ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

Жұлдыздарымызды тойға шақыру үшін «ақшасын төлесек болғаны» деп ойласаңыз, қателесесіз. Олардың сыйақысымен қоса, «каприздерін» де көтеру керексіз. Дәл қазір той-бизнестің көшін бастап тұрған әншілеріміздің райдері қандай? Олар басқа қаланың тойханасында ән салу үшін нендей талаптар қояды?
Дженнифер Лопес секілді «тек қана ақ түсті жиһаздар мен ақ раушанға толы қонақ үй бөлмесін», Бритни Спирс сияқты "қонақ үй қызметкерлерінің бәрі ақ түсті киіммен қарсы алғанын, өзі ертіп жүретін бас аспазының ғана тамағын" сұратпаса да, Қазақстан әншілерінің өзіндік талаптары бар екен.
Сонымен… күн сайын әр қаланың тойын қыздыратын, дәл қазір қызу сұраныста тұрған райдерлі әншілеріміздің ондығы.

10. Ғалымжан Молданазар

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріБиыл ғана өнердегі жұлдызы ерекше жарқыраған Ғалымжан тойға шақырса, ешқандай талаптар қоймайды екен. Мұны той-бизнестегі тәжірбиесіздігі дегеннен гөрі, тым қарапайымдылығы деген дұрысырақ болар. Ғалымжан үшін ұшақтағы орнының қай класқа жататыны маңызды емес, діттеген жерге жетсе болғаны. Қонақ үйдің де жұлдызын санап әуре болмайды, тамақтың да ұсынылғанын жейді. Үнемі тек жанды дауыспен айтатындықтан микрофонның сапалы болғанын қадағалап отырады. Тойға шақырушыға айтар бір ғана талабы бар: тапсырыс беруші жақын танысып, жақсы араласу үшін Молданазарды әңгімеге шақырып, мазасын алмау керек. Жалпы ешкім тиіспегенін қалайды.


9. Серік Ибрагимов

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріСерік те дәл Ғалымжан сияқты ұшақтың эконом класымен де, ұсынып жатса, бизнес класымен де ұша береді. Күтіп алушылардың Жигули сияқты көлікпен келмесіне сеніп, «мынадай машинамен қарсы алыңдар,» деп те айтпайды. Қонақ үйдің таза болуын ескерткенімен, жұлдыздарының санына бас ауыртпайды. Алайда, Серік жанынан администраторын тастамайтындықтан жол шығындардың бәрі екіге көбею керек. Серіктің қояр ерекше райдері: ән арасында қолындағы аспабымен, яғни, саксофонымен әуен тартатындықтан микрофонның тіреуіші болуы шарт.


8. Айгүл Иманбаева

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері
Ұшақ билетінің класы (бизнес/эконом) міндетті емес, бірақ, Air Astanaмен ұшқанды қалайды. Қонақ үйдің люкс номері, тазасы, қолайлысы болу керек. Көбіне әр қаладан өзі ұнататын қонақ үйді таңдауға тырысады. Айгүл өте-өте тоңғақ адам болғандықтан жататын жердің жылы болуын қадағалайды. Әрине, қымбат көлікпен қарсы алу керек.



7. Ақылбек Жеменей


Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері
Ақылбек тек қана бизнес класпен ұшады. Қымбат көлікпен қарсы алып, бес жұлдызды қонақ үйге жайғастыру керек. Жанында үнемі көмекшісі жүретіндіктен оның да шығындарын көтеру міндет. Музыкалық аппараттардың сапалы болғаны да өте маңызды. Осының бәрін орындап, 5 мың АҚШ долларын төлесеңіз, Ақылбек Жеменей тойыңызда антрактіге дейін болады.



6. Айқын

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері
Ұшақтың бизнес класымен ұшпаса болмайды. Қонақ үйдің жұлдызы маңызды болмаса да, таза отельдің люкс номерінде жату өте маңызды. Қымбат болмаса да, құнарлы, дәмді тамақтан 3 мезгіл нәр алу керек. Қай қалада болса да, үнемі көмекшісімен жүреді. Ерекше райдері: жанды дауыспен ән айтатындықтан дауыс колонкалары 3 кВт-тан төмен болмауы керек.



5. Бүркіт пен Аиша

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

Міндетті түрде ұшақтың бизнес класындағы орын, міндетті түрде 5 жұлдызды қонақ үй. Ұшақтан түскенде қымбат көлік күтіп тұруы керек. Тойхана емес, тойдағы адамдардың саны өте маңызды: адам аз болған сайын Бүркіт пен Аиша алатын сыйақы құны қымбаттай береді. Оны «адам азайған сайын олармен жұмыс істеу, көңілін көтеру қиындай береді,» деп түсіндіреді Бүркіт.



4. Қыдырәлі мен Қарақат


Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріБұл жұп тек бизнес класпен ұшып, тек бес жұлдызды отельге қонып, тек қымбат көлікпен алып жүргенге үйреніп қалған. Тойға тапсырыс алмас бұрын тойхананың аппаратурасын тәптіштеп сұрап алады. Өздерімен бірге микрофондарын алып жүреді. Ерекше райдері: тойхананың тым биік болмауы. «Тойхана өте биік болған сайын акустика нашарлап, дауыс шашырап кетеді, ән дұрыс шықпайды,» — дейді Қыдырәлі.


3. КешYOU тобы

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

КешYOUдың сылқымдарының тек бизнес класпен ұшатыны бесенеден белгілі. Әрине, алты жұлдызды қонақ үйлер пайда болса, бірден соны таңдар еді. Айдана жақсы көретін жеміс-жидектер, Кәмшат жақсы көретін балық та сұраған уақытта лезде дайын болуы керек. Бұл герлз-бендті қай қалаға барса да қара джиппен алып жүру — ең басты да, ерекше райдері.



2. Қайрат Нұртас


Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріҚайрат: "- Шетелге шықсам, райдерімді аямастан үйіп-төгемін. Өз елімде көп еркелемеймін," — дейді. Қайратты тойыңызда көргіңіз келсе, 7 мың АҚШ долларынан бөлек, бизнес кластың билет құны, 5 жұлдызды қонақ үйдің люкс бөлмесін, өте қымбат көліктің алып жүруін қадағалау керексіз. Міндетті түрде бірнеше таза орамал болу керек. Қайрат қай қалаға барса да, таныс-паныстың үйіне бас сұқпай, тек қана қонақ үйде жатқанды жақсы көреді. Сондықтан бөлмесінің жайлы болуы — ең басты талап.


1. Асхат Тарғын

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

Талапшыл жұлдыздар ондығын «Мария Магдалена» хитін орындаушы Асхат Тарғын бастап тұр. Асхатты тойыңызда көрем десеңіз, ұшақтың бизнес класынан орын әперіп, S-класты көлікпен қарсы алып, әппақ төсегі бар, бес жұлдызды қонақ үйге орналастыру керексіз. Бөлмесінде шоколад, жеміс-жидек және газсыз су міндетті түрде болу керек.




Ақпарат әншілердің өзінен, продюсерінен және администраторынан алынды.
Әрі қарай

Қоғам: Байқоңыр тынысы

Мутанттар туыла ма? Алматыда оқып жүргенімде осы сұрақ алдымнан көп шығатын. Жыл өтті, құлағым тыныш. Ал жазда бөлем қыдырып келген кезде таң қалған: — Қазақтың жері емес пе? Тіпті, мынау тұрған Қазалыдан келген Ispek92 -тің туыстары да дәл осы сұрақты қойған болатын. Рас, Байқоңыр қаласына құжатсыз кіру қиын. Ал мүмкіндіктері қарастырылған. Мен Атбасар, Щучинск, Жітіқараның Солтүстік Қазақстанда, ал Хромтау мен Жемнің Батыс жақта екенін білемін. Алайда жұрттың көбісі мен туған жердің қайда екенін, қандай қала екенін мүлдем біле бермейді екен. Осы бір себеппен Grand Duos-қа сенім артып, қаланы жаяу араладым...Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысы

№1 бөлік. Сырдариядан стадионға дейін...

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыМен тұратын үйдің сиқы осы. Жалғыз біздің ғана ауламыз көлікке толып тұрмайды. Пошта жәшігі әкімшілікке шағымдануым арқылы пайда болды. Көшенің сәнін газ құбыры келтіріп тұр. Ал екі үйдің ортасы қазіргі күнде тегін автотұраққа айналған. Біздің мұрынбоқ кезімізде бұл футбол алаңы болатын. Жігіттер оқуға кеткен соң алаңымыз алаңсыз солай қалды. Бұл күнде санаға деградация жасайтын бір сұрақ бар: адам өзгерген бе, әлде заман өзгерген бе? Әлбетте, мен де жауапсыз қалуды жөн көремін. Дегенмен, сізге сұрақ: біздің алаңда ауланың жүгермектері доп теппейді, ал алаң «баяғы жартас сол жартас» әлі. Қандай өзгеріс бар екен? Иә, мүмкін олар жасыл алаңда бұт терлетіп жүрген шығар.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыӨзен жағалауының көрінісі осы. Әкімшіліктің бұл жерді жиыстыруға құлқы жоқ. Әй, әкімшіліктің осы отырысы дұрыс-ей! Жағалауды қоқысқа толтырған әкімшілік емес қой! «Сатурн». Кезінде кинотеатр болса, қазір тек мәдени іс-шаралар өтеді. «Дом пионеров». Әлбетте, пионерлердің заманы өткен. Мектеп оқушыларын жетпіс түрлі өнерге баулитын үй. «Луна» осыдан екі-үш жыл бұрын жабылды. Кезінде талай оқушының мас күйінде, ал жігіттердің тасқа түйінделген қайран зар заманы болған еді. Ал шіркеуіміз сонау ІІІ ғасырда өмір сүрген, Рим императоры Гай Авреелий Валеерий Диоклетианның тұсында басы шабылған мегагиперсупер азап шегуші Әулие Георгийдің атында. satibaldi -ның ата-әжелеріне құрмет ретінде оқиғалардың хронологиялық кестесін ұсынамын:

1 сәуір, 1992 жыл Протоиерей Геннадий Макаренко ізгі христиандарға алғашқы «жұмасын» өткізді.
24 сәуір, 1992 жыл (Пасха)Протоиерей Алексий Бутенко алғаш боп басқарған ғибадатхананың тіршілігі басталды.
1992-1994 жылдар аралығыИерей Сергий Снопков «бас имам» болды.
1994-1996 жылдар аралығыИерей Евгений Ворончихин «бас имам» қызметін атқарды.
1996 жылШіркеудің «бас имам» қызметіне Сергий Бычков тағайындалды. «Наиб имамы» протоиерей Михаил Иванцов болды.
1 маусым, 2005 жылЖоғары мәртебелі Елевферий (Олефир), Шымкент пен Ақмола архиепископтары шіркеуді дәріптеді.

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыБәрі жек көретін ЦОН (ХҚКО). Мына еркек болса жүгіріп бара жатыр. Көк туымыз желбіреген орын — сот. Құдай сақтасын! «Титаник» кафесі тек жаздыкүн шілде болғанда орыстарға толады. Біздегі жұрт тұзды суы үшін мына құбырдың астына жата кетеді. Жым-жырт жағалауда жалғыз жүріп сергіп алдым.


Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысы«Орион». Бассейн. 2009 жылы 1 ақпанда ашылған мемлекеттік бюджеттік мекеме. Мекемеге «Олимпия» кафесі де тиесілі. Мұнда көбінесе балаларды жүзуге үйретеді. Сонымен қатар шейпинг те бар. Мекемеде 96 адамға арналған бассейн, дамбал кептіретін зал, он бес адамдық 2 жаттығу залы бар. Футбол алаңында еркектердің доп тебетінін көргем. Бірақ теннис алаңы «ескерткіш» үшін салынған-ау шамасы. «Десятилетие» стадионы «Маяк» спорт кешенімен қоса мемлекеттік бюджеттік мекемеге тиесілі «Байконур» спорт-сауықтыру кешеніне қарайды. Бұл кешен 2001 жылы 27 сәуірде құрылған. «Байқоңыр» кеден бекетінде тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Байқоңыр әкімшілігінің бөлімшесінде тұрғындардың құжаттары рәсімделеді. Иә, сырттан келетін қаратабан «елім-айшыларға» да бір айлық уақытша құжат осы жерде дайындалады.

№2 бөлік. Алаңда Ленин алаңсыз...

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыОрталық алаң. Ленин де әжем заманнан бері әлі тұр. Кейде «Центральная» қонақүйіне жол сілтеп тұрған шығар деген азғын ойлар сананы сан-саққа шапқылатады. Суретте шошқаның етін жейтін орыстың екі сары домалағы 24 сағат бойы сауда жасайтын «Космо» дүкеніне кіріп бара жатыр. Бұл дүкенге өзім кіріп көрмеппін. Бұл дүкеннің орны кезінде офицерлердің үйі болған деседі.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыЕкінші дүниежүзілік соғыста о дүниеге аттанғандардың құрметі үшін саябақтың кіреберісінде ескерткіш қойылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Байқоңырдың бір шеті боп табылады. Ары қарай Жезқазғанға жол тартуға болады. Асықпаңыз, өкініштің үшінші дәрежесіне сәйкес әлі ондай жол салынбаған. Ал мұндағы атракционға бала-бақша көбінесе мереке күндері ғана келеді.

№3 бөлік. Arbeit? — Жоқ, Арбат!

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыЦиолковский атындағы мен оқыған №2 қазақ орта мектебі. Биыл шынымен де іші-сыртын жөнге келтірген. Директор әжейдің жасы жетпістен "қашып" бара жатса да, «тағынан» тұратын ниеті жоқ. Алжыды деген осы! Әй, не де болса, әбілхаят суын ішіп жүр-ау осы. Мектептің жанында қарттардың балабақшасы бар. Орыстар әке-шешелерін азанда әкеліп тастап, кешке әкетеді. Балаңа жасағаның алдыңнан шығады деген осы.

№4 бөлік. Көлік және денсаулық һәм Қарулы күштер министрлігіне қарассыз қала бөлігі

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыАурухана жаққа (госпиталь) жол тарттым. Госпиталь дегенім, кезінде бұл жер әскери аурухана болған. Тіпті, кереуеттері де сол тоқсаныншы жылдардан қалған дүние. Осыдан алты-жеті жыл бұрын соқырішекпен осы жерге түскен едім. Кереуетте жазылған «Мордовия» жазуы әлі есімде. Жолдың арғы бетінде жетімнің үйіндей қазақтардың әскери комиссариаты бар. Жеті насырым жерге кіріп, бетіңіздің суы бес төгілетіні сөзсіз. Мұнда әскерге бару үшін де, бармау үшін де тиын-тебен төлейсіз. — Отан алдындағы борышыңды өтемейсің бе? — дейді өзі әскерге бармаған иығында «шені» бар еркек. Бұл жетім бұрышта дамбал киген жігіттердің күлкісінен микрофлорасымен қоса ағызып шайып кететін оқиғалар көбірек болады. Ауруханаға қарама-қарсы бетте перзентхана орналасқан. Иә, қандай керемет, үшқабатты ғимарат деп тамсануға болады. Тек асықпаңыз. Перзентхананың сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Ішінде лифт жоқ екен. Сөйтіп, әкімшілік түрлі себептерді негізге ала отырып, перзентхананың ашылуына рұқсатын бермеді. Қазақтардың бюджетті қалай тонағандарын әңгімеге қоспайын. Себебі бұл ғимараттың кірпіштері сонау 2007 жылдары қаланған еді.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыМәдениет сарайы. Міне, Қайрат Нұртасың да, Музартың да, Моцартың да, басқасы да мың теңгелік концертін осы жерде өткізеді. Соңғы рет оқушы кезімде Шаншарды тамашалауға келіппін. Балақай болса музыка мектебінің есігін ашып жатыр. Еті тірі аналар балаларын осы мектепке береді. Екінші қабатында біреу пианинода ойнап жатқан. Көзбен көрмеген соң құлақпен тыңдағандай болдым.
Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыМАИ. Мәскеудегі авиациялық институттың филиалы. «Біз оқушы кезде бұның дәрежесі жоғары болатын. Қазақтан жылына бір-екі бала ғана оқуға түсетін. Ал қазір қазақтың ұл-қыздары өріп жүр. Шүкір, қазақтың білімі артқан екен», — деген ішкі монологым іштей тынды. Дегенмен, біздің колледждің мұғалімдері асханасы арзан деп осы МАИ-ға барады. Үшінші суреттегі ғимарат жұмыспен қамту орталығы ғой. Осы мекеме арқылы «Космос» колледжіне жұмысқа орналасқам. Мына қатынымыз Стелла емес, стела. "Ғылым және ғарыш" ескерткіші. №1 орыс мектебінің ғимараты ұнайды. Ғимаратта бөсіп жүр Таня, Катя, Машалар.

№5 бөлік. Шағын ғана ықшам аудан

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысы6 және 7-ықшам ауданды жалғап тұрған мына жолда «Ленинск» жазуы әлі күнге дейін тұр. Дұрыс, бұл — тарих! Қаланың бір бұрышы 7-ықшам ауданға тіреледі. Ары қарай: Ақай елді-мекені. Сәйкесінше, Ақайға осы ықшам аудан арқылы өтесіз. №14 мектептің кімнің атында екенін білмеймін. Бұл да қазақтардың жылап жүріп ашқан бір мектебі. Орыстар оңайлықпен рұқсатын бермеген еді. «Евразия» базары қазақтың қолында. Қаладағы мақтауға тұрарлық орта. Дәл қасында «Аяулым» мейрамханасы бар екен. 2009 жылы «Голливуд» клубы болып ашылған еді. Бастығы — қазақ. Сол жерде біздің түлектер бешірі болған. Есте қалғаны, темірді көрдім де, қызды көрмедім. «Гранд» маркеті бар деп бір молда қуанып келе жатса, дәл артында түнгі клубы тұрғанын көріп, мешітке №1 автобуспен тайып тұрыпты.

№6 бөлік. Қала орталығы — Абай көшесі

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыОрталықты Абай көшесі алып жатыр. Көшенің мұрны ҚР ІІД мекемесіне тіреледі. Ар жағы — Ақай, мына жағы — Төретам. Жалғыз кітапханада бірде-бір қазақша кітап жоқ. Нәтижесінде жақсы білім алып шығасыз. Себебі қазақ тілінде мұндағы кітаптарды таппайсыз. Екіншіден, ақпаратқа қарныңыз әбден ашып жүрген болар. «Астана» кафесі қалай ғана дағдарысқа ұшырамай жүргеніне таң қаламын. Орталық үлкен базарды өзіміз «дәу базар» дейміз. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің алды көлге айналды. Ал әскери бөлімшенің мына бір ғимараты солайымен тұр. Құлайтын түрі де жоқ. Біздің «Космос» колледжі сарбаздардан қалған осындай ғимарат қой.

№7 бөлік. «Даманский» ықшам ауданы

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыКонтинентаралық қос сатылы сұйықтық… іһқэх-һэх-іэх! Межконтинентальная двухступенчатая жидкостная ракета легкого класса 15А15 (SS-17) главного конструктора М.К. Янгеля. Оһ, міне, енді дәл келді. Даманский аралында орыстар мен қытайлар қақтығысқа қата қалса да, бұл Даманский шағын ауданы қазақ пен қазақтың талай төбелесіне куә болған жер. Сырттан келген қаратабан қазақтар осы ауданда көп. Сондықтан алқаш Жәкеңнің Бәке-Сәкелерге "әкең!" деп тәжікені таңға дейін созатынын жиі көретін боласыз. Әуезов атындағы №6 қазақ орта мектебінің артындағы ашық жер қоқыр-соқырға жиналған. Тіпті, мектептің айналасы қоқыс боп жатыр. Байқоңырдың бір бұрышы осындағы шеткі үйлермен бітеді. Ар жағы шекара. Байқоңыр мен Төретамды осы қоршау бөліп тұр.

Әдишінлей: Төретам

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыБілесіз бе, Қазақстан темір жолы арқылы Оңтүстіктен Батысқа қарай сапарға шықсаңыз, Байқоңырдың вокзалын таппай өтесіз. Жолсерік қатынға немесе қарынға теңгесін берсеңіз де, ол сізге тек Төретамның вокзалын көрсете алады. Мінген сасық пойызыңыз Төретамға жақындағанда қаланың картинасын көруіңіз сондай ғажап! Менің де айтпағым сол, Байқоңырға келу үшін жалғыз дүңгіршегі бар Төретамның вокзалынан 8 минут ішінде түсіп үлгеруіңіз керек. Ал мына сызба сіз үшін құпия карта болмақ.

1. 1000 теңге? Иә, вокзалдағы тайқарбай-майқарбай такси жүргізушілер сізді қалаға мың теңгеге жеткізіп салады. Бір жақсысы, сіз қаланың шетіне жаяу тартып, дуалдан секіріп жүрмейсіз. Кім біледі, бұтыңыз екіге ажырап кетер. Дегенмен, құжат көрсету арқылы өтетін шекарадағы (КПП) кезекші сарбаздарға сөзі өтпейтін шопырлар да болады. Міне, күніңіз соларға қараса, әуелі сізді қаланың шетіне жеткізіп тастайды. Дуалдан амалсыз секіруіңізге тура келеді. Сөйтіп, жалдаған таксиіңіз қаланың ішінен сізге жетіп, туысыңыздың үйіне аман жеткізеді. Біз болсақ «КП» (кыпы) дейміз.

2. Бөгет бөгет болмас. Мың теңгеңізді бейшара шопырға қимасаңыз, дуалдан«О, мақанзең!» деп омақаса құлағанда жыртыла жаздайтын бұтыңызды сол ақшаға тіктіріп аларсыз. Бірінші тұрған нысананың белгісі Сырдарияға жақын орналасқан. КП-дан алыстау. Сонымен қатар мешітке жақын дуалдан да аттап өтуге болады. Кейде Даманскийден келе жатқан жігіттер ерінгенде сол жерден секіріп өтеді. Бұл — суретте екінші нысана.

3. Пүлістің белгісі Төретам мен қаланың орта нүктесі. Осы жерден Ақайға да жол тартуға болады. Тіпті, осы орта жолда да қалаға өтуге болатын дуалдар бар. Алайда өтуін өткенмен, алдыңыздан еменнің бұтағы құлайтындай күйге түсесіз. Себебі қаланы жылумен қамтамасыз ететін ЖЭС және жұмысшыларды пойызбен алаңға жеткізетін орын орналасқан. Қысқасы, қорқынышты ортадан өтесіз. Алайда дефектолог Korkem секілді жоғалып кетуіңіз мүмкін. Ол Facebook-тан әрең табылған еді. Міне, сіз не қоршаудан шаршау білдірмей екі аттап өтесіз, не болмаса КП-да сиықсыз орыстан көтіңіз гүрілдемей аман өтесіз. Жалпы, бізде үш КП бар. Төретам мен қала арасы — негізгі жол. Бұл жолға Королев көкеңнің аты берілген. Ал орта жолда орналасқан КП арқылы сіз бірден қала бұрышындағы ықшам ауданға тартып кетесіз. Міне, сол жақта қала мен Ақайды ажыратып тұрған шекара — тағы бір КП бар.

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыБұл коллажда екі суретке рентгенге түскен алақанымның суретін жабыстырдым. Біріншісі мен айтқан қорқынышты ортадан қалаға өтетін жол. Байқасаңыз, дуалдың жартысы жоқ. Ал екіншісі Ақайға алақайлап тартатын жол. Айтар ақылым, бұл жақпен Ақайға барып жүрмеңіз. Себебі бұл орын сонау тоқсаныншы жылдардан қалған өнеркәсіп орындары, сысысырыңа көк тігілгір!

Атамның әңгімесі

Керек тілші: Қоғам: Байқоңыр тынысыЖалпы, қарашаның он төрті күні Төретамды толықтай бір айналып, суретке түсіріп шыққам. Сол үшін қолда бар алтынның қадірі болған Grand Duos-қа шектеулі алғысымды білдіремін. Сурет пен сөзге сүрінген болсаңыз, атамның әңгімесін тыңдап көріңіз:

Құрметті оқырман, сізді мына сілтемелерге әбден сілтеп-сілтеп жіберейін: Байқоңыр панорамасы, Нөстәлжі Байқоңыр, Байқоңыр әкімшілігі. Сонымен, не білетін едіңіз, енді не білдіңіз? Сіз білмейтін тағы не бар?
Әрі қарай

Саф таза діннен безінгендер

Замандасқа айтарым бар…
«Анау кісінің баласы сақалдылардың қатарына қосылып үй қарасын көрмей кетіпті», «өткенде ана қарияның қызын көрдім, үйінен безіп, жамылып, көзін де тормен тұмшалап алыпты», « басқа ағымға қосылған баласы әкесіне құран бағыштамай көміпті», — деп алғашында үрке қарайтын біз пиғылы жат топтарды көргенде үрейленбейтін халге жеттік, көз үйреніп кетті, көшеден топ — тобымен жүргендерін күнде көріп міз бақпай жандарынан өте береміз. Соңғы кезде кейбіреулердің «олар мәйітті жерлегенде үйінен иіс шығармақ түгілі жаназасын бағзы қазақтардыкіндей емес, мүлде өзгеше шығарады екен, тұратын үйлерінің терезесін жауып, үйге күн сәулесін түсірмейді екен» деген әңгімелерін естіп, жағамызды ұстаймыз. Құдды біз солардың арасында өмір сүріп отырған халық секілдіміз. Біз емес, олар біздің арамызда жүріп өзінің діни бағытын насихаттап жүр. Иісі қазақта талай ғасыр бойы болып көрмеген сұмдыққа тәуелсіздіктің ауасын жұтып, еркіндіктің тұлпарына енді міне бергенде кезіккенімізді айтсаңызшы?!
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Сонау аты шулы Шыңғыс ханның жойқын шапқыншылығы тұсында да халқымызға діни қысымшылық жасалған емес, мәдениетіміз бен тілімізге құрық ілінген жоқ. Бертін келе Ақтабан шұбырындыда да еліміз аузынан Алланы еш тастамай, «елім-ай» — лап жүріп аман өтті.
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Ал бұлар қайдан, қандай мақсатпен келді? Бізді ішімізден ірітіп, түбіттей түткілері келетіндей бізде не жеті атасының құны бар? Қазақ деген ежелден ешкімге соқтықпай, малын жайып, бейбіт көшіп — қонып жүрген, жерімізге көзін тіккендердің туын жығып, дос болайық дегеннің кеудесінен итермей, өзегінен теппеген халық едік қой?! Әлде тек қарумен ғана күшті едік пе? Жоқ, жоқ! Жерімізде ұлы Арыстанбаб, Йассауидің аруағына құрмет көрсетіліп, әсем кесенелер тұрғызылған емес пе? Осындай ғұламалардың өсиетін, уағызын тыңдап, рухани байлыққа қаныққан халқымыздың жан дүниесін әлсіз дей алмаймыз. Жетпіс жыл патшалы Ресейдің отары болып, атеистік іліммен жүрдік, олар барынша біздің ата дін, тіл, салтымызды тұншықтырып, отарлық езгінің астына салып, ұлттығымызды, бар құндылығымызды жаныштап бақты. Бірақ әрдайым бар нәрсеге төзіммен қарай білетін қайсар ұлтымыз қашып — пысып жүріп өз мұрасын сақтап қала білді. Дін, тіл деп шарқ ұрған арыстарымыз атылғанымен, олардың ұрпақтары, ұлтжанды азаматтарымыз соңына дейін күресе білді. Патшаның әскерінен тығылып жүріп намазын тастамай, оразасын тұтқан талай ата — әжелеріміз болған. Енді таңымыз арайлап атып, күніміз күлімдеп батар сәтке келгенде мынадай қасіретке душар боламыз деп кім ойлаған? Ата салтымызда болмаған нәрселерін, бабамызға таңсық дүниені бойымызға дарытуға неге сонша әуестендің, қазағым?! Дүниеден озған әке — шешесіне құран бағышатамайтын, табытты жерге тігінен салып жерлейтінді қай қазақтан көріп едің? Қазақ деген ертеден қонақ келгенде жалғыз атын мінгізіп, жалғыз шапанын жауып жіберген халық. Ал қазіргі өзін шын мұсылманға теңеп, басқаның жетегімен жат ағымның шартын орындап, жолынан адасып жүрген қандастарымыз үйіне қонақ кіргізбей, туған — туысымен араласпай, ата — анасымен бір дастарханнан ас ішпей жүр. Мұның қай жері дұрыс? Кімнің әмірімен жүргендері бір Аллаға ғана аян. Ислам дінінің бұрыс ағымдарына ата дінге бас ұрамын деп адасып от басқан, өз бағытын таба алмай қателесіп қосылғандар қаншама? Ал заты қазақ бола тұра басқа дінді жағалап, оның тура жолдан тайынғандарына ілескен қандастарымыз саф таза дінінен безініп, неге өзгенің дінін үйренуге құмарта қалды екен?
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Діни сауатымыз жоқтың қасы болып орыстанып бара жатқанымызда азаттықтың көк туы желбіреді. Енді бар құндылығымызды қайта оралтамыз, әлемге «қазақ» атын паш етеміз деп бөркімізді аспанға лақтырып, атой салып жүрген шақта тезірек рухани байлығымызды түгендеп, бойымызға сіңіруіміз керек пе еді? Өткенді де кінәлауға хақымыз жоқ.
Керек тілші: Саф таза діннен безінгендер
Сондықтан елімізде құдды өз жерінде жүргендей тайраңдап, алшаң басып жүрген, қай ұлтқа, қай дінге жататыны белгісіз, біреудің бұйрығымен келіп, өз миссиясын орындап, халқымызға іріткі салып жүргендермен бірлесе күресуіміз керек. Біреудің азғыруынан құрдымға кеткен ел болмайын десең бүгіннен бастап жаратқанға иман келтір, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) өмірін оқып, әйелдерінің (Аллаһ оларға разы болсын) іс — әрекетінен, исламның дамуына қосқан үлесінен үлгі алып, бес уақыт намазыңды қаза қылмай, айлардың ең қасиеттісі Рамазанда отыз күн аузыңды бекіт, замандас! Бәріміз бірдей өз дінімізге берік болсақ қана арам ниетті келімсектер де ит сиақты иесіне оралар. Қанша экономикалық қуатты болсақ та, рухани әлсіздік бізді адуынды жаудың оңай жемтігіне айналдырады. Осыны жадыңда мәңгіге ұстағайсың, құрметті егемен елдің азат ұланы — Қазақ азаматы!
Әрі қарай

Өкіндіріп өтпесін өмір жалған

Әкежанның арманы
Әкежан 12 жаста. Арманшыл бала. Өскенде сәулетші боламын дейді. Біз палатаға келгенде жатырқамады. Кішкентай балаларды жинап алып, асыр-салып ойнап жүр. Бірін пират етті, енді біріне «полиция боласың» деп қару-жарағын тапсырды. Бір-бірін қуып мәз. Ойында қорқыныш та, үрей де жоқ. Енді 5 күннен соң оң қолы дәл білегіне дейін кесілетінін білмейді…
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Анасы Бибігүл Семей қаласының Георгиевка ауылынан. Жасы 38-де. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы балалардың онкологиялық ауруларын емдейтін бөлімшеде жатқанына 6 айдан асыпты. Әкежанның бұл аурумен ауыратынын мүлдем білмеген. Жазда Әкежан құлап қалып, қолын ауыртып алған. Еті ауырып қалған деп назар аудармапты. Бірде балалардың бірімен жұдырықтасқанда алақаны ісіп кетті. Дәрігерлерге қаратқанда, олар физиоемдеуге жолдаған екен. Сәулемен әсер еткен соң алақаны тіптен үлкейе түсті. Тек содан соң дәрігерлер бұл остеогенді саркома екенін анықтаған. Химиятерапияның 4 процедурасы да оң әсерін бермепті. Енді тез арада қолын кеспесе, денеге тарап кетуі мүмкін.
Қазір Әкежанды ота алдында психологиялық дайындау үшін Бибігүл психотерапевт шақыртты. Оның әр сеансы 7 мың. Әрине, бөлімшеде бір психолог бар. Бірақ ол бөлімшедегі отыз баланың қайсысына үлгерсін.
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
— Мұнда тек балаларға ғана емес, олардың аналарына да психолог керек, — дейді Бибігүл көмейіне келген өксігін басып. Анасы ұлына қолыңды кессе қайтер едің дегенде, оған баласы үзілді-кесілді қарсы болып, қолымды ешкімге кескізбеймін деген еді.
Әкежан психотерапевтке бар сырын ақтарады. Армандарын айтады. Суреттерін көрсетеді.
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Бұл Әкежанның салған арман үйі
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Бір сөзінде егер саусақтары қозғалатын протез салса, қолымды кестіруге көнер едім депті. Бірақ ондай протезге қаражат қайдан болсын. Баласының бұл дертке шалдыққанын естігенде Бибігүл жұмысты тастап, Астанаға тартқан. Әкесімен ажырасып кеткен. Ол осында анда-санда келіп тұрады. Бірақ одан әріге қауқары жоқ. Бұл бөлімшеде жатқан балалардың көбісіне квота бөлінген. Бірақ квота тек баланың жатқан орнын, емін және тамағын өтейді. Ал баламен жатқан ата-анасы орнына да, тамағына да қаражатты өзі төлейді. Палатадағы бос төсекті нұсқап, «мұнда ауқатты отбасының 4 жасар баласы жатады. Астана тұрғындары. Баласына күтуші жалдап жатқызады. Күтушісіне дәмділеп ас-сауқат беріп жібереді екен. Ол болса, кейде бізбен бөліседі. Оны да құдайдың бізге жолдаған қамқоры деп түсінемін» дейді. Химиятерапиядан кейін балалардың тәбеті мүлдем нашарлайды екен. Алты ай бойы аурухананың нәрсіз тамағынан әбден шыққан балалар тамақты татып алмайды. Аңсары үйдің тамағына ауады да тұрады. Көршісінің иісі аңқыған, үйден жасалған тамағына қарағыштай беретіні де содан болар.
Алты ай бойы баласының жанын бағып, тілеуін тілеп отырған Бибігүл кез-келген көмекке риза.
Назымның өмірге назы бар
Осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желіде Гүлнұр Мәмежанованың онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсету қажеттігі туралы постын оқығам. Шама-шарқымызша кітап жинап берген болдық. Гүлнұр болса, бос уақытын волтонтерлікке арнайды. Бірде балалардың бірінен арманы туралы сұрағанда, «Қайрат Нұртасты көруді армандайтынын» айтқан екен. Телеарнада істегендіктен Гүлнұр бұл арманын да орындады. Бұл ретте Қайрат Нұртасқа адами алғысымды білдіргім келеді. Ал, осы жолы Гүлнұр Назымға қыстық киім қажет екенін айтты. Сыйлығымызды алып Назымға келдік. Табиғатынан ұяң қыз, біз келгенде де ашылып сөйлемеді. Мұңды жүзін бұра берді. Анасы осы бөлімшедегі барлық кітаптарды түгел оқып шығып, енді тоқуды ермек етіп жүргенін айтты. Назым 16-ға толса да, ауру тек құр сүлдерін қалдырыпты. Мен білмесем, 12-13 жаста деп ойлар едім. Әкежан сияқты, Назымға да бұл ауру сүйектен келген, диагонзы: остеогенді саркома. Әкежан сияқты Назым да Семейден. Бұл орталықта жатқанына жеті айдан асты. Жазда ауруы асқынып, жүруден қалған еді. Химиятерапия оң әсерін берген сияқты. Қазір анасының көмегімен бір-екі қадам жасайды. Әйтсе де, Назым мойымайды. Өмір үшін күресін бір сәт те тоқтатпайды. Бос уақытында тоқумен айналысады. Ауылдағы сіңілісіне әдемі жейде тоқып қойыпты. Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Тіпті бөлмесіндегі 1 жастан асқан Абайға да шұлық пен бас киім тоқып берген.
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған

Ал Абай бір жастан енді асты. Біз келгенде пысылдап ұйықтап жатыр екен. Анасы Әйгерім сәбиінің ұйқысын күзетіп отыр. Оның көзінен мейірімді, жанкештілікті, үрей мен аянышты байқадым. Әйгерімнің, айтуынша алты айға дейін сәбиінің қатерлі ауруға шалдыққанынан бейхабар болған. Тек алты айында Абайдың бүйірінде түйін сезіле бастады. Біртіндеп өсе берді, өсе берді. Осылайша онкологиялы балаларды емдеу бөлімінен бір-ақ шықты. Ота жасалып, бір бүйрегі алып тасталды. Қазір химиялық терапияны қабылдауда. Әйгерім іштегі шер-мұңын өлең жазып шығарады. Бірақ түбі осы аурудың жеңетініне сенімі мол. Ішкі шерін де, үмітін де кейде ақ қағазға ақтарады:
Кішкентаймын, ауырып құлай бердім,
Мазалап анашымды жылай бердім
Әлсізденіп бойыма күш жия алмай,
Тұрамын ба? деп анамнан сұрай бердім

Құлыным деп аймалап анам сүйіп
Мен үшін суға түсіп, отқа күйіп
Пенде жоқ ауырмайтын балапаным,
Күресейік аурумен күшті жиып.
***
Жаным, қалқам, өмірдегі жанашырым,
Асылым, көзімдегі қарашығым.
Басыма бақыт болып қонғаныңды
Сезіндім махабатты бар асылым.
Сезіндім, сезе білдім махабатты,
Тіледім жүректерге шапағатты.
Қиналып, қапа болып, азап шегу
Өшірмесін жүректегі парасатты.


Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Бұл бөлімше пациенттерінің көбі Семей өңірінен екен. Ең кішісі бір жасқа да толмаған.
1949-1989 жыл аралығында Семей полигонында 473 ядролық жарылыс, 175 химиялық жарылыс жасалған. Соңғы ядролық сынаққа 25 жыл өтсе де, дүниеге кемтар сәбилер келуде, сау болып туылған балалар айықпас дертке ұшырауда.
Дәлізде химия терапиясынан шашы түскен, аурудан құр сүлдері қалған балаларды көргенде осы полигонға, оны жасаған адамдарға қарғыс жаудырудан басқа амал таппадым.
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Кезекші дәрігерлер қайта қайта мазасызданып, ескерту жасай бастаған соң, достарымызбен қоштаса бастадық. Менің ойымнан Әкежан кетпейді. Анасынан Әкежанды қалай қуантсам болады, өзі нені қалайды дегеп сұрадым.
Маматай, маған ролик әперші. Осы жерде тып-тыныш тебемін. Басқа ешнәрсе сұрамаймын, — деп қиылған екен өзі. Ал, Бибігүл болса:
Ролик кемінде 6 мың теңге тұрады. Оған ақша қайда. Әкежанның бүйрегі бұрыннан ауыратын еді. Қазір химиялық емдеуден кейін мүлдем нашарлады. Аяғы да содан бола терлей береді. Егер мүмкіндік болса, табаны шимен тоқылған үйде киетін сүйретпе болса, жақсы болар еді, — деді.
Кетіп бара жатып, өзіме кешікпей қайтып келемін деп уәде берумен болдым. Балалардың жәудіреген жанарлары, аналарының мұңға толған жүздері көз алдымнан кетпейді.
Керек тілші: Өкіндіріп өтпесін өмір жалған
Сіздің ойыңызша қоғам деген не? Қоғам – бұл биік мінбердерден айтылатын жалынды ұрандар, сарабдал саясат, жыл сайын ел алдында берілетін есеп, аудиториясы белгісіз ауқымды бағдарлама ма? Меніңше, қоғам «адамның күні адаммен» принципі бойынша бір біріне мейіріммен қарайтын, бір-біріне жанашырлық жасауға қабілетті адамдардан құралған топ. Егер келіссеңіз, жаныңызда сіздің көмегіңізге зәру жандар бар. Соларға назар аударыңыз.
Әрі қарай

Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Дельфин мен кит балық емес, сүтқоректі екенін мектептен-ақ білгеніммен, кейде дельфин акуладан гөрі бізге жақын екенін ойлап, басым жарылып кете сақтайтын. Ғалымдар бұл сиқырдың сырын «конвергентті эволюция» деген ақылды сөзбен түсіндіреді. Арасында еш туыстық байланысы жоқ екі хайуан бір табиғи ортада өмір сүргенде, оларда сырттай ұқсас белгілер мен қасиеттер пайда болады. Бірақ, құлағы ұзын екен деп есек пен қоянды туыс дей алмаймыз ғой! Сол сияқты, жарқанат та ұшатынына қарамастан торғайға туыс емес. Ал кейде керісінше, сырттай мүлде ұқсамайтын екі жануар біз ойлағаннан әлдеқайда жақын туыс боп шығады.
«Биеден ала да туады, құла да туады» дегендей, бұл туыстардың бір ұрпағы жан сақтаудан «спорт шебері» болса, екіншісі жүзуден чемпион. Үшіншісі жай ғана көптің бірі, көттің кірі. Ал төртіншісінің сорлап қалған кескінін көрсе, қанжар тісті атасы ұяттан жерге кірер еді. Ендеше, хайуанаттар әлеміндегі адам айтса сенгісіз 10 туыстықтың үлгісімен таныс болайық.


10. Қалталы қоңыр тышқан мен коала

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Бұл аңшық бір қарағанда тышқанға ұқсайды. Екі қарағанда да тышқаннан айыру оңай емес. Австралиялықтар "қалталы қоңыр тышқан" деп атағаны да содан. Дегенмен, «antechinus» деп аталатын бұл жануардың кеміргіштер тобына еш қатысы жоқ. Кеміргіштерге тән болатын ұрық жолдасынан бұл шибұттар жұрдай болған соң, ғалымдар оны қалталы жыртқыштар тобына жатқызады. Яғни, қалталы тышқан мен коала жеті атадан қосылмаса да, бір қалталы хайуаннан тарайды.

Тек бірі талға, бірі жер бетіне тұрақталған. Сол сәттен бастап, жердегісі ірі жануарлардан құтылу үшін шалт жиырылатын бұлшық еттерді дамытады. Қашып-пысқан тіміскі-тышқани өмірден шөгіп, көрген адам қолына түскен затпен ұрып өлтіргісі келетін ұсқынсыз кейіпке келеді. Ал талдағысының салыстырмалы қауіпсіздігі, керісінше, баяу жиырылатын бұлшық еттерді ғана дамытуға мұрша береді. Нәтижесінде, екінші топ жалқау, ұйқы мен жапырақ соғудан басқа түк бітірмейтін сүйкімді коалаға айналған көрінеді.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


9. Мара (Патагония қояны) мен теңіз шошқасы

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Әңгіме көрші райондағы 81-дің Марасы туралы еместігін сезіп отырған шығарсың. Келесі кейіпкердің ұсқыны фотошоппен жасалғандай. Бұны балаңа көрсетсең, «асырап алайықшы» деп «зайыбыңды» алары анық. Бұл не өзі? Мал ма? Қоян ба? Кенгуру ма?
«Патагония қояны» деген екінші атына қарамастан, Мара — қоянтәрізділер емес, кеміргіштер «руының» өкілі. Ал кеміргіштердің ішінде Caviidae «әулетінен» тарайды. Демек, Мараға қояннан бұрын өз «әулетінен» шыққан кәдімгі теңіз шошқасы әлдеқайда жақын екен.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


8. Шиншилла мен жайра

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Терісі бағалы шиншиллалар туралы нені білген дұрыс? Біріншіден, олар алғашқы махаббатына мәңгі адал келеді. Ну, енД… «мәңгі» дегенде арқам қозып кетсе керек, 10-15 жылдай дейікші. Үйде олар шамамен сонша уақыт өмір сүреді екен. Екіншіден, шиншилла үй қояндарымен де, егеуқұйрықтармен де анау айтқандай туыс емес. Оның ең жақын туысы — жайра. Гендік-молекулалық сараптамаға сәйкес шиншилла кеміргіштер отрядының Hystricomorpha немесе «жайратәрізділер» тармағынан тарайды. Ал жайраны қазақтар «тағылан» және "үлкен кірпі" деп атағаны жөнінде деректер бар. Дегенмен, жайраны үлкен кірпікшешен деп атау дұрыс емес, себебі, кірпілер кеміргіш емес, өз алдына бөлек тұқымдастар өкілі.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


7. Қорқау қасқыр мен мангуст

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан"Қой, енді қасқыр мен мангустты шежіренің бір бұтағына мінгізуің қалды," — демей тұра тұрыңыз. Сіз, бәлкім, гиенаны ірі мысықтардан «отдуши» таяқ жеп, «чмо» боп қалған қасқырға ұқсататын шығарсыз. Кешегінің қазақтары да солай ойласа керек. Алайда, бұл қанқұмар жыртқыштың қанында ит пен қасқырға тән мінездің ізі де жоқ. Неге?
Жыртқыштар (Carnivora) мысықтәрізділер (лат. Feliformia) және иттәрізділер (лат. Caniformia) болып екіге бөлінеді. Қорқаулар бас сүейгі мен тістерінің құрылысына сәйкес мысықтәрізділерге жатады. Мангуст та сол топта. Сондықтан, мангуст тұқымдастары Қорқауларға кәдімгі дала тағысынан әлдеқайда жақын деуге негіз бар.

Камерасымен хайуандарды алды-артынан түсіріп, аң аңдумен өмірі өтетін жанкештілер "өлексе жеген өлімтік" деген айып арқалаған қорқау қасқырдың, шындығында, көздеген жемтігінің 90 пайызының түбіне өзі жететінінін анықтапты-мыс. Сол рас болса, қорқау қасқыр, жеме-жемге келгенде, он жорықтың бесеуінде қанжығасы бос қайтатын аң патшасынан да епті болғаны.
Бәсе деймін, әбжыланға әкесін танытқан «Рикки-Тикки-Тавидің» «жиеншары» сүмелек болмаса керек-ті.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


6. Есек пен мүйізтұмсық

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Бірнеше мың жыл бұрын қасқа маңдайына адамзатқа құл болу жазылған жуас тақтұяқтылар (жылқы, есек һәм зебра) жүгімізді, қару-жарағымыз бен өзімізді тасымалдаудың таптырмас құралы болып келгені рас. Сондықтан, «есек пен жылқының ең жақын туысы — төрт түліктің бірі» деген ой туу мүмкін. Ойыңызды бөліп жіберсем, кешіріңіз, бірақ жылқы тұқымдастардан бөлек тақтұяқтылардан бұ заманда тек мүйізтұмсық пен тапир ғана аман қалған.

Әрине, зообаққа соңғы рет бес жасыңызда барған болсаңыз, «Тапир» дегенің не пәле, тағы?" деуіңіз де ғажап емес.

Ендеше, «тапир» дегенім — мына бәле:
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Иә, әлгі Мел Гибсонның «Апокалипсис» фильмінде шошқаша қорсылдап жүріп, үндістердің құрығына түсіп қалатын мақұлық осы. Түріне қарасаң, сауыт-сайманынан айрылып, мұңайған боқтың күйіне түскен мүйізтұмсыққа келетін сияқты, ә?
Әлде үнемі іші қаталап жүретін жалғыз жануар осы ма екен? Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуанҚалай болғанда да, тақтұяқтылардың даму жолына көз жүгіртсек, анық ұқсастықты байқауға болады. Мысалы, мүйізтұмсықтың аяғында үш «башпай» бар…

… жылқыларда да болған. Бір кездері. Бірақ қос қапталындағы екі мыртық бақай уақыт өте келе семіп, ортадағы алып тұяғы ғана қалды.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


5. Ехидна мен үйректұмсық


Ехиднаның суретіне қарағанда, алғаш ойың: «Ай, осы дәу де болса жоғарыда аты аталған жайраның туысы шығар...» — болуы мүмкін. Олай емес екенін білген соң. "Әлде, кірпінің туысы ма?" деп кірпінің туыстарын түгендеп кетерсің, бәлкім.
Азғын қиял «Ох! Бұл әлгі екеуінің садо-мазо стиліндегі жыныстық қатынасынан туған көрбақ қой!» дегізбей тұрғанда, тікенектің арғы жағына үңіліп, құс тұмсығын байқайық. Тәк...Үңіле түссек, оның қарнында қалтасы бар екенін көреміз. Әрі қарай жақындай түсуге рұқсат беретін дипломымыз жоқ, әттең, әйтпесе оның қосмекенділерге тән ұлы, кіші, орта дәреттерімен қоса жұмыртқаны да сала беретін жалғыз мүшесі барын байқай алар едік.
Аталған қасиеттердің барлығы бір бойынан табылатын жануар әлемде біреу ғана — үйректұмсық.
Үйректұмсықты алғаш тапқан ғалым біреудің бұрыштан атып шығып мұның бәрі әзіл екенін айтуын бір күн күткен көрінеді.
Үйректұмсықтың үйрек тұмсығы, құндыз құйрығы, ескек аяқтары мен кенгуру қалтасы оны эволюцияға да, жоспарлы жаратылысқа да қарсы аргумент қылып жіберді.

" Қойшы-ей, рас па? Үйректұмсықты қалай түсіндіресің ал?"

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


4. Аю мен итбалық

Адамның аюға деген пейілі қызық, негізі. Бір жағынан, бала болып құшағына ойыншық аю басып көрмегендер сирек, ал екінші жағынан, шын аюмен бетпе-бет кезігіп қалсақ, бұтымызға жіберіп қояр едік. Суретіне қарап, аюларды құшақтап алғың келгенімен, өміріңдегі соңғы құшағың сол болатынын әлгі жеріңмен сезіп тұрасың. Ескекаяқтылар деп бұрын итбалықтар мен морждарды біріктіретін сүтқоректілердің бөлек отрядын атайтын. Бүгін итбалықтар мен морждар жыртқыштар отрядының иттәрізділер (лат. Caniformia) деген кіші отрядына дербес әулет ретінде қосылып, эволюция бұтағында аюлар мен сусарлардың "құдайы" көршісіне айналды.

Осы кезде, сен ашуланып кетіп: « Ау, епті ғана, ана байғұстардың аяғы да жоқ қой! Бұтақбас ғалымдардың бізді ауыздан тігіп отырғанын осыдан-ақ көрмейсің бе? Әлде, соны байқау үшін де биолог болу керек пе?!» — деп, бақырып жіберуің мүмкін.
Иә, бірақ итбалықтың «ескектеріне» мұқият қарап көрдің бе? Жауабыңды «Жоқ!» деп болжап отырмын. Ендеше, суретке зер салайық:
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Енді, аюдыкіне қара:
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Итбалықтың ескегі жалпақ, аюдың тырнақтары ұзын. Алайда, екеуінің де әр аяғында ішке тартылмайтын 5 тырнағы бар, сүйек құрылымдары бірдей, жүру сипаты бойынша да табаны мен бақайлары жерге бір мезетте тиеді.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Канадалық Девон аралындағы қазба жұмыстары ескекаяқтылар осыдан 20 миллион жыл бұрын Жер мақанның бетін мекендеген жыртқыш пуйиладан (лат. Puijila darwini) тарағанына меңзейді-міс. Бұл педри… кешірерсіздер, пуйила құрлықта да, су ішінде де көкесінің үйіне келгендей ойқастап жүргенге ұқсайды.

Ал бүгінгі ескекаяқтылар артық «жүгірістің» бәрін қойып, жалпиып жата бергенді жақсы көретін сияқты. Бекер-ақ, әйтпегенде, өзінің ептірек туысының күнделікті асына айналмас еді…
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


3. Тау даманы мен піл

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Пілдің ең жақын екі тірі туысының бірі — тау даманының кескіні бойын рухани сырқат не үрей билеген суырға ұқсайды. Оның тұрақты мекені Израиль, Палестина мен Оңтүстік Африка жартастары.
Оңтүстік Африка! Ауылдың кіл бұзықтары жиналған сыныпқа түскен әлжуаз баланы елестете аласыз ба? Сілеусіндер, қабыландар, әбжыландар, жабайы иттер мен бүркіттер жайлаған бұл тозақта даман сияқты «чорДтар» қалай аман қалады?
Түріне қараңызшы.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Өш, көтек, сойдақ тісін ақситып, айбат шегіп қояды екен ғой бұл да? Одан да, анау тышқанның құмалағындай боп қалған күрек тістерін өсіріп, кеміргіш бола салғаны артық па еді? «Сойдақтан» гөрі, "ұры тіс" деген дұрыс шығар бұныкін. Әрине, қан майданға дамбалшаң аттанып кеткен жанкештілігіне қол соқпасқа болмайды. Дегенмен, даманның көті бүріспей жүретін кезі болмайды. Оның бүкіл өмірі қоректену, "қай жағымнан жау келер?" деп жалтақтау мен жыртқыштарға жем болудан тұрады.
Ал сол кезде оның ең жақын бөлесі ұзын тұмсығын көтергіш кран, қол және субурқақ қызметіне жегіп, еңгезердей денесімен жыртқыштарды үркітіп жүреді. Сырттай мүлде ұқсамайтын екі жануарға ортақ нәрселер:
1) Екеуінің де алдыңғы аяқтарында төртеуден тұяқ бар, артқысында үшеуден.
2) Тау дамандары пілдер сияқты қауымдасып тіршілік етеді.
3) Бас сүйегі мен асқорыту жүйесі пілдікіне ұқсайды.
4) Екеуі де бір-бірімен байланыс үшін алуан түрлі дыбыстар қолданады.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


2. Піл мен ламантин

Пілдің дамандардан басқа, «Ламантин» деген тағы бір ұсқынсыз туысы бар. Мына Табиғат мақанның «сіңбірігіне» ұқсаған жануар алыстан моржға ұқсағанымен, ескекаяқтыларға еш қатысы жоқ. Ламантинның даму жолы біз білетін барлық теңіз сүтқоректілерінен дербес өрбіді.
Ұзын сөздің қысқасы, пәленбай миллион жыл бұрын, бойы қысқа, семіз, Prorastomuses атты Ямайкалық мамонттар судың айналасынан шықпай қалады. Ақыры толық суға өтіп, түгенбай миллион жыл дегенде, денесі білеуленіп, ішіне қазы тығылған бүйендей жылтыр, суда баяу қалқып жүріп-ақ сілікпесі шығып, шаршап жүретін бұтақбас бір жануар пайда болады.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


1. Дельфин мен сусиыр

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Соңғы жұп — туыстығының дәлелі бар да, айғағы жоқ жұп. Өз көзіме сендірей, викиға тойдырмай, Дискавери мен Би-Би-Си каналдарын аралатып жіберген тап осы жұп болатын.
Сену қиындау, бірақ кит пен дельфиннің «бабалары» камшат, cусар сияқты жартылай су аңдары болыпты. Киттәрізділердің (лат. cetacea) сусиырмен туыстығы жайында бұрын да оқығанмын. Әйтсе де, олардың бұтақтары қай жерде тоғысатынын білмейтінмін. Әйтеуір, ортақ аталары жұптұяқты болғаны және шамамен 50 миллион жыл бұрын киттәрізділер мен антракотерийлерге бөлінгені белгілі.

1-суретте Ambulocetus — (лат. «жүретін кит») мүсіні түсірілген. Ол — кит пен дельфиннің сүйкімнен жұрдай арғы атасы.

Ал 2-суреттегісі — сусиырдың ішті айдайтын фито-шайларды ішіп-ішіп, азып кеткен Антракотерий деген атасы. Очм, Амбал Әсеттің ұрпағы уақыт өте келе суға әбден бейімделіп, құрлыққа тұяғын бір сілтеген сияқты. Ал Антракотерийлер біржола жойылып біткен. Бірден емес, біртіндеп сусиырдың балиғатқа толып, мұрагер боп қалуға шамасын білген соң ғана кете берген.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Күмәнданайын десем, жоғарыдағы туыстықты ғалымдар ДНҚ-сараптамасы мен жануарлардың сүйек құрылысына сүйеніп жасаған. Сене салайын десем, бұл жұптардың аралық түрлері әлі нақтыланбаған.
Айталық, ғалымдарды «Осы туыстықты негізге алып, дельфин мен киттерді жұптұяқтылар отрядына жатқызуға бола ма?» деген сұрақ мазалайды. Себебі, онда сусиырлар ғана емес, маралдар, түйелер, сиырлар, тіпті шошқалар мен керіктер де дельфиндерге жұрағат болып кетер еді.
Иә, барлық адамдардың түбі бір болатыны сияқты, хайуандардың да түбі бір екеніне сенуге болады. Тек филогенетика мәселесі — олардың бір-бірінен қашан, қай тұста және нақты қай түрден қалай тармақталатынын анықтау. Ал заманауи зерттеулер нәтижесі бізді әлі талай таңқалдыратын сияқты.



дереккөздер:
www.cracked.com, www.bbc.co.uk/nature/prehistoric, www.bbc.co.uk/nature/wildlife/,
Cуреттер: www.wikimedia.org, www.flickr.com, www.sciencedaily.com, www.zoosite.com.ua


Әрі қарай

Блогиада топ ондығы

Бұл блогиада бұрынғысынан басқаша. Стоп! Бұл алғашқы блогиада екен ғой. Иә, талай-талай материалдар жазылды. Аршаттан сұрағам, 300-ден асып жығылды. Ал, алда тағы да турлар бар ғой. Қазір төртеу қалдық. Осы күнге дейін қазыларlfy ең жоғары балл алған 33 жазбаның жиырма бесі финалистерді екен (менікі үшеу-ақ). Ендеше, бұл посттағы топ ондық осы финалистер шығармаларының ішіндегі үздіктерді анықтауға арналмақ.
Әрі қарай

Кофеханалар шеруі

Кофе мәдениеті елімізге енді-енді еніп жатқан секілді. Әлбетте кез-келген бұрышта сапалы кофені өзіңмен ала кететін дүңгіршек жоқ, дегенмен қаладағы арнайы кофеханалар саны көбейіп келе жатыр. Астанада 50-ден астам кофехана бар екен, ал Алматыда бұл сан 100-ге жетіп жығылады. Енді әзірге Алматымен сервис жағынан санаса алмаймыз, ну енД барымен базар.



ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Әңгіменің түйіні – Астанадағы кофеханаларға өзімнің субъективті шолуымды жасағалы отырмын. Кофегурман пікірін күтпей-ақ қойыңыздар, рейтингке қаланың оң және сол жағалау орталықтарындағы кофеханалар ілінді және бағалары бойынша орналастырылды. Бағалары шамалас орындар дизайны мен қызметіне байланысты приоритетке ие болды. Аргумент ретінде бұрынғы отырыстардан естеліктер мен осы аптадағы рейд нәтижелері қолданылады (рейдке кетіп бара жатқаным туралы инстаграмда орысша хабарлап жіберіппін, кешірім өтінем). Фактілерден құр алақан емеспін десем де келісу-келіспеуді өздеріңе қалдырдым.




Эспрессо-бар

ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 1000-2000 теңге
Асханасы өте дәмді. Әлгі бір сэндвичтері, мм… Интерьер – супер! Қызмет көрсету – жоғары деңгейде. Құр отырыстан ләззат ала-алмайтындар үшін – интернет, түрлі үстел ойындары қарастырылған. Артықшылық па, кемшілік пе, өздеріңіз саралаңыздар – мәзірде спирттік ішімдік мүлде жоқ. Әттеген-айы – Әуезов көшесінің қараңғы түкпірінде. Бірінші рет баратындар үшін түсіндіру қиындау, кейде өзім де қателесіп таппай қала берем (бұл енді өзімнің жеке проблемам, иә, иә, GPS-ім өте нашар). Сосын өте кішкентай болғандықтан орын аз, ал жоғарыдағы артықшылықтары үшін кісі көп баратындықтан, алдын-ала брон жасамай жай соғып тамақтанып кете салам деу – далбаса болып қалады. Бірақ телефон шалып уақыт белгілеп қойсаңыз, орныңызды ешкімге бермей күзетіп отыратындарына кепілдік беремін.




Coffee-corner
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 1000-2000 теңге
«Momento» мейрамханасының бір бөлігі болып саналатын бұл кофехананың ең басты артықшылығы – арзандығы дер едім. Мейрамхана екеуінің асханасы бір болғандықтан менюі де бай. Әлгі бір «қысқы шай» тамаша, Аятай екеуміз қанбастан ішкенбіз. Шәйнегі кішкентай екен бірақ. Ол кезде мына саксафоншы болмады, ә? Иә, иә, кофехана үшін бұл артықтау секілді ме? Жоқ, бұл мейрамхана ғой бірақ. Ой, шатасып кеттім. Уобшым, интерьер жұтаңдау (мейрамхана емес, демек). Жө, стилі өзі сондай болу керек, минимализмге құрылған. Бірақ үйде отырғандай жайлылықты сезіне алмадым. Эспрессодан бір саты төмендігі содан болса керек.



Costa-coffee

ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Бұл енді бренд болып саналатын кофеханалар желісі. Орналасуы қолайлы – Республиканың бойында мен мұндалап тұр. Оның үстіне сол жағалауда Керуенде кішігірім филиалы бар. Өзіңе-өзің қызмет көрсетесің, әхәхә. Интерьеріне әңгіме жоқ, жиҺаз бен ыдыс-аяғы Англиядан келеді екен.Тіпті кей десертті қатырған күйі Англиядан әкелеміз дейді. Иә, чиз-кейктері өте дәмді! Бірақ қарын тойдыратын «существенный» нәрсе жегіңіз келсе Сosta Coffe-ге бармай-ақ қойыңыз, себебі онда салат пен клаб-сендвичтен басқа дым жоқ. Олары да онша арзан емес. Бірақ мына бір есіктен өтсеңіз КFC-ге топ ете қаласыз, ал онда әлгі тауықтар бар, хехе. Сол жақтан бірдеңе жеп алған соң, Сosta-дан тәттілеуге болады. Мен өткенде сүйттім өзім (тьфу, обжорка деп ойлап қалатын болдыңыздар).




Шоколадница
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Шоколадницаның артықшылығы – тек қана орналасуында дер ем. Сол жағалаудың көрнекі жерінде, тура Керуеннің қасында. Айтпақшы, Момышұлының бойында тағы бір филиалы бар, ол бір плюс. Мәзір алуандығы мен интерьері жағынан қатардағы ортанқол кофеханалардан қалыспайды. Бәрі тамаша, тек порциялары аздау секілді. «Сен қызға не жоқ, өлдің бе тамақтан» демеңіздер енД, шамалы неғылсын да…
Мына фотоны Эфон түсірген, есінде шығар (сіңлім, қашан кофе ішеміз?)




Coffeertini
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 2000-3000 теңге
Өзім тұратын ауданға жақын жерден бір кофехана қарастырмасам болмас. Қош, Мирзоян көшесінің бойындағы Сoffertini туралы не айта аламын? Интерьері қызық бір, жылтырақ па...(дизайнер болған түрім құрсын) Жақын да болса, сирек барады екем оған. Тіпті неше рет барғанымды біледі екем – 2-ақ рет. Соңғы барғанда лазаньяны ұзақ күтіп қалғаным әсер етсе керек.




Caramel
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге

Иманов көшесінің бойында көзге көрініп тұрған кофехана – осы Caramel. Мәзірге бай екен, бірақ бағалары алдыңғылардан қымбаттау. Интерьері әдемі, әсіресе перделеріне сындым. Сосын айнасы ұнады. Қызмет көрсету деңгейі жоғары. Эспрессодағыдай ойын тақталары мұнда да бар екен. Және түрлі газет-журналдар. Аноу тізілген сертификаттар мен мараппаттауларды көрдіңіздер ме?

Мадлен
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге
Шымкенттегімен салыстыруға да келмейді, иә. Бірақ сол жағалаудағы Мадлен кофеханасы астаналықтар үшін танымалдығын жойған емес, өте сүйкімді жер. Әлгі бір тауық бәліші дәмді, Алматыдағы Моржық-Мадлен «отырғызып» қойған оған мені.




Marrone Rossa
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 2000-4000 теңге
Бұл кофехана сол жағалауда, Керуеннің ішінде орналасқан. Киноның түнгі сеансында ұйықтап қалмау үшін кіріп шығуға болады. Мұндағының интерьері қарапайым, Алматыдағысы әдемі болатын. Жол жүріп бара жатқанда Айкомен кездескенбіз ол жерде таңғы сегізде. Мәзірі стандарт, кофе түрлері және пісірмелер. Мадленмен бағалары бірдей болса да, екеуінің арасында таңдау болса, мәзір ауқымдылығы үшін Мадленді таңдар едім.




Rafe
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
Адам басына орташа шығын: 3000-5000 теңге
Rafe-нің қалада үш нүктесі бар (сол жағалаудағы Нұрсаяда, Есілдің бойы және Керуенге қарама-қарсы). Бұл оның басты артықшылығы. Сонымен қатар іші кең, орын кез-келген уақытта болады. Кең болса да даладай аңырап тұрған жоқ, бәрі өз орнында, өте сүйкімді жер. Мәзір бай, десерт пен тағамның сан-алуандығынан көз тұнады. Уобшым, жарнамаға зәру еместігін администратор фотоға түсіргенімді онша жақтырмағандығымен жеткізді. Жө, былай қызмет көрсету деңгейі жоғары, даяшылары сызылып-ақ тұр. «Алтын шанышқы» иегері екен тағы.
«Фью-фью, джігіттер, қыздарды Есілдің бойындағы Рафеге шақырыңыздар, шыққан соң теплоходпен жүзіңдер» десең, ә. Қыс түсіп кеткенін ұмытып кетіппін.

Pronto
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруі
ОҒМ жазбалары: Кофеханалар шеруіАдам басына орташа шығын: 3000-6000 теңге
Өй, орналасқан жері бар болсын, бағасын былай қойғанда. Орталық болса да, Ғабдуллин көшесінің бір қуысына тығылып қалған. Әлгі «Блогерлер» бағдарламасының футбол финалына қатысты түсірілімінде іздейміз деп, қатып қалғанымыз есімнен кетпес. Асаубек, ол үшін әлі жауап бересің! Ал пиццасы мен шайы «тақырып». Жұлдыздар жиі барады дей ме… Сол үшін шығар.



Тамақтану орындарынан ең бір жақсы көретін орындарым – кофеханалар. Себебі олардың интерьері ортанқол кафелерден әлдеқайда жағымды әрі ерекше, және әлгі бір мейрамханалардағыдай пафостан ада. Көбіне бағалары көңілге қонымды болып келеді, тағамдар тез дайындалады — бұл асыққандар үшін қолайлы.
«Кофе – тек қана сылтау» демекші, әрине біз кофеханаға тек кофе үшін бармаймыз.
Тыныш та жайлы кофехана — құрбылармен сырласуға немесе махаббатыңмен кездесуге таптырмайтын жер.
Әрі қарай

Бала қолындағы сіріңке шырпысы

Мектепке бармаған кезім. Қай жаста болғаным өзімеде белгісіз. Қолымда алғаш сіріңкенің қорабына үйкеп тұтандырған шырпы. Диван ортасындағы алақандай жерді тұтандырып оталдырдым.
Алды күні ағам диван үстінде отырып сіріңкені тұтатып отырған. Сонда жанған сіріңке шырпысы дәл диван бетін керген қалың тоқылған матадағы шағын жыртықтың үстіне дәл түскен. Мата астынан шыққан мақта бықсып үлгерді. Бүгін басқаша. Ағамның қылығын мен қайталадым
От күшін алды. Өткір иісті көк түтіннен қорқып диван қолтірегімен қабырға арасындағы қуысқа тығылып қалдым. Қоңырсыған мақта иісі мұрнымды ашытады. Әжем дер кезде үйге кірді… Алюминий бақырдан су диван үстіне төгілді. Пысылдап от сөнді. Менің аяғымнан тығылып жатқан жерімнен суырып алды. Кеш боларма еді. Шағын бөлменің есігін жауып ісімді істеп едім. Өмірім үзілмей қалды.
Бала кезімде талай рет арсыз өлімнен қалыппын. Орындалмаған маңызды бір ісім бар шығар, әйтпегенде өлім сұрамай-ақ жасына, күйіне қарамай қаншама жанды алып жатыр.
Әрі қарай

Туристер келетін Түркістан

Осы аптада 1500 жылдық тарихы бар Түркістан қаласына жол түсті. Қаланы турист көзімен қарауды ұсынамын.
Ежелгі қалаға тарихи ескерткіштерін және археологиялық орындарын көру үшін Қазақстан халқы мен алыс-жақын шетелдерден жылына 700мыңнан астам адам ағылады. Болашақта ежелгі қалада 4 туристтік орталық ашылады деп күтілуде.

Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
1. Қалаға кіре берістегі қақпа.

Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
2. Бекзат Саттарханов атындағы спорт орталығы

Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
3. Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, статистика бойынша осы білім ордасында 14,2 мың студент білім алады

Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
4. Түркістан десе көз алдымызға келетін тарихи кесенеге сапар басталды. Ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Орталық залының айналасында әртүрлік мақсатта қолдануға арналған 35 бөлмесі бар
Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
Кесенеде 200-ден астам қазақтың хан-сұлтандары, билері мен жақсы-жайсаңдары жерленген.

Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
Отау құрған жастар осы маңда өміріне естелік қалдырмай кетпейді.
Кесене ішінде фотоға түсіруге рұқсат етілмегендіктен қасындағы тарихи орындарға тоқталамын.

Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
Шығыс моншасы
Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
Қылует — жерасты мешіті-медресесі және мұражайынан көріністер
Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
Шілдехана — жартылай қираған жер асты құрылысы, сақталған бөлігі 2 метр тереңдікте орналасқан екен
Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
Кесенеге келетіндердің біразына экзотикалық жануар болып көрінетін түйеге мініп 5 минуттық бір айналым жасау үшін 500тг төлейсіз.
Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
5. Қалалық Жеңіс саябағы. 1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған ескерткіштер орнатылған

Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
6. Түркістандағы ірі сауда орны, тауар мен қызметтердің Қазақстан бойынша арзаны осы жерде дейді. Қала бойынша халықтың ең көп шоғырланған жері. Қала халқының басым бөлігі шағын кәсіпкерлікпен айналысады.

Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
«Современный» қайыршы

Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
Арба сүйреп, аяқ киім жөндеп нанын адал тауып жатқан халық та жеткілікті


Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
7. 2000 жылы ашылған Түркістан қаласының сазды-драма театры

Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
8. Саяхатты аяқтайтын вокзал :)
Керек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін ТүркістанКерек тілші: Туристер келетін Түркістан
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес Түркістанның арзан кәуабын осы жерден табасыздар.

Керек тілші: Туристер келетін Түркістан
Әрі қарай