Керемет жоба - БЕЙНЕПОЭЗИЯ

Өнер адамдарының поэзияны көркемдеп оқитынын білесіз бе? Тыңдап көріңізші, сондай керемет!

Бұл жобаны Әдебиет порталы мен Қазтюб порталы бірігіп жасауда. Тың жоба. Бұл жоба көрерменге жол тартқанына көп уақыт болған жоқ. Бірақ, өз көрермендерін жиып үлгерді.

Осындай жобалардың көбейе беруін тілейміз!





Әрі қарай

Балалық шағымның 5 фильмі

Балалық шағымның 5 фильмі

Блог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильміӘлі де қартайып бара жатқанымыз шамалы… Естеріңізге алыңыздаршы… Біз де бала болдық… Біздің «балалық шақ» қалай өтті? Біз қандай фильмдер көріп өстік?
Әрі қарай

Сәуле Төлепберген. "Джинсты жұма"

Құрметті сайтымыздың қолданушылары! Сіздерге берген уәдеміз орындалды! Сіздерге кейіпкердің демалысы мен оның сол демалысқа деген көзқарасы туралы кеңінен әңгіме өрбитін «Джинсты жұма» жобасының алғашқы видеосын ұсынып отырмыз.


Әдетте, демалысты сенбі мен жексенбі деп есептейміз де, нағыз демалыс жұманың кеші екеніне мән бермейміз. Жұманың кеші – достарыңның арасында керемет уақыт өткізуге не сүйікті ісіңмен айналысуға өте тиімді уақыт.

Сүйікті істі әркім әрқалай түсінеді. Жұманың кешінде армандар орындалуы мүмкін, жаңа идеялар туындап, бастамалар іске асуы мүмкін. Сондықтан жұмыс аптасынан кейінгі уақытты қалай тиімді өткізу туралы әңгіме өрбітетін боламыз. «Джинсты жұманың» лайт-форматы дәл осындай! «Джинсты жұманың» кейіпкері демалысты қалай өткізетінін, армандарын қалай жүзеге асыратынын Kaztube.kz портаымен бірге тамашалаңыз!

Ал, енді жобаның кейіпкеріне келсек: ол — Prince Charming емес, SC Stroy Contract құрылыс компаниясының СЕО-сы, табысты кәсіпкер, қоғам қайраткері, қазақстандықтардың жаңа буынына үлгі бола білетін азамат. Бір сөзбен, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Бұл жігіт жетекшілікк ету саласында да, шетелде білім алуда да, мемлекеттік қызметте де молынан тәжірбие жинаған. Бар-жоғы 30 жаста ғана. Бірақ, «заманымыздың батыры» деген атаққа лайық жан. Бүгін Қайрат Құдайберген өзінің менеджмент саласындағы жеңістері мен «жасыл технологияны» жетілдіру туралы ойларымен ғана бөлісіп қоймай, патриот болу қандай екенімен де бөліседі. Бүгін «джинсты жұмада» ол жәй ғана Қайрат ретінде демалып, өз армандарын әңгімелейді. Бұл армандары біреуге дем беруі мүмкін! «Джинсты жұмада» бәрі мүмкін!

P.S. Жобамызға қатысқан Қайрат Құдайбергенге алғысымызды білдіреміз. Біз тың ақпараттар алып қана қоймай, сіздің тәжірбиеңізден үлгі алдық. Рахмет!
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина. Блогерлер Еуразиялық экономикалық одақ туралы

Еуразиялық Экономикалық Одақ құрылды. Шартқа қол қойылды. Енді «ары қарай қалай болады екен» деген сауал көптің көкейінде жүр. Бқл Одақ туралы блогерлер не ойлайды? Өздеріңізге белгілі блогерлер, Қазнетке танымал тұлғалар Эльвира Ерғалинаға Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы ойын айтады.

Әрі қарай

"Айналайын баладан, тауып алған даладан"

Әкемнің қызы болдым. Әкемнің қасына жататынмын, қарнына шығып алып, түспей қоятынмын  Тіпті, 4-5 сынып оқушысы болғанымда да арқалатып қоятынмын өзімді. «Аһ» дегенде аузымнан түсіп қалдың," дегеніне Құдайдай сенетінмін  Нағыз шындықты қашан білгенім есімде жоқ,өзімнен үлкен көрші қыздардан есіткен сияқтымын.

"Қазіргі балаларды ата-анасы қалай туады екен?" Жүргізген видеосауалнамам бойынша олар іштен шығатынын біледі. Өзіңіз көріңіз

Әрі қарай

Блогиада #8: Ең көп сатылатын 10 ойыншық (Marwin нұсқасымен)

Кеңес заманының шет жағасын көріп үлгерген біз сияқты ұрпақтың ойыншықтары көп жағдайда стандарт болып келетін. Әдетте аулада — түсі мен формаларында ғана аздап ерекшеліктері бар, темірдан құралған жүк тасығыш машина пен пластмасса трактор ұстаған балалар ойнап жүреді. Қыздардан сары шашты, көк көзді толық қуыршық пен ылғал топырақтан «торт» жасайтын қалыптар көретінбіз. Жақыны ГДР-ға немесе Прибалтикаға барып келген таңдаулыларда ғана ерекше спорткар немесе батареямен қозғалатын танк болады. Ондай қымбат қазынаны далаға шығармайсың, қол жетпейтін жерде тұрады.

Қазір баға мен сапа, талғам мен түр жағынан шектеу жоқ. Бүгінгінің балалары қандай ойыншықтарға әуес екенін білмек болып, елімізде жаңадан танылып келе жатқан Marwin балалар дүкеніне хабарласқан едім. Әкімшілік блогер екенімді білгеннен кейін дүкенін аралатып, қажетті ақпарат алуыма барынша жағдай жасап берді.

Сонымен, Marwin нұсқасы бойынша сұранысқа ие ойыншықтардың үздік ондығын ұсынамын:

10. Gonher қарулары

Блог - patick: Блогиада #8: Ең көп сатылатын 10 ойыншық (Marwin нұсқасымен)Gonher компаниясы шығаратын ойыншықтар кәдімгі қаруларға өте ұқсас етіп жасалған. Сөрелерден ковбой револьверін, винтовка түрлерін, полицей пистолеттері мен әскери автоматтарды табуға болады. Тақырыптық сюжетті ойындар үшін де арнайы жинақтар бар. Шынайы түрі мен жақсы сапасы үшін Gonher қарулары балалар арасында да, ересектер арасында да жақсы танымалдылыққа ие екен.
Әрі қарай

Қайырымды қайыршы

Қыстың шымырлаған аяз күндерінің бірі. Жұмыстан қайтып келе жатып, жол шетіндегі дүңгіршектен журнал сатып алмақшы болдым. Сұраған журналымды алып берген сатушыға әмиянымнан мың теңгелік қағаз ақшаны суырып алып ұстата бергенімде аяқ астынан қатты жел тұрып, ақшамды ұшырып алып кетті. Алайда алысқа әкете қойған жоқ, бірнеше метр қашықтықта жерде қайыр сұрап отырған қарттың алдына барып түсті. «Қап!» — деді сатушы «Енді ол қайтармасы анық!». Мен енді не істеймін деп ойлап үлгергенше, әлгі қария қолына ақшаны қысқан күйде, жаймен орнынан тұрып бізге қарай аяңдап келе жатты. Жанымызға келген ол ештеңе деместен ақшаны маған ұсынды. Мен оның ақша ұстаған қолын қысып тұрып « Бұл сіздікі»,- дедім. Ол « Рахмет» деп ақшаны екі бүктеп ескі шапанының қалтасына салды да, бұрылып ақырын адымдап кете барды.
Сатушы маған таңырқаулы жүзбен қарап қалыпты. Мен әмиянымнан тағы бір мың теңгелікті алып беріп тұрып «Ол өте жақсы адам!» дедім. Ол маған қарап « Сен де өте жақсы адамсың» деді.
Мен күліп жібердім. Жел басылып, ауа райы да жылына бастады. Көк аспандағы жарқыраған күн, айналаға шуағын төгіп тұрды.
Әрі қарай

Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?

Тылсым күшке сенемін, дегенмен күнде кездесе бермеймін. Көптен бері бірнеше киелі жерлерге бару ойда жүргенмен, сәті осы демалыста түсті. Сонымен тау жолының нашарлығын алға тарта таңғы төртте Кентау қаласы жақтағы (Шымкент облысы) Укаша ата мазарына жолға шықтық.
Блог - Zilola: Халық арасындағы аңыздарға сенемін бе?
Әрі қарай

«Кері бағытта» жасап шығару. Алғашқы жетістіктеріміз

-Қазақстанда жаңадан зауыт ашылады!, -десе қуанып қаламыз да, істің бір ұшын сезгенде қуаныш ғайып болады. Қандай да бір аспаптың тетігін бекітетін шрупты (schraube неміс тілінен) лицензсіз, яғни аспап жобалаушысының рұқсатысыз жасай алмайсың. Өйткені шығарылатын техникалық жабдық шетте жобаланған. Техника зат, зат емес компьютерлік программалық жабдықтардың бөліктерінде қолданатын алгоритмдердің де шетте иелері бар.
Соны түсінген соң«кері бағытта» жасап шығару әдісін қолға алдық. Кері бағытта жасау немесе жобалау әдісі дайын өнімнің нәтижесіне қарап сондай нәтижеге беретіндей өнімді жасап шығару жолы. Жеңіл автокөліктерді қарастырсақ, басқару тетіктері бірдей, бірақ та ішкі құрылғылары әр автокөлікке жасаушының техникалық шешіміне сай жасалынады. Өнімнің жасау жолы жаңадан қайта анықталады. Сонда нақты көшірмесін емес, мүлдем басқа өнім алынған болып есептелінеді. Ондай өнімге талас жоқ. Осындай жолмен шағын өнім алдық. Он жылдық еңбек нәтижесі. Ең бастасы бізді бағалады, бағалады өзіміздің ғалымдар, соған қуандық.
Қазақ тілінде айтып түсіндіргенге дайын болдық, бірақ та ағылшын тілінде түсіндірдік. Естірту үшін ағылшын тілі көмектескен болып шықты.
Осы жерге дейін оқып шықсаңыз:
-Не істеген бұлар?, -деп сұрақ қойған шығарсыз.
-Сондай ешнәрсе істеген емеспіз. Растрлық бейнелерді: қағаз бетіндегі әріптерді, фотосуреттегі автокөліктің мемлекеттік нөмірін т с.с. ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға қол жеткіздік. Таңбалардың оптикалық тану мәселесін шешетін алгоритм алдық. Ең бастысы алгоритм өзіміздікі, ешқандай дайын программалық жабдықтың бөлігін қолданған жоқпыз. Нағыз дербес программа. Ендігі мақсат армандар санатынан -алгоритмді тетікте іске асыру микроаспапта. Мүмкін арманымызға жетеміз. Сонда қазіргі басты кемшілік «бейнені тану уақытын» көптігін азайтамыз да ең алғы қатардағы әлемдік көрсеткіштерге жетеміз (секундтың бөлігі). Кемшілігі бар дегенде ойлап қалмаңыз «мүлдем жарамсыз, баяу жұмыс істейді» дегендей қазірдің өзінде қолданысқа жарамды, тану сапасы сексен пайыздан төмен емес, яғни осындай тектес алгоритмдерді іске асыратын программалардан кем түспейді. Жалпы менің ұстанымым: кез-келген ғылымдағы білімге «мына жері немесе ана жері» деу үшін оған дейінгі білімді игеріп алған соң ой қорытып айту қажет.
Шетелде біздің студенттерге бар жаңалықты қолға ұстата бермейді. Шет елмен мүлдем араласпауға шақырып отырған жоқпын. «Тек өзгеге қарап жүріп түзелеміз» дегендерге қарсымын. Өзімізді сырттан бақылап үйренейік.
Студент кезінде орыс тілді ұстазым, орыстың кәрі әйелі:
-Сен жас елдің баласысың, қазақ тілінде де программалау тілін жасап шығарасыңдар, -дегені құлағымда қалыпты. Жиырма жыл бұрын естіген сөз еді. Студент едік. Бұл жеке әңгіме тақырыбы. Әзірше, біздің біліктілігімізбен білімізге сенген жастарға алғысымды білдіремін, оларсыз еңбегіміз жарыққа шықпасы анық еді. Оң істеріміз үзілмесін, жалғастырарымыз болсын!
Әрі қарай