Жетістікке жетуіңе кедергі әдеттер

Табысты болу үшін жетістікке ықпал ететін әдеттерді қалыптастыра отырып, өзіміздің дамуымызға әсер беретін, күшті мінезді тәрбиелеу керек. Ал жетістікке жету жолында қандай әдеттер бізге кедергі болуы мүмкін?

1-ші әдет. Қарсылық
Егер өмірде бір нәрсе ойдағыдай болмаса, жан-жаққа қарамастан бірден шабуыл жасаймыз. Жүйке-жүйемізді тоздырамыз, күш-қуатымызды жұмсаймыз, кейде кездері өмірде өзгермейтін тұстарды білетұра, бірақ оған мойынсұнбастан қарсылығымызды білдіріп жатамыз.

Енді талдау жүргізіңіз қалай және қай жерде қарсылық көрсеттіңіз. Сіздің қарсылығыңыз жақындарыңыздың көңіл-күйлеріне, жұмыстағы өзгерістерге қалай әсер кеткеніне назар аудардыңыз ба? Адам өз мінезін әрқайсысына әр қырынан көрсетеді.
Біреуге айқайлап мінез көресетеді, басқасы ренжиді, ал үшіншісіне келгенде кетеді тұңғиыққа батып. Бұндайдың нәтижесі әрқашан да бір – нашар, бұзылған қарым-қатынас.Бұндай күрделі мәселелерді басқаша шешу керек. Ымыраға келу керек. Агрессия және негативті болдырмау үшін барлығын сол қалпында қабылдау керек. Бұл сізді шыңдай түседі. Жағдайды өзгерту үшін өз көзқарасыңызды өзгерту қажет. Барлық жерде, кезкелген уақытта позитив іздеп жүру керек…

2-ші әдет. Өзіңді құрбан сезіну
Бір адамдар бар өз жауапкершілігі мен өзінің сәтсіздіктерін біреудің басына аудара салады. Олар барлығын мемлекеттен, басшылардан, болмаса ата-аналарыннан көріп, бүкіл сәтсіздіктерін өзінен емес, солардан іздеп, жылап отырады.
Негізі шын мәнінде, барлығы дұрыс көзқараспен қару керек сияқты. Бұл жерде әркім өз өміріне жауапты, өзімізге алған жауапкершілікке өзіміз жауапты болсақ, бұндай оқиғаға тап болмаспыз.

3-ші әдет. Барлығын сынау
Адамдар негізі сынауды қатырады. Бір нәрсені ойлап таубдан гөрі, оны бағалап сын атқан оңай көреді. Кейде тіпті меселеге кірместен бұрын, бағасын беріп, болжап жатады. Сондайлардың жансақ пікірлерінен айналасындағы туыстары, қызметтестері, достары сөзіне еріп жатады. Бұндай адамдармен қарым-қатынас құру қиын әрі жағымсыз.
Мұндайда өзіңіз үшін не маңызды екенін шешіп алу. Әрқашан дұрыс таңдау жасап, қоршаған ортаңызбен жақсы қарым-қатынаста болу.

4.-ші әдет. Бақылау
Өз көзқарасыңыды тықпалап, біреуден талап етіп, біреудің барлық тапсырмаларын орындап, айналаңдағы болып отырған жәйттерге, тіпті тырнақтай мәселерге арласып, бақылауға алу бұл қоршауыңыздағыларға теріс ой немесе агрессия тудырады.
Бұндай әдеттерден құтылу үшін, айналаңыздағы адамдарды ынталандырып және шабыттандырып, өзіңе тиісті жұмысты істеуді талап ету керек, сонда ғана нәтиже шығады.

5-ші әдет. Өзіңді әрдайым барлық жағынан дұрыс деп сезіну
Басқа адамның сөзін естуге және көзқарасын қабылдамау. Айналасында болып жатқан нәрселерге бір қөзқараспен қарау. Бұндай әдеттерден құтылу үшін басқа адамды тыңдап және пікірін естуге үйренуіміз керек. Бұл ең даулы мәселелерді шешу кезінде көптеп көмектеседі деп ойлаймын.

Енді өзіңізге сырт көзден қарап көріңіз. Қайсы әдеттер сізге тән? Сіз бұл әдеттерді дұрыс ұғынсаңыз өзіңізбен жұмыс жасаудың алғашықы қадамдарыңыздың бірі болады есептеңіз. Өз әдеттеріңізге талдау жүргізіп, сіздің табысқа жетудің жолда кедерге болатын әдеттердің анықтаңыз. Оларда құтылу жолын іздестіріңіз. Ол сізге қоршаған ортағызбен жақсы қарым-қатынас құруға және сіздің мақсаттарыңызға жақындата түседі.
Әрі қарай

Римейктар туралы

Сіз Болливудтың Голливудтың атақты фильмдеріне ең көп римейк жасайтын киноиндустрия екенін білесіз ба? Кейбіреуі сәтті, кейбіреуі сәтсіз болғанымен, барлығы дерлік хинди-адамтациялар. Яғни олар аралас төбелесте бір-біріне қарсы шыққан ағайындылар туралы «Воинның» римейкы болса да, минимум 3 ән мен 1 би айтылып, биленеді.
3 танымал болиивудтық римейктерге шолу жасайық.

«Ағайындылар» 2015
Блог - Nodar: Римейктар туралы
2011 жылы шыққан «Воин» фильмінің римейкі. Сюжет делісі дәл сол қалпында сақталған. Басты рольде Акшай Кумар мен Сидхарт Мальхотра ойнайды. Әрине оларға күжірейген, нағыз боец боп көрінетін Том Хардиге қайдаааа… Сосын үнді фильмі мұндай отбасылық, аға-іні тақырыбын, балаңның еміне ақша керектіктен төбелеске бару, яғни «көз жасыңды көл етуге» арналған тақырыпты еңіретіп тұрып жеткізеді емес па?! Сондықтан америкалық «Воин» ұлдардың фильмі, Болливудтық римейкті қыздарға арналған түрі десек те болады.

«Гаджини» 2008
Блог - Nodar: Римейктар туралы
Кристофер Ноланның «Ұмытпа»(эх, барлық фильм атаулары осылай аударыла салатындай болса...) атты тамаша фильміне негізделген туынды. Негізі римейік деп аутга тілім бара бермейді. Себебі мұнда негізгі идея сақталғанымен, мүлдем басқа фильм көруге дайын болыңыз. Десе де барлық жерде римейк деп аталып жатқасын, мен де римейктер қатарына қосып қойдым. Негізі бұл фильм оңтүстік үндістандық фильмнің римейкі, ал ол кезегінде ғана «Memento»-ның адаптациясы. Сондықтан «Гаджини» double remake фильм.
Басты рольде Болливудтың «үш Кханының» бірі де бірегейі (осы жаттанды тіркестің орнымен қолданылғаны осы) — Аамир Кхан. Жалпы Аамир Кхан интелектуал, өзін режиссер ретінде де өте жақсы көрсеткен,Үндістанда «Әділет жасасын!» деген еліндегі әлеуметтік, жан түршігерлік проблемаларды (балаларды үйлендіру, мәңгі жесір болу дәстүрі т.б.) зерттеуге арналған бағдарлама жасап үлкен құрметке ие болған актер.

«Мен жаңа жылды жақсы көремін» 2015
Блог - Nodar: Римейктар туралы
Үшінші фильм өзіміздің «Ирония судьбы» атты советтік фильмнің римейкі болып табылады. Фильмнің алғашқы 10 минутын ғана көріп үлгергендіктен, ештеңе айта алмаймын. Википедияға сенсек, жалпы сюжет желісі сақталған сыңайлы. Гитарамен ән айту да бар екен. Басты рольдегі актриса Кангана Ранаут Үндістанда үлкен сұранысқа ие болып келе жатқан актриса. Ол түскен «Ханшайым» фильмі Болливудтық Оскар болып саналатын, ең жоғарғы фестивальда Filmfare Awards-та үздік фильм, ал Кангана үздік актриса деп танылды.

Әзірше осы.
Әрі қарай

Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

Жеңілдікті санаттарына жатқызылған азаматтар атаулы көлік карталарын 3-15 маусым аралығында Республика даңғылы, 31 мекен жайы бойынша «Жастар» сарайында орналасқан пункттен алуына болады.

Көлік картасын алмаған азаматтар жеңілдікпен жүру құқығын растайтын құжаттарды көрсетіп, қоғамдық көліктермен (қала маңына қатынайтындардан басқа) тегін жүре алады. Ал мамыр айында фототіркеуден өткен азаматтар көлік карталарын аталған пунктен алып кете алады, фототіркеуден өтпеген азаматтар жақын арада ашылатын арнайы кассаларға жүгінуі керек.

Жалпы, азаматтардың жеңілдікті санатына арналған 54 мың атаулы көлік картасын беру жоспарланған. Қазіргі кезде 42 мың карта таратылды.

Астана жаңалықтары: Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

Естеріңізге саламыз, карталар тегін, сондай-ақ, елордалық бағдарлар — қалалық және экспресс маршруттармен (қала маңына қатынайтын маршруттармен жүру оқушылар мен жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін ақылы болып қалады) жүру үшін толтыру қажеттілігінсіз таратылады.

Еске салайық, 4 мамырда Astra Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында азаматтардың жеңілдікті санаттарына көлік карталары беріле бастады. Ережелерге сәйкес, Астана қаласының тұрғындары және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қалалық филиалынан әлеуметтік төлемдер алатын азаматтардың төменде көрсетілген санаттары қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді:

— жасына қарай және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер;

— жасына қарай зейнетке шыққандар және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

— көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар;

— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

— ҰОС қатысқандар мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар;

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жаз бойы астаналық оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

2016 жылғы 1 маусым – 31 тамыз аралығында 7-15 жастағы балалар қалалық және экспресс маршрутармен тегін жол жүретін болады. Қалалық әкімдік балаларға осындай тарту жасады.

Биыл мамыр айында қалалық мектеп оқушыларына атаулы көлік карталары беріле бастады. 7-15 жастағы балаларға аталған карталар оқу орындарында немесе ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен ASTRA PLAT атаулы көлік карталарын беру пунктінде тегін беріледі. 2015 жылы фототіркеуден өтпеген және көлік картасын алмаған балалар мамандандырылған ASTRA PLAT кассаларына жүгінуі керек. Мамандандырылған кассалар мен карталарды беру пункттері орналасқан орындар туралы 20 маусымнан кейін қосымша хабарланатын болады.

Астана жаңалықтары: Жаз бойы астаналық оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

ASTRA PLAT электронды жолақы төлеу жүйесін қолданысқа енгізуге байланысты аталған акция балалардың көлік карталарын пайдалану механизміне дағдылануына ықпал етеді. Жазда балалар автобустарда көлік карталарын қолдануды (валидацияны) үйренеді, ал 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктермен 50% жеңілдікпен жүретін болады.

Атаулы көлік карталарын алмаған балалар қалалық қоғамдық көліктермен оқу орнынан берілген анықтаманы көрсетіп, тегін жүре алады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тегін курстар

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды, соның ішінде есту қабілеті нашарлаған жандарға әшекейлер, түрлі бұйымдар жасауды үйрететін курстар ашылды.

– Алғаш рет курстар 2010 жылы өткен. Өткен жылы елорда әкімдігінің қолдауымен, «Көмек» әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды. Онда сұлулық салоны бар, мүгедектігі бар астаналықтарды оқытып жүргенімізге бір жыл болды. Үш айлық оқу аяқталған соң тәжірибе басталады. Былтыр курсты тәмамдаған қыздардың жартысы осы салонда, кейбір басқа жерлерде жұмыс істеп жүр, — дейді «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қызылгүл Сембина.

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тегін курстар

Биыл сабақтар мамыр айында басталды. Шаштараздың, маникюр шеберлерінің курстары бар, жобаны іске асырған уақыттың ішінде 50 астам мүмкіндігі шектеулі тұлға оқытылды, енді олар қызмет көрсетіп, ақша таба алады, жұмыссыздар санатынан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өтеді. Бұл жолы мүгедектігі бар 15 адам оқып жатыр. Салондағы курстардан басқа, табиғи тастардан әшекейлер жасау бойынша сабақтар өткізіліп, тігін шеберханалары жұмыс істейді. Күзге қарай кілем тоқу үйірмесін, жиһаз цехын ашу жоспарланған.

– Топқа көп адамды қабылдауға болмайды, бір топта 5-6 адам ғана оқиды, сонда тиімді болады, сонымен қатар, бізбен бірге ым тілінің мамандары да жұмыс істейді,- деді Қ. Сембина.

Бұдан басқа, Орталықта халықтың мұқтаж топтарына, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедектерге, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға киім-кешек, ойыншықтар, кітаптар, аяқ киім, азық-түлік түрінде қайырымдылық гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Мүдделі азаматтар 39-00-63, 39-00-61 телефондары бойынша хабарласа алады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді

Блог - AydanaAbdrahmanova: Ертегі баланың қиялына қанат бітіредіЕртегі баланың қиялына қанат бітіреді" />Жаздың алғашқы күні меркелік таңмен басталды. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты Алматыда қазақстандық жас автор Амании Жанның «Даниялдың ғажайып әлемі» және «Алуан түсті балықтар және Дария» атты ертегілері желісінде кеш өткізілді.
Блог - AydanaAbdrahmanova: Ертегі баланың қиялына қанат бітіредіБлог - AydanaAbdrahmanova: Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді.;
«Colibri» МОЛЛ» бутигі, «Мама, почитай» кітап дүкендерінің желісі, Халықаралық «Almaland» мектебімен бірігіп ұйымдастырылған кеш барысында балаларға ертегіден үзінді оқылып, сол үзіндіден қойылған сұрақтарға жауап берген бүлдіршіндер әр-түрлі бағалы сыйлық алды. Сондай-ақ балақайлар сурет салып, өздерінің шығармашылық қырларын танытты. Барлық кеш қонақтарына Амании Жанның ертегі кітаптары ұсынылды. Шара барысында «Almakid» шығармашылық клубының балалары өнер көрсетті.

Балалар күніне арналған кеш барысында Амании Жан өзінің мақсаттарымен бөлісті. Оның айтуынша, алдағы уақытта балаларға арналған екі кітапты шығару жоспарланып отыр. Шығарылатын кітаптардың ерекшелігі –ертегілер 6 тілге аударылмақ. Ал, Амании ханымның осы уақытқа дейін шыққан екі кітабы үш тілде аудио нұсқасымен бірге оқырмандарға ұсынылған болатын. Сөз соңында, автор ата-аналардан балаларына ертегі оқуды үзбеуін сұрады. – Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білуге сүйрейді. Жақсылық пен жамандықты ажыратып, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуды насихаттайды — деді автор.
Түстен кейін дәл осындай кеш «Достық Плаза» ойын-сауық орталығындағы «Kids lab» балалар клубында жалғасты. Балалар кітап авторымен кездесіп, кітаптағы басты кейіпкерлердің суретін салып, әңгімелеп берді. Кішкентай балақайлар авторға көкейдегі сауалдарын қойып, әрқайсысы сыйлыққа екі кітаптан алып мәз-мейрам болысты. Осылайша балалар, мерекеде жаңа ертегілермен танысып, рухани азық алды.

сурет авторы Маржан Нүсіпбек және Рафшан Иргашев
Әрі қарай

Астанада заңсыз қоқыс орындары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада заңсыз қоқыс орындары анықталды

Елордада қала аумағын абаттандыру мен жақсартуға ерекше назар аударылады. Күн сайын Астанада 1000 тоннадан астам қоқыс жиналады. Елорданы абаттандыру ережелеріне сәйкес ол көму үшін заңды полигонға шығарылады.

Арнайы құрылған жұмыс топтары Астанада тазалықтың сақталуын бақылайды. Бүгін қала аумағын тексеру аясында абаттандыру ережелерін бұзудың бірнеше фактісі анықталды.

Жұмыс тобының өкілдері «Құлагер» ЖШС құрылыс объектісі аумағында көмілген қалдықтарды тапты. «Есіл» аудандық табиғат қорғау полициясының инспекторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, «Құлагер» ЖШС басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тартып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы хаттама берді.

Экология департаменті ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес компания басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін «Арман құрылыс» ЖШС 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі керек. Жұмыс тобының өкілдері жұмыстар жүргізіліп жатқан аумақтардың қоршалмағанын, бірақ белгілер қойылып, ленталар тартылғанын, құрылыс қалдықтары уақытылы шығарылмайтындықтан қоқыс орындары пайда болғанын анықтады.

Елорданы абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейдтер тұрақты түрде өткізіледі. 18 сәуір мен 18 мамыр аралығында өткен экологиялық айлық барысында заңсыз қоқыс орындарынан 10 мыңнан астам қоқыс шығарылды.

Еске салайық, өткен аппарат отырысында қала әкімі қалалық қызметтерге екі аптаның ішінде құрылыс және тұрмыстық қоқыс тастау орындарын тазалап, елорданы абаттандыру мен санитарлық нормаларды бұзуды жоюды тапсырған болатын.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10678
Әрі қарай

Ертең «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталады

Астана жаңалықтары: Ертең «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталады

3 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 15:00 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Конкурсқа қатысушылар үш кезеңнен өтеді – аудандық, облыстық және республикалық.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу Ережелеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының тұрғындарынан құжаттар қабылдана бастады. Аталған кезеңде қала әкімдігіне елордалық отбасылардан 94 өтініш келіп түсті. Кандидаттардың ішінде әр түрлі тарихы бар және отбасылық бақытқа қол жеткізудің ерекше жолдарын білетін әулеттер бар.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік отбасыларды марапаттау салтанатында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10677
Әрі қарай

Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?

Әдетте кино өнерін екіге жіктеп жатамыз – бұқаралық және авторлық. Бұқаралық фильмдер өндірісі бизнес жоба ретінде қарастырылады, сәйкесінше, бұндай өнімдердің басты мақсаттарының бірі – табыс табу. Авторлық киномен әуестенетіндер үшін жағдай сәл басқашалау – олар жұмыстарына қаржыны өз қалтасынан, не болмаса, тынымсыз шапқылап, қалталы азаматтардың табалдырығын тоздырып жүріп жинаған демеушілік көмектен табады. Әдетте авторлық кино табыс әкелмейді, түрлі фестивальдар аралап, конкурстық ғұмырмен шектеледі.

Бірақ фестивальдарға да белсене қатысып, жалпы қауымға да кеңінен тарай алатын фильмдер бар, сондай өнімдерді жасай алатын әмбебап, интеллектуал шеберлер кездеседі. Көп емес, әрине. Бірақ бар.

Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
«The Hollywood Reporter: Russian Edition» (THR) басылымы ағайынды Коэндердің және солар түсірген «Цезарь жасасын!» фильмінің мысалында тәуелсіз және авторлық киноның коммерциялық қырлары туралы баяндапты. Мақала авторы Владимир Захаров, жазбасында артхаус тек жүлделер жинап қоймай, кассалық жетістіктерге де жете алатыны жайында айтыпты. Сол материалдың еркін тәржімәсін назарларыңызға ұсынамыз.

Ағайынды Коэндер бизнес-тәртіпке және жауапкершілікке өздерінің алғашқы жобалары — «Жай ғана қан» («Blood Simple») фильмін түсіру кезінде-ақ үйренген. Картинаны қаржыландыру үшін олар «Зұлым өліктерді» («Evil Dead») түсірген Сэм Рэймидің жолын таңдапты: Джоэл мен Итан оператор Барри Зонненфельдпен бірге екі минуттық трейлер түсіріп, оны болашақ инвесторларға көрсетеді.

Жас Джоэл Коэн қолына трейлер мен 16 мм-лік проекторды ұстап алып, дантистердің, архитекторлардың, сұлулық салон басшыларының, Миннесотаның басқа да белгілі кәсіпкерлерінің табалдырығын тоздырады. Жиырма шақты кездесудің ішінен біреуі қаржы бөлуге келіскен, сөйтіп ол 750 мың долларды жинауға бір жылға жуық уақытын жұмсапты.

Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
«Жай ғана қан» жобасында 60 шақты инвестор болған, олардың басым бөлігі өндіріске 5-10 мың доллар көлемінде қаржы салғандар. Бір қызығы – ағайындылар осы алғашқы фильмдерінен кейін өз өнімдеріне ешқашан қаржы іздемеген екен. «Жай ғана қан» «Санденс» фестивалінің бас жүлдесін иемденеді және кинотеатрлардан көрсетіледі. Осыдан кейін режиссерлерге ақша ұсынатын ниеттілер өздері табылатын болған.

Тәуелсіз кино әдетте алдын-ала сатылым арқылы қаржыландырылады. Дайын сценариймен және қатысуға келісім берген жұлдыздармен продюсер немесе режиссер болашақ прокатшысын іздейді. Өз өніміңе серіктестер іздеуге Канн кинофестивалі секілді ірі форумдар аясында өтетін кинонарықтар арқылы қол жеткізуге болады. Сатушы бұндайда бірден ақша алмайды, тек жобаның дамуына ықпал ететін уәде-келісімдерге қол жеткізеді. Осындай уәделердің арқасында инвестиция мен кредит тартуға мүмкіндік туады.

Қазір ағайынды Коэндерге инвесторлардың өздері кезекке тұратын көрінеді. Бұған «Бартон Финктің» («Barton Fink») Канндағы жетістіктері, екеуінің алғашқы «Оскарлары» көп септігін тигізіпті. «Цезарь жасасын!» және тағы бірқатар фильмдерді олар британдық Working Title киностудиясымен бірге істеді, «Льюин Дэвистің ішкі әлемін» француздардың Studio Canal компаниясы қаржыландырды, ал «Нағыз мәрттік» («True Grit») әдетте боевиктер түсіретін Skydance есебінен қаржыландырылды.

Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
Кім қаржы құйса да, ағайынды Коэндер шығармашылық еркіндікті және ақырғы монтаж құқығын қашан да өздеріне қалдырады. Сөйте тұра олар ақшалай табысқа да қол жеткізіп жүр. Джоэл мен Итанның карьерасында бір ғана күйреу болды: олардың алғашқы голливудтық тәжірибесі — «Хадсакердің өкілі» («The Hudsucker Proxy»). Warner Bros. студиясы өндірген жоба 40 млн долларлық бюджетпен 3 миллиондай ғана тапты.

Осыдан кейін ағайындылар шағын бюджетті жобаларға қайтып оралып, 7 миллионға «Фаргоны» түсірді. Олардың қаржылық стратегиясы да осылай қалыптасты: күмәнді жобалар шағын бюджетке түсіріліп, шектеулі прокатпен шығады, ал елеп-екшелген, бұқараға түсінікті фильмдер ірі өндірістік шығындармен, атақты жұлдыздармен жасалады және барынша көп кинотеатрларды қамтуға тырысады.

Жобаның ауқымына қарамастан, киножүлделер мен фестивальдар жарнама мен маркетинг үшін маңызды болып қала береді. Коэндер өнімдерін Каннға да, Венецияға да әкелуге тырысады, сондай-ақ марапаттар маусымы – қыркүйек-желтоқсан аралығында оларды прокатқа да жіберуге ұмтылады. Мысалы «Нағыз мәрттік» 2010 жылы Рождество қарсаңында жарық көрді және келесі жылдың сәуір айының соңына да дейін Америкада экраннан түскен жоқ. Бұндай жетістікке марапаттар маусымы әсер еткені анық, фильмнің марапатталғаны туралы әрбір жаңалық оның кинотеатрдағы көрсетілім кезеңін ұзарта түсті.

Бірақ олардың соңғы туындылары «Цезарь жасасынның» жағдайы сәл басқашалау. Фильм «Оскар» номинанттары жарияланғаннан кейін көрсетіле бастады. Марапаттар маусымына сәйкес келмеуі оның кассалық түсіміне кері әсерін тигізуі де мүмкін еді. Алайда, фильм Берлин фестивалінде таныстырылғанын да ұмытпау керек. Түрлі қатерге қарамастан картина шығынын екі есе ақтап алды.

АҒАЙЫНДЫ КОЭНДЕРДІҢ ЕҢ КАССАЛЫ ФИЛЬМДЕРІ
Киностан: Авторлық кинодан табыс табуға бола ма?
Әрі қарай

Командалық жұмыс туралы

Команда ол – жалпы мақсаты бір, шеңбер ішіндегі топ. Өзара іс-қимыл адамдар тобы, күш-жігерлері біріктірілген, жалпы мақсатқа қол жеткізуші топ. Команда сенім мен ынтымақтастықтан тұрады. Команданың басты қағидаттары «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» болуы тиіс. Сонда ғана көздегеніңе жетесін.
Блог - 12345678zz: Командалық жұмыс туралы
Командада жұмыс істер кезіңде, міндетті түрде бір жұдырықтай үйлесімді түрде жұмыс атқару керек, себебі олардың мақсаттары бір, істейтін істері ортақ, ойлары да бір жерден тоғысу керек. Идеялар ортаға салынып, сараланып, атқару кезінде барлық істі бірігіп жасап, жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындап, істелген ісіне жауапты бола отырып, өзгелерге де көмек қолын созу керек. Командада бөтен жоқ, бәріміз біріміз үшін жұмыс істелуі қажет. Жеке мүдде қаралмайды, тек жалпыға бірдей бір мақсат, сол мақсатқа жету жолында еңбек ету. Бір ұйым, ол — бір команда, ал командада басшылық пен қызметкерлердің арасында үлкен түсіністік қажет. Олар бір-біріне жаулар емес екендігін білген жөн.
Блог - 12345678zz: Командалық жұмыс туралы
Командада міндетті түде бір лидер болуы шарт. Оның рөлі- үйлестіруші, күйін келтіруші, жетекшілік жасау, ұйымдастырушы. Жақсы басшы өз командасын құрметтейді және әрбір қызметкерімен ақылдасады. Ал жақсы команда жетекшісімен барлығын бірге ойласады және жетешісінің шешімін талқыламайды, тек орындайды.
Егер Сізде жақсы отбасы бар болса, онда команда – бұл әлемде ең мықты отбасы. Бәрі дос, бәрі бір-бірін жақсы көреді, барлығы бір-біріне көмектеседі. Міне команда деген осы.
Әрі қарай