Шымкенттің жігіті Шығыс Қазақстанда қыз алып қашты
Елімізде тағы да бір жаңалық шу көтерді. Шымкенттің жігіті Шығыс Қазақстанда қыз алып қашты. Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, жігіттің жасы отыздар шамасында, ұзын бойлы. Сірнебай екеуміз оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлерді сөзге тартқан едік.
Абылбек Мауленов: Қыз жалғыз өзі билеп тұрды. Біздің Усть-Каменьде мұндай биші жастар көп. Мен осында "ҮМЗ" АҚ кәсіпорнында аграрлық сала бойынша менеджермін… Иә, жігіттің жасы шамамен отыздарда. Сақалы өскен. Джинсы кигені есімде. Бірақ балағын көрмедім. Иә, шалбарында балағы жоқ.
Ануар Дауленбаев: Славься, Усть-Каааменогооорск! Встааанем ряяядом и споем друууг-другууу! Вот так вот.
Қалған куәгерлер көшеде тоңып қалған соң, Сірнебай екеуміз ақпаратты басқаша жолмен іздей бастадық. Нәтижесінде қыз туралы мынадай мәліметтерді таптық:
Әрі қарай
Абылбек Мауленов: Қыз жалғыз өзі билеп тұрды. Біздің Усть-Каменьде мұндай биші жастар көп. Мен осында "ҮМЗ" АҚ кәсіпорнында аграрлық сала бойынша менеджермін… Иә, жігіттің жасы шамамен отыздарда. Сақалы өскен. Джинсы кигені есімде. Бірақ балағын көрмедім. Иә, шалбарында балағы жоқ.
Ануар Дауленбаев: Славься, Усть-Каааменогооорск! Встааанем ряяядом и споем друууг-другууу! Вот так вот.
Қалған куәгерлер көшеде тоңып қалған соң, Сірнебай екеуміз ақпаратты басқаша жолмен іздей бастадық. Нәтижесінде қыз туралы мынадай мәліметтерді таптық:
Жұмағұлова Малика, 1991 жылы туған. Биші. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Жастар саясаты басқармасында екі жыл жұмыс істеген. Негізгі құжаттардың көшірмелерін, басқарма жұмысының жоспарларын Қытайдағы Харбин қаласына тыңшылық жолмен жеткізумен де айналысқан.Жақын туыстарынан тек Жұмағұлов Қанат деген ағасын таптық. Ағасы Атырау қаласында Иманғали мешітінде имам боп қызмет атқарады. Ол кісі бізге хабарласты:
Қарындасымды алып қашқан болса, тағдырдың жазуы сол шығар. Біздің асыл дінімізде тағдырға өкпелеуге болмайды. Сондықтан мен тағдырдың жазуына разымын, батамды бердім.Аноним азаматтан поштамызға бейнежазба жолданды. Бейнежазбада Маликаның Шымкентте ақ босаға аттағаны көрсетілген.













Нұркен — Ұлы Отан соғысының қанды қырғын майданында қазақ халқынан шыққан жетінші Кеңес Одағының Батыры. Ол 1919 жылы Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылында дүниеге келген. 9 жасқа дейін осы ауылда өсіп, кәдімгі қазақ ауылының тәлім — тәрбиесін алған. Жастайынан ширақ, пысық болып өсті. Содан 30 жылдардың аумалы-төкпелі кезеңдерінде отбасының ұйғаруымен Қарағанда қаласына көшіп келеді. Соғысқа дейінгі өмірі сонда өтеді. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып Орынбор әскери ұшақтар училищесіне оқуға жіберіледі. 1942 жылы 808 полктің әскери ұшақтар дивизоны құрамында соғыс қимылына белсене қатысады. Нұркеннің қан майдандағы өмірі ұзаққа созылмаса да ерен ерлік жасап, өшпес даңқа бөленіп, аңыз болып тарайтын хас батыр болып дүниеден өтті. Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шабуылына қатысып, фашист тасқыншыларының 12 -танкісін, 28 автомашинасын, 3 зеңбірегін, көптеген жау бекіністерін, ондаған жаяу әскерін жер жастандырып, нағыз ерліктің ортасында жүрді. 1942 жылғы желтоқсан айының соңғы шайқастарында жаудың бірнеше объектілерін талқандап үлгеріп, отқа оранған самолетін неміс әскерлерінің қару-жарақ тиелген тұсына қарай бағыттап, жау төбесінен жұлдыздай жарқырап ағып түсті. Өзінің артына өшпес даңқын қалдырып солай қаза тапты…
Тоқтар ағамыз өзінің туған жерінен (Тоқтар ауылы) Нұркен ауылына дейін «Батырдың басқан жерін мен де басайын — деп жаяу келеді екен. Сонаау жерден Тоқтар ағамыз жаяулап келген жерде біз тұрып жатырмыз!.. Біз үшін бұл-қуаныш)) Ауылымызда қазір 2000 мыңға жуық адам тұрады. Нұркен атындағы мектеп бар. Әрбір бүлдіршін оған еліктеп, батыр болсам, елге пайдамды тигізссем деп өсері анық. Туған жердің атына кір келтірмеу әр баланың міндеті. Олардың бабаларымызға арнап, өлең, әңгіме жазатындары, „ұқсап өссем ғой“ — деген армандары қуантады!
