Әр жексенбіде 20:30-да шығатын бұл авторлық бағдарламаның екінші маусымында, телекөрермендердің сұрауы бойынша аздаған өзгерістер еңгіздік. Сан қилы тағдыр иелерінің оқиғаларын, актерлардың көмегімен, деректі фильм қылып түсіруді жөн көрдік. Түсірілім тобы әр тақырыпқа зерттеулер жүргізіп, жобаны жаңа эксперементтер мен қызықты жәйттарға толы етуге тырысты.
“Кейбіреулеріңіз бұл бағдарламаны көрген де боларсыздар. Біздің түсіру тобымыз осы бағдарламаны дайындау барысында талай қызықты әрі қилы жағдайларды басынан өткерді. Ұжымға талай қызметкерлер келді, екі күн өтпей жатып, жұмыстан бас тартып кетіп жатты. Кейде тіпті қоқыс жәшігін ақтарған кездеріміз де болды. Бірде режиссеріміз реквизитті байқамай қоқыс екен деп тастай салыпты. Екі сағаттан кейін есімізге түсіп, барып қоқыс жәшігін ақтарып жатқанымызда, жұрт таңқала қарады. Ондай қызықтар жиі болып тұрады. Себебі телеарнада уақыт, шығармашылық, тапқырлық пен табандылық сияқты қасиеттер сыналады. Таңмен таласа тұрып жұмысқа жанталасамыз, сұхбат алатын кейіпкерлермен хабарласып, әр мекемеге хат жолдап, түсірілім алаңын белгілеу, қажетті көрнекілдер дайындаудың өзі біздің жұмыстың негізгі бөлігі. Журналисттік зерттеу жасап, оны корытындылау да ұзақ уақыт талап етеді. Бағдарламаны ойнақы әрі түсінікті етіп жасау үшін біздің продюссерлер мен тілшілер біраз сынақтан өтті. Сан қилы тағдыр иелерімен жолықтық.
Бағдарламамыздың бір санында, «Ене мен келін» тақырыбына тоқталдық. Олардың арасындағы келіспеушілік, нендей қиындықтарға әкеп соқтыратынын, осындай түсініспеушіліктің құрбаны болған кейіпкерлеріміз арқылы көрсеттік.
Ежелден қазақ халқы келіндеріне қызындай қараған. Себебі, өз қызы күндердің бір күнінде теңін тауып кетеді, ал оның орнына басқа біреудің мәпелеп өсірген баласы келін болып түседі. Ол ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, әулетінің ұл-қызын тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да бабаларымыз оларға ерекше құрметпен қарап келді. Келін – бүр жарған гүл әрі отбасының ұйытқысы. Алайда, бүгінгілердің бәрі осыны бір кісідей түсінсе ғой.
Оңтүсік Қазақстан облысындағы бұл сорақы жағдайдың болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Жас ана сәбиін дүниеге әкелген соң қайтыс болады. Күйеуінің отбасы дер кезінде жедел жәрдем шақыртпақ түгілі, оны бірден жұмысқа жегіп қояды.
Келесі оқиға. 2014 жылы қазақстандықтар Ақтаулық Бекнұр есімді балақайдың тағдырын естіп, жағаларын ұстаған болатын. Бесікке таңылған бала күннің ыстығында да, сол күйі далада жата берген. Дәрігерлер онан асқынған гипотрофия, яғни ұдайы дұрыс тамақтанбағанын және басындағы қан тамырларындағы ісікті байқады. Ең сорақысы нәрестенің жамбасы құрттап, шіри бастапты. Бұл оның жөргөгінің мүлде ауыстырылмағанының, қолға алынбағанының айғағы еді. Жадыра (Бекнұрдың анасы) жағдайдың бұлай ұшығуына әлі күнге дейін енесін кінәлайды. Және бұл оқиғаның қалай басталып, немен аяқталғанын айтып берді.
«Кім білген» бағдарламысының бір санында тағы бір қозғаған тақырыбымыз, «Бала беру дәстүрі». Қазақ халқында сан ғасырлардан бері, ең құнды дүние болып есептеліп келе жатқан ол – отбасы. Оның берекелі болуы мен беріктігі. Ал әрбір шаңырақтың басты қазынасы – бұл әрине, сәбилер.
Бала сүйе алмай жүрген жанұяларға айналасындағылар қашанда аяушылықпен қарап, қамқорлық жасағылары кеп тұрады. Осындайдан ба екен, әйтеуір перзент сүйе алмағандарға көпбалалы отбасылардың баласын беріп, бауырына басқызу дәстүрі пайда болған. Күйеуі тарапынан 10-15 баласы бар жанұя әйтеуір іздесе, табылатын еді. Осыншама баланы асырап, бағудың оңай емес екені түсінікті. Сондықтан, баланы бар жағдайын жасай алатын адамдарға беру – дұрыс шешім деп саналып келді. Бүгінде мұндай көпбалалы жанұялар жоқтың қасы, оның үстіне балалар үйлері бар. Сонымен қатар репродуктив мәселелері де қарқынды дамып келеді. Осындай жағдайлардан кейін жұртшылық сәби сүйе алмай жүргендерге бала беру дәстүрін тозығы жеткен салт деп есептей бастады. Себебі мұндай жағдай баланың да, анасының да психикасына ауыр. Алайда, Қазақстанның кейбір аймақтарында бұл әлі күнге дейін сақталған.
Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында жаға ұстатарлық жағдай тіркелді. Бала көтере алмаған жас келіншек өз-өзіне қол салмақ болды. Бұл оқиғаның немен аяқталғанын «Кім білген» бағдарламысының, «Бала беру дәстүрі» деген санынан көре аласыздар.
Сан қилы тағдыр иелерінің осындай оқиғаларын, «Кім білгеннің» түсірілім тобы, актерлардың көмегімен деректі фильм ретінде түсіріп көрсетті.
Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық дейді ғой, олай болса аптаның әр жексенбісі күні кешкі сағат сегіз жарымда «7 арнаны» қосуды ұмытпаңыздар. Эфирге жол тартқан тележобамыздың екінші маусымы көңіліңізден шығады деген үміттеміз.
Осы бір тіркес жалықтыра бастады. Меніңше қолынан поқ та келмейтінін жақсы білетін қоғам уже өзін осылай алдай бастаған сияқты. Болмашы бір мәселеге шибөрінің көтіндей шулап, содан бір болмашы нәтижеге қол жеткізсе фонтандатады-ай келіп. Ал маңызды мәселелерде билігің бар, басқаң бар сенің силаңа түкіріп қойғаны бар екен.
Aiko plast. Қазақстандағы тұңғыш пластикалық, силикондық форма шығаратын фирма. Бұған дейін елімізге тек Ресей мен Украинадан импортталған.
Осындай пластик, силикон формаларынан
түрлі пішінде сабын, шоколад, торт, мұз кәмпиттер
магниттер мен жәдігерліктер жасауға болады.
Кондитерлік өнімдерді, кәдесыйларды жасаумен айналысатын адамдар сырттан тапсырыс беріп, жол ақшасына шығындалатын. Шетелден келген формалармен ғана жұмыс істейтін. Енді қазақстандық өнім пайда болысымен инивидуалды тапсырыс бере алады. Оның үстіне сапасы жоғары, бағасы арзан.
аңның тұлыбын, жасанды тастан картиналарды да жасайды
«Аiko plast» фирмасының негізгі бағыты ұлттық нақыштағы өнімдерді көбейту.
Осы cияқты кәдесыйлар көршілес елдерден де келеді. Бірақ ондағы оюлар, басқа да элементтер қазақтың өзіндік мінезін жеткізе алмайды.
Асық пішінінде жасалған бұл өнімнің кәдімгі асықтан еш айырмашылығы жоқ. Арнайы қорапта толық нұсқасымен ұсынылады. Мектептер мен балабақшаларға, супермаркеттерге жаппай еңгізу ойларында бар екен. Сондай-ақ EХРО-2017 көрмесінде шетелдік меймандарға ұлттық ойынымыз жайлы түсінік беретін кәдесый болады. «Бүгінде әр баланың қолында гаджеттер, сырттан келетін мағынасыз ойыншықтар. Одан гөрі өзіміздің ұлттық ойнымызды жандандырсақ жақсы емес пе?», дейді фирманың директоры Айгерім Саматқызы.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жасалған шоколад. Бүлдіршіндердің тарихына деген қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Фирма «ЕХРО-2017» логотипі бар шоколад, тас кәмпиттер, магниеттер, кәдесылар дайындап жатыр. Одан басқа ірі жоба жоспарларында бар екен. Бірақ «әзірге ол құпия болып қала тұрсын», дейді Айгерім Маратова.
Ашылғанына бір жыл толмаған жас фирманың алға қойған мақсаттары көп. Тек мемлекет тарапынан қолдау қажет.
— Өнімдеріңіз нарыққа шыға ма?
— Әзірге нарыққа шығу қиын боп тұр.
— Оған қандай кедергілер бар?
— Біріншіден, супермаркеттердің сөрелері сырттан келетін тауарлармен толтырылған. Бұрыннан бері келлісім жасап келе жатқан ірі шетелдік фирмалармен жұмыс істеп үйренген. Екіншіден, жас кәсіпкерлерге аренда төлеуде жеңілтіктер болса жұмысымыз алға жүрер еді.
