Бурабай Fest 2015. Айтыстан болған фотореп
Биыл бұл шара бірінші рет ұйымдастырылды. Бағдарламалары бойынша айтыс, ән байқау, сосын дискотека. Мен тек айтысында ғана бола алдым.

Алғашқы рет болғасын кемшіліктерсіз болмады әрине. Айтысқа билет 1500 тг деп сатылды. Сондықтан болар адам өте аз келді. Шын себебі басқа ғой бірақ.

Алдымен ән айтылып, би биленді.

Ұйымдастырған Адам Хәкім деген жігіт. Оның кім, не істейтінін нақты білмедім, алайда ән айтып, тойға шығатынын тошно білемін)))

Бурабайда күн демалушылар көп болады. Күн де шыжып тұрды. Көп адам суда жүрді. Ал айтысты ардагер айтыскер Арман Бердалин жүргізді.

Бурабайдың әсем табиғатының аясында айтысуға Астана, Павлодар, Көкшетау, Қостанай мен Петропавлдан ақындар келді.

Бас жүлде қазылар алқасының шешімімен керекулік Алмагүл Жүгінісоваға берілді. 1 орынды Оюлы Қуаныш(Көкшетау), 2 орын Айдана Сегізбаева(Павлодар), үшінші орынды жерлесім Жарқын Жұпархан(Петропавл) алды.

ПыСы: Ұйымдастырушылар бұл шараны дәстүрлі етіп, Славянский Базар деңгейіне дейін көтермекші. Жігіттерге тек сәттілік!!!
Әрі қарай

Әлқисса, қара түс. Қазақы танымда қара түстің мағынасы жүз құбылады. Кейде қорқыныш, кейде мұң, кейде қайғы, кейде қасірет, ал кейде қасиет. «Қара тұту», «қара жүрек», «қара жамылу», «қаралы көш», «қара қазан», «қара шаңырақ», «қара жер» сияқты ұғымдар соның айғағы. Сондықтан да қара түстен кейде қорықсақ, кейде жұбаныш табамыз.
Нақышы ерекше Табылдының әндерінде мәдениеттанушы Әуезхан Қодар айтпақшы «еуропалық интеллектуализм» бар. Бітісі бөлек шығармаларының ырғағы құлақ үйренген әлдебір жаттанды әуеннен ада тосын музыка. Сондай-ақ, көкірегіңде жатталып қалатын сыршыл, өрнекті суреттермен нақышталған тұтас дүние. Сондай шығармаларының бірі бардтың өзі сүйіп орындайтын «Қара гүл» әні.
««Қара гүл» өлеңі енді бойжеткен 16-17 жасымда жазылған. Қандай жағдайда жазылғаны есімде қалмапты. Десе де қазақ танымындағы қара түс үнемі тұспалдап жеткізіледі. Қыздың бойжеткен тұсы – қауыз жарған гүлдің өміріндей ғана сәт. Өсіп шығады, қауыз жарады, солады. Сол аралықта бойжеткеннің басынан небір тағдыр өтуі мүмкін, қалтарыс-бұлтарысқа толы болады ғой. Ал әннің шығу тарихына келер болсақ, қандай жағдайдан туғанынан өзім хабарсыздау екенмін.Табылды менен кейін оқуға түсті ғой. Бұл мәтін қолына қалай түскенінен бейхабармын. Алғаш Табылды өзі гитарасымен орындап берген еді. Алайда жас болғандықтан әнге көп мән бере қоймадым. Тіпті бұл әнді қалың жұртшылыққа танымал болады деп еш ойламадым. Кейінірек мәдениеттанушы Әуезхан Қодар осы әнді орысшаға аудартықызып жүргенін естідім, кейінгі тағдыры қалай болғанынан хабарым жоқ екен. Өмірде Табылдымен етжақын араластық деп айта алмаймын, шығармашылық сыйластықта болдық».