әнасс. Бірақ біздің әсерлі әңгімемізді Бақтыбай пақыр бұзды. «Тарс» еткізіп жел шығарды да, өз осырығынан өзі шошып, атып тұрмасы бар ма!.. Біз де ыршып-ыршып кеттік. — Соңғы кезде біртүрлі болып жүрмін, кеше түнде түсімде біреулермен төбелесіп жатыр едім, қатыным шапалақпен ұрып оятты. Атып тұрып: «Ей, хотын, не болды?» десем, түсімде сілтеген жұдырығым оның дәл құлақ шекесінен тиіпті ғой, нақой! Ол да төркініне кетіп қала жаздады.-дейді, Бәкем. Оған енді Теміртай екеуміз тиісе бастадық: — Сен бізге еріп ішпей қалдың, осалсың ғой. – Ей, ептімаймайттар, ішем! Ішкенде мен ішейін! Дауай, ертең питница, жұмыстан кейін кездесіп, кімнің көп ішетінін көрейік. Аноу «Әгәнок» деген кафеге барамыз. Әписанты менің балдызым, сенімді қыз. Сол кафеде сыралатамыз, кім аз ішіп, аузы былшырап қалса, ертеңіне ішкен-жегеніміздің ақысын сол қыртпан төлейді!-деп, төрелік те айтты Бәкем. Емшекке емешегі үзілген сәбилерше біз де келісе қойдық. Сөйтіп үйге қайтып кеттік қой. Енді бүгін тағы ішу қажеттігін ойлап, оранжевый уайымдамын. Негізі бұған дейін Теміртай екеуміздің 16-17 саптыаяқтан қотарған кезіміз болған.Бір жағынан сол тәжірибеме сеніп отырмын. Бірақ өмір деген осы ғой, адамның ғана емес, кейде алқаштың да арманы орындалмай қалады. Өкініштісі алқаштар аламаны болмай қалды. Жұмыс уақыты аяқталуға бір сағат қалғанда Теміртай ызбандады: — Ей, қазанбас, ана ептімаймайт Бақтыбайдың не істегенін естідің бе, нақой? -Е, не істепті? — Өй, тырқ неме, түнде мас болып үйіне барып, картопты жарыпты, шешесс! Ол кеше ауылдан қайын енесінің келгенін білмеген. Бізден кейін мас болып кіріп барыпты да, әдеттегідей пәтерде тек қатыным ғана шығар деп, азынаған айғырша ауызғы бөлмеде тыр жалаңаш шешінген. Сосын қаранғы залда диванда жатқан енесінің үстіне секірген ғой, қыртпан. – Уа-ха-ха-аха! -Ей, күлме, әнәсс! Бишара, қазір қатыны мен қайын атасынан таяқ жеп, балконында жатыр екен. Пошему то, енесі ұрмапты-деп, Бақтыбай ентігін басты. -Уфф!-дедім мен. «Бақтыбай тайм аут алды. Знәшит, бүгін ішу жоқ, кешке қатыныма арқамды тыр-тыр қасытып, үйде жататын болдым.»
Әрі қарай

"Түнгі студияны" дайындайтындар кімдер?

Блог - kaztube: Түнгі студияны дайындайтындар кімдер?

Нұрлан Қоянбаев үнемі сапалы дүниелерді ұсынады халыққа. Бағдарламалардың өте көңілді шығатыны өз алдына.
«Түнгі студия» бағдарламасына еліміздің ғана емес, шетелдік танымал жұлдыздардың бірнешеуң келді. Тіпті, қол жетпес арман болған жандар да осы бағдарламаның диванында сұхбат берді. Бұл — көрермендер үшін өте керемет сый.
Бала күнімізден әнін тыңдап өскен, ойнаған киноларын қарап өскен өзбек әртісі Шахзода келген күні Түнгі студияның сахна сыртына барған едік. Шахзоданың өзінен сұхбат алудың сәті түспеді. Бірақ, бұл бағдарламаны қандай адамдар дайындайтынын, бір ғана түсірілімнің қалай қызықты өтетінін көріп қайтқан едік. Түнгі студияны дайындайтын жандардың кім екенін білесіздер ме? Мына видеоны қарап шығуды ұсынамыз. Керемет дүниелерді жасайтын жандарды біз де бағалап жүргеніміз дұрыс.
Түнгі студия бағдарламасының түсірілімінде
Әрі қарай

Осторожно, корова!

Блог - kaztube: Осторожно, корова!

Баян Есентаеваның еңбегі жыл өткен сайын еселеп артып, ол еңбектің жемісі де молайып келеді. Сонау Махаббат бекетінен бастау алған актерлік шеберлігі әлі күнге көрермендерін тәнті етуде.
Баян қандай киноны түсірсе де, қай кинода басты рөлді ойнаса да, қарапайым халықтың көңілінен шығады және әркім кинодан өзін көріп жатады.
Биыл түсірген «Осторожно, корова» атты көркемфильмді көргендер күлкіге қарық болып қалдық деген-ді. Ал, ол фильмді кинотеатрдан көруге мүмкіндігі болмағандар телеарнадан не интернеттен көруді күтіп жүр.
Бұл фильмді көре алмай қалғандар үшін арнайы «Осторожно, корова» фильмі біздің сайттан табылды.
Көріңіздер, күліңіздер, сынаңыздар, мақтаңыздар

Фильмнің сілтемесі
Әрі қарай

Блогиада #2: Өз денсаулығың - өзгенің амандығы үшін!

Блог - patick: Блогиада #2: Өз денсаулығың - өзгенің амандығы үшін!
Ал, сіз өз денсаулығыңа көңіл бөлу арқылы өзге адамның өмірін сақтап қалуға болатынын білесіз бе? Жо-жоқ, біреуге донор болу екен деп ойлап қалмаңыз. Айтқым келгені мүлдем басқа жағдай. Түсінікті болу үшін толық тоқталайын.

Алматы осымен екі рет (2012, 2013 жылдары) халықаралық деңгейдегі марафон өткізді. Кәдімгі өзіміз теледидардан көріп жүрген, улап-шулап тайлы-тұяғы қалмай топырлап жарысатын — Бостон, Амстердам, Нью-Йорк қалаларындағы секілді жалпыхалықтық марафон!
Әрі қарай

Қызықты деректер

Сәлем! Ғаламтордан орыс тілінде алып, қазақшаға аударған мәліметтерім))) керек болып қалар  Блог - salta: Қызықты деректер

Мысықтарға тесіктерден еш кедергісіз өту өтпеуін анықтауға мұрттары көмектеседі.

Атақты Бред Питтің ең алғашқы жұмысы тауық костюмін киіп билеу болды. Ол Эль Полло Локо мейрамханасына келуішілердің санын көбейту үшін көшеде биледі.

Антон Чехов өлер алдында Шие бақшасы шығармасын өзі жазбағанын, ол досы Василий Дряновтың шығармасы екенін мойындады. Өйткені, кітапты танымал адамның атымен шығару пайдалырақ болды.

Акулада торсылдақ жоқ, сондықтан олар суға батып кетпеуі үшін үнемі қозғалыста болады.

Антарктика ресми түрде мемлекет емес, ол тек ғылыми қорық.
Әрі қарай

Гайкалық кілт түрлері

«Гайка –болт» бұрандалы бекінісінің беріктілігін қамтамасыздандыратын құрал. Гайка ішінде спираль тәріздес бірнеше бұрандалы жолдар салынады. Бұрандалы жолдарының саны әрқалай. ГОСТ 5915-70 (алты қырлы гайкалар) сәйкес жасалынған М12 гайкасының ішінде бес бұрандалы жолы бар (гайканың ені бүйірінен қарағанда 10 мм). Гайка атауында «М» белгісі -метрикалық, диаметрі миллиметрмен өлшенетін бұранданы білдіреді, 12-ші гайка бұрамдарының ішкі диаметрі. Қарастырып отырған М12 гайкасын үстінен қарасақ, бір-біріне қарсы жатқан қырлары ара қашықтығы 19 милиметрге тең екенін аңғарамыз.
Гайкамен жұмыс істегенде туындаған сұраққа көңіл аударайық:
-М12 гайканы бұрау үшін қандай кілт керек?
-19-шы кілт қажет.
-Екі басты гайкалы кілттің бірінің басында 19-шы кілтбасы болса, кілттің екінші басында қандай өлшемді кілтбасы болуы мүмкін?
-17-ші не 22-ші. Немесе төменгі суреттегідей 18-ші де болуы мүмкін. Кілт басының өлшемін көрсеткен сандар миллимметр бірліктерін білдіреді.

Гайкалық кілттің де түр-түрі бар. Кең таралған гайкалық кілттер түріне шолу жасайық.

Блог - bake: Гайкалық кілт түрлері
Кәдімгі екі басты кілт
Блог - bake: Гайкалық кілт түрлері
Ілме кілт
Блог - bake: Гайкалық кілт түрлері
Өлшемі өзгертілетін кілт, кәсіпқой қолданыста ыңғайсыз.
Блог - bake: Гайкалық кілт түрлері
Бүйір кілт

Блог - bake: Гайкалық кілт түрлері
Велосипед кілті

Гайкалы кілт туралы түйгенім

«Кілт өлшемі» ,-деп ашасының жақтарының арасын айтады. Қабылдап, есте қалу үшін «жақтар» сөзіне қатысты мынандай сөйлемді қосамын: «Кілт жақтары пайдаланудан тозады». Нені «аша», нені «жақтар» деп отырғанымды түсінген шығарсыз.
Әрі қарай ойымды қорыта берейін.
Өлшемі өзгертілетін кілтті «ажырамалы» десе де болады. Бірақ, кейін қолданыста «ажырамалы кілт» деу ыңғайсыз болады-ау. Келесі кілттің атауына тоқталайын. Бүйір кілт. Жансыз дүниеге «бүйір» деген сөзді қолдану орынсыздау көрінгенмен, өзгеше атағанды жөн көрмедім. Комбинатталған кілт –«велосипед кілті», ілме және ашабасты кілт үлгілерін біріктіреді.

P.S.: Сөз соңы ретінде ойымның жалғасын жазып отырмын. Өкінгендіктен болар. Екі басты кілтті – «Екі жақты гайкалық кілт» деп те жазып жіберіпті. Сондай –ақ «бетон ерітіндісі» -бетонның суда ерігенін көрген жоқпын. Цемент, құм, қиыршық тастардың құрғақ қоспасын сумен араластырып «бетон қоспасының езіндісін» алғанын көргенмін.
Әрі қарай