Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

Жақын арада Астанада көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклін іске асыратын жоғары оқу орны — Қазақ ұлттық хореографии академиясы ашылады. 26 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясына шәкірттер қабылдау басталады. Хореография академиясында мектеп жасындағы балалар мен жастар балет өнерін меңгереді.

Білім берудің көпсатылы формасы бастапқы, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ, жоғары (бакалвриат) және ЖОО-дан кейінгі (магистратура, докторантура PhD) білім беруден тұрады.

Академияның негізгі қызметі «Балет әртісі», «Би ансамблінің әртісі», «Режиссура», «Хореография», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша кадрларды даярлау. Қазақ хореография академиясын құрудың мақсаты Қазақстанда хореография өнерін дамудың жаңа деңгейіне шығару, сонымен қатар, жастарға рухани және эстетикалық тәрбие беру.

Астана жаңалықтары: Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алатын болады, бұл профилін еркін түрде өзгерту немесе басқа оқу орындарына ауысу мүмкіндігін береді. Шәкірттер балет өнерінен бірегей тәжірибе жинау үшін шағын және үлкен сахналарда өнер көрсетеді.

26 мамырда Хореография академиясына балаларды қабылдау басталады. Комиссия үміткерлердің функционалдық кәсіби және физиологиялық қасиеттеріне қарай, соның ішінде жас үрдісіне, денесінің иілгіштігіне, музыкалылығы мен ырғақтылығына, сахналық пластикасына, эмоционалды толықтығына, темпераментіне, сондай-ақ, көптеген психологиялық факторларды ескере отырып, іріктеу жүргізеді.

Академия ғимараты Хусейн бен Талал көшесі, 9 мекен жайы бойынша ЭКСПО-орталыққа қарсы орналасқан. Оқушыларға 498 грант ұсынылады, сондай-ақ, ақылы негізде де білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

Астана жаңалықтары: Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

– Кейде баланың әлеуеті бірден көрінбейді. Іріктеу қатаң түрде жүргізіледі, сондықтан ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріліп отыр. Одан әрі оқушы өзін жақсы көрсетсе, грантқа ауысуына болады, – деді Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілі Әсел Танишева.

Академия шәкірттеріне тұратын орын мен медициналық қызмет ұсынады.

Астана жаңалықтары: Астана тағы бір өнер ордасымен толығады

Аталған өнер ордасы отандық балет мәдениетінің орталығына, хореография өнері саласында шығармашылық жобаларды және әлемдік деңгейдегі жаңа шығармаларды дайындау зертханасына айналмақ.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленген.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше