Алқаштар аламаны. Тайм аут

Менде бір керемет сюжет бар...: Алқаштар аламаны. Тайм аут

Бақтыбай байғұс жұмысына бүгін тағы кешігіпті. «Кеше енесі тіріліп келгендей өкірте ішіп еді, обалы жоқ» деп отырмын. Дегенмен, менің де онып отырғаным шамалы. Алапат ішістен соң 3 сағат қана ұйықтап келген адамның жағдайын түсінесіз бе? Түсінсеңіз, сол. Бүгін тағы ішу қажеттігін ойлағанда, тіпті өмір сүруге желаниям қашып кетті. Не үшін ішу дейсіз бе? Тыңдаңыз. Кеше жұмыстан кейін Бақтыбай екеуміз Теміртайға соққанбыз. Қатыны төркініне кетіп қалған, сол қуанышын бөліспек болдық. Үйіне кірген соң, Такең бізді түсіне қойды да, тоңазытқыштан бір қылмойынды алып шықты. — Қатын кеткелі ішу, шаршап кеттім – деп қояды, біреу зорлап ішкізіп жүргендей. Төрт-бес стақаннан кейін ол көңіл айта бастады. Тіпті, бір-екі рет көзінің жасын сығып-сығып алды. Біз де көңілшек қатындарша даусымыз дірілдеп жұбатқан боламыз. Сол көңіл айтумен тағы екі жартыны төнкердік. Бақтыбай ұйықтап қалды. Теміртай екеуміз көөөп әңгіме айттық. Бұл әңгімелер кейбір ақкөңіл алқаштардың жай көңіл айтуы емес, елдің болашағы, жастардың тағдыры, ұлттық мүдде – бәрі қамтылды. Мұндайда мінбелерден міңгірлейтін кейбір месқарын бастықсымақтардан гөрі пяншіктердің пікірі өтімді көрінеді екен, әнасс. Бірақ біздің әсерлі әңгімемізді Бақтыбай пақыр бұзды. «Тарс» еткізіп жел шығарды да, өз осырығынан өзі шошып, атып тұрмасы бар ма!.. Біз де ыршып-ыршып кеттік. — Соңғы кезде біртүрлі болып жүрмін, кеше түнде түсімде біреулермен төбелесіп жатыр едім, қатыным шапалақпен ұрып оятты. Атып тұрып: «Ей, хотын, не болды?» десем, түсімде сілтеген жұдырығым оның дәл құлақ шекесінен тиіпті ғой, нақой! Ол да төркініне кетіп қала жаздады.-дейді, Бәкем. Оған енді Теміртай екеуміз тиісе бастадық: — Сен бізге еріп ішпей қалдың, осалсың ғой. – Ей, ептімаймайттар, ішем! Ішкенде мен ішейін! Дауай, ертең питница, жұмыстан кейін кездесіп, кімнің көп ішетінін көрейік. Аноу «Әгәнок» деген кафеге барамыз. Әписанты менің балдызым, сенімді қыз. Сол кафеде сыралатамыз, кім аз ішіп, аузы былшырап қалса, ертеңіне ішкен-жегеніміздің ақысын сол қыртпан төлейді!-деп, төрелік те айтты Бәкем. Емшекке емешегі үзілген сәбилерше біз де келісе қойдық. Сөйтіп үйге қайтып кеттік қой. Енді бүгін тағы ішу қажеттігін ойлап, оранжевый уайымдамын. Негізі бұған дейін Теміртай екеуміздің 16-17 саптыаяқтан қотарған кезіміз болған.Бір жағынан сол тәжірибеме сеніп отырмын. Бірақ өмір деген осы ғой, адамның ғана емес, кейде алқаштың да арманы орындалмай қалады. Өкініштісі алқаштар аламаны болмай қалды. Жұмыс уақыты аяқталуға бір сағат қалғанда Теміртай ызбандады: — Ей, қазанбас, ана ептімаймайт Бақтыбайдың не істегенін естідің бе, нақой? -Е, не істепті? — Өй, тырқ неме, түнде мас болып үйіне барып, картопты жарыпты, шешесс! Ол кеше ауылдан қайын енесінің келгенін білмеген. Бізден кейін мас болып кіріп барыпты да, әдеттегідей пәтерде тек қатыным ғана шығар деп, азынаған айғырша ауызғы бөлмеде тыр жалаңаш шешінген. Сосын қаранғы залда диванда жатқан енесінің үстіне секірген ғой, қыртпан. – Уа-ха-ха-аха! -Ей, күлме, әнәсс! Бишара, қазір қатыны мен қайын атасынан таяқ жеп, балконында жатыр екен. Пошему то, енесі ұрмапты-деп, Бақтыбай ентігін басты. -Уфф!-дедім мен. «Бақтыбай тайм аут алды. Знәшит, бүгін ішу жоқ, кешке қатыныма арқамды тыр-тыр қасытып, үйде жататын болдым.»
Бөлісу:

3 пікір

Marco
Соңғы жағы бір жарнаманы еске түсірді. Бірақ, шығарма жақсы. Аналармен ішіп отырғандай әсерде болып қалдым.
bizbike
Бір арақты дәріптеп кеттіңдер ғой өңшең.
toha9566
әй жарайсың керемет жазылыпты, араным ашылып кетті ғой