Отельдің оныншы қабатынан төменге көз салсаң, осындай әдемі көрініске тап боласың. Рахат Палас деген Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда алғашқы ашылған бес жұлдызды қонақ үй екенін, тек осы Пресс Турда білдім)).
Алайда, интернеттен қарап, бұл қонақ үй мен оның қызметі жайлы қазақ, орыс, тіпті ағылшын тілнде де мардымды мағлұмат таба алмадым. Сондықтан да, бұл Пресс турдан көрген-білгенім мен аз-маз жаңалық болды.
Мынау холлға 2500 дей адам еркін сыяды екен. Мұнда залды үшке бөліп, бір мезетте үш конференция өткізуге болады. Сондай-ақ, сән-салатанатты қатты ұнататын қазақтар үшін, мұнда көлік көтеретін арнайы лифт бар.
Үйлену тойында той залына лимузинмен кіргісі келетін жастар үшін, таптырмайтын мүмкіндік. Бұл холлды жалдау бағасы 1 миллион тенге. «Біздің деңгейіміздегі өзге қонақүйлерге қарағанда, біздің бағамыз арзан»,- дейді, қонақ үй мамандары.
Бір қызығы тіпті президенттік нөмірдің өзінде де ескілеу теледидар тұр. Ал, газет-журналдар халықаралық қонақ үйде қазақша болмайтыны түсінікті сияқты.
Мынау тренажер залы мен бассейн. Маған ұнағаны да осы болды. Сосын, сауна да бар екен.
Бізді ертіп жүрген Жанна, ал артымызда алып люстра. Жанбай тұрғанының өзінде осындай әдемі, Оның жанғанын көру үшін,
арнайы пресс турға тағы бару керек шығар)).
Қысқасы бұл туризмнен гөрі, бизнес мақсатқа арналған қонақ үй екен. Сондықтан ең арзан деген стандарт нөмірлерінің өзі тәулігіне, елу мыңның айналасында.
Алайда, елу мың деген тек біз үшін, қымбат көрінетін шығар. Өйткені мұнда ірі компаниялардың шетелден шақыртылған мамандары тұратын көрінеді.
Президенттік нөмірдің терассасынан осындай әдемі көрініске куә боласыздар. Жалпы, бұл пресс-турдан демалып қайттым)!
«Даларух» қоғамдық ұйымының жетекшісі Арман Нұрмұханбетов бастаған жасампаз топ барша қазақстандықтарды «Қазақтың ұлттық киімі күні» акциясына қатысуға шақырады. Акция барысында елміздің барша ұлтжанды азаматтарына жұмыс орнына, оқу орнына немесе қонаққа қазақтың ұлттық киімінде келу ұсынылады.
Аз ғана уақыттың ішінде осы идея халық арасында кең қолдау тауып, ғаламторда дауыс беру арқылы «Қазақтың ұлттық киімі күнін» әр жылда сәуір айның соңғы жұма күнінде өткізу шешімі жөн саналды. Осы жылы бұл күн сәуір айының 24 жұлдызына келіп тұр. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары – республикалық және аймақтық телеарналар, ғаламторлық блогтар, газет-журналдар мен өзге де басылымдар үлкен қолдау көрсетуде.
Сонымен қатар, «Қазақтың ұлттық киімі күні» аясында «Ел-шапан» акциясы да жол тартады. Еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен қала және ауыл атауларымен Қазақстан халқына бірлік, татулық пен береке тілеген лебіздер жазылған мата кесінділері Алматы қаласына жіберіледі. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының алаңында бұл мата кесінділерінен көпшілік алдында кең шапан тігіліп, сахналық сипаттағы ұлттық мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл шапан «Қазақтың ұлттық киімі күнінің» нышаны болып қана қоймай, ұлт бірлігін паш етеді. Оған қоса, сән үйлері, ателье және шеберлердің өз өнімдерін халық пен бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетуге бағытталған қазақ ұлттық киімдерінің жергілікті көрмелері ұйымдастырылады. Алғашқы көрме 15-17 мамыр аралығында Қарағанды қаласында өтеді, одан кейін Астана мен өзге де қалалар жоспарда. 2015 жылғы 22 сәуірде Алматы облысының жастар саясаты орталығының қызметкерлері осы акцияны қолдап «Қазақтың ұлттық киімі күні» тақырыбында жұмыс орнына ұлттық киімдермен келді.
«Қазақтың ұлттық киімі күні» акциясы еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің, туризмнің, ұлттық көркемдік стильдің дамуына, қазақ мәдениетіне қатысты зерттеулер мен шығармашылық еңбектің жандануына, халықтың рухани байлығы мен ел бірлігінің нығаюына үлес қосады деген сеніммен, Сізден осы патриоттық әрі көркем іс-шараға қала жұртшылығын тартуға ат салысуыңызды сұраймыз.