Дарынды журналистер сынға түсті
Қазақ университеттерінің қара шаңырағы, ҚазҰУ төрінде, «Журналистика» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбындағы олимпиадаға, еліміздің әр қиырындағы 12 ЖОО студенттері жиналған. Білімділер бәсекесінде болашақ мамандар өз білімдері мен игерген машықтарын ортаға салды.
Бұл олимпиада басқалардан өзгерек
Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты білімділер додасына еліміздің әр қиырынан сан түрлі жас жиналды. Бәрінің алға қойған мақсаты біреу. Өздерінің білімдерін ортаға салу, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бағу. Өмірдің өзі күрес, кез-келген бәсекеде алдыңғы қатардан көрінуге тырысу табиғат заңдылығы. Алайда, олимпада барысында ол заңдылық сақталмаса да болады. Себебі, университет қабырғасында жүріп, теорияны кітаптан, ұстаз дәрісінен оқу арқылы алған білімді, басқа студенттермен кездесіп, талқыға салу арқылы бекіту мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, жеңіске жетемін деп емес, «Білім аламын, тәжірибе жинаймын»-деп келу қажет.
Тағы бір айта кетерлігі, өзге мамандықтарға қарағанда журналистика мамандығында өтетін олимпиаданың өзгеше тұстары бар. Мәселен, бөгде мамандықта өткен олимпиада да жеңімпаздар жалпы командалық есеп бойынша анықталатын болса, бұл жерде бәрі басқаша. Командалар өздерінің біліктіліктерін тәжірибеде көрсетеді. Яғни видео сюжет дайындау, аудио оқу, фото түсіру мен онлайн жазба салу. Аталмыш бағыттар бойынша үздік шыққандар жеңімпаз атанады. Журналист мамандығы өзге салалардан қалай ерекшеленсе, оның оқыту әдістері де сондай.
Алматы сапары және олимпиаданың алғашқы күні
Алғашқы күннің қалай өткенін, не істелгенін төмендегі суреттен көруге болады.

Ащы шындық
Бұл күні біз тек сынақ тапсырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Аты барша Қазақстанға жақсы танымал ҚазҰУ қалашығын аралап, осы жерде оқитын қатарластарымыздың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар қауымының айтқан ақылдары мен келелі сөздеріне құлақ түрдік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстазы, ғалым Назгүл Шыңғысованың сөзі көңілге қонымды.
Ұстаздың айтқаны ащы да болса шындық. Алыс ауданға барып, шағын газетте ұмыс істеуді ар көріп, атақ қуып, телеарнадан көрінсем деп жүрген әріптестеріміздің бары жасырын емес. Айтар сылтауы да дайын. Аудандық газеттерге жұмыс істеуге қажетті жағыдай жасалмаған. Оларда жүріп танымал болу қиын. Бірақ бұл сылтау ғана. Егер шын ниетімізбен беріліп жұмыс істесек, еңбек қашанда бағаланады. Қазақ тілді басылымды біз, кәсіби мамандар ойламасақ, дамытпасақ, маман деген атағымызға сын емес пе?
Екінші күн. Ақтық сын.
Сайысқа келген жастардың көкейінде толқу сезімі басым. Оны қобалжыған түр-әлпеттерінен-ақ байқауға болады. Енді ше? Бұл кімнің бағы жанғанын. Қай команданың білімі мен біліктілігі жоғары екендігін анықтайтын күн. Екінші турдың басында әр команда өзін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Түсінбеушілік болмауы үшін, командалардың ортаға шығу реті жереби бойынша анықталды. Жеребе бойынша, білімділер додасын бастау мәртесебі Қарағандылық студенттерге (бізге) берілді. Осыдан соң, әр топ ортаға шығып, өз өнерлерін танытты. Осыдан соң, төрт номинациядан (фото, видео, радио, онлайн) тұратын сайыс басталды.

Алғашқы кезек: «Студенттің бір күні» тақырыбындағы фото байқауға берілді.

Келесі кезекте «Жаңа қазақстандық патриотизм-өркениетті қоғам жетістігінің кепілі» тақырыбында осы байқауға арнайы дайындалған бейне сюжеттер ұсынылды.

