Бла-бла

Тақырыпқа қарап, кей жайдарман командаларының сахнадағы бар тірлігі деп ойлап қалуға, баға беруге болар еді, ә? Неткен символизм… Бірақ, бұл жолы айтайын дегенім ол емес.
Жайдарманшыларды сынай отыра, мен сахнаға шығудың жауапкершілігін және оның артында қаншама еңбек жатқанын түсінемін. Әзіл жанрының микрофонға аузыңды қимылдатып берсең жеткілікті болатын басқа өнер түрлерінен қиынырақ екенін де білемін. Дегенмен, ізденіс барда бірнеше минуттық өнер көрсету қиын болмауы тиіс. Шыршалар-таяқтар, әлемде қаншама тақырып бар, жанр бар, оқиға бар! Туындылар бар! Әлем — үлкен! Ендеше, не ләйліп отырсың?!

Әуен таңдай білу — әр адамның талғамына қарай. Жеңіл, сөздерді қамти алатын ән таңдау және оның мүмкіндігінше көпшілікке таныс болғаны жақсырақ. Мәселен, шетел туындыларынан — Эрик Клэптонның «Лэйласы». Шедевр.



Әуенді үй тапсырмасы не бір ән сайысы. Ән — жеке дара жанр болғандықтан, жеке дара адамға эстетикалық ләззат бере алғандықтан (дауыс даңғара шылапшынның жерге құлағанындай болмаса), оны басып озу үшін әзіл тығыздығы жоғары сөздер болуы керек. Оның үстіне әзілі ауқымды болғанның өзінде, әрлеуші әуеннің үстінен ол айқын естілмеуі мүмкін, сондықтан көп әндер әйтеуір сайыс аяқталатын сәттегі не әншейін бірлі-жарым сөз ғана естілетін нөмір болып қала береді. Әйтеуір, ырымын жасады, көрермен көрді.
Сондықтан, ең ұтымды шешім — музыканың жеңіл және әлсіз сүйемелі, немесе, мүлдем — әуен арасындағы паузаларда сөйлеу. 2013-тің финалында «Назар аудар» «Енді сонша не болды?» әнінің әуенін пайдаланған. Банальды музыка, ұйқассыз сөздер — бірақ тамаша нөмір!

Жоғарыда аталған Клэптонды таңдаған мәскеулік «Парапапарамның» да шешімі өзіме біршама тапқыр көрінді.
Нөмірдің бәрі бір сөзге байланған. Ол сөз басқа фразалармен біріккенде күлкі шақырады.


МГИМО бұл әдісін басқа жерлерде де қолданып, нөмір жасап шықты. Идеяның ұнағандығы сондай, осы сыңайда кей ойларын сол күйінде қалдырып, қазақша да мәтін жасауға болады деп шештім. Алайда, бұл жерде көбіне диалогтар түрінде, яғни әр фразаны әр түрлі адам айтатындай қылып жазу қызығырақ көрінді.

Жастардың оқуын бітірген,
Қызыл дипломы бағалы:
Жұмысқа, сөзсіз, оны бірден
«Қазмұнайгазға» алады.

Бла-а-бла,
— Әрине, «Мұнайгаз»!
Бла-бла,
— Қабілетіңе қарайд!
Бла-а-бла,
— Рақмет, сізге телефон соғамыз…

50 елге ендік лайықты
Бағындырған зор белес бұл.
Жемқорлық бізде азайыпты,
Осылай айтты министр.

Бла-а-бла,
— МАИ енді еш пара алмайд!
Бла-бла,
— Қазақ тілін кең дамыттық!
Бла-а-бла,
— Біздің бағыт – түзу ислам!
Бла-бла,
— Бұл хиттің әуенін өзіміз жазғанбыз.
Бла-бла,
— Біз блогкэмпке шеберлік шыңдау үшін бардық.

— Бұл рөмке — соңғы жолаяққа...
— Шылым шегуді тастаймын!
— Ал мен жүгіріп әрбір таңмен бақта,
Арықтауымды жедел бастаймын!

Бла-а-бла,
— Той сағат 4-те басталад.
Бла-бла,
— Кғм-кғм, келатрм, кептеліс…
Блаа-бла,
— Дәріханадан йод алғам…
Блаа-бла,
— Сенде 18 жаста ғана болды ма? Ал мен 15-те…

Келер сайлау дәл сәйкес заңға,
Жедел өткізу керек қой.
Экономикалық жағынан да
Дәйек боларлық себеп қой!

Қайырмасы:
Бла-а-бла,
— Тұрғынов – өткір қарсылас!
Бла-бла,
— Құсайынов – бір жаңа леп!
Бла-а-бла,
— Тап-таза өтед бізде бәрі!
Бла-бла,
— Сайлауға барам таң атпай!
Бла-а-бла,
— «Хабар» шындықты көрсетті!

*Осы жерге жай мәтінмен өз ақиқаттарыңызды жазыңыздар*

Болмайды асфальтпен әрлеген
Түзу жолдардың есебі.
Сайлаудан кейін жоспарменен,
Теңгенің құны өседі.

БЛА-БЛАААААААААААААААААААА!!


Бұл — жай қарапайым мысал ғана. Нөмір дайындағанда тіпті бұдан да әлсіз ұйқастырып, әншейін ретін келтіре салса болғаны. Және сөз ұзындығы, сөйлем көлеміне тәуелсіз осы секілді иілімді музыка таңдау қажет.
Оһ, иә, мен мұны өз рақатым үшін жаздым. Жүйелі түрде нұсқа ұсынып, кеңес айту ойымда жоқ.
Жүйелі түрде командаларды нәжіске малып отыру не шыңға шығарып отыру — ойымда бар.
Бөлісу:

7 пікір

MERmukhanov
:)))))
— Рақмет, сізге телефон соғамыз…

— Той сағат 4-те басталад.

Біз блогкэмпке шеберлік шыңдау үшін бардық.

))))))))))))))))))))))))
Medium
Неге ашылмаған жақшалар жабылып тұр?
merekeee
Мына әзіл-ән Экспресстің репертуарына лайықталып жазылғандай екен. Сая* жайлы жерлерін айтам да )
КВН қарамайды екем, олар эксперименттің талайын жасап жүр шығар ғой.
Medium
олар эксперименттің талайын жасап жүр шығар ғой.
— өзің түсінген шығарсың.
Бірақ, құдаша, айтайын дегенім — бұндай команда қазір жоқ.
merekeee
Олар деп жалпы КВНщиктерді айтып отырмын.
Құдаша? Қай жеңгемнің інісісіз? )
Medium
Ең залым жеңгеңнің.
Эфирлерді қарап жүруге тырыс, бұл өнер қазақтардан басқа ешкімге керек емес.
Мәнсіз ғұмырыңнан бір пайда тисін да )