Астанада рұқсат етілмеген қалдықтарды жоюда

«Астана – өмір сүруге жайлы және қауіпсіз қала» бағдарлама шеңберінде Есіл ауданында рұқсат етілмеген қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Екі күнде полигонға 647 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Ауданның экологиялық ахуалын жақсарту үшін және аумақты жинауға  құрылыс компаниялары мен мердігер ұйымдар ұсынған 33 самосвал мен 7 жүк тасымалдаушы тартылды.


Жұмыстар үш учаскеде жүргізілді: Нұра Есіл каналы, Қорғалжын тас жолы, Қ. Мұхамедханов көшесінің бас жағы.


Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірге Есіл аудандық АІБ ЖПҚ ТҚБ инспекторларымен бірлесіп құрылыс объектілеріне комиссиялық тексеру жүргізілді.


Аралау барысында құрылыс объектілерінде абаттандыру ережесі бұзылған фактілер анықталды.


Осыған байланысты бұзушыларға егер ескертулерді жоймаса әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы 29.10.2018 жылға 8 шақырту берілді:


  1. Объект: Көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы құрылысы

Мердігер: «Арман қала 21» ЖШС


Орналасқан жері: № 26 көше


Ескертулер алынды;


  1. Объект: Көше құрылысы

Мердігер: «АБК Құрылыс» ЖШС


Орналасқан жері: Тұран д


Ескертулер алынып тасталды;


  1. Объект: «Luxory Home» КТК құрылысы

Мердігер: «Русалдинг» ЖШС


Орналасқан жері: Сауран к.


Ескертулер алынды


  1. Объект: КТК құрылысы

Мердігер: «Сығанақ строй» ЖШС


Орналасқан жері: Ә. Бөкейхан к.


Ескерту алынды


  1. Объект: 103 жедел жәрдем гаражының құрылысы

Тапсырыс беруші: УСжЖП.


Мердігер: «Астана Шаңырақ – 2030» ЖШС


Орналасқан жері: 31 қосымша көшесі


Ескерту: тазалау пункті жоқ


Қабылданған шара: аралау тобы темір бетон блогымен жауып тастады.


  1. Объект: «Самрук тауэрс» КТК құрылысы

Мердігер:  «Ария Жайна Астана» ЖШС.


Орналасқан жері:  Қ. Мұхамедханов к


Ескерту: тазалау пункті жұмыс істейді


Қабылдаған шара: Шығу тобы темір бетон блогымен жауып тастады.


  1. Объект: КТК құрылысы,

Мердігер: «Новые Окна» ЖШС.


Орналасқан жері:  Қорғалжын тас жолы  № 25 үй


Ескерту: Қатты түйісетін жер жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: Тарау кешенінің құрылысы

Мердігер: «АкмолаВодСервис» ЖШС


Орналасқан жері: «Тельмана» т/а


Ескерту: Жуып тазалау орны жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: КТК құрылысы.

Мердігер:  «G Park» ЖШС


Орналасқан жері:  Ұлы Дала даңғ № 19.


Ескерту: Қатты түйіспе жері жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: көпқабатты тұрғын үй құрылысы

Тапсырыс беруші: УСжЖП


Мердігер: «Асти» ЖШС


Орналасқан жері: Ш. Айтматов к.


Ескерту: Жуып тазалау орны жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: су жабдығы желісінің құрылысы

Мердігер: «Арман АБК» ЖШС


Орналасқан жері: Ә. Бөкейхан к


Ескерту: Қатты түйіспе жері жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.

Ғалымдар «Мәңгілік Ел» идеясының тарихы мен болашағы туралы ой қозғады

Бүгін Назарбаев орталығында  «Мәңгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференциясы өтті. Қазақстанның үшінші жаңғыруы – қоғамның рухани жаңаруы міндеттері мәтінінде өткізілген конференцияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы ұйымдастырды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Іс-шараны конференцияның модераторы, Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


– Құрметті ғылыми конференцияға қатысушылар! Сіздерді «Мәңгілік Ел: тарихы және болашағы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуымен құттықтаймын! Біз небір тар жол, тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман өткен елміз. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын асыға күтіп, стратегиялық бағдарламалары мен жаһандық бастамаларының іске асырылуына әр ұжым, әр азамат өзінің хал-қадірінше атсалысуға тырысады. Себебі, біздің еліміз жеткен табыстар мен болашақ жоспарлар – Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Біз Президентіміздің «Мәңгілік ел» жолындағы дана саясатының арқасында бүгінде дамыған елдер қатарына жеттік. Халықаралық және әлемдік деңгейде абыройлы, беделді мемлекет атандық. Ендеше Мәңгілік Ел болу жолындағы асқақ мұратымыз орындалсын!