Студенттер үйге берілген тапсырмаларды орындап шыққан соң, тікелей эфирде хабар таратуға радио торапқа отырды. "Өңірлік журналистиканың даму жолдары" тақырыбында журналистиканың өзекті мәселелерін көтеруге тырысып бақты.
Жас журналистердің еңбектерін тамашалаған түрлі саланың мамандары өз пікірлерін айтып қалды. Мақтау мен мадақтаудан бөлек сын да айтылды. Сын айтылмай мін түзелмейді. Алайда әріптестеріміздің көпшілігі айтылған сын мен берілген бағаға қарсы шығып, дау тудырып жатты. Бұл халықтың айнасы, жұртқа үлгі болатын мамандық иелері үшін жараса бермейтін қылық екені анық.
Жоғарыда айтылған үш номинациядан бөлек, тағы бір сын жүріп жатыр. Ол мына біздер. Технологияның дамыған заманында ғаламтор арқылы хабар тарататын интернет журналисттер (блогерлер). Екі күн бойы не істеп, не қойғанымызды жазып. Ғаламтор арқылы төрткүл дүниеге хабар таратудамыз.
Жүзден жүйрік шыққан кімдер?
(Бұл тарау, олимпиада толық аяқталып, марапаттау шарасы біткен соң жарияланады)
Әрі қарай
Бұл олимпиада басқалардан өзгерек
Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты білімділер додасына еліміздің әр қиырынан сан түрлі жас жиналды. Бәрінің алға қойған мақсаты біреу. Өздерінің білімдерін ортаға салу, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бағу. Өмірдің өзі күрес, кез-келген бәсекеде алдыңғы қатардан көрінуге тырысу табиғат заңдылығы. Алайда, олимпада барысында ол заңдылық сақталмаса да болады. Себебі, университет қабырғасында жүріп, теорияны кітаптан, ұстаз дәрісінен оқу арқылы алған білімді, басқа студенттермен кездесіп, талқыға салу арқылы бекіту мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, жеңіске жетемін деп емес, «Білім аламын, тәжірибе жинаймын»-деп келу қажет.Тағы бір айта кетерлігі, өзге мамандықтарға қарағанда журналистика мамандығында өтетін олимпиаданың өзгеше тұстары бар. Мәселен, бөгде мамандықта өткен олимпиада да жеңімпаздар жалпы командалық есеп бойынша анықталатын болса, бұл жерде бәрі басқаша. Командалар өздерінің біліктіліктерін тәжірибеде көрсетеді. Яғни видео сюжет дайындау, аудио оқу, фото түсіру мен онлайн жазба салу. Аталмыш бағыттар бойынша үздік шыққандар жеңімпаз атанады. Журналист мамандығы өзге салалардан қалай ерекшеленсе, оның оқыту әдістері де сондай.
Алматы сапары және олимпиаданың алғашқы күні
Алғашқы күннің қалай өткенін, не істелгенін төмендегі суреттен көруге болады.

Ащы шындық
Бұл күні біз тек сынақ тапсырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Аты барша Қазақстанға жақсы танымал ҚазҰУ қалашығын аралап, осы жерде оқитын қатарластарымыздың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар қауымының айтқан ақылдары мен келелі сөздеріне құлақ түрдік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстазы, ғалым Назгүл Шыңғысованың сөзі көңілге қонымды. «Бүгінде қазақ тілді мерзімді басылымдардың жұмысы сын көтермейді.Әсіресе аудандық және облыстық газеттердің көпшілігі білікті мамандардың тапшылығын сезінуде. Маман болмағандықтан олардың көпшілігінде басқа саланы бітірген жандар журналист болып жұр. Бұл мерзімді басылымдардың сапасының төмендеуіне өзіндік ықпалын тигізбей қоймайды. Жыл сайын елімізде қаншама жас журналист мамандығын бітіріп, қолдарына диплом алып шыққанымен, ешбірінің алыс ауданға барып жұмыс істегісі келмейді. Барлығы үлкен қалада қалып қойғысы келеді»,- деді Назгүл Шыңғысова.
Ұстаздың айтқаны ащы да болса шындық. Алыс ауданға барып, шағын газетте ұмыс істеуді ар көріп, атақ қуып, телеарнадан көрінсем деп жүрген әріптестеріміздің бары жасырын емес. Айтар сылтауы да дайын. Аудандық газеттерге жұмыс істеуге қажетті жағыдай жасалмаған. Оларда жүріп танымал болу қиын. Бірақ бұл сылтау ғана. Егер шын ниетімізбен беріліп жұмыс істесек, еңбек қашанда бағаланады. Қазақ тілді басылымды біз, кәсіби мамандар ойламасақ, дамытпасақ, маман деген атағымызға сын емес пе?
Екінші күн. Ақтық сын.
Сайысқа келген жастардың көкейінде толқу сезімі басым. Оны қобалжыған түр-әлпеттерінен-ақ байқауға болады. Енді ше? Бұл кімнің бағы жанғанын. Қай команданың білімі мен біліктілігі жоғары екендігін анықтайтын күн. Екінші турдың басында әр команда өзін таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Түсінбеушілік болмауы үшін, командалардың ортаға шығу реті жереби бойынша анықталды. Жеребе бойынша, білімділер додасын бастау мәртесебі Қарағандылық студенттерге (бізге) берілді. Осыдан соң, әр топ ортаға шығып, өз өнерлерін танытты. Осыдан соң, төрт номинациядан (фото, видео, радио, онлайн) тұратын сайыс басталды.

