«Kazsport» бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Блог - arailym_zhalauly: «Kazsport» бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
19-27 мамыр күндері Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

«Барыс Арена» кешенінде өтетін Әлем біріншілігіне 67 елден 294 спортшы қатысады. Әр елден 10 салмақ дәрежесінде 10 боксшы сынға түседі.

Сондай-ақ, бұл Әлем чемпионатында Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Рио Олимпиадасына жолдама беріледі.

Әлем біріншілігін «Kazsport» телеарнасы күндізгі сессиясын сағат 13:40-тан бастап, ал, кешкі сессияны 18:40-тан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Ал, финалдық бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Чемпионат 19 мамырда басталып, 27 мамырда аяқталады.

Айта кетейік, 2013 жылы Алматыда бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионатын да «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсеткен болатын.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше