Қызықты деректер

Сәлем! Ғаламтордан орыс тілінде алып, қазақшаға аударған мәліметтерім))) керек болып қалар  Блог - salta: Қызықты деректер

Мысықтарға тесіктерден еш кедергісіз өту өтпеуін анықтауға мұрттары көмектеседі.

Атақты Бред Питтің ең алғашқы жұмысы тауық костюмін киіп билеу болды. Ол Эль Полло Локо мейрамханасына келуішілердің санын көбейту үшін көшеде биледі.

Антон Чехов өлер алдында Шие бақшасы шығармасын өзі жазбағанын, ол досы Василий Дряновтың шығармасы екенін мойындады. Өйткені, кітапты танымал адамның атымен шығару пайдалырақ болды.

Акулада торсылдақ жоқ, сондықтан олар суға батып кетпеуі үшін үнемі қозғалыста болады.

Антарктика ресми түрде мемлекет емес, ол тек ғылыми қорық.

Колибридің жұмыртқасының көлемі Тик Так дражесі секілді. Ал оның ұясын грек жаңғағына сиғызуға болады.

Найзағай — бұлт арасында пайда болатын электр тоғы. Оның ішінде плазма температурасы 30 мың градусқа дейін жетеді, бұл Күннің температурасынан 5 есе жоғары. Ағылшын орман мекемесінің мәліметінше найзағай көбінесе емен мен терекке, қарағайға, ал ең көп шамшат ағашына түседі екен.

Антарктидадағы Георг V бірлестігі шығанағының жағалауында желдің жылдамдығы сағатына 320 шақырымға жетеді.
Сезімтал құралдардың көмегімен Айда ай сілкіністері тіркелді. Олардың ошақтары 500-800 шақырым тереңдікте жатыр.

Таң қаларлық жәйт, дегенмен Оңтүстік және Солтүстік полюстар экваторға қарағанда жылына 65 сағатқа артық Күн сәулесі түседі. Бұл күн сәулесінің ауады сынуынан болады. Желтоқсан айында Оңтүстік полюс жердің басқа аймақтарына қарағанда көбірек күн энергиясын алады. Осыншама күн сәулесі түскенімен полюстардың суық болуының себебі, ондағы қарға күн шағылысып жылыта алмайды.

Әлемдегі ең үлкен батпақ Белоруссия республикасында Полесской ойпатындағы Днепрге құятын Припять өзенінің бассейнінде орналасқан. Оның ауданы 46 950 текше шақырым.

Тәжікстандағы Янгобск шатқалыында таң қаларлық пеш тау бар. Күні-түні таудың тесіктерінен газ мен түтін және от шығып жатады. Таудың ыстықтығы соншалық оның жанына құрғақ шөп әкелсе, ол бірден жанып кетеді. Оның құпиясы да қарапайым. Таудың қойнауында терең тасты көмірлер бар. Олар белгісіз себептермен тұтанып, содан бері сөнбей келеді.

Араб Әмірлігінде 1 санынан тұратын автокөлік нөмірі аукционда 14 миллион долларға сатылды. Оның иесі Абу Дабилік 25 жасар миллиардер болды. Ең қымбат автокөлік нөмірінің иесі аукционнан кейін, ол нөмірді алу үшін 30 миллион доллар төлеуге де дайын болғанын айтты.

Уран телескоптың көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар.

Егер екі металлдың үстінде қышқыл болмаса ғарышта бір-біріне жабысып қалады. Ал жерде олай болмайды, себебі атмосферада екі металлдың үстінде қышқыл пайда болады.

Меркурий ғаламшарында күннің ұзақтығы жылдан да ұзақ. Меркурий өз білігінен өте жай айналады, ал күнді 88 күнде айналып шығады.

Оңтүстік Кореяда бір текті адамдар үйлене алмайды.

Ағылшындық балалар тақпағы «Шалтай-Болтай» Ричард IIIге арналған. Ол шынымен де 1485 жылы шайқас кезінде қабырғадан құлап қалған.

Майкл Джордан Найктан жылына, фирманың Малайзиядағы фабрикасының барлық жұмысшыларының еңбек ақыларын қосқаннан да артық ақша алады.

Горилла ашуланған кезде тілін шығарады екен.

Ең ескі кілем атақты — Пазырық кілемі. Оған 2 мың жылдам уақыт болған. Кілем 1940 жылы оңтүстік Сібірдегі сақ қорымынан табылды.

20 ғасырдың басында шаңсорғыш өте үлкен құрал болды. Онымен 3 адам қатар жұмыс істеген. Басқа да ертедегі шаңсорғыштарды ғимарат сыртына орналастырып, оның шлангтарын терезеден кіргізетін болған. Осындай құралдардың бір түрі үйдің жертөлесінде орналасқан, ол әр бөлмеге жүргізілген құбырлармен байланыстырылған.

Жылына сейсмологтар 500 мыңдар жер сілкіністерін тіркейді. Олардың 100 мыңын адамдар сезеді және 1000ға жуығы зиянын тигізеді.

АҚШ территориясында 24 сағаттын ішінде жынысын өзгертетін отаның ең аз дегенде үшеуі жасалады.

Ең алғашқы ас мәзірі туралы топтаманы біздің дәуірімізге дейінгі 62 жылы римдік Апициус шығарды. «DeReCoquinaria» атты кітапта император Клавдийдің сүйікті тағамдарының қалай дайындалатыны жазылған.
Бөлісу:

6 пікір

Aldeken
кідәй жүрек, қайтып келіпсің ғой.
VKM
саммита, Салта екеуі 1 күнде қайтып келді.Жақсы күн Керекте.Уряяяяяя!
sammita
бармысың, қызым? Ол мені аңдып жүрген ғой)))
AKY
Сен де жазып тұр енді бірдеңе, ұят болад әйтпесе.