Римейктар туралы

Сіз Болливудтың Голливудтың атақты фильмдеріне ең көп римейк жасайтын киноиндустрия екенін білесіз ба? Кейбіреуі сәтті, кейбіреуі сәтсіз болғанымен, барлығы дерлік хинди-адамтациялар. Яғни олар аралас төбелесте бір-біріне қарсы шыққан ағайындылар туралы «Воинның» римейкы болса да, минимум 3 ән мен 1 би айтылып, биленеді.
3 танымал болиивудтық римейктерге шолу жасайық.

«Ағайындылар» 2015
Блог - Nodar: Римейктар туралы
2011 жылы шыққан «Воин» фильмінің римейкі. Сюжет делісі дәл сол қалпында сақталған. Басты рольде Акшай Кумар мен Сидхарт Мальхотра ойнайды. Әрине оларға күжірейген, нағыз боец боп көрінетін Том Хардиге қайдаааа… Сосын үнді фильмі мұндай отбасылық, аға-іні тақырыбын, балаңның еміне ақша керектіктен төбелеске бару, яғни «көз жасыңды көл етуге» арналған тақырыпты еңіретіп тұрып жеткізеді емес па?! Сондықтан америкалық «Воин» ұлдардың фильмі, Болливудтық римейкті қыздарға арналған түрі десек те болады.

«Гаджини» 2008
Блог - Nodar: Римейктар туралы
Кристофер Ноланның «Ұмытпа»(эх, барлық фильм атаулары осылай аударыла салатындай болса...) атты тамаша фильміне негізделген туынды. Негізі римейік деп аутга тілім бара бермейді. Себебі мұнда негізгі идея сақталғанымен, мүлдем басқа фильм көруге дайын болыңыз. Десе де барлық жерде римейк деп аталып жатқасын, мен де римейктер қатарына қосып қойдым. Негізі бұл фильм оңтүстік үндістандық фильмнің римейкі, ал ол кезегінде ғана «Memento»-ның адаптациясы. Сондықтан «Гаджини» double remake фильм.
Басты рольде Болливудтың «үш Кханының» бірі де бірегейі (осы жаттанды тіркестің орнымен қолданылғаны осы) — Аамир Кхан. Жалпы Аамир Кхан интелектуал, өзін режиссер ретінде де өте жақсы көрсеткен,Үндістанда «Әділет жасасын!» деген еліндегі әлеуметтік, жан түршігерлік проблемаларды (балаларды үйлендіру, мәңгі жесір болу дәстүрі т.б.) зерттеуге арналған бағдарлама жасап үлкен құрметке ие болған актер.

«Мен жаңа жылды жақсы көремін» 2015
Блог - Nodar: Римейктар туралы
Үшінші фильм өзіміздің «Ирония судьбы» атты советтік фильмнің римейкі болып табылады. Фильмнің алғашқы 10 минутын ғана көріп үлгергендіктен, ештеңе айта алмаймын. Википедияға сенсек, жалпы сюжет желісі сақталған сыңайлы. Гитарамен ән айту да бар екен. Басты рольдегі актриса Кангана Ранаут Үндістанда үлкен сұранысқа ие болып келе жатқан актриса. Ол түскен «Ханшайым» фильмі Болливудтық Оскар болып саналатын, ең жоғарғы фестивальда Filmfare Awards-та үздік фильм, ал Кангана үздік актриса деп танылды.

Әзірше осы.
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
бала кезімде Американский нинзя деген фильм болды, үнділер соны Командос деп шығарды. бала болсамда ойлағам «неге дәл сондай қылып шығарған?» деп :)
Nodar
Ондай құсық римейктер жетеді.
merekeee
Бұл жалпы әлемде бар процесс қой. Сондықтан қазақша ремейктер де (пародия емес) түсірілсе екен деймін. Бірақ, ремейк оригиналға жетеғабыл болғанда ғана өзін ақтайтын сияқты.

бірі де бірегейі (осы жаттанды тіркестің орнымен қолданылғаны осы)
«Бірі һәм бірегейі» туралы.
Осы тіркесті (осындайды «тіркес» дейтін бе еді?) қазір көп қолданады. Гуглге осыны жазсаң, мысалдың мыңы шығады. Сол мысалдардың бірі (бірақ бірегейі емес): «Жүрсін Ерман – танымалдығы бойынша алдыңғы қатардағы ақын ағаларымыздың бірі һәм бірегейі».
1. Ж.Ерманды алдыңғы қатардағы ақындардың бірі дейді де, сосын бірегейі дейді. Түсініңкіремей отырғаным — бірі ме, жоқ әлде все таки бірегейі ме? Егер «бірі» болса, демек басқа да алдыңғы қатардағы ақындардан артықшылығы жоқ, солармен тең деген сөз. Ал «бірегейі» болса, онда басқа алдыңғы қатардағы ақындардан ерекше һәм дара деген сөз. Екі сөз бір-біріне қайшы мағына береді. Қайшы екенін Гуглге бірі емес, бірегейі деп жазу арқылы көре аламыз.
2. Жоқ әлде бұл жерде «бірі» деп (қатарынан ерекшеленбейтін деп емес) жәй ғана «сол топтың (алдыңғылардың) қатарынан» екені айтылып отыр ма екен? Олай болған жағдайда, ақыры біреулердің ішінен «бірегейі» екені айтылса, онда ол адам сол топтың қатарынан екені (бірі екені) онысыз да түсінікті болады емес пе?

Бірінші жағдайда — қарама-қайшылық. Екінші жағдайда — сөзді көбейту, тавтология. © ken
asaubota
«Астанаға көктем кеш келеді» қалай? *lol* *lol* *lol*