Жоғарыда айтып өткеніміздей, ана тілімізді дамытуда бос аттаннан пайда жоқ. Мәселен қазақ тілінің жай-күйі туралы қазақ тілді газетке жазып көтерудің пайдасы қанша? Ұлттық мүддеге пысқырып қарамайтын кейбір шекпенді ағаларымыз, ана тілімізде жарық көретін газетпен санасады, оларды оқиды деп ойлау асылық болып шықпай ма? Сондықтан нақты қадамдарға барып, тіл дамытуда өзімізден бастайық. Ол үшін не істеу керек? Егер тілді қалай дамыту керек екенін білмесеңіз, тым құрығанда айналаңыздағылармен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Оған көңіліңіз жақпаса қолыңыздан келетін бір шаруаны қолға алып, нақты қадамдарға барғаныңыз жөн. Мәселен, ғаламтор бетінде қазақша ақпараттар аз. Әсіресе википедияда. Бұлда бір кездері біраз шу болып, жазғыш ағайындар газетте мәселе көтерген болатын. Шешімін тапқан шенеуніктер емес алайда. Қолынан іс келетін азаматтар. Барлығын санамалай бермей, өзім білетін бір жігіт туралы айтып өтейін. Есімі барлықтарыңызға жақсы танымал болуы керек. Қазақша уикипедияның әкімшісі Данияр Тәжімбет деген жігіт. Менен бір жасқа кіші, 94 жылғы азамат. Мектепте оқып жүргенде бір өзі укипедияға жүз мақала салыпты. Қазір сол дүниелер талай ағайынның кәдесіне асып жатыр. Ал енді ойлап көріңізші. Тіліміз дамымай артта қалды деп қазақ газетінде жылауық «жүз» мақала жазған, сол үшін айлық алған жазғыштың еңбегі зор ма? Әлде үндеместен үйде отырып алып, елге пайдасы тиетін һәм ғаламторда қазақ тілінің дамуына үлес қосатын «жүз танымдық мақала» жазған жас баланың еңбегі зор ма?
Тағы да сол тіл мәселесі. Өткенде респудбликалық басылымдарды ақтарып отырған едім. (Негізгі мамандығым журналист болғандықтан басылымдарды қарап отыратын әдетім бар). Бір ағамыз көлдей мақала жазыпты. Айтқан сөзі сол баяғы жылауық тақырып. Ұлттық мүде аяқ асты болды, тіліміз өліп барады. Мереке қарсаңында қазақ тілінде жазылған ашық хаттар емес орыс тілділер көптеп сатылады. Қазақы нақышта жазылған кәдесыйлар жоқ… Солай деп кете береді. Бұл бос сөздерден тілдің дамуына қаншалықты пайдалы? Осы мақаланы жазған автор, мәселені басқа қырынан танып ұлттық нақыштағы дүниелер шығарып жүрген жігіттерге қолдау көрсетуге шақырса жөн болар еді. Мәселен, өткен блогерлер құрылтайында Қарағандылық қыздардың жігіттерге ұсынған сыйлығы қазақша күнделік болған еді. Оны жасап шығарған, Қарағандылық Айбек деген жігіт. Болашақпен сонау Лондонда оқып келіп, қазір Қарағанды қаласында жұмыс жасап жатқан жайы бар. Қазақ қыз-жігіттерінің басын қосып шамасы жеткенше ағылышын тілін үйретуде. Одан бөлек, наурызға сыйлық ретінде күнделік дайындатты. Орыстардікі тәрізді емес. Қазақ жыл санауы бойынша 23-наурыздан басталады. Әр бетінде ұлт тұлғаларының қанатты сөздері жазылған. Ұлттық нақышта бейнеленген. Достарыңызға ұялмай естелік ретінде сыйлыққа ұсынуға тұрарлық дүние.