ҮШ МИНУТ

Блог - a87771683232: ҮШ МИНУТ

Жұмыртқаны қуырамыз үш минут,
Киім киіп, буынамыз үш минут.
Біз таңертең жуынамыз үш минут,
Біз кешке де жуынамыз үш минут.

Жарнамалар беріледі үш минут,
СМС-тер теріледі үш минут.
Темекілер оралады үш минут,
Темекілер шегіледі үш минут.

Қызғылт тартып күн шығады үш минут,
Өрмекшілер тор салады үш минут.
Әншілер де ән айтады үш минут,
Көрермендер қол соғады үш минут.

Туалетте іш аурудың қысаттығы,
Көшелерде тонаушылар бұзақтығы,
Отырыста бір тостының қысқалығы,
Бокстарда бір рауындтың ұзаќтығы,
Үш минут,
Үш минут,
Үш минут,
Үш минут.

Үш минутта оқылады жыр тегіс,
Үш минутта желінеді шыр жеміс.
Соның бәрін айтып-айтпай не керек,
Барлық жерде үш минуттық бір секс.
Бөлісу:

3 пікір

asaubota
қош келдің! көптен жазбай кеттің бе, әлде көрінбей кеттің бе? бұрынғы сайтыңда шығарғандарыңды да бөлісерсің. рахмет!