Алғашқы кезек: «Студенттің бір күні» тақырыбындағы фото байқауға берілді.

Келесі кезекте «Жаңа қазақстандық патриотизм-өркениетті қоғам жетістігінің кепілі» тақырыбында осы байқауға арнайы дайындалған бейне сюжеттер ұсынылды.

Студенттер үйге берілген тапсырмаларды орындап шыққан соң, тікелей эфирде хабар таратуға радио торапқа отырды. "Өңірлік журналистиканың даму жолдары" тақырыбында журналистиканың өзекті мәселелерін көтеруге тырысып бақты.
Жас журналистердің еңбектерін тамашалаған түрлі саланың мамандары өз пікірлерін айтып қалды. Мақтау мен мадақтаудан бөлек сын да айтылды. Сын айтылмай мін түзелмейді. Алайда әріптестеріміздің көпшілігі айтылған сын мен берілген бағаға қарсы шығып, дау тудырып жатты. Бұл халықтың айнасы, жұртқа үлгі болатын мамандық иелері үшін жараса бермейтін қылық екені анық.
Жоғарыда айтылған үш номинациядан бөлек, тағы бір сын жүріп жатыр. Ол мына біздер. Технологияның дамыған заманында ғаламтор арқылы хабар тарататын интернет журналисттер (блогерлер). Екі күн бойы не істеп, не қойғанымызды жазып. Ғаламтор арқылы төрткүл дүниеге хабар таратудамыз.
Жүзден жүйрік шыққан кімдер?
(Бұл тарау, олимпиада толық аяқталып, марапаттау шарасы біткен соң жарияланады)











Алматы облысының әкімдігі мен облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасы жүзеге асырған спорттық дода да волейбол, футбол, тениистен жүлделі орындар сарапқа салынды. Дүбірлі доданы қабылдаған Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының үлкен залында бұл күні журналист те, блогер де, әкімдік өкілдері де доп тепті. Жанкүйер болып келген жұрттың қарасы да көп болды. Ендеше жарыс күнделігін тарқатар болсақ.
Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған блогерлер арасындағы турнирдің өзіндік айырмашылығы мен қызықты жайттары да көп болды. Олай дейтініміз еліміздің әрбір түкпірінен жиналған Блогқұрылтайдың қонақтары мен Талдықорған қаласының жастары, жергілікті БАҚ өкілдері, Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының командалары жарыс көркін қыздыра түсті. Волейболдан төрт құрама өзара үздіктерін анықтаса, футболдан да төрт құрама чемпиондық тәжге таласты.
Сонымен «Жастар» спорт сарайында өткен жарыстың шымылдығын журналистер мен блогшылар ашты. Ойын бірден тартысты бәсекеге ұласып, көрермен делебесін қоздырып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Бұл ойында жергілікті БАҚ өкілдерінен құралған «Журналистер» командасы мен блогшылардан құралған «Испания» командасы жан алысып, жан берісті. Алғашқы болып журналистер бесінші минутта минутта есеп ашып, тұңғыш өткізіліп отырған жарыстың алғашқы голын соқты. Алайда «Испания» командасы тегеурінді қарсылық көрсетіп, ойын текетіреспен жалғасты.
Алғашқы тайм 1:0 есебімен журналистердің пайдасына шешілді. Екінші таймда қос құрама бір-біріне қарымта доп қайырды. Осылайша шиеленісті өткен ойынның қорытындысында 2:1 есебімен «Журналистер» құрамасы жеңіске жетті. Олар ойын барысында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының жігіттерінен құралған командамен тең түсіп, осы басқарманың екінші командасын тізе бүктіріп, жарыстың күміс жүлдесін қанжығағаларына байлады. Одан кейін ойын көркін Алматы облысы жастар саясаты басқармасының қос ұжымы қыздыра түсті. Тартысты ойында әкімдік өкілдерінің жастары жеңіске жетті. Осылайша жарыс барысында екі рет жеңіске жетіп, бір рет «Журналистермен» тең түскен жастар саясаты басқармасының жігіттері ұпай саны бойынша бірінші орынды иеленді. Үшінші орын блогшылардың пайдасына тиіп, қола жүлде еншілеріне жазылды. 
