Блогиада #8: Ең көп сатылатын 10 ойыншық (Marwin нұсқасымен)
Кеңес заманының шет жағасын көріп үлгерген біз сияқты ұрпақтың ойыншықтары көп жағдайда стандарт болып келетін. Әдетте аулада — түсі мен формаларында ғана аздап ерекшеліктері бар, темірдан құралған жүк тасығыш машина пен пластмасса трактор ұстаған балалар ойнап жүреді. Қыздардан сары шашты, көк көзді толық қуыршық пен ылғал топырақтан «торт» жасайтын қалыптар көретінбіз. Жақыны ГДР-ға немесе Прибалтикаға барып келген таңдаулыларда ғана ерекше спорткар немесе батареямен қозғалатын танк болады. Ондай қымбат қазынаны далаға шығармайсың, қол жетпейтін жерде тұрады.
Қазір баға мен сапа, талғам мен түр жағынан шектеу жоқ. Бүгінгінің балалары қандай ойыншықтарға әуес екенін білмек болып, елімізде жаңадан танылып келе жатқан Marwin балалар дүкеніне хабарласқан едім. Әкімшілік блогер екенімді білгеннен кейін дүкенін аралатып, қажетті ақпарат алуыма барынша жағдай жасап берді.
Сонымен, Marwin нұсқасы бойынша сұранысқа ие ойыншықтардың үздік ондығын ұсынамын:
Осы қуыршақтардың негізінде видеоойын мен мультсериал да жарық көрген. Монстр Хай тіпті Барбидің тікелей бәсекелесі деп саналады. 8-13 жас аралығындағы қыздарға арналады.
Балаларға арналған Марвин дүкендер желісінде ең көп сатылатын тауарлар осылар. Шыны керек, кейбір ойыншықтардың соншалықты танымал болуы аздап таңғалдырды. Бірақ фактыны жоққа шығара алмаймыз. Бала мен ата-ана талғамының сәйкес болуына тілектеспін.
P.S. Тиісті ақпаратпен қамтамасыз еткен, осы материалды жасауыма көмектескен Marwin әкімшілігіне алғыс білдіремін.
Қазір баға мен сапа, талғам мен түр жағынан шектеу жоқ. Бүгінгінің балалары қандай ойыншықтарға әуес екенін білмек болып, елімізде жаңадан танылып келе жатқан Marwin балалар дүкеніне хабарласқан едім. Әкімшілік блогер екенімді білгеннен кейін дүкенін аралатып, қажетті ақпарат алуыма барынша жағдай жасап берді.
Сонымен, Marwin нұсқасы бойынша сұранысқа ие ойыншықтардың үздік ондығын ұсынамын:
10. Gonher қарулары
Gonher компаниясы шығаратын ойыншықтар кәдімгі қаруларға өте ұқсас етіп жасалған. Сөрелерден ковбой револьверін, винтовка түрлерін, полицей пистолеттері мен әскери автоматтарды табуға болады. Тақырыптық сюжетті ойындар үшін де арнайы жинақтар бар. Шынайы түрі мен жақсы сапасы үшін Gonher қарулары балалар арасында да, ересектер арасында да жақсы танымалдылыққа ие екен.9. Welly машиналары
Бұлардың прототиптері өмірде бар. Балаңыз белгілі бір көлік маркасына қызықса — оның кішірейтілген нұсқасын Welly фирмасының өнімдерінен табуға болады. «Коллекционерлер үшін таптырмас машиналар», — дейді сатушы қыз.8. Bruder автотехникалары
Неміс компаниясы өндіретін тауарлардың көпшілігі — арнайы қызмет машиналары, жол техникалары, ауылшаруашылық техникалары. Өнімдер шынайылығымен ерекшеленеді. Мысалы, өрт сөндіргіш машинада шынымен су шашатын құрылғы бар, баспалдақтары жылжиды, жүк көлігінің кузовы аударылады, қоқыс жинайтын машина өздігінен қоқыс бактарын көтеріп тиейді.7. Радиомен басқарылатын MZ машиналары
Машиналар кез-келген бағытқа оңай басқарылып қоймай, жанатын алдыңғы-артқы фараларға ие. Бұлармен кең жерде жарыс ұйымдастыруға болады, дрифтинг, қиын бұрылыстар жасауға болады. Сыртқы түрлері прототиптеріне барынша ұқсас етіп шығарылған. Батарея қуаты 20-30 минутқа жетеді. Бес жастан асқан балаларға арналған.6. Ниндзя-тасбақалар
Төрт мутанттың мүсіндері әлем бойынша 1988 жылдан бері сатыла бастаған екен. Сол кезден бері олардың танымалдылығы төмендемепті. Алматы балалары үшін де ниндзя-тасбақалар ерекше сұранысқа ие. 5-7 жас аралығындағы балаларға арналған тасбақалардың дене көлеміне қарай бірнеше түрі кездеседі. Сондай-ақ, оларға қосымша ретінде көлік құралдары, қару-жарақтар сатылады.5. Barbie қуыршақтары
Елімізде тоқсаныншы жылдардың басында пайда болған Барбилер әлі де танымал екен. Бірақ қазір олар бұрынғыға қарағанда саналуандығымен ерекшеленеді. Мысалы, ата-анасы айтып берген ертегі әлемінде "өмір сүретін" бүлдіршіндер үшін «Ертегі» сериясына кіретін қуыршақтар ұсынылады. Өз ойы қалыптаса бастаған қыздарға «Болғым келеді» сериясының қуыршақтары ұнайды екен. «Мода» деген де сериясы бар, олар аты айтып тұрғандай қуыршақты әдемі киіндіруді ұнататын қыздарға арналған.4. Llorens қуыршақтары
Әр деталіне мән беріліп, өте шынайы жасалған қуыршақтар. Бұл ойыншықтар тірі сәбилерге сырт келбетімен ғана ұқсас емес, олар сөйлей, жылай алады. Кейбір түрлері тіпті су ішіп, жаялығына «кіш етіп» те біледі екен. Испанияның Llorens компаниясы шығаратын бұл интерактивті қуыршақтар сапасы жоғары материалдардан жасалған.3. Stiga үстел ойындары
Ұқсас ойын түрлері менің балалық шағымда болды. Олардың ойыншылары аз қимылдайтын, жылжитын жолақтары кішкентай болатын. Ал «Стига» үстелдері анағұрлым жетілдірілген екен, есепті белгілеуге арналған функциясы бар. Мысалы, хоккейде ойыншы мүсінін қақпаның артына дейін жылжытуға болады. Ойынның футбол түрі де бар.2. Sylvanian Families
Sylvanian Families — қоян, тиін, кірпі, аю, түлкі, тышқан секілді жануарлардың отбасы туралы ойыншықтар. Сүйкімді хайуандар әлемін біртіндеп құрастырған қызығырақ. Мысалы, қояндар отбасын сатып алдыңыз делік. Келесі жолы дүкенге келгенде оның үйін, жиһаздары мен басқа мүлкін аласыз. Былайша айтқанда — отбасын құрып, оны өсіп-өрбітудің шағын моделі іспеттес.1. Monster High фэшн-қуыршақтары
Бұларды «Монстрлар мектебі» деп те атайды. Қуыршақты шығарушылар образдарды жасауда Дракула, Франкенштейн құбыжық, Мумия, Банши секілді түрлі қорқынышты кейіпкерлерді негізге алыпты.Осы қуыршақтардың негізінде видеоойын мен мультсериал да жарық көрген. Монстр Хай тіпті Барбидің тікелей бәсекелесі деп саналады. 8-13 жас аралығындағы қыздарға арналады.
Балаларға арналған Марвин дүкендер желісінде ең көп сатылатын тауарлар осылар. Шыны керек, кейбір ойыншықтардың соншалықты танымал болуы аздап таңғалдырды. Бірақ фактыны жоққа шығара алмаймыз. Бала мен ата-ана талғамының сәйкес болуына тілектеспін.
P.S. Тиісті ақпаратпен қамтамасыз еткен, осы материалды жасауыма көмектескен Marwin әкімшілігіне алғыс білдіремін.
рейтингпен берілетін
2011 жылы Қытайдан ініме пультпен басқарылатын вертолет әкелдім. 15 метр биіктікке дейін басқаруға болатын, одан биік ұшса басқарылмайды. Кереметі сол, задний ға ұшатын. Апта өтпей бұзылып қалды. Негізі дұрыс зарядтай алмадык.
Незіі радиобасқарылатын ойыншықтарға әуеспін.
Сатып ала қояйын десем, қымбат.
Сол вертолетті Үрімжіден 2 мың теңгеге сатып алған едім, дәл сондайы бізде 5-6 мың теңге тұрады. Қытайдағы бағасын біліп алған соң, алғың келмейд екен.
Бүгін Әл Фараби сауда орталығындағы «Десткий мирде» бір апталық жеңілдіктер күндері басталды., Радиоуправляемый доңғалақтар 50 пайыз жеңілдікпен сатылады.
Ойым кетіп отыр,