Smart Service хакатон-марафоны жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Хакатонның негізгі идеясы – инновациялық идеялар арқылы талантты азаматтарды қала өміріне тарту, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Astana Innovations» АҚ-на сілтеме жасап. 

Smart Service хакатонына 300-ден астам адам тіркелді. 21 команданың 10-ы финалға өтті.


Бірінші орынды иеленген Usynys командасы қанжығасына 500 мың теңгені байлады. Аталмыш команда «Азаматтық бастамалар мен проблемалардың тізімі» жобасын ұсынған болатын. Екінші жүлде – 200 мың теңгені АІКА командасы еншіледі. Олар табиғи тілді өңдеу технологиясын пайдаланатын ботты таныстырды. Үшінші орын мен 200 мың теңге смартфонның көмегімен қаладағы нысандар туралы ақпарат беретін мобильді қосымшаны ұсынған Astana Reality командасына бұйырды. 


Open Technologies Group-тан смартфонға iKogam командасы ие болды.


Gov Project командасы ҚР Тұңғыш Президенті қоры атынан кітаптар мен пауэрбенктермен марапатталды.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше