Жібекжолды Ойыл (+100)


Енді екі жылда бір мәрте ұйымдастырылып отыратын бұл этнофест дәл сол екі жыл бұрын бастау алған болатын. Мақсаты өткенді жаңғырту, туризмді дамыту. Ұзағынан болғай деп тілерім. Жұмыс бабымен бардық, сюжет үшін. Редактор жай ғана ұсынды, жарты сағаттай ойланып, сәрсенбі күнгі таңғы кезекшілігімді жұмаға шегеріп, «неге бармасқа?!» деп шештім. Оның үстіне, таныстардың көбі ойылдықтар және Оралдағы оқуыма, жалпы туысқандарға барарда «144» деген белгісі бар бұрылыс маңынан талай рет өткем. Сәті түсті, көріп қайтайын. Азанғы сегізде облыс әкімдігі алдындағы микроавтобустардың біріне мініп, Жібек жолға жібек жолмен жол тарттық.



Қобдаға жетіп, 15 минуттай дем алып, арқа жазып, керіліп, дене шынықтырып, жанармай құйып алып жатқанда түсіргенім. Ойылға бұрылыс сол «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетіне қарама-қарсы.



Жеттік те. Бұл Даңқ саябағы. Ботагөз батыр қыздың құрметіне арналған ескерткіш.



Көне мешіт




Шара алдындағы дайындық.

Балалар болмаса, бұл базар да нағыз болмас ед… әлемді жандардың нағыздығы, шынайылығы құтқарады демекші. Ал шынайылық қашанда кішкентай жандардың жанында, олардың жүздері арқылы өздерінің барын білдіред.




Құлын кезінен баққандарының құлағында ойнайтындар.

Жоғарыда көрсетілген Ойыл аграрлық колледжі мен оған қарама-қарсы орналасқан көне boutique-тер арасындағы алаңға тігілген киіз үйлер облыстағы өзге аудандарды және елдегі басқа да ұлттарды ұлттық киімдерімен театрландырып таныстырып жатты.




Бағана айтқан көне бутиктер, сонау Жібек жолдан келе жатыр. Осы күнге дейін сақталу себебін кейбіреулер кірпіштер түйе сүтімен араластырылып қаланған деген нұсқасымен түсіндіреді.


Міне сол, сатуғаұсынбалары есігін кезекті рет айқара ашқан тарихи ескі сауда орындары.







Бұл немене?! Стадион дағы. Біз тек жібекжолды емес, аяқдопты өңір екенімізді ұмытпағайсыз. «Аяқ қышыса доп, жаратынымыз...... », дұрыс!


Өзге аудандардан, селолық округтерден келген коммерсанттар.



Э-яу-ьоу

Концерт басталмас бұрын құрметті меймандармен бірге бір шатырдың астындағы ақ дастарханға шақырылдық.

Төр ортасында елімізге белгілі күйші мен өнертанушы Абдулхамит Райымбергенов отырса, бергі жақта шай ішіп отырған Ойыл ауданы әкімінің орынбасары.

– Таак, бізде не бар… халық жиналды, «вроде» бәрі тыныш… аха..

Түстеніп болғаннан кейін, дайындықтың шарықтау шегіне жеткенін көрдік.

– уОо, ассалаумағалейкөөм...

– тәрәдәйтә, мм-х-мм, тәм-тәрә-рә, пам...


Әнге салған әжелер.

Орыс халқын қарғалылықтар таныстырды.

Концерт басталмай тұрып жаппай сұхбат алвалваттық.

– Қинап жіберді ғо мыналар… төуу мана бір жерін дұрыс айтпай қалған сияқтымын...


6 бақан




Әнші, пародист


Алматыдан келген ырғыздық ағамыз өзінің әріптестерімен әр аудан болып тігілген киіз үйлерді аралауда.


Тазы. Әтештер айқасы болған, бірақ өкінішке орай, керуен көшімен бір уақытта өткендіктен соңғысын жіберіп алдым.


Әртістердің ашық аспан астындағы гримдеу даласы.

Театр әртістері

Концерттік проганы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі бастады.

Дирижер Жанас Бекентұров: Қанекей қыздар, жігіттер… дайынбыз ба?… кеттік!





Дирижер, ұжым жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» иегері, профессор Еркебұлан Мүсіреп.

Никонманка

Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты Ерлан Рысқали халықтың көңілін оятты.

Әділқазылар



6 бақанға таласқан балалар.

Сауда-саттыққа келген «керуеншілер»

Қыдыр Атаның түйемен келуі.

— Суретке түсіруге менен басқа қыз таппай қалған ба...

– Туу, мынау да...

– И жарайд, көзімде ашки бар ғо, тұра берейінші.

Ислам дінін де арқалай келген қожалар



Қаззақтар






Әйел бастаған жауынгерлер

Қыдыр Ата батасы

Юкрэйн

Ну возьмите меня

Алтын дауысты сал серілер

Ғуси Федеғасио

Еркінөмірлі сігәндар


Алтыбақан тебе алмай құлап, аяқдопты таңдаған Лео

Тақа құлағың келіп баратса, осыдан құла.


F F F
Фест екі күнге жалғасты, біз таңда барып кешке қайттық. Ойылда қалған БАҚ өкілдері де болды. Екінші күні жыршылар, ұлттық спортшылар жарысы, жергілікті әншілердің концерті болды. Ал мемлекеттік оркестр мен әншілер өңір бойынша өздерінің шағын турнелерін бастады. Ұқсас фесттер облыс бойынша сонымен қатар, Темір мен Ырғыз аудандарында да болып тұрады екен. Басқа да аймақтар осындайдан құтыла алмасын.) Рахмет.
Айтпақшы, әдеттегідей видеобонустар:
Алдыңғы ауыл БҚО, бұрынғы Жымпиты, қазіргі Сырым ауданындағы Бұлдырты туралы фотолатқам.
Суына талай шомылып, құмын жалаң аяқ басқан мекенім.
Тезек басып, шөп түсірген, төбелесіп, көз ісірген балалығым…
Бұзау іздеп күн өткізген, сәкіде ұйықтап түн өткізген туған жерім…
Доп теуіп, атыспақ ойнаған аймағым…
п.с. Суретте таныс тәтелерді көріп тұрмын :)