«Кері бағытта» жасап шығару. Алғашқы жетістіктеріміз

-Қазақстанда жаңадан зауыт ашылады!, -десе қуанып қаламыз да, істің бір ұшын сезгенде қуаныш ғайып болады. Қандай да бір аспаптың тетігін бекітетін шрупты (schraube неміс тілінен) лицензсіз, яғни аспап жобалаушысының рұқсатысыз жасай алмайсың. Өйткені шығарылатын техникалық жабдық шетте жобаланған. Техника зат, зат емес компьютерлік программалық жабдықтардың бөліктерінде қолданатын алгоритмдердің де шетте иелері бар.
Соны түсінген соң«кері бағытта» жасап шығару әдісін қолға алдық. Кері бағытта жасау немесе жобалау әдісі дайын өнімнің нәтижесіне қарап сондай нәтижеге беретіндей өнімді жасап шығару жолы. Жеңіл автокөліктерді қарастырсақ, басқару тетіктері бірдей, бірақ та ішкі құрылғылары әр автокөлікке жасаушының техникалық шешіміне сай жасалынады. Өнімнің жасау жолы жаңадан қайта анықталады. Сонда нақты көшірмесін емес, мүлдем басқа өнім алынған болып есептелінеді. Ондай өнімге талас жоқ. Осындай жолмен шағын өнім алдық. Он жылдық еңбек нәтижесі. Ең бастасы бізді бағалады, бағалады өзіміздің ғалымдар, соған қуандық.
Қазақ тілінде айтып түсіндіргенге дайын болдық, бірақ та ағылшын тілінде түсіндірдік. Естірту үшін ағылшын тілі көмектескен болып шықты.
Осы жерге дейін оқып шықсаңыз:
-Не істеген бұлар?, -деп сұрақ қойған шығарсыз.
-Сондай ешнәрсе істеген емеспіз. Растрлық бейнелерді: қағаз бетіндегі әріптерді, фотосуреттегі автокөліктің мемлекеттік нөмірін т с.с. ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға қол жеткіздік. Таңбалардың оптикалық тану мәселесін шешетін алгоритм алдық. Ең бастысы алгоритм өзіміздікі, ешқандай дайын программалық жабдықтың бөлігін қолданған жоқпыз. Нағыз дербес программа. Ендігі мақсат армандар санатынан -алгоритмді тетікте іске асыру микроаспапта. Мүмкін арманымызға жетеміз. Сонда қазіргі басты кемшілік «бейнені тану уақытын» көптігін азайтамыз да ең алғы қатардағы әлемдік көрсеткіштерге жетеміз (секундтың бөлігі). Кемшілігі бар дегенде ойлап қалмаңыз «мүлдем жарамсыз, баяу жұмыс істейді» дегендей қазірдің өзінде қолданысқа жарамды, тану сапасы сексен пайыздан төмен емес, яғни осындай тектес алгоритмдерді іске асыратын программалардан кем түспейді. Жалпы менің ұстанымым: кез-келген ғылымдағы білімге «мына жері немесе ана жері» деу үшін оған дейінгі білімді игеріп алған соң ой қорытып айту қажет.
Шетелде біздің студенттерге бар жаңалықты қолға ұстата бермейді. Шет елмен мүлдем араласпауға шақырып отырған жоқпын. «Тек өзгеге қарап жүріп түзелеміз» дегендерге қарсымын. Өзімізді сырттан бақылап үйренейік.
Студент кезінде орыс тілді ұстазым, орыстың кәрі әйелі:
-Сен жас елдің баласысың, қазақ тілінде де программалау тілін жасап шығарасыңдар, -дегені құлағымда қалыпты. Жиырма жыл бұрын естіген сөз еді. Студент едік. Бұл жеке әңгіме тақырыбы. Әзірше, біздің біліктілігімізбен білімізге сенген жастарға алғысымды білдіремін, оларсыз еңбегіміз жарыққа шықпасы анық еді. Оң істеріміз үзілмесін, жалғастырарымыз болсын!
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
bake
-Уа, балақай, бізді осынша алдағаның не?-дейді Сарқытқа қарап.
-Мен алдаған жоқпын, сіз аңғармадыңыз,-дейді Сарқыт баптап.
-Қалайша?
-Мынау мезгілдің ауылы дегенім -қонатын мезгіл жетті дегенім еді, -дейді Сарқыт жымия күліп -«Әттегенайдың» ауылы дегенім -елсіз далада кеш қалып өкінетіндеріңізді ұғындырғаным еді. Одан арғы «Қаптың» ауылы дегенім -Кербиге жете алмай, біздің ауылдан кете алмай, «қап» деп сан соғатындарыңызды, «Маған бәрекелді» айтып, қайта оралатындарыңызды ескерткенім еді.