Астанада масалармен күрес басталды

Астаналықтардың жазда мазасын алатындар — масалар. Сәуір айының ортасында үш ауданда да масаларды жою жұмыстары қолға алынды. Осы күнге дейін қалада 26 мың гектардан астам жер мен саяз судың 3,5 мың гектардан артық аумағы өңделді. Қалада залалсыздандыру жұмыстарына 187 жұмыскерден тұратын 10 бригада тартылған.

Астана жаңалықтары: Астанада масалармен күрес басталды

Қазіргі кезде Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша 6 мың га жуық аумақ, ауданы 603,5 га саяз су өңделді; Сарыарқа ауданында 4 мың га жуық аумақ пен ауданы 1518 га батпақ жер өңделді; «Есіл» ауданында өңделген аумақ 1050,45 га құрады, ал өзен ауданы — 1491 га. Масалармен күресу үшін құрамына циперметрин және хлорперифос кіретін препараттар пайдаланылады. 1 га жерге залалсыздандыратын заттың 0,350 л мөлшері жұмсалады.

Үстіміздегі жылдың сәуір айының соңында су қоймаларын өңдеудің бірінші кезеңі аяқталды. Тиісті жұмыстар Алаш және Қарағанды тасжолдарының бойында, Мичурино, Интернациональный, Промышленный кенттеріндегі өзендерде, Тельман, Шұбар, Пригородный, Заречный, Үркер, Шығыс Ильяинка тұрғын алаптарында жүргізілді. Сарыбұлақтың бойы және Есіл өзенінің жағасы, Талдыкөл маңы да тыс қалған жоқ. Қазіргі кезде масалардың ұшуын болдырмау үшін батпақ жерлер мен таяз өзендерді тексеру жұмыстары қолға алынды.

Астананың үш ауданында ашық аумақтар масалардан қорғайтын барьермен өңделді. Айта кетейік, ашық аумақтарда дератизация – кеміргіштерді жою жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бүгінде қала аумағында «Нұра-Есіл» каналы, Талдыкөл су жинағышы және оның маңындағы су қоймалары, Астана мен қаланың айналасындағы өзендер өңделді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

"Жүрегім сізге аманат" телехикаясы

Блог - arailym_zhalauly: Жүрегім сізге аманат телехикаясы
Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.

Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі.

Қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті — әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай. Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады.

Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлады.
Әрі қарай

«Kazsport» бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Блог - arailym_zhalauly: «Kazsport» бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
19-27 мамыр күндері Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

«Барыс Арена» кешенінде өтетін Әлем біріншілігіне 67 елден 294 спортшы қатысады. Әр елден 10 салмақ дәрежесінде 10 боксшы сынға түседі.

Сондай-ақ, бұл Әлем чемпионатында Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Рио Олимпиадасына жолдама беріледі.

Әлем біріншілігін «Kazsport» телеарнасы күндізгі сессиясын сағат 13:40-тан бастап, ал, кешкі сессияны 18:40-тан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Ал, финалдық бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Чемпионат 19 мамырда басталып, 27 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, 2013 жылы Алматыда бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионатын да «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын.
Әрі қарай

Блейк Литлдің "әселді" адамдары

Америкалық фотограф Блейк Литлдің (Blake Little) өзгеше жобасы «Preservation» деп аталады. Ол нысанасына адамдардың үстіне түгелдей әсел құйып суретке түсірген. Жерде жоқ образ жасап шығару үшін 900 екі литрлі құмыра бал кетіпті.
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдарыБлог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
Блог - Zhan: Блейк Литлдің әселді адамдары
http://billionnews.ru/isskustvo/3883-medovye-lyudi-ot-bleyka-litla-9-foto.html
Әрі қарай

Recommended by EXPO бағдарламасына қатысуға 150 жуық қалалық кәсіпорын өтінім берді

Елордада Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестік бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Қазіргі кезде туристерге қызмет көрсету саласында қызмет ететін 150 жуық кәсіпорын бағдарламаға қатысуға өтінім берді, соның ішінде 50-і бағалаудан өтті. Комиссиялық бағалаудың қорытындысы бойынша Астананың жаңа 37 серіктесі анықталды, жақын арада оларға статустар табыстау салтанаты өткізілмек.

Астана жаңалықтары: Recommended by EXPO бағдарламасына қатысуға 150 жуық қалалық кәсіпорын өтінім берді

Сонымен қатар, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындармен бірге Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктесі статусы хостелдерге, көлік компанияларына және жолаушылар тасымалы қызметтеріне де беріледі.

Бағдарлама серіктестері персонал үшін сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тренингтер өткізеді, сонымен қатар, кәсіпорындардың қызметкерлері ағылшын тілін меңгереді.

