«Еуропаға махаббат білдіру» атты байқауға қатыс, Стамбулға 2 билет ұтып ал!

EUNIC Алматы Turkish Airlines компаниясының колдауымен Еуропалық тілдер күніне арнап «Еуропаға махаббатын білдіру» атты байқау жариялайды.
Сіздің Еуропаның бір қаласына немесе бүкіл бір еліне өз махаббатыңызды білдіргіңіз келе ме? Онда өлеңмен білдіріп көріңіз!
Бұл байқауға қатысу үшін қандай шартты орындау керек:
— Қазақ немесе орыс тілінде өлең жазып жіберіңіз. Өлеңнің көлемі 12 жолдан кем және 30 жолдан артық болмауы керек.
— Өлеңіңізді мына почтаға жіберіңіз: eunic.almaty@gmail.com. Өзіңіздің аты-жөніңізді, мекен-жайыңыз бен электрондық почтаңызды, үй және ұялы телефон номерлерін толық жазып жіберіңіз.
— Осы байқауға қатысуыңызбен Сіз өз жұмысыңызды пайдалануға / жариялауға, сонымен қатар EUNIC сайтында және EUNIC ұйымына қатысушылардың сайтында / әлеуметтік желілердегі тобында аты-жөніңіздің аталуына рұқсат беретіндігіңізді ескеріңіз.
Бұл байқауға 18 жастан бастап Қазақстанда тұратын кез-келген адамдар қатыса алады.
Жұмыстарыңызды 2014 жылғы 12 қазанға дейін жіберуіңіз керек.
Жеңімпаз бен бас жүлде:
Жеңімпаз Еуропалық тілдер күнінде 2014 жылғы қазанның 19 күні жарияланады. Нақты өтетін орнын кейінірек хабарлаймыз.
Бас жүлде: Turkish Airlines тарту еткен Стамбулға екі билет.
Әділ қазы алқасы:
Байқаудың әділ қазы алқасы келесі ұйымдар өкілдерінен тұрады: Аlliance Française Almaty, British Council, Goethe-Institut Almaty, Швейцарияның Алматыдағы Консулдығы.
Іріктеу кезінде бағаланатын жайт:
— Мазмұнның ерекшелігі
— Тақырыптың ашылуы
— Шығармашылық ізденіс
Сіздерге табыс тілейміз және белсенділік танытады деп сенеміз!
Егер сұрақтарыңыз болса, Динара Сериковамен байланысыңыз: eunic.almaty@gmail.com
+ 727 244 41 44, ішкі: 303


Ақтөбенің батысындағы аудан. Дәл осы жерде сәрсенбі мен бейсенбі күндері (24-25.09) Ұлы Жібек жолында қайта жаңғырған «Көкжар жәрмеңкесі» атты республикалық этнофест өтті. Картада көріп тұрғаныңыздай, Ойыл Қобда, Шұбарқұдық пен Байғанин және БҚО мен Атыраудың сәйкесінше Сырым, Қызылқоға аудандарымен шектеседі. Ал орталықтан көбіне Қобда арқылы барады. Шалғайлығы қаладан шамамен 250 шақырым — 3 сағаттай, бірақ жолы шынымен де жібек… тек арасындағы асфальт иректері мен Қобданың тым ұзақ жөнделіп кеткен жолдарын есепке алмағанда. Өйткені көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткенше, жүрегіңмен қоса қос бүйрегің селк еткеннен оянып тірі қалған – әлдеқайда қабылдарлық нұсқа. Ауданға апаратын түзу тас жол бұрынғы облыс әкімі, қазіргі сенатор Елеусін Сағындықовтың ойылдықтарға жасаған сыйлығы. Трасса қысқа мерзім ішінде тартылды. Ал шараға келсек, бұл тарихи мекен. Неге десеңіз, осында Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірі, нақтырақ айтсақ, көне сауда орындары сақталған. Оның үстіне, бұл өңір Исатай мен Махамбет, Құрманғазы, Қазанғап, Мұхит секілді тұлғалардың кездерін жадына сақтаған. Сонымен қатар, кезіндегі рекордсмен – ақ тары атасының туған жері.