Конференцияда сөз алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Төлеуғали Бүрбаев баяндамасында  ұлттық идеяға қойылатын талаптарға тоқталды. 


«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде қоғамда көптеген жұмыстар жүргізілуде. «Мәңгілік  Ел» идеясын қалай ұлттық идеяға айналдырамыз? «Мәңгілік Ел» идеясы – алауыздық пен әлеуметтік жүктемеге жол бермейді. Ұлттық идеяның ішкі және сыртқы өлшемдері бар. Ішкі өлшемдер елдің даму бағыты, деңгейі, әлеуметтік ахуалы, құндылықтар жүйесіне байланысты болса, сыртқы өлшемде оның басқа елдермен ынтымақтастық негізде қарым-қатынасы көрініс табады. Ұлттық идеяның ішкі мәні – даму, өзгеру, жаңғыру. Мемлекет пен қоғам үнемі өзгеріп, жаңғырып, дамыса, онда ұлттық идея да  жасампаз болады, — деді Т. Бүрбаев


– Қоғамдық идеал – ұлттық құндылық. Мәңгілік ел идеясы алдымен ұлттық  мемлекеттілікпен, оның ажырамас рәміздері ретіндегі қазақтың  ұлттық қалпы мен жалпыхалықтық құндылықтарымен астасуы қажет.  «Мәңгілік Ел» қоғамдық идеалын қалыптастыруда қай-қайсымыз қолдан келер қайраткерліктен қапы қалмайық!, — деді өз баяндамасында М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алтайы Оразбекова. 


Конференцияға танымал отандық ғалымдар, академиктер, профессорлар, доценттер, сонымен қатар докторанттар мен магистранттар қатысты.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі академиясы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық музейі, «Өрлеу» АҚ Павлодар облысы филиалы мұражай бөлімі, ЦИОМ (Қоғамдық пікір зерттеу орталығы), «Тұран» білім корпорациясы, «Тұран-Астана» университетінің қызметкерлері мен өкілдері конференцияда Мәңгілік ел идеясына байланысты жұмыстардың тарихи, экономикалық, саяси, философиялық, мәдени, әлеуметтік, құқықтық және басқа  да қырларын талқылады.


Конференция жұмысының қорытындысы бойынша «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» монографиясын шығару  жоспарланды.


Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Биыл «Үздік еңбек әулеті» аталымында Құрманғалиевтер отбасы жеңімпаз атанды. Барлық отбасы мүшелерін жекелеп есептегенде орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 458 жыл. Бұл отбасының 25 мүшесі төрт ұрпақ сабақтастығымен осы салада еңбек етіп келеді.


«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Әбілқайыр Сотқаров озып шықты. Ол Ақтөбе облысындағы «Казхром ТНК» акционерлік қоғамында металлург болып жұмыс істейді.


Ал «Өндірістегі үздік жас жұмыскер» аталымында Атырау облысындағы «Доссормұнайгаз» кәсіпорнының жұмыскері Айбек Тұрсынбек жеңіске жетті.


«Біз мұндай марапатты алғаш рет алып тұрмыз. Әулетіміздің еңбегі бағаланғанына қуаныштымыз. Орман шаруашылығында 1981 жылдан бері жұмыс істеймін. Біздің әулеттің жалпы еңбек өтілі – 458 жыл. Әулеттің басында біздің әкеміз тұр. Отбасымызда 8 бала, оның 5-і ұл, 3-і қыз. Барлығымыз әкейдің жолымен жүрдік», — дейді «Үздік еңбек әулеті» аталымының жеңімпазы Тоқтар Құрманғалиев.


Әр түрлі өндіріс салаларының сегізге жуық ардагерлері «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.


Салтанатты іс-шарада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, кәсіподақтардың өкілдері қатысты.


Мектеп оқушыларын қоқысты бөлек жинауға үйретеді

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша жобаның екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 


27 қазаннан бастап қалдықтарды екінші рет жинақтау үшін қаланың барлық мектептеріне сары контейнерлер орнатылмақ. Бүгін қаланың 30 мектебінде «Vпереработку» акциясы бойынша оқыту басталды. № 14 мектеп-гимназияда оқушылар мен ата-аналар үшін ҚТҚ бөлек жинауға арналған тақырыптық сабақ өтті.
«Бұл шара балаларды үлгілі болуға, қоқысты бөлек жинаудың мәдениеті мен қоршаған ортаны сыйлауды үйретеді. Бұл ауламыздың, қаламыздың қала берді әлемнің тазалығын сақтау үшін маңызды», — деді Қоғамдық бастамаларды дамыту қоры төрағасының орынбасары Әсел Мұқанова.


Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының бас маманы Айнұр Солтанғұлова балаларға жобаның мәнін түсіндірді.


«Екінші шикізатты қайтадан өңдеуге болады, яғни металл, шыны, қағаздан жаңа өнім дайындалады. Мысалы 7 пластикалық бөтелкеден бір футбол формасын дайындауға болады, Nike компаниясы осындай акция ұйымдастырды. Мұндай бастама әлемде көп, сіздер жастар қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосыңыздар», — деді ол.


Қалдықты бөлек жинау бойынша конкурста жеңімпазға бір себет алма беріледі. № 14 мектеп-гимназияның директоры Олег Надеин қоқыстың «екінші шикізат» екенін, оның қайта өңдеуге болатынын айтты.


«Біз бұрын тастай салатын қоқыстардан өзге материал өндіруге болады. Бүгінде біздің алдымызда қоқысты тастай салмай сұрыптап, өңдеу міндеті тұр. Оқушылар қалдықты бөлек жинауға әдеттенсе қоғамда бұл кеңірек тарайды. Шараның арқасында ауданымыз тазара түсті», — деді ол.
Оның сөзі балаларды тебіренте түсті.


«Егер барлық адам табиғатқа жаны ашыса қоқыс тастамайды, жер ана жақсара түседі. Бұл жобаға белсенді түрде қатысамын. Бүгіннен бастап қоқысты сұрыптап жинаймын. Бізге қандай қоқысты қайсы контейнерге тастау керектігін түсіндірді», — деді 4 сынып оқушысы Полина Жикова.


Smart Service хакатонына 300-ге жуық адам тіркелді

Астанада кезекті Smart Service хакатон-марафоны басталды. Қатысушылар Астананы инновациялық тартымды әрі өмір сүруге жайлы ету үшін жаңа шешімдер әзірлейді, деп хабарлайды астана әкімдігінің реми сайты «Astana Innovations» АҚ сілтеме жасап.


Хакатонның негізгі идеясы қаланың өміріне талантты адамдарды инновациялық идеялар арқылы тарту.


«Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейрам Дюсюков Астананың инновациялар қаласы екенін және осындай шаралар дамуға мүмкіндік беріп, стартап-қауымдастықты қолдайтын мегаполис екенін айта кетті.


«Бүгінде кез келген қалада кішігірім болсын «ақылды» элементтер бар, мысалы бейнебақылау жүйесі. Ақылды қала – бұл қала мен оның тұрғындарының пайдасына жұмыс жасайтын объектілер мен субъектілер. Сол себепті мемлекет пен бизнес шешім қабылдауда тек экономикалық қана емес әлеуметтік мәселелерді де шешуде толыққанды серіктес болуы тиіс. Кедергілерді алып тастау, барлық кәсіпкерлер құрылымымен белсенді жұмыс істеу үшін енді басталып келе жатқан стартаптарды қолдау керек – бұл біздің негізгі міндетіміздің бірі», — деді Мейрам Дюсюков.


Жобаны Астана әкімдігі мен «Astana Innovations» АҚ ұйымдастырды. «Smart Service» хакатонына 300-ге жуық адам тіркелді.


«Біз инновациялық жобалардың басынан соңына дейін қолдау көрсетеміз. Инновациялық экомәдениеттің дамуы, оның жетілдірілуі — «Астана Innovaitions» АҚ негізгі міндеттері», — деді М. Дюсюков.


Жексенбі күні қаржылай қолдауға үміттеніп отырған жеңімпаз командалар анықталады.

Қаланың тағы 6 негізгі көшелерінде «BusLane» пайда болады

2019 жылы Қонаев, Достық, Ақмешіт, Түркістан және Абай мен Кенесары көшелерінің жалғасына арнайы жолдар енгізу жоспарлануда. Күтілетін тиімділік – 14 %, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«BusLane» жобасы қала көшелерінде қоғамдық көліктердің кедергісіз жүруіне арналған арнайы жол жолағы. Қазіргі күні қалада жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын 24 жол бөлігі бар. Қоғамдық көліктерге арнайы жол жолағы жасалған соң автобустардың жүруі кестеге сай келетін болған және таңғы, кешкі мезгілде аялдамаларда автобусты күту уақыты 24 %-ға төмендеген. Мысалы, № 10 қоғамдық көліктің жол бағытының 40 % «BusLane» жолағымен қамтылған, ал Қабанбай батыр даңғылына шыққанда 100 %. Осы бағытқа арнайы автобус жолағын енгізгелі бері бағытты жүріп өтті және аялдамаларда автобусты күту 26% төмендеген.