– Recommended by EXPO 2017 Астана қаласының серіктестік бағдарламасына қатысқан сәттен бастап біздің персоналды бағалау және дамыту бойынша мамандарымыз қызметкерлерге ағылшын тілін үйретеді, келушілерге тиімді және мәдени қызмет көрсету, оларға қолайлы жағдайлар жасау бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді, сервистің және қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қолдауға бағытталған тренингтер өткізу үшін қиыр және таяу шет мемлекеттерден тренингтер өткізу үшін мамандар тарту жұмыстары қолға алынды, – деді бағдарламаға қатысушы атанған елордадағы ірі кофеханалар желісінің өкілі Лейла Карманова.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысу ерекше статус беріп қана қоймай, қосымша жауапкершілік те жүктейді, сонда да ШОБ өкілдері бұған дайын.

Қазіргі кезде Recommended by EXPO-2017 бағдарламасына гид-экскурсоводтар мен апартаменттерді де қосу мәселесі қаралып жатыр.

Еске салайық, өткен жылы қазан айында Астана қ. әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестік бағдарламасын жариялады, оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС болып табылады. Бағдарлама аясында ҚР қолданыстағы заңнамасын және халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұсынылатын қызметтер деңгейіне қойылатын талаптар әзірленді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

«Астана» әйелдер футбол клубы Еврокубоктарда ойнауға ниетті

Футбол ойыны тек ер азаматтарды ғана емес, әйелдерді де қызықтырады. Тіпті осы спортты тамашалауды ғана емес, онымен айналысатын нәзік жанды, өр рухты қыздар аз емес. Осындай жігерлі қыздардан құралған «Астана» әйелдер командасы алдына биік мақсаттар қойып отыр. Бұл клуб шеберлері кішкентайынан жаттығады. Қыздар №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде оқытылады, ең кішкентай футболшылар сегіз-ақ жаста.

Астана жаңалықтары: «Астана» әйелдер футбол клубы Еврокубоктарда ойнауға ниетті

Елордада жоғары лигада өнер көрсететін кәсіптік әйелдер клубын құру ұзаққа созылды. Команда құрамы биыл қаңтар айында бекітілді. Командаға мектептің үздік шәкірттері енді. Олар күн сайын «Астана Арена» стадионында жаттығады.

Футболшылар тәжірибелі бапкерлердің жетекшілігімен шеберліктерін шыңдайды, дене шынықтыру машықтарын дамытады. Ел біріншілігінің бірінші туры аясында ертең олар Қазақстанның бес дүркін чемпионы — Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» ӘФК алаңға шығады.

– Биылғы басты мақсатымыз – команданы жинақтау. Әзірге, теңгерім жоқ, сондықтан басты міндетіміз – бәсекелес команда құру, өйткені, біз Еврокубоктарда ойнауға ниеттіміз, ал ондай мүмкіндік болса, ондағы командалар мықты болады. Ал «БИІК-Қазығұрт» осы жолда кездесетін командаларымыздың бірі, – дейді «Астана» әйелдер футбол клубының бас бапкері Виктор Сеник.

Астана жаңалықтары: «Астана» әйелдер футбол клубы Еврокубоктарда ойнауға ниетті

Команда сапында әр жастағы спортшылар бар. Ең кішісі – Ұлпан Пазыл – 21 жаста. Ол футболды ұнататынын айтып, елордалық команда құрамына енгенін мақтан ететінін жеткізді.

– Мен кішкентай кезімде аулада ойнайтынмын. Сол кезде көзге түсіп, шақыру алдым. Үйдегілер ерлер спорты деп футболға қарсы болды, бірақ әкем рұқсатын берді, футболмен кәсіби айналысып жүргеніме 10 жыл болды. Футбол – менің өмірім. Осында команда құрамында ойнау мен үшін зор мақтаныш,- деді Ұлпан Пазыл.

Астана жаңалықтары: «Астана» әйелдер футбол клубы Еврокубоктарда ойнауға ниетті

Әрине, клубта команда капитанына үлкен жауапкершілік жүктеледі.

«Астана» әйелдер командасының көшбасшысы — Мария Ялова.

– Спортпен бала кезімнен шұғылданамын. Футбол, хоккей, теннис ойнағам, тіпті дзюдоға да барғам. Футбол бәрінен де ыстық, әрі қызықты. Бұл командалық спорт түрі, жалғыз өзіңді ғана ойламайсың – командамен жұмыс істеу керек. Алдымызға үлкен міндеттер қойылды, әр ойында әр ұпай үшін күресеміз, бар күш-жігерімізді саламыз, — дейді «Астана» ӘФК капитаны.

«Астана» әйелдер футбол командасы Қазақстан кубогының финалисті болып табылады, ертең сағат 12.00 команда шымкенттік футболшылармен кездеседі.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

Жақын арада Астанада көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклін іске асыратын жоғары оқу орны — Қазақ ұлттық хореографии академиясы ашылады. 26 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясына шәкірттер қабылдау басталады. Хореография академиясында мектеп жасындағы балалар мен жастар балет өнерін меңгереді.

Білім берудің көпсатылы формасы бастапқы, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ, жоғары (бакалвриат) және ЖОО-дан кейінгі (магистратура, докторантура PhD) білім беруден тұрады.

Академияның негізгі қызметі «Балет әртісі», «Би ансамблінің әртісі», «Режиссура», «Хореография», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша кадрларды даярлау. Қазақ хореография академиясын құрудың мақсаты Қазақстанда хореография өнерін дамудың жаңа деңгейіне шығару, сонымен қатар, жастарға рухани және эстетикалық тәрбие беру.

Астана жаңалықтары: Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алатын болады, бұл профилін еркін түрде өзгерту немесе басқа оқу орындарына ауысу мүмкіндігін береді. Шәкірттер балет өнерінен бірегей тәжірибе жинау үшін шағын және үлкен сахналарда өнер көрсетеді.

26 мамырда Хореография академиясына балаларды қабылдау басталады. Комиссия үміткерлердің функционалдық кәсіби және физиологиялық қасиеттеріне қарай, соның ішінде жас үрдісіне, денесінің иілгіштігіне, музыкалылығы мен ырғақтылығына, сахналық пластикасына, эмоционалды толықтығына, темпераментіне, сондай-ақ, көптеген психологиялық факторларды ескере отырып, іріктеу жүргізеді.

Академия ғимараты Хусейн бен Талал көшесі, 9 мекен жайы бойынша ЭКСПО-орталыққа қарсы орналасқан. Оқушыларға 498 грант ұсынылады, сондай-ақ, ақылы негізде де білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

Астана жаңалықтары: Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

– Кейде баланың әлеуеті бірден көрінбейді. Іріктеу қатаң түрде жүргізіледі, сондықтан ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріліп отыр. Одан әрі оқушы өзін жақсы көрсетсе, грантқа ауысуына болады, – деді Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілі Әсел Танишева.

Академия шәкірттеріне тұратын орын мен медициналық қызмет ұсынады.

Астана жаңалықтары: Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

Аталған өнер ордасы отандық балет мәдениетінің орталығына, хореография өнері саласында шығармашылық жобаларды және әлемдік деңгейдегі жаңа шығармаларды дайындау зертханасына айналмақ.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленген.
Әрі қарай

Белгісіз күнделіктен: Аспанға барғым келеді-ғарышкер болып емес...

«Аспанда мұндай өмір жоқ. Иә, аспанда мүлдем бөлек әлем. Мына өмірдің ең жақсыларын да, жамандарын да аспан алып кетті. Бірақ, аспанның кіршіксіз таза әлемінде тек жақсылар. Мен сенемін, әкем де сол кіршіксіз, нәзік бұлттар арасында… Сеземін, ол мені сағынып жүр… Сеземін, ол мені аспаннан бақылап тұр… Сеземін, ол мына қолымдағы дәптерімді оқып тұр… Сеземін, ол менің маңдайымнан иіскеп, „қызым“ деп дауысының жарқын шыққанын қалап тұр… Ол маған аспаннан мейіріммен қарап тұр… Сағындым… Мен де аспанға барғым келеді. Иә, мен аспанда тұрақтағым келеді. Қолым „айға“ жеткенін қалаймын! Аспанға барғым келеді, бірақ, ғарышкер болып емес! „Айға“ жеткім келеді, бірақ, ғарышкер болып емес. Менің айым- әкем! Әкетайыма барып, құмарлана иіскеп, қатты құшақтап, сағынышымды басқым келеді! Бірақ, менің шаттығымды ұрлаған, 8 жыл жанымды қинаған мына өмірді кешірмеймін… Ешқашан… Менің сегіз жыл төгілген жасымды ешкім де, ештеңе де өтей алмайды… Құдайдан басқа, әрине… Ішімде тұнып тұрған өксікті бүкіл әлем жойылып кетсе де шығара алмаспын. Шексіздікке айналған сағынышымды ешқашан баса алмасым анық. Сонда да мен аспанды қалаймын… Аспанда әкем бар, анам жоқ… Жерде анам бар, әкем жоқ… Сонда да аспанды қалаймын… Жер бетінде бәрі бар, әкемнен басқа...(( Әкемді жұтқан- жер… Жер бетінде өмір сүргім келмейді! Бақытты балалығымды ұрлаған, менен әкелік махаббатты аяған, кеудемді өксікке толтырған, жанымды жаралаған мына өмірден, әкемді алған, кіршіксіз аспанды сүйемін! Аспанға барғым келеді- ғарышкер болып емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
Өмірді сүйгім келеді-
Қолымнан келер емес…
Әкемді көргім келеді,
Бірақ, ол мүмкін емес…
Құшақтап, сүйгім келеді-
Арамыз жақын емес…
Жылуын сезгім келеді-
Маған бұйырған емес…
Суретке қарағаныммен-
Ол жай ғана елес…
Әкеме барғым келеді-
Жетуім аз уақыт емес…
Аспанға барғым келеді-
Ғарышкер болып емес…
25.04.2016. 19:04»
Әрі қарай